Мағжан және есіл бойындағы аштық



жүктеу 257.03 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі257.03 Kb.

Рубрика. Алашорда
МАҒЖАН ЖӘНЕ ЕСІЛ БОЙЫНДАҒЫ АШТЫҚ
Азамат соғысынан берекесі кетіп, күйреген Ресейдің халық шаруашылығын аяғынан тұрғызу қиын болды. Орталықтағы өндірістік аймақтарда азық-түлік тапшылығы асқына түсті. Қазақстан сияқты қиыр аймақтағы астық пен мал күшпен жиналды. Сақталған құжаттарға қарағанда 1920 жылы Петропавл станциясы арқылы орталықтағы өнеркәсіп аймақтарына 2 408 738 пұт астық, 3 119 пұт картоп, 28 144 бас ірі қара мен 48 679 қой, 168 мың пұт ет, 224 мыңнан аса жұмыртқа жөнелтілген1.

1920 жылғы 3-тамызда Петропавл уездік ревкомы болыстарда азық-түліктің салғырт жиналып жатқаны туралы мәселе қарап, «жұмысты ширату туралы» қаулы алды. Бұл арада «салғырт» деген атауды түсіндіре кетейік. «Салғырт» - орысшасы «продразверстка», яғни өенркәсіпті орталықтарды жабдықтау үшін, ауыл шаруашылығы саласындағы адамдардың қолындағы азық-түлігінің артығын күшпен тартып алу.

Кезінде Петропавл-Көкшетау теміржолы Қазақстанның орталық аймақтарындағы ет пен сүтті Ресейге көп мөлшерде және тез жеткізу үшін асығыс салынған болатын. Дәлірек айтқанда оның құрылысын бастау жөніндегі қаулы 1920 жылғы 5-тамызда қабылданып, 1922 жылғы 28-маусымда Көкшетауға поезд қатынасы ашылды.

Ал, оның маңызы осы уақытқа дейін «Қазақ халқының экономикасы мен мәдениетін көркейту үшін кеңес үкіметінің қамқорлығы» деп түсіндіріліп келеді. Бірақ, төңкерістен-төңкеріс, берекесі кетіп, бүлінген мемлекет қайдағы бір «киргиздарды» көркейту үшін сондай шығын мен құрбандыққа барды дегенге сәбиді де сендіре алмайсыз... Ал, шындықты көрсетіп, тарихи оқиғалардың себебі мен салдарын бүкпесіз түсіндірсек, одан теміржолдың да, басқаның да беделі түсіп қалмайды.


Сонымен, салғырт (продразверстка) науқаны басталып кетті. 1920 жылғы ақпанның 25-не дейін Ресейдің орталық аудандарына 305897 пұт астық және 163729 пұт ет жөнелтілді. Бұл – революциялық үкімет белгілеген жоспардың 5/1 бөлігі ғана болатын.

1920 жылғы 16-июльде Омбы губерниялық азық-түлік комиссары Мәскеуге, азық-түлік халық комиссары Цюрупаға мынадай жеделхат соқты: «В. И. Лениннің бұйрығы бойынша батыс майданға Петропавл, Петухов, Қостанай станцияларынан 300 мың пұт астық жібердік және Орталыққа жіберу үшін 20 вагон май дайындап қойдық». Сонда олардың қазақ жерінде өсіріп қойған егіні, бордақылап қойған малы бар ма еді? Әрі қарай оқиық: «Қазақ аудандарында ет дайындауды (тартып алуды.- З.Т.) күшейтіп жатырмыз. Олардың тапсырған малының бес проценті мөлшерінде товар бермекпіз. Ал, орыс аудандарында ет дайындау продразверстка жүзінде жүргізіледі»2.

Осылайша, «бес процентке мал сатып алу арқылы» халықты қатты күйзелткен үкімет, қысымды одан әрі күшейте берді. Халыққа жасалған қиянат жауапсыз қалмақ емес. Жер-жерде наразылықтар бой көтерді. Шаруалардың ұраны: «Еркін сауда», «Коммунистерсіз кеңес үкіметі!» Бірақ, коммунистік тәртіптегі өкімет мұндай наразылықтарды халық атынан аяусыз басты.

Мұндай наразылықтар жөнінде 1920 жылғы желтоқсанда Петропавлда өткен бірінші уездік-қалалық партия конференциясында ашық айтылды. Мысалы, азық-түлік жөніндегі баяндамашының көрсетуіне қарағанда: «саудада мата, сіріңке, сабын, кәресін, тіпті бір тиындық түйме де жоқ... Соған қарамастан астығымызды, шөбімізді, майымызды... тегін алып отыр» делінген. Делегаттар азық-түлік салғыртының шаруаларға ауыр екендігін көрсетті3.


Қазақстанның Орталық және Солтүстік аймақтарынан мал мен астық жеткізу үшін Ресей Совнаркомының Ленин қол қойған 1920 жылғы 5-тамыздағы қаулысымен Петропавл-Көкшетау теміржолы шұғыл түрде салына бастады. Күз түсе басталған, ешбір ақылға симайтын төтенше жұмыс елге үлкен ауыртпалық әкелді. Онсыз да аштыққа ұшыраған халықтың жағдайы қиындап кетті.

Бірден-бір жұмыс көлігі жылқы ғана болғандықтан, әскер күші-мен жергілікті ауылдардан жегін аттары жиналды. Оларға жеткілікті жем-азық табу да оңай болмады. Сонда да зорлықтың күшімен алғашқы үш айдың өзінде ғана 600 атқа қажет 22 мың пұт жем теміржол танабына жақын жерлерден жиналды4.

Губерния халқынан азық-түлік жинау (тартып алу, деп оқыса, дұрыс болар) үшін Ресейдің орталық қалаларында арнайы әскери күштер жасақталды. Оларға қоса жергілікті жерлерден отрядтар құрылды.

1921 жылдың 30-желтоқсанында Мәскеуде мынадай бұйрық жарияланды (түсінікті болу үшін орысша түпнұсқасын берейік):

«Части Особого назначения Киргизской Советской Социалистической Республики выделяются из состава частей Особого назначения Приволжского Военного округа с самостоятельным управлением с 1 января 1922 года. ЧОН Акмолинской и Семипалатинской губерний в оперативном отношении остаются в подчинении Комчонсиб, в остальных отношениях подчиняются Комчонкир респ»5.

Бұл құжаттың ерекшелігі – Ақмола және Семей ЧОН-дары іс жүзінде Сібірге (Ресейге) ал, сөз жүзінде Қазақстанға (Кирреспублика) бағынатынын көрсетеді. Осыған да назар аударайық. Қарулы күштерге келгенде «республика дербестігі» деген түсініктің бос сөз екендігінің бір айғағы осындай.

Осылайша, Петропавлда Ақмола губерниялық Ерекше қызмет бөлімдері (ЧОН) құрылды. Ақмола, Атбасар, Көкшетау уездерінде де осындай бөлімдер құрылды. Ал, Петропавлдағы ЧОН губернияға тікелей бағынатын еді.

Ардақты ағамыз, атақты жазушы Сәбит Мұқановтың атқа мініп, көзге түсетіні нақ осы кез. Осы ЧОН-ның белсенді қызметкері ретінде ол жоқ жерден жау тауып, аяусыз күрескен. Бұл жөнінде Сәбең өзі былай жазады:

«Продразверстка жұмысы қанша қиыншылықпен жүрсе де, 1921 жылдың қаңтар айының жоспарын Пресногорьковкадағы райпродком орындады да, телеграмма арқылы Россияның Социалистік Федеративтік Советтік Республикасының Халық комиссарлар Советінің Предсе-дателі Владимир Ильич (Ульянов) Ленинге рапорт берілді. Рапортқа қол қоюшы бес кісінің бірі болу бақыты – менің де маңдайыма жазылды!..»6.

Сәбең бір ауданның жоспарын орындап тастап, «Қызылжардан Пресновкаға барған кезде, продразверстканың халі аса нашар екен, азық-түліктің барлық түрі де планды мөлшерден әлдеқайда кем орындалыпты. Сол күні райпродкомның комиссары Дерявинді Ленин прямой проводқа шақырыпты. Дерявиннің Ленинмен сөйлесуі түн ортасы ауа біткен...» (Шіркін, Ленин де ғажап қой, Москва емес, Омбы емес, Қызылжар емес, Пресновтың өзінен Дерявинді іздеп тауып алған. Ал, «күн көсеммен» түн ортасына дейін сөйлескен Дерявин де осал емес! – З.Т.).

Бұл арада ескерте кету керек, большевиктік үгіттің дәл осындай өтірікке, қисынсыз қиялға негізделген мысалдары аз болмаған. Мына жолы да қараңғы халықты үркітіп-қорқытып, алдап, Ленин атымен үгіттеп, көндіру амалы қолданылған.

Сәбеңнің жазуына қарағанда сол күні ол жоспар орындалмай қалған «Бірер қазақ болысына баратын отрядтың бастығы болып кетеді де... тапсырманы тағы да мүлтіксіз орындап қайтады». Тапсырма болғанда, елдің өз еркімен алдына салып беріп отырған малы болмаса да, үгіттеп, реті келгенде «қысып» ет жинау мәселесі.

Соның алдында ғана, 1920 жылғы 21-қарашада азық-түлік жинау барысы жөнінде Қызылжарға Бүкілодақтық атқару комитетінің төрағасы Михаил Иванович Калинин келіп жиналыс өткізеді. Сәбеңмен сырласады. Сәбең Калининнің вокзал басында тұрған «Салон-вагонында» қонақ болады, «... орысша сырнай тартып, өлең айтады. Михаил Иванович... кей жерінде күле отыра... құмарлана тыңдайды».

Ресейге азық-түлік жинап жіберу мәселесі қаралған жиналыста Калининнің айтқандарын Сәбит Мұқанов өз естеліктеріне былай түсіріпті:

Калинин «...әуелі көпшілікті күлдіре Совет өкіметінің орнауымен құттықтап алды да:

- Бұл жолы мен сіздерге Москва мен Петроград халқының сәлемін ғана әкелдім, - деді, олардың сәлемінен соң айтқаны: - Ақмола облысы бір қысша бізді азық-түліктен тарықтырмасын, ол қарызды біз де бірдеме ғып өтеуге тырысармыз...»7.

Жиналыс соңында «Ақмола облысынан 3 миллион пұт астықты, 43 мың бас малды үш айдың ішінде Москва мен Ленинградқа жөнелтуге қаулы алынды»8.

Нәтижесінде «Жағдай сонша қиын болғанымен, уәделі күні аудандағы продразверстка түгел орындалды да, Лениннің атына жоғарыда аталған рапорт жазылды. Продразверстка жұмысы, әрине, онымен тоқтаған жоқ. Продотрядтар қызметін қызу жүргізіп жатты»9.

Жоғарыда айтылғандардың дұрыс-бұрысын тексере алмаймыз. Өзі қатысқан, көзімен көрген жазушының сөзіне сөз қоспаймыз. Бірақ, сол «тоқтамаған, қызу жүріп жатқан» разверстканың бүкіл өлкені, тіпті Қазақстанның тең жартысын аштық қырғынына ұшыратқаны, мыңдаған адамдардың өмірін қиып, тағдырын талқандағаны да ақиқат.

Ал, үлкен бастық Калинин, сонша ақылды кісі, Сәбеңнің сырнайын тыңдап отырып не ойлады екен? Сол кезде-ақ Еділ бойынан, ішкі Ресейден Қызылжарға ағылып келіп жатқан аш-жалаңаштарды көрмеді ме? Көрді. Малын, астығын сыпырып алса, мына табиғаты қатал қазақ даласындағы халықтың жаппай аштыққа ұшырайтынын білді ме? Білді.

«Ақмола облысы бір қысша бізді азық-түліктен тарықтырмасын, ол қарызымызды бізде бірдеме ғып өтеуге тырысармыз...» дегені рас болса, оның жұрт алдындағы сайқымазағы да рас болады. Шын мәніндегі өтеуі сол жылы 500 мың адамның аштық қасіретіне ұшырауы болады. Бәсе, Ленин Пресновкадағы қайдағы бір Дерявинді сол үшін іздеген екен-ау!
Малынан, астығынан айырылған халықтың ертеңгі күні қараң екенін Сәбит Мұқанов өзі де байқаған, жазып кеткен. Қызылжарға келе жатқанда бұрын «қойын сойып, қолын қусырып» дегендей құрметпен қарсы алатындардың» көбі енді теріс айналғанын, тіпті қондырмайтынын ашық жазған. «...су татырар емес. «Тамақ сат» десең, «бар тамақты өзің жинап алған жоқпысың, аштан өлгелі отырмыз, бізге өзің бер!» деп кекетеді»10.
ЧОН-дар, продотрядтар және олардың халықты қан қақсатқан қасіретті қызметі туралы қалған әңгіме «Өмір мектебінде» тәтпіштеп, көркем жазылған... Халық тағдырын осылайша ойыншыққа айналдырудың мысалдары аз емес.
* * *
Ақмола губерниясындағы қазақ ауылдарының жағдайы қиын екені ерте-ақ байқалған болатын. Мысалы, алғашқы губревком төрағасы Әбдірахман Әйтиев Омбыдан Петропавлға келіп, билікті қолға алысымен, жағдаймен танысты. Соның нәтижесінде 1921 жылғы 17-мамырда Омбыдағы өкімет орындарынан көмек сұрап жеделхат жолдады. «Сібірдің қазақ комиссиясының, Сібір азық-түлік комиссиясының және Губпродкомның мәжіліс протоколдарында бірнеше мәрте атап көрсетілгендей, Ақмола губерниясындағы аштыққа ұшыраған қазақ халқының жағдайы апат дәрежесінде.

Наряд жоқ болғандықтан қазақтарға астық берілмеген. Губерния бойынша қазақ жұртшылығына (кирнаселение деп жазыпты. – З.Т.) 740 мың пұт астық керек. Жаңа егіннің өнімін алғанға дейін әр адамға айына 20 ф. есебімен: Ақмола уезіне 400 мың, Атбасар уезіне 200 мың, Көкшетау 70 және Петропавл уезіне 70 мың пұт астыққа наряд беруді және мәселені шұғыл шешуді сұраймын. Телеграфпен жауабын беріңіздер»11.


Бірақ астық та, наряд та берілмейді. Әйтиев бұл жедел хатты 19-мамырда тағы қайталайды. Жауап жоқ. Осы кезде большевиктер бастаған азамат соғысынан және қабаттаса келген құрғақшылықтан шаруасы күйзелген Ресейдің орталық аймақтарын да аштық жайлаған болатын.

1921 жылғы 7-тамыз күні Ақмола губкомы жанынан «Еділ бойында аштыққа ұшыраған халыққа көмек көрсету жөнінде» төтенше комиссия құрылды. Бұл комиссияға Губревкомнан, Губпродкомнан, Губпрофсоветтен, Губобраз бен Губсоюздан бір-бір адам енгізілді. Оның төрағалығына губерниялық әскери комиссар Евдокимов тағайындалды12.

Осы комиссия туралы бекітілген Ережеде Ресейдің орталық аймақтарындағы азық-түлік тапшылығына байланысты Ақмола губерниясының барлық уездері мен болыстарынан, барлық мекемелерден жұртшылықтың ерікті көмегін ұйымдастыру көзделген.

Төтенше комиссияның құрылғаны туралы хабар және жұртшылыққа арналған үндеу «Бостандық туы» газетінің редакциясына жариялау үшін жіберілді13. Ал, бұл материалдар орыс тілінде «Мир труда» газетінде жарияланған болатын.

Ел өмірінде ерекше із қалдырған қайғылы халдың қалай басталғанына айғақ болатын осы құжаттың мазмұнын орысша түпнұсқасын ықшамдап аударып бергенді жөн көрдік.
«Бостандық туы»газетінің редакциясына. 1921 ж. 19. 10.
«Ақмола губерниялық Аштарға көмектесетін төтенше комиссиясы (Помгол) «Бостандық туы» газетінде аштықпен күрес жөнінде үндеулер, мақалалар, ақпарлар жариялап тұруды сұраймыз.

Бұл материалдарды қазақ тілінде қазақ жұртшылығына жеткізіп тұру өте маңызды. Сондай-ақ, аштықпен күрес жөнінде материалдар шыққан газет сандары қазақтар арасына кеңінен таратылып тұрса жақсы болар еді.

Комиссия төрағасы Евдокимов, хатшысы Островной»14.
Қарашаның 14-күні Помгол төтенше комиссиясының төрағасы Апсалямов Петропавл қаласының барлық моллаларын жинап, жұма намазы күн-дерінде қайырымдылық көмегін ұйымдастыру туралы Ақмола губерниясының мұхтасибі Мұхаметсейіт Әбдулзалиловке хат жазған.

Қар бекіп, қыс қатая бастаған сайын аштық қасіреті асқына берді. 1921 жылғы 9-желтоқсанда Губпомгол төрағасы Егоров Орынборға жеделхат соғып: «Аш босқындардың саны күннен-күнге көбейіп барады. Петропавл және Атбасар уездерінде олардың саны отыз мыңнан асып кетті. Атбасар және Көкшетау уездерінде жергілікті 62 мың қазақ пен 30 мың орыс аштыққа ұшырады» деп хабарлады15. Алғашқы төрт айда қайыр көмек ретінде 100 миллион сомнан артық ақша жиналды. Мұның 72 миллионы Мәскеуге жіберілді, жергілікті аштарды қоректендіруге 20 миллион және тамақ пункттерін ашуға жарты миллион сом жұмсалды16.

Өкімет орындары Көкшетау уезінде 30 болыс елдің аштыққа ұшырағанын, Атбасар уезінде көшпелі халықтың көпшілігі – 62 мыңдай қазақтың аш екендігін хабарлады.

Еділ бойынан күн сайын шұбырып келіп жатқан босқындар Қызылжардың көшелеріне симай кетті. Аштарға бір мезгіл тамақ берудің өзі мүмкін болмай қалды. Жыл аяғында губерниялық оқу бөлімінің есебі бойынша 10 мың бала аштыққа ұшырап, қырылып қалу қаупінде тұрды.

Осы кезде Ақмола губерниясы бойынша ашаршылыққа ұшырағандардың саны жарты миллионға жетті. Қызмет адамдарының жазған қағаздарында аштардың қамыс қоғасын, ағаштың қабығы мен мүкті, кездейсоқ жануарлардың өлексесін азық қылғаны көрініп тұр. Ал, Мәскеу болса, үсті-үстіне дігірлеп, азық-түлік жеткізуді талап етуін тоқтатпады.

Сақталған архив құжаттарын зерттей отырып, сол бір қайғылы күндерде бел шешпей, тыным таппай еңбек етіп, аз ғана мүмкіндіктің өзін аштарға көмек ретінде пайдалануға күш салған жергілікті қызметкерлердің ерлігіне таң қалмасқа болмайды.

1922 жылғы 28-қаңтардағы есеп бойынша Петропавлда тамақ үлестіретін екі орын ашылған, олар ең көп дегенде 2300 адамға бір мезгіл тамақ бере алаған екен.

«Болыстардан келген өкілдердің айтуына қарағанда елдегі жағдай тым жаман. Шымтезек жеп жатқандар бар. 30 фунт шымтезекке 10 фунт ұн қосып, араластырып жейді. Басқа тамақ болмағандықтан, халық ақырғы малдарын сойып жеп бітірді»17.

Төтенше комиссияның ресми есебі бойынша, 1922 жылдың басында аш-арық ретінде ресми түрде 417500 адам тіркелген. Қолындағы азық-түлігі тартылып алынған жергілікті халықтың жағдайын сырттан толассыз келіп жатқан босқындар мүлде ауырлатып жіберді. Ресейдің орталық аймақтарынан, Еділ бойынан қазақ даласына жаяулы-жалпылы шұбырған аштар жолында кездескен, өңештен өтетін жанды-жансыздың бәрін жайпап отырды.

Үкімет орындарының мәліметтеріне қарағанда дәл осы кезде сырттан келгендердің саны Петропавлда – 4 мың, уезде 150 мың, Көкшетау қаласында 2 мың, уезінде 114 мың, Атбасарда 1 мың, уезінде 110 мың және Ақмола қаласында 500, уезінде 36 мың адамға жеткен.

Петропавл қаласындағы жағдайды көрсететін кейбір деректер мынадай: 1922 жылғы қаңтардың алғашқы 25 күнінде 70 адам аштан өлді, 105 адам ісіп-кепті. «Дәл қазір 70 адамның мәйіті тамақ пунктінің қорасында (Ленин көшесі, 14 үй) үюлі жатыр. Коммуналдық шаруашылық бөлімі көшеде аштан өлгендерді жинап, көмуге үлгере алмауда».

Ақпан айында жағдай тіпті асқынып кетті. Күн суытты. Жер-жерден үрейлі хабарлар келіп жатыр. Аштық пен ажал аранын ашып, Қазақстанның солтүстігінен, орталыққа қарай жылжи тарап барады. Оны тоқтатар күш жоқ сияқты.

«Көкшетау уезіндегі 65 болыста аш-арықтар саны 150 мың адамға жетті, оның ішінде 130304 адам мүлде аш. Әсіресе қазақ болыстары қатты күйзеліс үстінде»18. Аштар қайыңның қабығын, ағаштың мүгін, тіпті ұн араласқан топырақ жеуге мәжбүр. «Атбасар уезінде арам өлген малдардың терісін, сүйегін кеміруде»19. Іш сүзегі індеті жаппай таралуда, дәрігерлік көмек туралы айтуға да болмайды.

Атбасар уезіндегі Бағаналы болысының қазақтары оңтүстікке, Түркістан өлкесіне ауа көшіп жатқаны туралы мағлұмат та осында. Олар қазіргі әкімшілік бөлісі бойынша Қарағанда облысына қарайтын Ұлытау өңірі, Сарысу өзенінің бойындағы найман рулары болатын.

«Еңбекші қазақ» газетінің бетінде 1922 жылғы 21-ақпанда басылған мақаласында Ғаббас Тоқжанов былай деп жазды: «Бұрын қазақтың үйінде мамыражай тыныштық болатын, қымыз сапырылып, қазан қайнап, қазы-қарта дастарханынан кетпеуші еді. Табын-табын жылқы, келе-келе түйе, мыңғырған қой мен сиыр даланың сәнін кіргізуші еді... Енді қазір қазақ сорлының азығы шөп-салам, құрт-құмырсқа. Олар иттің етін, тышқанды азық қылып отыр...»

Ақмола губерниялық «Мир труда» газеті күн сайын аштыққа ұшыраған халықтың жағдайын айнадағыдай көрсетіп отырды. Тіпті, адам етін жеу көбейіп бара жатқан соң, Орынбордан Петропавлға келген жеделхаттың түрі мынадай:

«Аштыққа ұшыраған аудандарда кісі етін жеу фактілері кездесіп отырғандықтан, оған жол бермеу үшін НКВД мұндай адамдарды сотқа тартпай, әкімшілік жаза бермей-ақ қоюды ұсынады. Кісі етін жейтіндер ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, жеке қамалсын, олардың есін осылай жиғызу керек».

* * *
1922 жылғы мамырдың басында ҚОАК төтенше өкілдері ретінде Мұхтар Әуезов Семейге жүріп кетті. Мамырдың 5-күні Ақмола губерниясының орталығы Қызылжарға Қияқов өкіл болып келді.

Сол күні аштыққа қарсы күрес жөнінде губерниялық төтенше комиссияның мәжілісі болды. Мәжілісте уездер бойынша қалыптасқан жағдай сараланды. Көкшетау, Атбасар, Петропавл уездерінде, Атбасар мен Ақмола қалалары маңайында орналасқан қазақ ауылдарының қиын жағдайы тұңғыш рет баса көрсетілді. Тұңғыш рет деп отырғанымыз, осы комиссияның архивте сақталған бүкіл іс-қағаздарын қарап шықанымызда, аштық тауқыметін өзгелерден гөрі көп тартып отырғаны бұрын айтылмайтын.

Қабылданған қаулының 5-ші бабында ПОМГОЛ комиссиясына қазақтардан адам кіргізу туралы Мағжан Жұмабаевтың ұсыныс енгізгені көрінеді. Бұл ұсыныс қабыл алынып, М. Жұмабаев аштыққа қарсы күрес комиссиясы төрағасының орынбасары болып бекітіледі20.

Мағжан өміріндегі аса бір бедерлі, оның қайраткерлігін айғақтайтын кезең, бірақ бұрын зерттеліп, қағазға түспеген осы қызметін уақыт тізбегі түрінде көрсетейік:

Сол күні М. Жұмабаев Қостанай губкомының өкілдері ретінде Любимов пен Клочковты Семей губерниясына іс-сапарға жіберу қағазына қол қояды.

Ертеңіне, яғни мамырдың 6-күні Иван Михайлович Бебен мен Георгий Елисеевич Сальниковты Петропавл уезі Вознесен болысы Надежда поселкесінің өкілдері ретінде Ақмола уезіне мал мен астық жинауға жіберіп, мандаттарына қол қояды.

Мамырдың 22-күні Биғозин Ғалымның Атбасар уезіне өкіл болып баратыны туралы мандатқа қол қояды.

1922 жылғы 9-маусым күні ПОМГОЛ төрағасы Шаповалов пен оның орынбасары Жұмабаев Губерниялық әскери комиссар Приморс-кийге қазақтың 100 жетім баласын және мүмкін болғанша орыс бала-ларын қамқорлыққа алуды сұрап, хат жолдайды.

1922 жылғы 11-маусым күні Мағжан «Мир труда» газетіне мақала жазып, қазақ даласындағы аштықтың тұтас ұлтқа қатер төндіріп отырғанын көрсетіп, ащы шындықты жайып тастайды. Мағжанның ой жүйесінен хабар беретін, қарасөздегі қалам-қайратын көрсететін бұл мақаланы тұтас келтірдік.


ГОЛОД В САРЫ-АРКЕ
«Воды Волги покрытая льдом, всем будет путь через нее. Если умрет хан Волги, мудрейший Едиге, умрет все живое на свете», так гласит историческая пословица киргизского народа. Злая воля истории веками хранила эту пословицу в памяти киргизского народа, как будто для того, чтобы лишний раз доказать, что судьба киргизской Желтой Равнины – Сары-Арки на веки связаны с судьбой много-водной Волги.

Родившийся на берегах Волги царь-голод, опустоив ее цветущие долины, давно уже достиг к молчаливой Сары-Арке. Большая часть киргизского народа, население Орен-бургской, Букеевской, Актю-бинской, Уральской и Кустанайской губерний давно уже изнемогают в неравной борьбе с немым царем-голодом. В тех губерниях уже два года киргизы вместо любимой кобылятины едят мышей и собак, а вместо «белого» кумызу пьют воду вонючих колодцев и луж. Там киргизы белые и бледные, как тени бродят по беспредельной желтой равнине и ловят сусликов, а суслики ловят их. В тех губерниях, унич-тожив почти весь скот, заставив людей высоко разборчивых в пище, киргиз ест грязных животных и даже друг друга, беспощадный враг голод безшумно вошел и в нашу губернию.

С осени 1921 года наша Акмолинская губерния сделалась аре-ной смертного шествия немого царя. С тех пор киргизы нашей гу-бернии на почве голода переживают те же испытанья и страданья, каковым в течение двух лет подвергнуты их братья в верхних губер-ниях Киргизской Республики.

Передо мной лежат оффициальные отношения нескольких Кир-гизских волисполкомов Петропавловского и Кокчетавского уездов. Именалинский волисполком пишет: «В нашей волости голод начал сильно чувствоваться с ноября 1921 года. Все бедное население волос-ти до осени, сьев весь свой скот, всю зиму поголовно занималось ско-токрадством. Небывалый джут прошлой зимы скосил почти весь скот, каковой сократился до 70 процентов. Люди пухнут и умирают. С но-ября по май месяц волисполкомом зарегистрировано 270 случаев го-лодной смерти...». Сарайгырский волисполком пишет: «С января по май месяц зарегистрировано 72 случая голодной смерти. Голод все возрастает. Масса скота погибла от апрельской ледяной бури. Чрез-мерно усиливается скотокрадство.

Мугаллим 26-ой киргизской школы товарищ Избасаров о поло-жении аула Байгабул, находящегося в 18-ти верстах от Петропав-ловска, пишет следующее:

«Аул Байгабыл состоит из 40 кибиток жатаков-бедняков. Джу-том прошлой зимы хозяйтсво их окончательно разрушено. За зиму от голодной смерти умерло 17 человек. В хозяйстве в настоящее время не имеет ни одной головы скота. Многие пришли в город и бродят нищими по улицам...»

Из Баимбетской и Айртавской волостей Кокчетавского уезда сообщяют почти тоже самое.

А из Акмолинского и Атбасарского уездов пока никаких сведений не имеется. Только не давно в ташкентской газете «Ак жол» мне удалось видеть сообщение, где две киргизских волости Акмо-линского уезда, Чуйского района перекочевали в Аулие-атинский, Чимкентский и Туркестанский уезды Турк.Республики.

Я думаю, что эти выписки безусловно могут засвидетельс-твовать степень бедственного положения киргиз нашей губернии. Словом, кроме одной Семипалатенской губернии вся киргизская Сары-Арка от Каспийского моря до Иртыша находится во власти голода. Разрушаются хозяйства, уничтожается скот и не будет преу-велечением, если скажем – вымирает несколько миллионный Кир-гизский народ.

Однако, многие ли знают об этом? К сажалению знают не мно-гие и знают непростительно мало. Причина таково незнания кроется в следующем. В прошлом году, как только постигло бедствие Поволжья заволновалась вся Россия. Широкошумная Волга заставила зашуметь всю страну. Ибо, во-первых, Волга – ближе к центру, во-вторых, население Поволжья гораздо культурнее чем киргизы. А, культурный человек, всегда сумеет заставить других услышать свой голос. Нап-ротив, молчаливая Сары-Арка покорно приняв царя-голода, ведет с ним безмолвную борьбу и безмолвно и безропотно умирает в этой неравной борьбе.

Криклив и суетлив человек голода, что он не замечает тихой смерти сына Сары-Арки. Шумлив город культурного человека, что он своим шумом заглушает тихий стон Сары-Арки. Вот одна из причин незнания русского общества об ужасах голода в киргизской степи.

Словом, каких бы то причин не было, но факт остается фактом. На почве голода разрушается киргизские хозяйства и сам народ подвергнут нравственному разложению.

Этими словами я вовсе не хочу сказать, что голод в Сары-Арке сильнее чем на Поволжье. Это было бы соверщенно несоответс-твующим истине преувеличением. Я хочу сказать только следующее: Молчание Сары-Арки вовсе не дает право признать ее спокойной и сытой.

Пора же отказаться от старого взгляда Екатеринских времен на Сары-Арку, как на сказочную Киргиз-Кайсацкую орду, как край, «где все обилием дышит», где кумыз льется рекой и где копченое мясо под открытом небом завялено горой.

Пора услышать стон Сары-Арки и понять полное страданий жуткое молчание киргизского народа.
Магжан.

11 июня 1922 года.

САРЫАРҚАДАҒЫ АШТЫҚ
«Еділ тоңса, кім кешпес? Едіге өлсе, кім келмес? Әзір Еділ тоңбайды, Әзір Едіге өлмейді, Еділдің ханы Едіге өлсе күн сөнеді, ай тұтылады».

Тарих тереңінен ұмытылмай келе жатқан осы бір қанатты тіркестер қазақ халқының тағдырында Еділдің қандай орын алатынын, қазақтың Сарыарқасы мен мол сулы Еділ дариясының үзілмес байланысын көрсетеді.

Еділ жағасында басталған алапат аштық алып өзеннің ала-бындағы қалың елді жайпап, Сарыарқаның маң даласына да келіп жжеткелі бірталай болды. Қазақтың тұтас өңірі Орынбор мен Бө-кейлік, Ақтөбе мен Орал, Қостанай губернияларындағы қазақ ауыл-дары аранын ашқан аштықпен алысып, діңкесі құрыды. Бұл елдердің бір кезде қазы мен қарта шайнаған қазақтары тышқан аулап, иттің етін азық қылатын жағдайға жетті, сапырылған сары қымыз көзден бір-бір ұшып, құрттап кеткен құдықтың, сасыған шалшықтың борсыған суымен сусындауда.

Өңсіз-түссіз, бетінен қаны қашқан тірі аруақтар шетсіз-шексіз далаға қаңғып кетті, олар саршұнақ аулап, әлі біткен жерде құлап жатыр, сол саршұнақтарға өздері де жем болуда. Тамақты таңдап, тал-ғап ішетін қазақ малдан жұрдай болып, өлексеге таласуда. Бірінің етін бірі жеуден тайынбайды. Аранын ашқан аштық ақырын жылжып, біздің губернияның шебінен де өтті.

1921 жылдың күзінен біздің Ақмола губерниясы аштықтың қанды тырнағына ілікті. Екі жылдан бері жоғарыда айтылған губер-ниялардағы бауырларымыздың басындағы қасірет бізге де келді. Ме-нің алдымда Петропавл және Көкшетау уездеріндегі қазақ болыста-рынан келген ресми хабарлар жатыр. Еменалы болысының төрағасы жазады: «Біздің болыста басталған аштық 1921 жылдың қарашасына қарай тіпті асқынып кетті. Күзге дейін тігерге тұяғы қалмаған халық ұрлыққа бет қойды. Былтырғы алапат жұттан малдың үштен екісі қырылып қалған болатын. Адамдар ісіп-кеуіп өліп жатыр. Қарашаның қысынан мамыр, көктемге дейін 270 адамның аштан өлгенін қағаз-дадық...»

Сарыайғыр болысынан: «Қаңтардан мамырға дейін 72 адам өлді, аштық күннен-күнге қысып барады. Сәуірдің сары аязында қалған мал қырылды. Ұрлық белең алып кетті».

26-қазақ мектебінің мұғалімі Ізбасаров жолдас Петропавлдан 18 шақырым жердегі Байғабыл ауылының жайы туралы былай деп жазыпты: «Байғабылда 40 шақты түндік кедей-жатақ бар еді, был-тырғы жұт оларды түгел тұралатып кетті. Бір қыста аштан 17 адам өл-ді. Малсыз ауылдың адамдары босып қалаға кетті, қаңғып жүріп кө-шеде өліп жатыр...»

Көшетау уезінің Бәйімбет және Айыртау болыстарынан да осындай суық хабар алып отырмыз.

Ақмола және Атбасар уездерінен әзір хабар жоқ. Тек таяуда Ташкенттің «Ақ жол» газетінде Ақмола уезі Шу ауданының екі қазақ болысы Түркістан республикасының Әулиеата, Шымкент және Түркістан уездеріне тік көтеріліп ауып келді деген ақпар басылды.

Осы айтылғандардың өзі-ақ қырдағы қазақтардың қайғылы халін көрсетеді. Жалғыз Семей губерниясын қоспағанда Каспийден Ертіске дейінгі аралықтағы бүкіл Сарыарқа өңірі аштыққа ұшырап отыр. Мал қырылып, елдің берекесі кетті, бұлай бола берсе, бірнеше миллион қазақ құрып бітер күн де алыс емес. Алайда, осы жағдайды басқа жұрт біле ме? Өкінішке қарай қалың қауым нақты жағдайды білмейді.

Ал, енді осындай қанды қырғынның себебі неде? Былтыр, Еділ бойы ашыққанда бүкіл Ресей дабыл қақты. Кең арналы Еділ бүкіл елді дүр сілкіндірді. Өйткені, Еділ орталыққа жақын, екіншіден, Еділ бойы халқының қазақтардан гөрі көзі ашық, әлбетте мәдениетті халық басқаларға өз сөзін тыңдата алады. Ал, бұған керісінше, аштыққа мойын ұсынып үн шығармай жатқан Сарыарқа, сол аштықпен АРПА-лысуда, шамасы келмеген соң тұяқ серіппей жан тапсырып жатыр.

Аштық қабырғаға батқанда адамның есі кетеді, шырқырап жан даусы шығады, осындай кезде ол Сарыарқа ұлының ыңырсып қана жан тәсілім бергенін байқамайды. Мәдениетті қала адамы айқай-шу көтеруге бейім, ол өзінің осы шуымен Сарыарқаның әлсіз ғана ың-қылын басып кетеді, естіртпейді. Міне, қазақ даласындағы аштық сұм-дығын орыс жұртшылығы білмеуінің бір себебі осында.

Әйтеуір, қандай себеп болса да, нақты жағдай осындай, басқаша емес. Аштықтың ауыртпалығынан ауыл құрып барады, ал қазақ халқы адамдық бейнесінен ада болуда.

Мен бұл сөздерді жазғанда Сарыарқадағы аштық Еділ бойында-ғыдан да алапат дегім келмейді, деген болсам, ақиқаттан аттаған болар едім. Айтпағым мынау ғана: Сарыарқа дабыл қақпаса, ол тойғандық-тан, немесе жаны жай тапқандықтан емес.

Байлыққа бөккен, қырғыз-қайсақтың берекелі Екатерина зама-нындағы ертегі өлкесі деп қарамайық оған. Сары қымызы өзендей сар-қыраған, сүрленген еті тау-тау болып үйі-ліп жататын Сарыарқа жоқ.

Сарыарқаның жан күйзелісіне құлақ салып, қазақ халқының ыңыранған, азалы үнсіздігін түсінетін кез келді.

Мағжан.

11 маусым 1922 жыл.



1922 жылғы 23-маусым күнгі комиссия мәжілісінде Мағжан сөйлейді: «Петропавл станциясында 1500 аш-арық жүр, олар елдеріне қайтқысы келеді. Осыларды қосқанда таяу арада 5000 адамды қайтару керек. Олардың құжаттарын тексеру жөнінде сөз қозғалмасын».

1922 жылғы 1-шілде. «Аштықпен күрес жөніндегі Ақмола губерниялық төтенше комиссиясы төрағасының орынбасары Мағжан Бекенұлы Жұмабаев аштарға көмек көрсету үшін Петропавл және Көкшетау уездеріне жіберілді.

М.Жұмабаевқа аштарға көмектесу жөнінде жұртшылық арасында үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізу үшін қазақ қызметкерлерін, ақ-сақалдарды пайдалану құқы беріледі.

ҚОАК және ЦЧКГ төтенше өкілі Қияқов»21.
Сол күні М. Жұмабаев пен Қияқов Петропавлдан Көкшетауға қарай шығып кетеді22. Қазақ ауылдарын 50 күн бойы аралап, жағдаймен танысып, аштарға көмек көрсету жөнінде нақты шара-ларды ұйымдастырады.

1922 жылдың 29-тамызында Қияқов та Петропавлға қайтып келеді.



Бұл сапардағы жұмыстары жөнінде Мағжан Жұмабаев орыс тілінде арнайы есеп-баяндама жасап тапсырған. Бұл – Мағжанның осы қызметтегі аты аталатын соңғы құжат.
В Акмолгу чрезкомпомгол

Доклад
1 июля выехал из П-Павловска вместе с тов. Кияковым. На меня было возложено произвести прикрепление в голодающих киргизских районах Кокчетавского и Петропавловского уездов, сбор продовольс-твенных пожертвований в благополучных районах и налаживание работ Кокчетавского укомпомгола.

9 июля приехали в Кокчетав, откуда тов. Кияков отправился вАтбасар и Акмолинск для вышеуказыанных работ. 14 июля мною проведено внеочередное пленарное заседание, где между прочим постановили – немедленно приступить к сбору пожертвований среди кирнаселения придерживаясь принципа по одной голове крупскота с каждого администартивного аула и 1/3 сбора препроводить в Петро-Павловск в распорежение губпомгола, а 2/3 сбора распределять на местах среди гол. Населения, а так же срочно организовать в Кок-четаве дом для киргизских детей.

16 июля выехал в голодные западные волости Кокчетавсокого уезда для ознакомления с положением на местах и производства при-крипления. Был в Чунгурчинской, Карачинской, Мезгильской и Айыр-тавской волостях. Положение населения в выше указанных волостях действительно было катастрофическое. 90% населения питалось ягодами. Был очевидцом многих заболеваний на почве голода. Побыв 10-11 дней в вышеуказанных волостях я употребил все силы на прикрепление, каковое мною произведено довольно удовлетвори-тельно по принципу из 5 дойных коров и кобыл одну голову передавали голодающим семьям на временное пользование т.е. до зимы.

Кстати, необходимо указать, что взымание маслоничного налога крайне обезсилило голодное население. Например, хозяйство из 10 душ, питающееся молоком одной коровы, и оно принуждено было сдать налог, само на целый месяц буквально нищенствовало.

Закончив прикрепление, к концу июля обратно приехал в Кок-четав, откуда вместе с членом укомпомгола, уездным Мухтасибом тов. Айтхожиным выехал в восточные благополучные волости.

Был в Кокчетавской и Котуркульской волостях. Население на мой призыв о помощи отзывалось весьма сочувственно. Население двух волостей пожертвовало 70 голов крупного и мелкого скота и 150 штук разных кож.

Я дав полномочие Мухтасибу Айтхожину согласно постанов-ления укомпомгола 2/3 всего сбора представить в Кокчетав для рас-пределения между гол.населением западных волостей, а 1/3 немед-ленно представить в Петро-Павловск, каковая часть на днях безус-ловно будет представлена сюда.

Мухтасиб Айтхожин по моему распоряжению поехал дальше в Аксаринскую, Джаварскую и Восточную волости для отправки в Кок-четав и Петропавловск собранный в вышеназванных волостях скот.

На обратном пути в Петро-Павловск я вместе с уполно-моченным губпомгола тов. Жакуповым был в Жамантузской, Туран-гольской волостях Петро-Павловского уезда. Населеине этих волостей полуголодает. Однако, более зажиточная часть населения на мой призыв о помощи отозвалась весьма охотно.

Тайнчинская волость пожертвовала 20 голов крупскота и 20 кож, Жамантузская волость 20 гол. крупскота и 25 кож. Туранская волость 7 г. крупскота и 5 кож.

Мною дано распоряжение тов. Жакупову весь этот сбор распределить между голнаселением по удостоверению волисполкомов и волкомитетов взаимопомощи.

Организация сбора в 4-х волостях Петропавловского уезда закончилась 15 августа.

17 августа прибыл в город Петропавловск23.
ЗампредАкмолгубчрезкомпомгола

М.Жумабаев.

Г. Петропавловск, 20 августа 1922 года.
Құжатты түпнұсқа тілінде ұсына отырып, оның мәтінін қазақшалауды да жөн көрдік.
Баяннама
Шілденің 1-күні мен Қияқов жолдас екеуіміз Петропавлдан аттанып кеттік. Маған Көкшетау және Петропавл уездеріндегі қазақ ауылдарын аралап, аштыққа ұшыраған қазақтар үшін малы бар ай-мақтардан азық-түлік жинап, тарату және Көкшетау уездік аштарға кө-мек комиссиясының жұмысын жолға қою тапсырылған болатын.

Шілденің 9-күні Көкшетауға келдік. Қияқов жолдас сол жерден Атбасар арқылы Ақмолаға жүріп кетті. 14-шілде күні Көкшетауда кезектен тыс жалпы жиналыс өткізіп, жағдайды талқыладық. Қазақ ауылдарынан аштарға арнап жылу жинауға шұғыл кірісу туралы қаулы алынды. Әрбір әкімшілік ауылдан 1 ірі қарадан жинап, жинал-ған мал мен азық-түліктің үштен-бір бөлігін Петропавлға, губер-ниялық комиссияның құзырына жіберу, қалған үштен-екі бөлігін сол жердегі аштарға үлестіріп беруге ұйғарылды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында жетім қалған қазақ балалары үшін арнайы үй ұйымдас-тыруға келісілді.

16-шілде күні жер-жердегі жағдайлармен танысу үшін және аш-арықтарға көмек жасау үшін Шұңғыршы, Қарашы, Мезгіл және Айыртау болыстарына жүріп кеттім. Бұл аталған болыстардағы жағдай, шынында, жан шошырлық екен. Халықтың 90 проценті дала кезіп, жидек теріп, қоректенуде. Аштықтан дертке ұщыраған көп адамдарды көрдім. Аталған болыстарды 10-11 күндей жүріп, аштарға көмек көрсетуге күш салдым. Бес сиыры мен жылқысы барлардың бір малын алып, уақытша, қысқа дейін сауып, жүрек жалғайтындай жасадым.

Реті келіп тұрғанда, көрсетпесем болмайды, аштыққа ұшыраған отбасыларға салынған май салығы оларды мүлде тұралатып кетіпті. Мысалы, он жаны бар отбасы жалғыз сиырға қарап отырса да, салық түрінде май өткізуге міндеттелген, сөйтіп жаңағы он адам қайыршылыққа ұшыраған.

Аштарға азық үлестіріп, шілденің аяғына қарай Көкшетауға келдім де, уездік комиссияның мүшесі Мұхтасип Айтқожин жолдасты ертіп, аштыққа ұшырай қоймаған шығыс өңірге аттанып кеттім. Көкшетау және Қотыркөл болыстарында болдым, жұртшылық аштар-ға көмек көрсету жөнінде менің сөздеріме қалтқысыз құлақ түрді. Осы екі болыстың халқы жылу ретінде ірілі-уақты жетпіс мал берді, жүз елу дана түрлі тері жиналды.

Укомпомголдың қаулысына сәйкес, жиналған малдың үштен-екі бөлігін Көкшетауға жеткізіп, аштыққа ұшыраған батыс болыстарға тарату және қалған үштен-бір бөлігін Петропавлға айдап әкелу жө-нінде мұхтасип Айтқожинға тапсырма бердім, бұл мал таяуда келіп те қалар. Айтқожин менің жұмсауыммен Ақсары, Жауар және Шығыс болыстарына жүріп кеткен. Сол жақтан мал жинап, Көкшетау мен Петропавлға жібереді.

Петропавлға қайтар жолда губпомгол өкілі Жақыпов жолдаспен бірге Петропавл уезінің Жамантұз және Тереңкөл болыстарында бол-дым. Бұл болыстардың халқы аштыққа жартылай ұшыраған. Деген-мен, аз-кем малы барлар менің айтқанымды екі етпей, аштарға көмек көрсетуде.

Тайынша болысынан 20 ірі қара мен 20 тері, Жамантұз болы-сынан 20 ірі қара және 25 тері, Тұран болысынан 7 ірі қара мен 5 тері жиналды. Менің нұсқауыммен, Жақыпов жолдас бұл малдардың бәрін болыстық атқару комитетімен келісе отырып, аш-арықтарға таратып берді. Петропавл уезіндегі 4 болыста мал жинау 15 тамызда аяқталды.

17-тамыз күні Петропавл қаласына келдім.

Аштарға көмек жөніндегі губерниялық төтенше комиссия төрағасының орынбасары М. Жұмабаев.
Петропавл қаласы, 1922 жылғы 20-тамыз.

Мағжан Жұмабаевтың бұл баяндамасы бір жарым айға жуық мерзім бойы қаралмай жатып, 1922 жылғы 13-қазанда губпомгол комиссиясының мәжілісінде күн тәртібіне қаралады. Дәлірек айтқанда: «Доклад зам. Предгубсовпомгола т. Джумабаева о поездке по Кокчетавскому и Петропавловскому уездам. Одобрено». Бұл жиналысқа Мағжанның өзі қатыспаған. Хаттамада аты айтылмайды. Тек бір анығы – сол күні аштықпен күрес жөніндегі төтенше комиссия басқаша құрылып «Аштықтың зардаптарын жою жөніндегі комиссия болып аталған. Бірақ жаңа комиссияның құрамында Мағжан Жұмабаев жоқ».

Кейбіреулердің естеліктерінде осы 1922 жылдың қыркүйек және тамыз айларында Мағжан үйленуге тиіс болады. Құда түсіп, ұзатуға қызын дайындап отырған қайнына Мағжан бармайды. Бір татардың жесір келіншегін алып, Ресей жаққа кетіп қалады, деп жазылып жүр. Оқиғаның дәл жағдайлары мәлімсіз. Тіпті, әртүрлі естелік айтушылардың берген деректері кейде үйлеспей жатады.

Мағжан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтарға осы сапарда қанықты да, жинаған деректерін Ташкентке барған соң, қағазға түсіріп, «Ақ жол» газетіне бастырды.




Зарқын Тайшыбай, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры,

Петропавл қаласы.

1 СҚО МА 1482-қор, 1-тізім, 75-құжат, 63-бет.

2 ЦГАОР 1943-1-789, 326 бет

3 Горвиц Б. Г. СКО в 1917-1957гг. стр. 52-53.

4 СҚОМА 53-3-3, 53 бет.

5 889-2-1, 46 б

6 Өмір мектебі. 2-кітап, 344 бет.


7 Сонда, 343 бет.

8 Сонда, 345 бет.

9 Сонда 349 бет.

10 Сонда, 352 бет.

11 Сонда, 53-3-3, 92 бет.


12 41-1-1, 5 бет.

13 Сонда, 22 бет

14 Сонда, 33 бет.


15 1616-1-2, 2 бет.

16 Сонда, 9 бет.

17 55-3-36, 11 бет.


18 1616-1-1, 33 бет.

19 Сонда, 34 бет.

20 1616-1-4, 20 бет.

21 41-1-10, 20-23 беттер.

22 1616-1-2, 26 бет.

23 СҚОММ, 1616 қор, 1-бума, 2-іс, 26-бет.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет