“Егіз-лебіз” жобасының кезекті айналымында жобадан шығып қалған Альбина Шардарова көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/albina.shardarova/

Өнер иесі 8 қабаттан қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевпен өнер көрсеткен еді. 

“Осымен бітті… “Егіз-лебіздегі” соңғы эфиріміз болды. Көңілім қатты босап кетті. Қимастық па, әлде… Бұл жобада барлық жұп өте әдемі жарасып, таңдалған. Ешкімнің шығып кетпегенін де қалап тұрасың, өйткені жеңіске бәрі лайық, шын! Бәрі біздің жұбымызға көп ескерту айтып, “араларыңда жұптың иісі де шықпайды”деп ұнатпай жатты ғой… Иә! Расында солай…”, – деп ақталды әнші. 

  • "Жүкті келіншекті қуантқым келді": Әсел Асқар бейтаныс оқырманына сыйлық жасады

  • "Үйде танымайтын адамдар жүретін": Жеңіс Ысқақова анасының жақсылығын айтып, жылап қалды

Айтуынша, сәтсіздікке жұбының дұрыс таңдалмағаны себеп дейді. Өйткені ол кісіні бұрын-соңды мүлдем көрмеген екен.

“Сәбит ағамен эфирге келген күні таныстық. Оның алдында басқа жұппен өнер көрсету керек болған едім. Содан бастап уайымдап, көңілім түсіп жүрді. Ал басқа жұптың барлығы өнерден, бір-бірін жақын таниды, көріп жүрген адамдары. Ондай адаммен жұмыс істеу да, менің ойымша оңайырақ болатын секілді… Не болса да, қайырлысы. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Сәбит аға – кәсіби әнші болмаса да, кәсіби құтқарушы. Осы жобаға қатысып, бәріміз бір отбасындай жақын болып кеттік… Қатысқаныма еш өкінбеймін. Жағдайдың қандай екенін білмей жатып, жаман пікір жазатындар қашан да табылады”, – дейді өнер иесі. 

Еске салайық, 8 қабаттан құлағалы тұрған қызды астаналық тұрғын құтқарып қалған еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.