Мажирова А. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу мәні не де жатыр?



жүктеу 21.53 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі21.53 Kb.

Мажирова А.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ы



ЕҚЫҰ Саммитін өткізу мәні не де жатыр?

Бұл саммитті өткізудің негізгі ерекшілігі Еуропаның географиялық шекарасынан мың километрде орналасқан Евразия жүрегінде болғаны. Бұл біздің көзқарасымызша, еуропалық қауіпсіздік парадигмасының өзгерісін ашып көрсетеді. ХХI ғасырдың басында еуропалық құрылықтың тұрақтылығы мен оның қауіп-қатері оның шегінде қалды. Ауғанстанда болып жатқан мәселелер түйіні ЕҚЫҰ қатысушыларының 43 мемлекетімен тартылды. Ал біздің ел басшысы бұл саммитте Ауғанстандағы кешенді стратегияны реттеуге және экономиканы қалыптастырып, әлемдік тыныштықты сақтап қалуда өз үлестерімен қатысты. Қырғызстандағы саяси дағдарыс Орталық Азиядағы жанжал катализаторы болып табылды. Қазақстан әлем көшбасшылары АҚШ, Ресей, және басқа серіктестермен қосыла отырып, осы елдің тұрақтылығына және ондағы болып жатқан жанжалды тоқтатуға ЕҚЫҰ құралдарын тиімді қолданды.

Кәзіргі таңда Еуропадан тыс елдерде нашақорлық, ашықсыз көшіп қону, адамдарды сатумен айналысу, неше түрлі қару-жарақтарды қолдану арқылы күш көрстеу зиянды ірекеттер көбейіп кетті. Сондықтан ЕҚЫҰ көшбасшыларының көмегімен осы мәселелерді шешу, осындай қиын жағдайдан шығу осы ұлттық қауіпсіздікпен тығыз байланысты болып отыр. Оған себепкер болып отырған жаһанды қаржылық-экономикалық дағдарыста кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан Еуразиялық қауіпсіздік – ол тек ғана метафора емес, керісінше үлкен қатаң геосаяси айғақ болып отыр. Сондықтан Астанада бол,ан саммит – жаһанды қауіпсіздіктегі ЕҚЫҰ келешегін талдау үшін жақсы мүмкіндік болып отыр. Біздің көзқарасымызша, он жылға жоспарланған ЕҚЫҰ –нің маңызды тапсырмасы болып, қарама-қайшылықты шешу, интеграция мен келісімді күшейту және соның ішінде мемлекет арасындағы бірігуді ортақтастыру табылады.

Осы сәттен бастап, Қазақстан еуразиялық қауіпсіздікті байланыстыратын буын болып отыр. Қазақстан өз алдына қойған негізгі мақсат, ол: Ұйымды дағдарсытан алып шығу. Бұл негізгі тапсырма үлкен келешекке жоспарланып отыр. Бұл тапсырма барлық серіктестермен жақсы бағаланады деп ойдаймыз. ЕҚЫҰ-ның ішінде гуманитарлық өлшем бойынша үлкен тәжірибе байқалған, яғни адамның бостандығын және құқығын қорғау, тәуелсіз БАҚ, демократиялық институттарды дамыту және т.б.

Жаһанды экономика жаңа сапалы әлемдік резервтік валютаға зар болып келеді. Сондықтан бұл сауал үлкен көнілге алынып отыр. Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша ЕҚЫҰ-ның Экологиялық Форумын құру туралы сөз де қозғалған. Ол Арал теңізінің құрғап қалуын немесе Семипалатинсктағы бұрынғы полигонды қолға алу мәселелері шешуге септігін тигізетін еді. Соынмен қатар, «Су және құқық» бағдарламасын қолға алып, су жетіспейтін елдерге бұл бағдарлама септігін тигізеді.

АҚШ президенті Барак Обаманың бір сөзінде айтылған тағы бір мәселе, ол діни төзімділікті қолға алу. Бұл мәселе ЕҚЫҰ-ның алғашқы қадамында орын алды.



Алып Еуразия құрлығын сенім, дәстүр, ашықтық және төзімділік сынды жалпы құндылықтарға негізделген ортақ кеңістікке айналдыру өз қолымызда. Бұл біздің халықтарымыздың қауіпсіздігі мен гүлдену ісіне қосылған үлкен үлес болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет