Макроэкономика



жүктеу 0.86 Mb.
бет3/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.86 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5

КЕЙС 1
ҚР-ның 2008-09ж. шәкіртақысы орташа есепппен алғанда – 9500 теңге. Ал, 1997-2000 жылдары бұл көрсеткіш 2-3 есе, яғни 1500-2000 теңге болатын. ҚР–ның экономикалық жағдайының жоғарылағандығының нәтижесінде көптеген оңды өзгерістер орын алды. Әсіресе, медицина, банк ісі, экономика, білім беру ісінде көп оңтайлы өзгерістер орын алды. Ел Президентінің 2009ж. халыққа Жолдауының нәтижесінде барлық мемлекеттік қызметкерлер жалақысы 30%-ға өсті, соның ішінде студенттер шәкіртақысы да өсті. Сәйкесінше экономикада инфляция орын алды. Сонымен қатар, студенттердің қалалық көлікте жеңілдікпен жүретін билеттері алынып тасталды. Және маршруттық таксилердің жүру билеттерінің бағасы артты.

Нақты жағдайға қойылатын сұрақтар:

  1. Студент шәкіртақыны жолға қалай жаратуы тиіс?

  2. Қалалық көліктің қандай түрімен жүрген тиімді болар еді?


КЕЙС 2
1997 жылы көптеген елдер мен мемлекеттерде күннің күрт суытуынан барлық жеміс- жидектер, дәнді дақылдар үсікке шалынды. Тек қана Қазақстанның оңтүстік өңірінде олар біршама сақталып қалды. Дәл осы кезде Германияда құс тұмауы вирусынан көптеген құстар қырылып жатты. Және де бұл эпидемия дүние жүзіне тарап, адам өміріне қауіп төндірді. Оны жою үшін грек жаңғағының қабыршағы өте қажет болды. Сонымен бірге Түркияда осы жаңғақтың майына сұраныс өте жоғары болды. Себебі, «Хаят» ғылыми бірлестігі одан дайындалатын қоспадан адамның өмірін сақтап қалатын, әрі арзан тұратын препарат жасап шығарады. Түркияда осындай аурудың алдын алмаса, дүние жүзі халықтарына осы ауру тарау қаупі тұрды. Оны Халықаралық саудаға шығаратын тек Қазақстан болып отыр.

Нақты жағдайға қойылатын сұрақтар:

  1. Бұл жағдайда не істеу қажет?

  2. Қазақстан қандай шешім қабылдауы тиіс?

  3. Осы дағдарыстан шығатын басқа да нұсқалары бар ма?

Тақырып 10. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.
Өндіріс факторларының нарықтық бағасы мен өндіріс факторларының шекті өнімі.

Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде.

Жер рентасы- жер иелерінің факторлық табысы.
Тақырып бойынша ауызша сұрау:


  1. Еңбекті жұмыс күшінен ажыратасыңдар ма? Айырмашылықтарын нақты мысалдармен келтіріңдер.

  2. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсынысты кім қалыптастырады?

  3. Еңбекақының негізгі формалары мен түрлерін атаңдар.

  4. Қарыздық пайыздың қойылымдарының ауқымы немен анықталады?

  5. Дисконттау дегеніміз не?

  6. Арендалық төлем мен жер рентасының айырмашылығы?

  7. Өндіріс факторының сұранысының қисығы мен оның шекті пайдалылығы арасындағы байланыс қандай?

  8. Жердің бағасы қалай есептеледі?


Дұрыс – Қате


  1. Нақты жалақы – бұл ақшаға шығарып берілетін, яғни еңбеккердің өз еңбегі үшін алған ақша сомасы.

  2. Номиналды жалақы – еңбеккердің алған номиналды жалақысына өзі және отбасы үшін өмір сүруге қажетті тауар сатып алуға болатынын көрсетеді.

  3. Дифференциалды I рента – жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына қарамастан барлық учаскеден бірдей алынатын рентасы.

  4. Абсолютті рента – жердің табиғи құнарлығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың жал төлемі ретінде жер иесіне көшуі.



Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:
1. Жұмысшылар мен әкімшілік арасындағы келіссөздердің көбі еңбек келісіміне қол қоюмен аяқталады. Бірақ, кейде келіссөздер тоқатылып қайшылықтарды шешудің басқа жолдары қарастырылады, мысалы, үшінші жақтың араласуы немесе ереуіл.

А) Сіздердің пікірлеріңіз бойынша, үшінші жақтың араласуын еңбектік дауларды шешуде қалай қолдануға болады.

Б) «Ереуіл- бұл жұмысшыларды да, жұмыс берушілерді де жарақаттайтын екі жақты үшкір пышақ». Бұл сөйлемнің мағынасын түсіндіріңіздер. Ұсынылған сұрақтардың біріне өз таңдауларың бойынша жауап беріңіздер.

2. Келесі берілгендер тамақ өндірісіндегі еңбектің сұранысы мен ұсынысын көрсетеді дейік:



  1. нарықта өзінің қызметін ұсынған жұмысшылардың саны мен теңдік еңбекақы мөлшерін есептеңдер;

  2. кестенің берілгендерін қолданып, еңбектің сұранысы мен ұсынысының қисығын салыңдар;

  3. кәсіпкерлер мен кәсісподақтың ұжымдық келісімінің негізінде еңбекақы сағатына 10 теңге болып келісті дейік;




Еңбекақы деңгейі,

сағат үшін теңге



Жұмысшылардың қажет саны, адам

өзінің қызметін ұсынған адамдар саны,адам

2

500

100

4

400

200

6

300

300

8

200

400

10

100

500

12

50

600




  1. графикте еңбекақының жаңа деңгейін көрсетіңдер;

  2. еңбекақының жаңа деңгейінде жұмысшыларға деген сұраныс қандай болады?

  3. еңбекақының жаңа жоғарғы деңгейінде қандай жұмысшылар ұтады, ал қандай жұмысшылар ұтылады?

3. Күтілетін пайданың нормасы- 9%, пайыздың нарықтық ставкасы- 12, инфляцияның жылдық қарқыны- 9%. Тиімді экономикалық тұрғыдан қарастырғанда инвестициялық жоба іске аса ма?

4. Кредитор жоғары немесе төмен пайыздық ставканы белгілейді, егерде ол жұмысын жүргізсе:

А) салқындатылғн сусын шығаратын белгілі фирмамен жұмыс істесе; сондай сусынды шығаратын бірақ жаңа ұйымдастырылған өдірістік кооперативпен жұмыс істесе?

Б) 5 жылға қарыз сұрайтын фирма болса; 9 жылға қарыз алғысы келетін фирма болса?

5. Студентте 100$ бар және ол осы ақшаны жұмсау немесе сақтау туралы шешім қабылдайды. Егерде ақшаны банкке салатын болса, онда бір жыл өткеннен кейін 112$ алады. Инфляция жылына 14% құрайды. Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:


  1. номиналдық пайыздық ставка қандай?

  2. нақты пайыздық ставка қандай?

  3. студентке қандай кеңес бересіңдер?

  4. өзгеріссіз номиналды ставка кезіндегі инфляцияның қарқынының 14%- ға төмендеуі сендердің кеңестеріне қалай әсер етуші еді?

6. Нақты бір ақша соммасына иесіңдер. Бұл ақшаны қолдану жолдары мұндай: жер телімін сатып алу; банкке жедел салым салу; үлкен сұранысқа ие және жақсы пайда әкелетін өнім шығару үшін негізгі құралдарды сатып алу. Қандай жағдайда сендер жер сатып алуға тоқталасыңдар? Қандай экономикалық көрсеткіштерді ескересіңдер? Жер телімің бағасын анықтаудың формуласы қандай?

Тақырып 11. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ.

НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР.
Қоғамдық өндірістің нәтижелері, олардың жалпы ұлттық өнімде (ЖҰӨ) көрініс табуы.

Шығындар мен табыстар айналымдарының макроэкономикалық моделі.

Макроэкономикалық көрсеткіштер.

Ұлттық есептеу жүйесінің (ҰЕЖ) жалпы сипаттамасы.



Тақырып бойынша ауызша сұрау:
1. Осы тақырыпта ЖҰӨ-ді есептеудің қандай әдістерін білдіңдер? Атаңдар.

2. ЖҰӨ-ді есептегенде не кірмейді?

3. Трансферттік төлемдер дегеніміз не?

4. Тағы да басқа қандай макроэкономикалық көрсеткіштерді білесіңдер?


Дұрыс – қате
1. Макроэкономикалық агенттердің макроэкономикалық нарықтардағы іс-әрекетін оқу макроэкономиканың пәні болып табылады.

2. Мемлекеттік қарыз көрсеткіші - бұл ағындар көрсеткіші, өйткені оның шамасы жыл сайын ауысып тұрады.

3. Үй шаруашылығының жинақтаулары қор көрсеткіші болып табылады, өйткені оның көрсеткіші үй шаруашылығының жинақтаған қаржыларының сомасын көрсетеді.

4. Жалпы баға деңгейінің көрсеткіші салыстырмалы макроэкономикалық көрсеткіш болып табылады.

5. Қазіргі жағдайда жалпы ішкі өнім ұлттық шоттар жүйесінің негізгі көрсеткіші болып табылады.

6. Жалпы ұлттың өнім - бұл жыл ағымында экономикада өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің құндарының сомасы.

7. Жалпы ұлттың өнім - бұл жыл ағымында ел аумағында өндірілген барлық соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарқтық құны.

8. Қайталап есептеуді болдырмас үшін, ЖҰӨ-ге тек аралық өнімдердің құны енеді.

9. Қазақстанда өндірілген барлық мұнай мен газ аралық өнім болып табылады.

10. Экономикада өндірілген барлық жеміс-жидектер соңғы өнім болып табылады.

11. Шетел инвестицияларынан алған ел азаматтарының табыстары елдің ЖҰӨ-не енеді.

12. Осы елде шетел азаматтарының алған табыстары осы елдің ЖҰӨ-не енеді.


Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:
1. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы сонда, ол оқытады (яғни төмендегі мәселелердің қайсысын микроэкономика, қайсысын макроэкономика оқытатындығын бөліп көрсет):

  • Экономиканың қысқа мерзімді тербелістерін.

  • Салалық нарықтардағы тепе- теңдік теориясын.

  • Экономиканың дамуының ұзақ мерзімді тенденцияларын.

  • Жалпы экономикалық тепе- теңдік мәселесін.

  • Қысқа және ұзақ мерзімдердегі экономикалық агенттердің іс- әрекетін.

  • Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру мәселесін.

  • Валюталық бағам мәселесін.

  • Тұтынушы іс-әрекетін.

  • Ақша теориясын.

  • Өндіруші іс-әрекетін.

  • Мемлекеттік қарыз теориясын.

  • Инвестиция теориясын.

  • Жұмыссыздық теориясын.

2. Төмендегі шығындар мен табыстардың қай түрі осы елдің ЖҰӨ-нің құрамына енеді және енбейді?

    • Өзіне саябақ салған құрылысшының жұмысының құны.

    • Бағалы қағаздарды сатудан тапқан делдалдың табысы.

    • Өз пәтерін жалға бергеннен алған жалгерлік төлемақы.

    • Үй иесі әйелдің жұмысының қнарықтық құны.

    • Жеке фирмалардың облигациялары бойынша пайыздар.

    • Жаңа цех құрылысына кеткен фирманың шығындары.

    • Мемлекеттік қызметкердің жалақысы.

    • Мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздар.

    • Жер бөлігін сатып алуға кеткен фирманың шығындары.

    • Өз үйін сырлаған бояушының жұмысы.

    • Фирма қорының көбеюі.

    • Есірткі бизнесі иелерінің табысы.

    • Сақтандыру полисін сатып алу.

    • Акцияларын сатудан алған үй шаруашылығының табысы.

    • Полиция зейнеткерінің зейнет ақысы.

    • Көңіл көтерудің құны.

    • Ескі үлкен үйді сатып алу.

    • Жеке детективтің табысы.

    • Үй қызметшісінің еңбек ақысы.

    • Ескірген құрал-жабдықты айырбастау үшін жаңасын сатып алуға кеткен фирманың шығындары.

    • Мемлекеттік емханада істейтін дәрігердің жалақысы.

    • Жеке коллекционердің Леонардо да Винчидің картинасын сатып алуы.

    • Мемлекеттің қорғаныс шығындары.

    • Үй иелерінің жаңа үйден пәтер сатып алу шығындары.

    • Адамның өз автокөлігін сатудан алған табысы.

    • Мемлекеттік жұмыспен қамту бюросының жұмысшыға төлеген еңбек ақысы.

    • Студенттің үйінен алатын ай сайынғы ақшалай аударымы.


КЕЙС 1
Төмендегі жағдайлар 2009 жылы Қазақстан Республикасында орын алды:

  1. Гүлзипа әжей мемлекеттен 14000 теңге көлемінде зейнетақы алды;

  2. «Рауан» баспасы 1000 дана кітап шығарып 2000 теңгеден сатты. Кітапты шығаруда отандық қағаз бен материалдар қолданылды;

  3. Айжан 1 млн.теңгеге «КазМунайГаз» компаниясының 100 акциясын сатып алды. Ол компания 2009жылдың 1-ші кварталында әр акцияға дивиденд ретінде өткен жылға 1000 теңге көлемінде ақша төледі;

  4. Мектеп мұғалімі Күләш (облыстық бюджеттен) 18000теңге көлемінде жалақы алды:

  5. Сәкен мерекелік столға ауылшаруашылық кооперативі өндірген 1кг 150теңге тұратын 5кг құлпынай алды;

  6. «Гарант» фирмасы маусым айында жаңа шетелдік компьютерді 3млн теңгеге сатып алды. Осы компьютерді пайдалана отырып, фирма жыл аяғына дейін бағдарламалық өнім шығарып, оны сатып 8 млн. теңге алды. Ал, желтоқсан айында компьютерді 2 млн.теңгеге сатып жіберді;

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. 2009ж. ЖІӨ-ді есептегенде осы жағдайлардың әрқайсысының үлесі қандай болды?

  2. ЖІӨ-ді есептеудің түрлері қандай және оларды түсіндіріңдер?


КЕЙС 2
Экономика келесі мәліметтермен берілген:





Есепшот

Млрд.теңге

1.

Жалпы жеке инвестициялар

75

2.

Несиенің пайызы

15

3.

Жалақы

315

4.

Корпорация пайдасы

225

5.

Жанама салықтар

45

6.

Ренталық төлемдер

40

7.

Корпорация пайдасына салық

60

8.

Таза экспорт

15

9.

Тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

80

10.

Таза жеке инвестициялар

65

11.

Жеке меншіктен түсетін табыс

22

12.

Мемлекеттік кәсіпорынға таза субсидиялар

4

13.

Халыққа төленетін трансферттік төлемдер

33

14.

Тұтыну шығындары

498

15.

Әлеуметтік сақтандыру жарналары

15

16.

Жеке табыс салығы

10

Кестеде берілген мәлімет бойынша мыналарды есептеңдер:

А) Табыстар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;

Ә) Шығындар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;

Б) ТҰӨ; ҰТ; ЖТ; ЖҚТ көлемін анықтаңдар.

Тақырып 12. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ- ТЕҢДІК.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы.

Ұлттық экономика ауқымында тұтыну мен қаражат жинаудың кейнстік талдауы. Тұтыну бейімділігі мен қаражат сақтау бейімділігі.

Мультипликатор. (АD-АS) моделіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.



Тақырып бойынша ауызша сұрау:
1. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс дегеніміз не?

2. Тұтыну мен жинақтауларды қалай түсінесіңдер?

3. Тұтынуға деген шекті бейімділік дегеніміз не?

5. Ұқыптылық парадоксінің мәні?

6. «AD-AS» моделіндегі макроэкономикалық тепе- теңдікке сипаттама беріңдер.

Дұрыс – Қате
1. Жиынтық сұраныс қисығы сұраныс заңының әсеріне орай кері бағытта иіледі.

2. Егер мемлекет қоршаған ортаны қорғау талаптарын күшейтсе, онда бұл жиынтық сұраныстың азаюына әкеледі.

3. Мемлекеттің қорғаныс шығындарының төмендеуі жиынтың сұраныс қисығын солға жылжытады.

4. Жиынтық ұсыныс қисығы баға деңгейінің әрбір мәніндегі барлық нарықтардағы ұсыныс көлемдерін қосу арқылы алынуы мүмкін.

5. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтары баға факторларының әсерінен қозғалады.

6. Пайыз мөлшерінің төмендеуі жиынтық сұранысты да, жиынтық ұсынысты да арттырады.

7. Трансферттік төлемдердің азаюы жиынтық ұсыныс қисығын солға жылжытады.

8. Салықтар жиынтық сұранысқа да, жиынтық ұсынысқа да әсер етеді.

9. Егер жердің бағасы өссе, онда жиынтың сұраныс та, жиынтық ұсыныс та қысқарады.

10. Ресурстардың бағасының өсуі жиынтық ұсыныс көлемін қысқартады.

11. Жалақы мөлшерінің өсуі жиынтық сұраныстыда, жиынтық ұсынысты да өсіреді.

12. Технологиялық прогресс жиынтық сұранысты да, жиынтық ұсынысты да өсіреді.

13.Классикалық үлгі шынайы макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгергіштігін ұсынады.

14. Классикалық үлгіде жиынтық ұсыныс қисығы көлденең сызық.

15. Классикалық үлгіде ақша ұсынысының өсуі өнім көлеміне әсер етпейді.

16. Кейнсиандық үлгіде жинақтауды анықтайтын негізгі фактор болып пайыз мөлшері табылады.

17. Кейнсиандық теорияға сәйкес, тепе-тең өндіріс көлемі толық емес жұмысбастылық жағдайында да мүмкін.

18. Тепе-тең экономикада үнемі жұмыс бастылық болады.


Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:
1. Төмендегі жағдайлардың қайсысы А) жиынтық сұраныс қисығын оңға; Б) жиынтық сұраныс қисығын солға; В) жиынтық ұсыныс қисығын оңға; Г) жиынтық ұсыныс қисығын солға жылжытады?

  • Зейнетақы мөлшерінің артуы.

  • Капиталмен жабдықталу деңгейінің артуы.

  • Импорттың өсуі.

  • Қатаң құрғақшылыққа байланысты астықтың болмауы.

  • Үй иелері қарыздарының азаюы.

  • Мемлекеттік бюджет тапшылығының артуы.

  • Баға деңгейінің күтілген төмендеуі.

  • Экспорттың ұлғаюы.

  • Ресурстар нарығындағы монополияның артуы.

  • Табыстардың күтілген жоғарылауы.

  • Түсті металдарға бағаның төмендеуі.

  • Қоғамдағы бюрократизмнің артуы.

  • Қорғаныс шығындарының өсуі.

  • Туу деңгейінің төмендеуі.

  • Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша төлемдердің өсуі.

  • Корпоративтік табыс салығы мөлшерінің төмендеуі.

  • Өмір сүру деңгейінің артуы.

  • Өмір сүруге қажетті минимумның өсуі.

  • Жұмыссыздық деңгейінің артуы.

  • Мемлекеттік сатып алулар көлемінің артуы.

  • Зор шығынға әкелген жер сілкінісі.

  • Мемлекеттің ең төменгі жалақы деңгейін көтеруі.

  • Басқа елдердегі ұлттық табыстың төмендеуі.

  • Қызметкерлер аппараты санының азаюы.

  • Мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау жөнінде жаңа заңды енгізуі.

  • Үкіметтің әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруларының қысқаруы.

  • Ұлттың ақша бірлігінің айырбас бағамының төмендеуі.

  • Фирмалар үшін жеңілдіктері бар салықтандыру жүйесін енгізу.

  • Кәсіподақ қызметінің нәтижесінде жалақы мөлшерінің айтарлықтай жоғарылауы.

  • Фермерлерге субсидия беру жүйесінің пайда болуы.

  • Жаңа, қуаттылығы жоғары компьютерді ойлап табу.

  • Кенеттен елге иммигранттардың ағылып келуі.

  • Үй иелерінің жинақтау үлестерінің артуы.


Тақырып 13. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИКЛДЫЛЫҒЫ. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ.
Нарықтық экономиканың циклдылығы.

Циклдық ауытқудың сыртқы және ішкі себептері.

Экономикалық цикл және оның фазалары.

Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны.



Инфляция ұғымының мазмұны. Қазіргі кездегі инфляцияның себептері.

Тақырып бойынша ауызша сұрау:


  1. Нарық экономикасындағы кезендер нені білдіреді?

  2. Экономикалық кезеңнің сыртқы себептерін атаңыздар.

  3. Экономикалық кезендер дегеніміз не?

  4. Кондратьевтін «ұзын толқынының» себептері не?

  5. Жұмыссыздық дегеніміз не?

  6. Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыздар.

  7. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз не?

  8. Оукен заңының мәні неде?

  9. Қазақстандағы жұмыссыздықтың себептері неде?

  10. Инфляция дегеніміз не?

  11. Инфляцияның себептері неде?

  12. Филлипс қисығы нені көрсетеді?

  13. Инфляцияға қарсы саясат неге бағытталған?



Дұрыс – Қате


  1. Еңбек өнімділігі инвестиция көлемімен тығыз байланысты.

  2. Елдің экономикалық әлуеті өндіріс мүмкіншілігі қисығы солға жылжығанда өседі.

  3. Еңбек өнімділігінің төмендеуі өндіріс мүмкіншілігі қисығын солға жылжытады.

  4. Ағымдық тұтынудан бас тарту экономикалық өсудің баламалы шығындары болып табылады.

  5. Рецессияның белгілері болып өнім көлемінің азаюы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және баға деңгейінің өсуі табылады.

  6. Өндірістің құлдырауы үнемі бағаның төмендеуін тудырады.

  7. Мұнай бағасының өсуі стагфляцияға әкеледі.

  8. Экономика өскенде жұмыссыздық деңгейі ғана емес, баға деңгейі де өседі.

  9. Өрлеу кезеңінде сауда балансының тапшылығы азаяды.

  10. Құлдырау кезеңінде мемлекеттік бюджет тапшылығы азаяды.

  11. Жаңа жыл алдындағы сату көлемінің өсуі экономикалық циклдың мысалы болып табылады.

  12. Ұзақ мерзімдегі еңбек өнімділігінің өсуі экономикалық өрлеуге әкеледі.

  13. Инфляция экономикада өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін білдіреді.

  14. Егер инфляция деңгейі төмендесе, онда барлық бағалар төмендейді.

  15. Егер инфляция шапшаңдығы 2%-ға азайса, онда бұл дефляцияны білдіреді.

  16. Экономикадағы әскери шығындардың өсуінен туатын инфляция шығындар инфляциясының мысалы болып табылады.

  17. Баға деңгейінің өсуі мен өндіріс көлемінің артуы сұраныс инфляциясының нәтижесі болып табылады.

  18. Жалақының жоғарылауы сұраныс инфляциясының да, шығындар инфляциясының да себебі болып табылады.

  19. Стагфляция жиынтық шығындардың кенеттен қысқаруының нәтижесі болып табылады.

  20. Баға деңгейінің өсуі - бұл ақша құндылығының төмендеуімен бірдей.

  21. Инфляция атаулы табыстар құндылығын азайтады және өмір сүру деңгейін төмендетеді.

  22. Инфляция барлық тұрғындардың нақты табыстарының азаюына әкеледі.

  23. Тұрғындардың нақты табыстары атаулы табыстарынан үнемі төмен.

  24. Күтілген инфляция табыстар мен байлықтың қайта таратылуына әкелуі мүмкін.

  25. Күтілген және болжалды инфляция табысты қайта таратуға бірдей әсер етеді.

  26. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының еңбекке жарамды халықтың жалпы санына пайыздық қатынасы ретінде саналады.

  27. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмысбастылардың жалпы саны мен жұмыссыздардың жалпы санын салыстыру жолымен анықталады.

  28. Жұмыссыз жұмыс іздеуден бас тартқан жағдайда, ол жұмыссыз деп саналмайды.

  29. Жұмыс орны бар кез келген адам, толықтай жұмысбасты болып есептеледі.

  30. Егер адам өткен аптада қатты қарлы боранның салдарынан жұмыс істемесе, ол жұмысбастылар санатына жатпайды.

  31. Егер жұмыссыздар деңгейі азайса, онда бұл жұмысшылардың көп мөлшерінің жұмысы бар дегенді білдіреді.

  32. Егер жұмыссыздар деңгейі өссе, онда бұл жұмыссыздар саны ұлғайды дегенді білдіреді.

  33. Жұмыссыздық деңгейі әр түрлі демографиялық топтар үшін бірдей: еркектер, әйелдер, жастар, қарттар.

  34. Егер экономикада «жанкешті жұмысшылар» бар болса, онда жұмыссыздық деңгейінің ресми көрсеткіші, жұмыссыздықтың нақты деңгейіне қарағанда төмен болады.

  35. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу жұмыссыздар деңгейінің қысқаруына әкеледі, өйткені бұл жәрдемақыларды алушылар жұмысшы күшінің жалпы санында есептелмейді.

  36. Толықтай жұмысбастылық жағдайында жұмыссыздың деңгейі 0-ге тең.

  37. Жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейі табиғидан аз болуы мүмкін емес.

  38. Егер экономикада нақты шығарылым әлуетті ЖІӨ-нен көп болса, онда ресурстар толық жұмысбастылық деңгейінде.

  39. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі - бұл, тіпті ұзақ мерзімді кезеңнің өзінде өз-өзінен жоғала алмайтын жұмыссыздық ауқымы.

  40. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі уақытша (фрикциондық), құрылымдық және циклдық жұмыссыздықты қамтиды.

  41. Егер жұмыссыздық деңгейі табиғиға тең болса, онда ЖІӨ-нен әлуетті және нақты көлемдері тең.

  42. Егер экономикадағы жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейіне тең болса, онда толық жұмысбастылық.

  43. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мөлшерінің өсуі оның деңгейінің өсуіне ықпал етеді.

  44. Уақытша жұмыссыздық міндетті ғана емес, қоғам үшін қалаулы да.

  45. Уақытша жұмыссыздықтың негізгі себебі ақпараттардың жетілмеуі болып келеді.

  46. Экономикадағы салалық қозғалыстар уақытша жұмыссыздық деңгейінің өсуіне әкелуі мүмкін.

  47. Еңбек нарығында алғаш пайда болған барлық адамдар, уақытша жұмыссыздар санатына жатады.

  48. Құрылымдық жұмыссыздыңтың себебі жұмыс орындары құрылымында жұмысшы қолы құрылымының сәйкес келмеуі болып табылады.

  49. Егер атаулы жалпы ұлттың өнім әлуетті жалпы ұлттық өнімге тең болса, онда құрылымдық жұмыссыздық елде жоқ болады.

  50. Циклдық жұмыссыздық экономикадағы жиынтық шығындардың жетіспеушілігінен ғана туындайды.

  51. Экономикадағы құлдырау кезінде міндетті түрде циклдық жұмыссыздық орын алады, ал уақытша және құрылымдық жұмыссыздық жоқ бола алады.

  52. Циклдық жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші ұнамсыз шама болуы мүмкін.

  53. Жалпы ұлттық өнімнің ажырауы - бұл атаулы және нақты жалпы ұлттық өнім арасындағы айырмашылық.

  54. Оукен заңы нақты жалпы ұлттық өнім мен жұмыссыздықтың табиғи деңгейі арасындағы тәуелділікті сипаттайды.

  55. Оукен заңына сәйкес, егер нақты жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейінен аз болса, әлуетті жалпы ұлттық өнім оның нақты деңгейінен аз.

  56. Оукен заңы жұмыссыздықты табиғи деңгейде сақтап тұру үшін, атаулы жалпы ұлттық өнім қанша пайызға өсуі қажет екендігін көрсетеді, және жұмыссыздық экономикалық циклдың салдары болып табылатындығын білдіреді.

  57. Оукен заңы экономикадағы жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқыны мен жұмыссыздық динамикасы арасында сандық өзара байланысты белгілейді.

  58. Оукен заңына сәйкес, егер елде нақты шығарылым жылына 1% қарқынымен өсетін болса, онда жұмыссыздық деңгейі 1 %-ға ұлғаяды.

  59. Циклдық жұмыссыздықпен байланысты қоғамның экономикалық шығындары, өндірілмеген тауарлар мен қызмет көрсетудің санымен өлшенеді.

  60. Жұмыссыздықтың жеке салдары тек қана жалақы шамасының арасындағы өзгешелік түріндегі табыс бөлігінің жоғалтылуы мен жұмыссыздық бойынша жәрдемақы өлшемдері болып табылады.

  61. Егер үкімет жұмыссыздықпен күрес үшін барлық шараларды қолданатын болса, онда ұзақ мерзімді кезеңде оның нөлдік деңгейіне жетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет