Мал ұрлығына қарсы Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары



жүктеу 173.38 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі173.38 Kb.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы ___тамыздағы №____

өкімімен бекітілген




Мал ұрлығына қарсы Жол картасын іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары




р/н

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау уақыты

І кезең. Ақпараттық-насихаттық іс-шаралар

1.1.

Мал ұрлығына қарсы Жол картасын іске асыру жөнінде брифинг өткізу


ІСБ ғимаратында арнайы брифинг өткізу

ІСБ (үйлестіруші, жинақтау),

Жұмыс тобының мүшелері



2016 жылғы 30 тамызға дейін

1.2.

Білікті дінтанушы және кәсіби үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жұмыс тобының құрамын қалыптастыру


Жұмыс тобына ұсыныс беру

ІСБ (үйлестіруші, жинақтау),

ДІБ,

Жұмыс тобының мүшелері


2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін

1.3.

Мал ұрлығына қарсы іске асырылатын іс-шараларды кеңінен жарықтандыру

Жол картасын, іс-шаралар жоспарын және т.б. презентациялау

ВБ (үйлестіруші, жинақтаушы)

ОП (келісім бойынша)

ІІД,

ЖПҚ,


ІСБ,

АШБ,


Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)

2016 жылғы 15 қыркүйекке дейін
















1.4.

Жануарларды сатып алу кезінде, сатып алушы жануарды сатушыдан заңды иелегін растайтын тиісті құжаттарды талап ету құқығын жүзеге асыру, жануарларды белгіленген сауда орындарында сатып алу нормаларының сақталмауы және сауда орындарынан тыс жерде сату кезіндегі жауапкершілік туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу


Көшпелі кеңестер, тұрғындармен кездесу, елді мекендердегі үй-үйді аралау, семинарлар (тренингтер), дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шаралар



ВБ (үйлестіруші, жинақтау)

ЖПҚ,


ІСБ,

АШБ,


Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)

2016 жылғы қыркүйек-қазан айлары

1.5.

Дін өкілдерін тарта отырып, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының үйлестіруімен діни нормалар бөлігінде тегі күмәнді малды құрбандыққа шалуға (белгіленген орындардан тыс алынған және мал иелігін растайтын құжаттардың болмауы т.б.) жол бермеу туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Көшпелі кеңестер, тұрғындармен кездесу, елді мекендердегі үй-үйді аралау, семинарлар (тренингтер), дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шаралар


ДІБ (үйлестіруші, жинақтау),

ІСБ,


АШБ,

Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)



2016 жылғы қыркүйек қазан айлары

1.6.

Ауыл шаруашылығы жануарлары иелеріне жануарларды елді мекендерде асырау ережелерін сақтамаған жағдайларда әкімшілік жауапкершілігі туралы түсіндіру (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 147-бабы: «Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау», 364-бап: «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу», 370-бап: «Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру, сондай-ақ заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты жинау», 559-бап: «Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу», 663-бап: «Кәмелетке толмаған айыпталушының (күдіктінің) келуiн қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi бұзу»)

Көшпелі кеңестер, тұрғындармен кездесу, шаруа және фермер қожалықтары өкілдерімен кездесу, елді мекендердегі үй-үйді аралау, семинарлар (тренингтер), дөңгелек үстелдер мен басқа да көпшілік іс-шаралар

АШБ (үйлестіруші, жинақтау),

ВБ, ЖПҚ,


Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)

2016 жылғы қыркүйек қазан айлары

1.7.

Мемлекеттік қаражат есебінен жүргізіліп отырған ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру және вакцинациялау жұмыстары туралы тұрғындардына жеткізу

Көшпелі кеңестер, тұрғндармен кездесу, шаруа және фермер қожалықтары өкілдерімен кездесу, елді мекендердегі үй-үйді аралау, семинарлар (тренингтер), дөңгелек үстелдер мен басқа да көпшілік іс-шаралар

ВБ (үйлестіруші, жинақтау)

ІСБ,


АШБ,

Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)



2016 жылғы қыркүйек қазан айлары

1.8.

Қолданыстағы заңнаманың ережелерінде белгіленген ұрланған малдарды іздеу барысында жүргізілетін жедел-тергеу іс-шаралар салдары жөнінде түсіндіру

Көшпелі кеңестер, тұрғндармен кездесу, шаруа және фермер қожалықтары өкілдерімен кездесу, елді мекендердегі үй-үйді аралау, семинарлар (тренингтер), дөңгелек үстелдер мен басқа да көпшілік іс-шаралар

ЖПҚ (үйлестіруші, жинақтау)

ВБ,


ІСБ,

АШБ,


әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)

2016 жылғы қыркүйек қазан айлары

1.9.

Ветеринариялық паспорт бере отырып міндетті бірдейлендіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау, сою және сату ережелері туралы тұрғындар үшін жаднама әзірлеу, тарату


Жадынамалар әзірлеу, тарату

ВБ

(үйлестіруші, жинақтау),

ІСБ, ЖПҚ,

Орал қаласы және аудандар әкімдері


2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін

1.10.

Орал қаласында, аудандарда және ауылдық округтерде мал сою пункттері мен алаңдарын ашу тәртібі туралы, ауыл шаруашылығы жануарларын сату орындарын анықтау бойынша (мал базарлары) қала, аудан, ауылдық округ әкімдеріне тәжірибелік, құқықтық көмек көрсету

Әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу, Орал қаласы және аудандар әкімдіктеріне жіберу

ВБ

(үйлестіруші, жинақтау),

ІСБ, КжИИБ, ЖПҚ



2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін

1.11.

Тақырыптық бейнероликтер түсіру, түрлі ток-шоуларға қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар шығару

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында көрермендердің барынша санын қамтитын эфирлік уақытта (прайм-тайм), әдетте, 19.00 сағат 23.00-ге дейін (кешкі жаңалықтар мен шетелдік сериалдары арасында және т.б.) жергілікті телеарналарда тақырыптық роликтер (фильмдер) көрсету,

ІСБ,

(үйлестіруші, жинақтау),

Орал қаласы және аудандар әкімдері,

облыстық прокуратура (бейнеролик)


2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін

1.12.

Жедел кеңес отырыстарында ақпараттық-насихаттық топтардың белгілі кезеңде атқарылған жұмыстары туралы есептерін тыңдау, және қорытындылау

Хаттама шешімдері

ВБ

(үйлестіруші, жинақтау),

Жұмыс тобының мүшелері,

Орал қаласы және аудандар әкімдері


2016 жылғы қазан айы


ІІ кезең. Ұйымдастыру іс-шаралары


2.1.

Ауыл шаруашылығы жануарларын (паспорттау, сырғалау, тавро салу және т.б.) белгіленген тәртіппен нақты есепке алу және тіркеу бойынша тиісті шаралар ұйымдастыру


Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу, жануарларға бірдейлендіруге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалана отырып, жеке нөмір беру, жануарлар туралы мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізу, және ветеринариялық паспорт беру

ВБ (үйлестіруші, жинақтау),

Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандар)



2016 жылғы тамыз-қазан айлары

2.2.

Жергілікті атқарушы органдармен барлық елді мекендерде тиісті ветеринариялық-санитарлық нормаларға және ережелерге сай, күндізгі жұмыс уақытын белгілей отырып ауыл шаруашылығы жануарларын сататын және соятын сауда орындарын айқындау

Кәсіпкерлер және мал базарларының иелерімен келіссөздер жүргізу

Орал қаласы және аудандар әкімдері

2017 жылғы наурыз айы

2.3.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен рейдтер барысында қауіпсіздігін растайтын тиісті ілеспе құжаттары болмаған ауыл шаруашылығы жануарларына тексеру жұмыстарын жүргізу барысында мамандандырылған уақытша ұстау орындарын құру

Шаруа қожалықтарымен уақытша ұстау орындарын анықтау бойынша Меморандум жасасу

Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)

2016 жылғы 15 қазанға дейін

2.4.

Мал сою алаңдары мен ауыл шаруашылығы жануарларын сату орындарының (мал базарлары) жұмыс уақытын еңбек заңнамасына сәйкес күндізгі уақытқа белгілеу

Сауда орындарының жұмыс уақытын таңғы 7-ге ауыстыру (объекті иелерімен келіссөздер жүргізу)

КжИИБ (үйлестіруші, жинақтау),

ОП (келісім бойынша),

ВБ,

ТҚҚД (келісім бойынша),



Орал қаласы және аудан әкімдері

2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін


ІІІ кезең. Құқықтық ықпал ету іс-шаралары


3.1

Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерімен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды заңсыз өткізу және сату орындарын анықтау бойынша бірлескен рейдтік іс-шараларды өткізу

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша құқық бұзушыларға тиісті шаралар қабылдау

ЖПҚ (үйлестіруші, жинақтау),

ОП (келісім бойынша),

ІСБ, ВБ,

ҚР АШМ ВБ ж ҚК АИ



(келісім бойынша),

ІІД (келісім бойынша)

МКД (келісім бойынша),

ТҚҚД (келісім бойынша)



2016 жылдың қыркүйек айынан бастап,

үнемі, әр айдың 5-не дейін ақпарат беру



3.2.

Ауыл шаруашылығы жануарлары тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін республикалық және ауданаралық маңызы бар тас жолдарда, мал айдайтын күре жолдарда, жайылым аумақтарында тәулік бойы патрульдеуді ұйымдастыру


Анықталған заң бұзушылықтар бойынша құқық бұзушыларға тиісті шаралар қабылдау

ЖПҚ

(үйлестіруші, жинақтау)


2016 жылдың қыркүйек айынан бастап,

үнемі, әр айдың 5-не дейін ақпарат беру



3.3.

Ауыл шаруашылығы жануарларын елді мекендердің жеке аулаларында сатудың заңдылығын зерделеу

Жұмыс тобының басшысына тиісті ұсыныстармен анықтамаларды дайындау

ВБ, МКД,

Орал қаласы және аудандар әкімдері




2016 жылғы қыркүйек айы

3.4.

Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша ауыл шаруашылығы жануарларынан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру

Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес тиісті шараларды қабылдау

ВБ, ТҚҚД,

Орал қаласы және аудандар әкімдері





Үнемі

3.5.

Жедел-профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде азаматтардың, соның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету

Рейдтік шаралар барысында жұмыс тобы мүшелерінің іс-қимыл жоспарын әзірлеу (іс-шаралар алгоритмі)

ОП (үйлестіруші, жинақтау),

ІСБ, ВБ,


ІІД (келісім бойынша)

МКД (келісім бойынша),

ТҚҚД (келісім бойынша)


2016 жылғы 30 қыркүйек

3.6.

Ауыл шаруашылығы жануарларын заңсыз өткізу орындарын анықтау және олардың жолдарын кесу жөнінде жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қатысы ұйымдасқан қылмыстық топтарды және осыған қатысы бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұғаларын анықтау


Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының шеңберінде тиісті іс-шараларды өткізу

ІІД (келісім бойынша)

МКД (келісім бойынша)




Тұрақты негізде

3.7.

Қаржылық бақылаудың экономикалық тергеу қызметімен білім беру, денсаулық сақтау, қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелеріне әлеуетті ет және ет өнімдерін жеткізушілердің қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу

Жедел және басқа да ақпаратпен өзара алмасу

ОП (үйлестіруші, келісім бойынша),

МКД (келісім бойынша), ҚАЖБ,

ДСБ,

БББ



2016 жылдың қыркүйек айынан бастап,

үнемі, әр айдың 5-не дейін ақпарат беру



3.8.

Ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын белгіленген орындардан тыс жерде сатуға жол бермеу

Ауыл шаруашылығы жануарларын белгіленген жерлерден тыс сату фактілерін анықтау бойынша тиісті шаралар қабылдау

ВБ (үйлестіруші, жинақтау),

ЖПҚ,


ТҚҚД (келісім бойынша)

ҚР АШМ ВБ ж ҚК АИ



(келісім бойынша),

Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)



2016 жылдың қыркүйек айынан бастап,

үнемі, әр айдың 5-не дейін ақпарат беру



3.9.

Союға тапсырылатын ауыл шаруашылығы жануарларының шығарылған жерінің аурудан тазалығын және қауіпсіздігін растайтын ілеспе ветеринариялық құжаттарындағы мәліметтердің дұрыстығын және олардың дұрыс толтырылуына талдау жасау (сою пункттеріне ұсынылған, тіркеу журналымен, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер базасы бойынша, мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қолы және мөрімен расталған, басқада ветеринариялық құжаттарын салыстыру арқылы);

Жұмыс тобының басшысына анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті ақпаратты беру

ВБ (үйлестіруші, жинақтау),

ЖПҚ,


ТҚҚД (келісім бойынша)

Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)



2016 жылдың қыркүйек айынан бастап,

үнемі, әр айдың 5-не дейін ақпарат беру



3.10.

Ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен, шикізатты дайындаумен (союды), сақтаумен, қайта өңдеу және сатумен айналысатын нысандарды,, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспалары объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейту


Тиісті актілерді толтыру, малды сойған кезде өндіріс объектілерінде күнделікті бақылау мен қадағалау

ВБ (үйлестіруші, жинақтау),

ТҚҚБ (келісім бойынша),

Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)


Үнемі

3.11.

Ауыл шаруашылығы жануарлары ұрлығына қарсы және осы санаттағы құқық бұзушылықтардың сот-тергеу практикасының стратегиясын дайындау

Ақпаратты жұмыс тобының басшысына жіберу

ІІД (келісім бойынша),

ОП (келісім бойынша)




Үнемі


ІV кезең. Қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар


4.1.

Қазақстан Республикасының ветеринария және санитария саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін қайта қарау және тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға ұсыныс хат жіберу

Облыс әкімдігі,

ВБ,


ТҚҚД,

ОП (келісім бойынша)




2016 жылғы қыркүйек- қазан айлары

4.2.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бағатын орындарын айқындау

Әкімдіктердің тиісті шешімдерін қабылдау

ВБ (үйлестіруші, жинақтау), ЖҚБ,

Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)



2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін

4.3.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының №23-4 «Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидасын бекіту» 2015 жылдың 27 наурыздағы шешіміне жануарлар иелерімен бақташылардың Қағиданы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу

Тиісті нормативтік шешімдер жобасын әзірлеу (нәтижелері бойынша оларды бекіту туралы мәселені шешу)

АШБ (үйлестіруші, жинақтау),

Орал қаласы және аудандар әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)



2016 жылғы қыркүйек айы

4.4.

Өз салалары бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүргізу (құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен дайындалған заңнамаларды қолдану практикасын және анықтамаларды пайдалану)

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқықтық нормалары анықталған жағдайда, жоғары тұрған мемлекеттік органдарға (Үкімет, министрлік және т.б.) тиісті ұсыныстарды жіберу

ВБ (үйлестіруші, жинақтау),

ОП, ЖПҚ,


ТҚҚБ (келісім бойынша),

ҚР АШМ ВБ ж ҚК АИ



(келісім бойынша),

Орал қаласы және аудан әкімдері (ауылдық округ әкімдері, ветеринария саласындағы мамандары)



Үнемі

ОП – облыстық прокуратура;

ҚР АШМ ВБ ж ҚК АИ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің аумақтық инспекциясы;

ТҚҚД – Батыс Қазақстан облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті;

МКД – Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті;

ІІД – Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті;

ҚАЖД – Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;

ЖПҚ – Батыс Қазақстан облысы жергілікті полиция қызметі;

КжИИБ – Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық басқармасы;

ІСБ – Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы;

АШБ – Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы;

ВБ – Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы;

ЖҚБ – Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы;

ДСБ – Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы;



БББ – Батыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы;

ДІБ – Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет