Мәскеуде жол полициясы қызметкерлері автокөліктерді тексеруде. Сондай-ақ барлық қызметкерлерге қарулану тапсырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Baza-telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: мыкерчь.рф

Подмосковьенің Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық қызметкерлері екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшті. 

Қауіпсіздік қызметкерлері төрт қылмыскердің оқиға орнынан қашып үлгергені туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Жол полициясының қызметкерлері Crocus City Hall маңындағы жолдарды жауып жатыр.

Арнайы жасақ Crocus City Hall-ға басып кірді.

2 апта бұрын АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі өз сайтында Мәскеудегі адам көп жиналатын жерлерде шабуыл болатынын ескерткен

Бұл ескертуді Ұлыбритания елшілігі де өз сайтында жариялаған.

8 наурыз қарсаңында, АҚШ елшілігі алдағы екі күнде белгілі бір экстремистер шабуыл жоспарлағанын мәлімдеген.

“Аты-жөні аталмаған экстремистер алдағы 48 сағатта Мәскеуде шабуылдар жоспарлап отыр”, — делінген АҚШ елшілігінің хабарламасында.

Сауда орталығының күзетшілерінде атыс қаруы болмаған

Олар тек сойылдармен және электродубинкамен қаруланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, алғашқылардың бірі ретінде бірнеше сақшы қаза болуы мүмкін. 

Атыс кезінде Крокуста 6200 адам болған. Picnic тобының концертіне барлық билеттер сатылып кеткен. Crocus-тегі залдың максималды сыйымдылығы 9500 адамнан асады.

40 адамның қайтыс болғаны белгілі болды 

Сонымен қатар 100-ден астам адам жарақат алған.

Арнайы қызметтердің мәліметінше, ғимаратта қалған қылмыскерлерде кепілге алынған адамдар болуы мүмкін.

Мәскеу мен Подмосковь облысының Ішкі істер министрлігі "Заря" жоспарын енгізді. Бүкіл ер қызметкерлер бір сағат ішінде жұмысқа келуі керек. Әр адам сауыт-сайманмен және қарулы болуы керек. Барлық қызметкерлер демалыс күні жұмысқа шақырылды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.