Мамандығы: Өндірістік оқыту Пән аралық байланыс



жүктеу 44.03 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі44.03 Kb.


Пән: Ағашты көркем өңдеу шеберлігі

Мамандығы: Өндірістік оқыту

Пән аралық

байланыс: Композиция, халықтық өрнек .сурет,

Тақырып: Жазық бедерлі кесіп ою

Дибактикалық міндеттері:
- Білім берушілік:

Оқушыларды жазық бедерлі кесіп ою әдісінің алғашқы кезеңдерімен таныстырып, өз ойларын сызба арқылы дайындап ағашты көркем өңдеу процесі туралы теориялық мәлімет беру.


- Тәжірибелік:

Кәсіби шығармашылық жұмыстарға бағыттап сауатты

жұмыс жасауға тәрбиелеу.Дәстүрлі ою өнеріндегі әсемдікке және шеберлікке,жұмыс барысында таза жұмыстануға баулу.
- Дамытушылық:

Жасаған бұйымдарын әсемдеп безендіру және оларды шығармашылық бағытпен өздерінің ойлау қабілеттерін әрі қарай дамыту,қиялдарын кеңейту.


Сабаққа қажетті

құрал-жабдықтар:

Ұзындғы 15-20см,жалпағынан 8-10см,қалыңдығы 20мм кепкен қайың немесе клен,липа ағашының кесіндісі,үстел,қысқыш,көркем оюға арналған пышақтар.



Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі: Кезекші көмегімен жоқ оқушыларды тексеру. өткен сабақты бағалау. Оқушы назарын жаңа тақырыпқа аудару, қызықтыру.
- Сабақтың мақсаты

мен міндеті: Оқушыларға жазық бедерлі ою әдістерін

қолдана отырып, ырғақ симметрия арқылы берілген нүктелерді сызықтар арқылы қосып, жазық бедерлі оюдан өрнектер тізбегін алу.





  • Жаңа білімді қабылдауға даярлық (кіріспе).

Ою жалпы адамзат қауымының оның ішінде қазақ халқының қол өнер заттарымен үйлесіп оларға әр береді. Жазық бедерлі ою өсімдік тектес өрнек түрінен алынған.Оның тамыры тас бетіндегі таңбалардан басталып, геометриялық ою өрнегінен ауысып алған өрнек. Оюдың бұл түрін сәулет, қол өнерде кенінен қолданып заттардың немесе кешендер сыртқы пішінің формасын әшекейлеп өрнектейді. Жазық бедерлі ою өрнектің түрлерімен барлық ою өрнек байланысты. Олардың мазмұнды сырын шешуде өзекті орын алған өрнек. Ең қарапайым оюды нүктемен сызықтардан алып, күрделі формаға айналдырып, өрнек тізбегін аламыз.Бүгінгі сабақта осы жазық бедерлі оюдың алғашқы қарапайым жолдарын, ою әдістерімен жалпы жұмыс барысымен үйренеміз.



  • Жаңа білімді хабарлау-түсіндіру.

Жазық бедерлі оюдың негізі-геометриялық денелерден тұрады, атаулары да денелердің пішіндеріне сәйкес. Бұл ою тас, қыш, темір, ағаш, киіз,терілерде нүкте, сызық, үш, төрт, бес бұрыш, ромб, квадрат, шеңбер формаларында кездесіп кілем, кебеже, күбі, сандық, білезік, сырғаларда күрделі композициялық өрнектер тобын құрайды.

Нүктелер бір-бірімен түзу, қисық, доғал сызықтар арқылы қосылып, үш бұрыш, төрт бұрыш, квадрат, ромб, шеңбер, т.б. көптеген денелерге айналып, ырғақ пропорция, симметрия арқылы жазық бедерлі оюдың өрнектер тобын, буының құрап, тізбегін жасайды. Ендігі кезекте ою түрін сурет бойымен оюдың теориялық мәнін түсінгеннен кейін, төмендегі заңдылықтарды сақтай отырып, практикалық жұмысты бастаймыз.

1. Ойылатын өрнектің суретін, эскизін, кескінін дайындау.

2. Бұйымдармен ою жасайтын тақтай дайындау.

3. Тақтай бетінде суретпен эскиздегі өсімдік тектес өрнекті көшіру.

4. Жұмысқа арналған суретті тақтайды үстелге бекіту.

5. Дайын болған жұмысты өндеу.
Жалпы ою әрі таза, әсем шығуға бір себепші ойылатын ағаштың қасиеті. Келесі кезекте ағаш материалымен танысайық.

Қайың ағашы-сыртқы қабаты ақ, сымбатты-сұлу ағаш. Қайың діеі ауыр, қатты, сүрегі ақшыл-сары, жылдық сақиналары көзге онша көрінбейді.

Қабығы ашылмаса тез шіріп келеді. Жақсы кесіледі, оюға ыңғайлы, жасалған бұйымдар ысқыланып, жылтырайды.

Көк терек- қабығы ақшыл көк болып келеді.Жұмсақ, жеңіл, тез кесіліп, ойылады.Сүрегі ақшыл-көк түсті, мүсін немесе терең рельерті заттармен бұйымдар ою процесіне қолайлы.


- Бекіту.

1. Жазық бедерлі ою қандай бұйымдарда қолданылады?

2. Ағаштың қандай түрін білесіздер?

3. Қандай ағаш оюға қолайлы?

4. Жазық бедерлі оюды орындау барысын айтыңдар?


Практикалық жұмыс

Практикалық жұмыс бөлімінде беті сүргіленіп,тазаланған және ою эскизі дайын тақтайға жан-жағынан 15 мм қалдырып,бір жақ шетінен бастап,ара қашықтықтары 10 мм орталық сызық жүргіземіз.Оң қолдарыңа пышақты ұстап,бас бармақпен пышақ сабының үстінен баса жүргізулерің керек,сонда пышақтың жүзі бұрған бағыттарыңа қарай қозғалып тұрады.

Тақтай бетіндегі сурет сызықтары үстінен бірнеше рет кесіп суреттің негізгі сұлбасын қалдырып,өрнектің артқы бөлігін оюларың қажет.

Қолдарыңнан пышақ жүзі 35-40 мм шығып тұруы қажет.Пышақты дұрыс қолдана білгеннен кейін еркін жұмыс жасауға болады.Пышақты тік ұстап,өткір ұшын сызықтың шетінен қиып3-4ммтерең батыра,аяғына дейін кесіп шығамыз.Осы жұмыс бағытын қайталап батыра,суреттің екінші сызығының үстінен батыра кесіп өтеміз.Келесі кезекте негізгі суреттің сұлбасына тимей оң және сол жағынан пышақпен ойып аламыз. Екі жағынан кескеннен кейін пайда болған жоңқаны тегістеп кесіп тастаймыз. Жанынан қарағанда негізгі суреттен артқы бөлімі (фоны) 5 мм төмен болуы тиіс. Негізгі суретті толықтай өрнек ырғағы бойынша ойып шығарған соң ендігі кезекте оның қырларын жалпақ басты пышақ көмегімен біркелкі кесіп өтеміз. Осы бағытта өрнектің толықтай көлемі бойынша барлық қырларын бірдей жонып артынан жетіспеген жерлерін тұшпара көмегімен жетілдіреміз. Оны әбден болған соң суреттің негізін топалы бас біз көмегімен түртпе жасаймыз (бұл жұмыс барысы суреттің немесе жасаушының талғамына қарай, жасамауғада болады). Өсімдік тектес ырғақты өрнек жазық бедерлі ою осындай жолдармен жасалады. Жұмыс соңында жетіспеген детальдарды ойып жалпы өрнектің әрін келтіреміз. Оны бояп (морилка) кепкен соң лакпен әрлейміз.

- Қорытынды.

Бүгінгі сабақ барысында қарапайым ағаш материалына ою өрнегін ою арқылы әсемдеуді үйрендік және адамзат тіршілігіндегі үй жиһаздары т.б. айналдырған қоршаған ортаны безендіріп, әсемдеуде оюдың түрлері соның ішінде жазық бедерлі ою түрінің атқаратын рөлі зор екенін білдік.


- Үйге тапсырма:

Сабақ барысында жасалған жұмысты қайталап, өз ойларыңды қосып өрнекті күрделі түрде ойып орындап келіңіздер.
Каталог: uploads -> doc -> 023b
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
023b -> Сабаќтыњ таќырыбы: Т±здар гидролизі
023b -> Тақырыбы: Берекелі де,мерекелі Алтын күз! Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет