Маметжанова Н. Х



жүктеу 99.13 Kb.
Дата01.10.2017
өлшемі99.13 Kb.

ӘОЖ 373.5.016.02:004 (574)

Маметжанова Н.Х.

(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.,



Қазақстан Республикасы, naznur-85@mail.ru)
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ИНФОРМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ
Аңдатпа. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде жалпы білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі заманауи педагогикалық технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық коммуникациялық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы орта мектептердің оқушыларының дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, орта мектептердің педагогикалық үдерісінде ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдану және осының негізінде теориялық информатика элементтерін оқыту үдерісінде пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Оқу қызметiнiң құрылымына кіретін информатиканы оқушылардың жүйелi меңгеруі үшін іргелі пән болып табылатын «Информатиканың теориялық негіздерін» жүйелі іс-әрекеттер тәсілі негізінде оқыту деп түсінеміз. Және, сайып келгенде, осы курс оқушыларда теориялық информатика элементтерін оқып, үйрену үдерісінде, оқушының өзінде және қоршаған шындықта өзгерістерді қажет ететін кез-келген мәселенiң ахуалдарындағы өнiмдi мiнез-құлық және әсердiң бейiмделген тетiктерi қалыптасатын алаң болып табылады. Теориялық информатика элементтерін мектепте оқытуда электронды оқу-әдістемелік құралды пайдаланған тиімді және ол оқушылардың есеп шығаруға деген қызығушылығын арттырады.

Кілттік сөздер: теориялық информатика элементтері, оқыту құралдары, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, тура код, кері код, қосымша код.
Аннатоция. Нынешний этап бурного развития информационных технологий эффективности учебного процесса в общеобразовательных учебных заведениях напрямую связана с использованием современных педагогических технологий. Поэтому, использование информационных и коммуникационных технологий в образовательной деятельности сформировало высокий уровень навыков, что стало одним из требований для подготовки учащихся в средних школах. В связи с этим, использование информационных технологий и программного обеспечения в процессе преподавания в общеобразовательной школе, и на этой основе использование элементов теоретической информатики в учебном процессе является одним из главным актуальным вопросом. Системное освоение будущими учителями информатики всего комплекса организационно-рефлексивных общеучебных действий, входящих в структуру учебной деятельности предполагает преподавание фундаментальной дисциплины «Теоретические основы информатики» на основе системно-деятельностного подхода. И, таким образом, данный курс становится площадкой, на которой у учеников в процессе изучения теоретической информатики формируются адаптационные механизмы продуктивного поведения и действия в любых проблемных ситуациях, требующих изменения себя и окружающей действительности. При обучение в школе элементов теоретической информатики использование электронно учебно-методических средств эффективно и повышает интерес школьников к решению задач.

Ключевые слова: элементы теоретической информатики, средства обучения, информационные и коммуникационные технологий, прямой код, обратный код, дополнительный код.
Информатиканың орта мектепте іргелі ғылым ретінде қалыптасуына байланысты, оны

бірнеше бөлімдерге бөлуге болады: теориялық информатика, ақпараттандыру құралы, ақпараттық технологиялар және қоғамдық информатика.

Теориялық информатика дегеніміз математикаландырылған ғылым саласы. Бұл ғылым математиканың бастапқы кезде бір-бірімен байланысы жоқ болып көрінген бірқатар бөлімдерінен құралады. Олар: автоматтар теориясы мен алгоритмдер теориясы, математикалық логика, формальды тілдер мен формальды грамматикалар теориясы, реляциялық алгебра, ақпараттар теориясы және т.б. Теориялық информатика ақпаратпен жұмыс кезінде пайда болатын негізгі сұрақтарға дәлірек талдау жасау арқылы жауап беруге тырысады, мысалы: қандайда бір ақпараттық жүйеде жинақталған ақпараттың көлемі туралы, осындай жүйелерді ақпаратты сақтау мен іздеуге барынша тиімді ұйымдастыру туралы, сонымен бірге ақпаратты түрлендіру алгоритмдерінің бар болуы мен қасиеттері туралы мәселелер. Ай сайын деректерді сақтауға арналған ең үлкен көлемі бар жаңа құрылғылар пайда болуда, бұл ақпарат теориясы мен кодтау теориясының дамуымен түсіндіріледі. Қолданбалы есептерді шешу үшін жақсы программалар бар, бірақ сауатты түрде қолданбалы есепті қою үшін, оны компьютерге түсінікті түрге келтіру үшін ақпараттық және математикалық модельдеу негіздерін және т.б. білу керек. Информатиканың тек осы бөлімдерін меңгере отырып, өзіңізді осы ғылымның маманы деп есептей аласыз.

Дұрыс құрылған оқу үдерісінің негізгі құраушысы оқыту құралдары болып табылады. И.Я. Лернер, Е.С. Полат және т.б. ғалымдардың ойынша оқыту құралдары білім беруде ең шешуші роль ойнамасада, оны қолдану арқылы білімді тереңдетіп, тез дамытуға болады деп жазған. Мұғалімнің іскерлігіне байланысты таңдаған әдістері және оқыту формаларын ұйымдастыру тәсілдері, оқыту құралдары дидактиканың көптеген принциптерін жүзеге асыруды жеңілдетеді.

Оқыту құралдары – мұғалім мен оқушының бірлескен оқу жұмысы ұйымдастырылатын материалдар мен құралдар. Оқу құралдарын білу және оларды негізделген түрде қолдану мұғалімнің еңбегінің тиімділігін арттыруға әкеледі.

Сабаққа таңдалып алынған оқу құралдары сабақтың мақсаты мен оқу материалының мазмұнына сәйкес келуі керек:



  • оқу материалдарын таңдаған кезде оқу үдерісіндегі әрбір құралдың ерекшеліктерін ескеру керек және сабақтың білім беру және тәрбиелік міндеттерін шешудегі олардың функцияларын нақты анықтау керек;

  • оқу кешеніне кіретін оқу құралдары оқушының сабақтағы оқу қызметінің белсенділігіне әсер ету керек;

  • оқу құралдарының кешені сабақ құрылымына органикалық енгізілуі керек.

Оқу құралдарын оның дидактикалық функциялары бойынша топтастыра отырып алатынымыз:

  • ақпараттық құралдар – зертханалық жұмыс мәтіні;

  • дидактикалық құралдар – демонстрациялық мысалдар;

  • программалық құралдар;

  • техникалық құралдар – компьютер.

Оқыту құралдарының дидактикалық функциясы:

  • компенсаторлы (уақыттың азаюына байланысты білім алушыға оқыту үдерісін оңайландыру);

  • ақпараттық (ақпаратты оқытуға қажетті ақпаратты беру);

  • интегративті (оқытылатын объектіні немесе құбылысты толық және жартылай қарастыру);

  • мотивациялық (танымдылық қызығушылығын арттыру);

  • құрал жабдықты (білім алушылардың және оқытушының іс-әрекетін қамтамасыз ету: бақылауларды, тәжірибені, жеке жұмыстарды ұйымдастыру, білімді тексеру);

  • интерактивті (білім алушының қолданылатын оқыту құралымен байланысы және кері байланыс болуы).

Келтірілген функциялар ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын пайдаланғанда жоғары дәрежеде нақтыланады.

Компьютерді ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдануға бағытталған теориялық информатика элементтерін оқыту құралдары жүйесінің компоненті деп қарастыру керек. Теориялық информатика элементтерін оқыту құралдары жүйесіне ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануға бағытталған оқыту құралдарын енгізу керек.

Теориялық информатика элементтерін мектепте оқытуда электронды оқу-әдістемелік құралды пайдаланған тиімді. Электронды оқу-әдістемелік құрал 7 және 8 сыныптарға арналып жасалған. Соның ішінде 8 сыныптағы «Ақпаратты кодтау, кері және қосымша кодтау» тақырыбына арналған бағдарламаға тоқталып өтсем. Бұл бағдарлама Delphi 7 программасында жасалған. Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi программалау ортасында жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB –парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.

Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны үйрену, түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.

Осы Delphi ортасында құрылған бағдарламаға тоқталып кетейік. Бағдарламаны құрмас бұрын, алдымен формаға керекті компоненттерді орналастырамыз. Біздің бағдарламаны жүзеге асыру үшін келесі коспоненттер керек: OpenDialog, SaveDiaiog, MainMenu, 5 RadioButton, Label, 2 Button, Edit, Grid . Оларды керек жерге орналастырып, қасиеттері мен процедураларын жазамыз.

Сурет 1 –Тура, кері және қосымша кодтарда қосу бағдарламасы.


Оқушылар бағдарламада мәзір қатарындағы Option батырмасын басып, қандай кодта қосу керектігін таңдап алады (сурет 2). Біз кері кодты таңдап алдық. Программаның процедурасы:

procedure TFrmMain.CodeObrClick(Sender: TObject);

begin

CodeType := 3;



LblCodeA.Caption := CodeObr.Hint;

LblCodeB.Caption := CodeObr.Hint;

LblName.Caption := 'Кері кодтын екілік косылгышы';

end;


Сурет 2 – Қосындылауыштың типін таңдау терезесі


Содан кейін сол жақтағы А және В мәндерінің бірінші ұяшығына тура, кері немесе қосымша кодтың таңбасын және мән разрядын беруге болады. Осыдан кейін батырмасын басу арқылы алғашқы берілген мәнді кері немесе қосымша кодқа айналдырады. батырмасын басқанда орындалатын программаның процедурасы:

procedure TFrmMain.BtnStrClick(Sender: TObject);

var

i : integer;



StA, StB : String;

begin


If (Length(EdtA.Text) < RS) then

For i := Length(EdtA.Text) to RS-1 do

EdtA.Text := EdtA.Text + '0';

If (Length(EdtB.Text) < RS) then

For i := Length(EdtB.Text) to RS-1 do

EdtB.Text := EdtB.Text + '0';

If (CodeType = 1) AND (EdtAZn.Text <> EdtBZn.Text) then begin

ShowMessage('Сандар артурлі танбалар ие болады!'+#10#13+'Тура кодта мәндерді енгізудің қате форматы!');

Exit;

End;


StA := Preobr(EdtAZn.Text + EdtSgA.Text + ',' + EdtA.Text);

StB := Preobr(EdtBZn.Text + EdtSgB.Text + ',' + EdtB.Text);

For i := 0 to RS do begin

A[i] := StrToInt(StA[i+1]);

B[i] := StrToInt(StB[i+1]);

EA[i].Text := IntToStr(A[i]);

EB[i].Text := IntToStr(B[i]);

end;


Insert(',',StA,2);

Insert(',',StB,2);

EdtAPr.Text := StA;

EdtBPr.Text := StB;

end;

Есептің жауабын «Есептеу» батырмасын басу арқылы көруге болады (сурет 3).


Сурет 3 – Кері кодта қосу амалының нәтижесі


Осы бағдарламада «Есептеу» батырмасын басқан кезде орындалған есептің программасы келесі түрде болады:

procedure TFrmMain.Button1Click(Sender: TObject);

var i : integer;

Rez : string;

Minus : boolean;

Last : Integer;

begin

P := 0;


Z := 0;

If CodeType = 1 then Last := 1 else Last := 0;

For i := RS downto Last do begin

If P=1 Then PP[i].Visible := true else

PP[i].Visible := False;

C[i] := Operation(A[i],B[i],OperationNum);

EC[i].Text := IntToStr(C[i]);

end;


If P = 1 Then

LblPP.Visible := True

Else

LblPP.Visible := False;



If (StrToFloat(EdtAZn.Text + EdtSgA.Text + ',' + EdtA.Text)+StrToFloat(EdtBZn.Text + EdtSgB.Text + ',' + EdtB.Text)) < 0 then

Minus := True;

If CodeType = 1 then begin

C[0] := 0;

EC[0].Text := IntToStr(C[0]);

end;


If p = 1 then begin

p := 0;


For i := RS downto Last do begin

if i = RS then

C[i] := Operation(1,C[i],OperationNum) else

C[i] := Operation(0,C[i],OperationNum);

EC[i].Text := IntToStr(C[i]);

end;


end;

Rez := IntToStr(C[0])+',';

For i := 1 to RS do

Rez := Rez + inttostr(C[i]);

If Minus = true then begin

Rez := Preobr('-'+Rez);

Insert(',',Rez,2);

If CodeType <> 1 then Rez := '-' + Rez;

end;

LblRez.Caption := Rez;



end;

function TFrmMain.Operation(a, b: byte; Num : byte): byte;

begin

Case Num Of



1: begin //Қосу

If (a = 0) and (b = 0) and (P=0) then begin P := 0; Result := 0; Exit; end;

If (a = 0) and (b = 1) and (P=0) then begin P := 0; Result := 1; Exit; end;

If (a = 1) and (b = 0) and (P=0) then begin P := 0; Result := 1; Exit; end;

If (a = 1) and (b = 1) and (P=0) then begin P := 1; Result := 0; Exit; end;

If (a = 0) and (b = 0) and (P=1) then begin P := 0; Result := 1; Exit; end;

If (a = 0) and (b = 1) and (P=1) then begin P := 1; Result := 0; Exit; end;

If (a = 1) and (b = 0) and (P=1) then begin P := 1; Result := 0; Exit; end;

If (a = 1) and (b = 1) and (P=1) then begin P := 1; Result := 1; Exit; end;

end;


2: begin

If (a = 0) and (b = 0) and (Z=0) then begin Z := 0; Result := 0; Exit; end;

If (a = 1) and (b = 0) and (Z=0) then begin Z := 0; Result := 1; Exit; end;

If (a = 1) and (b = 1) and (Z=0) then begin Z := 0; Result := 0; Exit; end;

If (a = 0) and (b = 1) and (Z=0) then begin Z := -1; Result := 1; Exit; end;

If (a = 0) and (b = 0) and (Z=-1) then begin Z := -1; Result := 1; Exit; end;

If (a = 1) and (b = 0) and (Z=-1) then begin Z := 0; Result := 0; Exit; end;

If (a = 1) and (b = 1) and (Z=-1) then begin Z := -1; Result := 1; Exit; end;

If (a = 0) and (b = 1) and (Z=-1) then begin Z := -1; Result := 0; Exit; end;

end;


end;

end;


Сонымен, электронды оқыту құралын оқу үдерісінде қолдану білім беру ақпараттарына ақпарат ағынын интеграциялауды қамтамасыз етеді. Ол өз кезегінде білім, біліктілігі және қызметші қабілеттеріне түрлендіріледі. Осы түрлендірулер сапасы оқыту тиімділігіне және нәтижесінде фундаментальды білім беру деңгейіне әсер етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Кариев С.К. Совершенствование обучения информатике в общеобразовательных школах Казахстана: автореф. докт. пед. наук наук:13.00.02. – М., 1997.

  2. Балыкбаев Т.О., Бидайбеков Е.Ы., Киселёва Е.А. Роль курса «Теоретические основы информатики» в фундаментализации подготовки учителей информатики // Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки». −Алматы, 2010. − №1(29).

  3. Бидайбеков Е.Ы. Жалпы білім беретін оқу орындарында информатика курсын оқытудың мақсаттары мен міндеттері туралы. Материалы II меж.научно-метод конференций Матем.моделидов. информ. технологии в образовании и науке» (ММИТОН) II-том. -Алматы, 2003.

REFERENCES

1. Kariev S.K. Sovershenstvovanie obuchenija informatike v obshheobrazovatel'nyh shkolah Kazahstana: avtoref. dokt. ped. nauk nauk:13.00.02. – M., 1997.

2. Balykbaev T.O., Bidajbekov E.Y., Kiseljova E.A. Rol' kursa «Teoreticheskie osnovy informatiki» v fundamentalizacii podgotovki uchitelej informatiki // Vestnik KazNPU im. Abaja, serija «Fiziko-matematicheskie nauki». −Almaty, 2010. − №1(29).

3. Bidajbekov E.Y. Zhalpy bіlіm beretіn oқu oryndarynda informatika kursyn oқytudyң maқsattary men mіndetterі turaly. Materialy II mezh.nauchno-metod konferencij Matem.modelidov. inform. tehnologii v obrazovanii i nauke» (MMITON) II-tom. -Almaty, 2003.



Маметжанова Н.Х.

Жалпы білім беретін мектепте теориялық информатика элементтерін оқыту құралы
Түйіндеме. Мақалада теориялық информатика элементтерін орта мектепте оқытуда электронды оқу-әдістемелік құралдарды пайдалану ерекшеліктері қарастырылған. Электронды оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың өздігінен оқу қызметтерін жүзеге асыруға, өзін-өзі дамытуға жағдайлар жасайды. Сонымен қатар мақалада мектеп курсының информатикасында «Ақпаратты кодтау, кері және қосымша кодтау» тақырыбын екілік сумматордың эмулятор бағдарламасы арқылы қолданған тиімді екені көрсетілген.

Кілттік сөздер: теориялық информатика элементтері, оқыту құралдары, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, тура код, кері код, қосымша код.
Маметжанова Н.Х.

Средства обучения элементов теоретической информатики в общеобразовательном школьном курсе информатики.
Резюме. В статье рассматриваются особенности использования электронно учебно-методических средств в преподавании элементов теоретической информатики в средней школе. Электронные учебно-методические средства создают условия для осуществления индивидуальной самостоятельной учебной деятельности учащихся, самообучения, саморазвития, самосовершенствования, самообразования, самореализации. А так же в статье методы применения программы-эмулятор двоичного сумматора для преподавания темы «Кодирование информации, обратное и дополнительное кодирование» в школьном курсе информатики.

Ключевые слова: элементы теоретической информатики, средства обучения, информационные и коммуникационные технологий, прямой код, обратный код, дополнительный код.
Mametzhanova N.H.

Learning Tools theoretical computer science elements in general education school course of informatics.
Summary. The article features the use of electronic educational resources in the elements of teaching in theory of computer science in high school. Electronic teaching tools creates conditions for individual self-learning activities of students, self-learning, self-development, self-improvement, self-education, self-realization. As well as methods of application software emulator binary adder for teaching the theme "Information coding, reverse and additional coding" in the school course of computer science.

Key words: elements of theoretical computer science, training tools, information and communication technologies, direct code, inverse code, additional code.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет