Қазақстанда жұмыртқа бағасы 17 апта қатарынан қымбаттап келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

DataНub телергам арнасының мәліметінше, соңғы аптада жұмыртқа 0,7 пайызға қымбаттаған. Жұмыртқа мен картоп бағасының көтерілуі негізгі азық-түлік тауарларының қымбаттауының басты қозғаушы күшіне айналды. Жұмыртқа бағасының салыстырмалы түрде жоғары өсу қарқыны қатарынан 17 апта бойы (0,6%-дан астам) жалғасып келеді.

Нәтижесінде қыркүйектен желтоқсанға дейін жұмыртқа бағасының айлық өсу қарқыны биылғы жылдың ең жоғары көрсеткіші болды. Орташа алғанда – 4,5%. Салыстыру үшін 2021 жылы бұл көрсеткіш 2,4% құраған.

Фото: t.me/DataHub

Дегенмен, жұмыртқа бағасы үнемі өсіп отыратын өнім екенін ескерген жөн. Оның үстіне, бағаның ерекше қымбаттауы күн суытқан кезде байқалады.

Сонымен қатар картоп бағасы да 0,6%-ға өскен. Картоп бағасы соңғы 24 аптада үшінші рет көтеріліп отыр.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.