Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың жеке деректері тарап кетуіне қатысты басталған тергеу жайлы мәлімет берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан азаматтарының жеке деректері жария болуына шетелдік барлау қызметінің қатысы жоғы анықталды. 

  • Қазақстандықтардың жеке деректері телефон, көлік ұтыстары кезінде тарап кетеді
  • Ақтауда қазақстандықтардың жеке басына қатысты ақпараттарды сатқан хакер 3 жылға сотталды

“Бұл ретте соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде бұрын тіркелген үш қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 210-бабы 2-бөлігі бойынша ҰҚК Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандарына қатысты зиян компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату деректері тексеріліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін желіде екі миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кеткені туралы жаздық. 

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.