Мақсаты : Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау: қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейрімділікке тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрімен кеңірек таныстыру, әртүрлі ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту. Жүргізуші



жүктеу 52.33 Kb.
Дата16.12.2018
өлшемі52.33 Kb.

Бекітемін

МКҚК «Айгүл» балабақшасының

әдіскері _______А.Баянова

«Армысың,әз наурыз»

Тәрбиешілер: Жамишова.Г

Төлеген.Р


2016-2017 оқу жылы

АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!



Мақсаты :
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау: қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейрімділікке тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрімен
кеңірек таныстыру, әртүрлі ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту.

Жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар!
Естімеген естіңдер!
Тыңдамаған тыңдаңдар!
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңдар!

Қадірлі қауым! Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!



Жүргізуші:
Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді
Ризалығың болсын көл-көсір!
- Наурыз – бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн!
- Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің Наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын тыңдайық!

Әмина:

Шуақ болып төгілер Жерге дән боп егілер Наурыз айын күтуде Кіп-кішкентай сәбилер



Рахман:

Наурыз келді құт болып мына бізге сүт болып Аққа аузымыз толады бар жақсылық болады



Мейіржан:

Наурыз тойы береке Наурыз тойы- жыр аңыз Қызық думан мереке Қызық думан құрамыз



Қайсар:

Наурыз- көктем тойымыз Той дәмі мол тойыңыз Күн ұзарар жылынып Өсер біздің бойымыз



Қымтана:

Наурыз шаттық әніміз, Салтанатты сәніміз Ән салып жас кәріміз, би-билейік бәріміз



Аллаберген:

Наурыз шаттық әніміз. Салтанатты сәніміз. Ән салып жас кәріміз. Би-билейік бәріміз



Айкөркем:

Ұлы күні ұлыстың Күн мен түнді теңеген. Тәтті дәмін ырыстың Таттық наурыз көжеден. Наурызбен құттықтап. Алыс жақын қауышты. Көктемдегі жарқын сәт Көңілдерге ауысты. Өлең өрлей , жыр самғай, Үйлесті әсем сәніміз. Болады тұтас жыл сондай Қандай болсада наурыз



Жүргізуші:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді!

Хор. «Алақай Наурыз!»

Бала: Алақай, алақай! Сүндетке отырған Ақан келе жатыр.

Ұлттық сарындағы музыка ойнап тұрады, батырларша киініп, бас киіміне үкі таққан бала алшаңдап басып келе жатады, соңында қазақ киімін киген ұл балалар. Әжелер шашуларын шашып, батырларды төрге шығарады. Барлығы арнайы жабдықталған орынға барып отырады.



Әже бата береді:
Бисмилла ир – рахман – ир – рахим!
Мұсылмандық – бұл міндет
Құтты болсын бұл сүндет!
Өмір жолы – ұзақ жол,
Ұзақ жолда талмағын.
Еңбек, өнер, ғылымда,
Қатарыңнан қалмағын,
Биік болсын талғамың.
Халқың сыйлар адам бол,
Орындалсын арманың.
Мұсылмандық – ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет!
Әумин!

Әжесі ортаға шығып, бешпентінің омырауынан бір сөлкебайын үзіп алып «менің жолым мен жасымды берсін!» деп сүндет қоржынға қыстырып, баланың иығына іледі де,немересінің бетінен сүйеді.



Жүргізуші:_Той_думанға_келіңіз_Тамашалап_көріңіз,_Би_билейік_бәріміз,_Қол_соғайық_бәріміз!_Қыздарымыздың_орындауында_«Қазақ_биі».__Жүргізуші'>Жүргізуші:
Той думанға келіңіз
Тамашалап көріңіз,
Би билейік бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!

Қыздарымыздың орындауында «Қазақ биі».



Жүргізуші:
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Соның ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», «Арқан тарту» т.б. ойындар.
- Ал , қонақтар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Ортаға 6 адам шығып, бөлініп арқанды тартасыздар.кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз!(арқан тартысады). Рахмет! Отырыңыздар!

Жүргізуші:
Жылдың басы – Наурыз!
Жердің басы – Наурыз!
Мерекеге арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз!
Ән: Сағындық Аякөздің орындауында «Наурыз»

Жүргізуші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Інжу:

Өніпт екн дәніміз. Бүршік жарды бағымыз. Сәскеде жаз, түнде қыс. Секілді екен Наурыз Төлдеп жатыр малымыз, Қазан толы сары уыз. Сүті көпте көмірі аз . Болады ғой Наурыз. Жайдарымыз бәріміз. Дастарқанда дәніміз , Көжесі көп, қыры көк Қандай жақсы Наурыз



Санжар :

Күн мен айға әлемнің. Берем ыстық сәлемін. Қарттарыма сүйеніп. Сәлем берем иіліп. Орындалды ойларың. Құтты болсын тойларың



Аянұр:

Малдар төлдеп, қой қоздап. Сүттен бұлақ ағызған. Жаңа жылдық сыйпатты. Молшылыққа аңыз боп. Басталыпты наурыздан



Рабиға:

Жаңарғаны сананың Ұмытады мұны кім. Ата салты бабамның. Алып келді ұлыс күн



Айзер :

Арман тойы ананың Қуанышты ғалмның Құтты болсын қадамың . сені тойлап қарсы алып Бар әлемге жар салып. Бибітшілік тойы деп Қуанады барша жұрт



Жұлдыз:

Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен. Жолықсын қариялар жас күнімен Үлгі алсын жас ұрпақтар Ежелгі ата баба дәстүрімен



Шерхан:

Ашық болса күніміз. Ашылады нұрымыз. Бай тұлғалы өңірде. Айтылады жырымы



Ойын: Ханталапай

Жүргізуші: Қай ұлт, қай халық болмасын өзіне тән өнері, әні, биі  болады. Бұл думанды бізде «Қазақ» биінсіз елестете алмасымыз . Олай болса ұлдарымыздың «Қазақ» биін қарсы алыңыздар.



Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, — деп Абай атамыз айтқандай кезекті әсем әнге береміз. 

Ән: Жаңа жыл

Жүргізуші:

Наурыз мерекесі тағы бір рет құтты болсын. Еліміз аман, көк байрағымыз әрқашан желбіреп, халқымыздың тұғыры биік болсын.

Ал мен сіздерге:

Көктемнің бар гүлдерін, сайраған құс үндерін,

Махаббаттың түндерін, күлімдеген күн нұрын,

Көк аспанның мөлдірін, теңіздің ақ толқынын,

Әлемдегі бар қызықты пәк сезіммен арнаймын.

Назарларыңызға рахмет. Қош, сау болыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет