Мақсаты: 5 көлеміндегі сандық есептеу дағдысын дамыту,сандарды тура және кері санауға үйрету



жүктеу 53.49 Kb.
Дата02.12.2017
өлшемі53.49 Kb.

Мақсаты: 5 көлеміндегі сандық есептеу дағдысын дамыту,сандарды тура және кері санауға үйрету.Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.

Мотивациялық қозғаушы: Балалардың назарын өз бөлмесінің әсемдігіне назар аударту.

Балалар шеңбер бойы тұрады.



Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы,біздің тобымыз әдемі болып, кеткен сияқты. Тобымызда түрлі-түсті гарлар ,гүлдер,ілініп тұр. Солай болып тұр деп ойлаңдар.

Балалар: Себебі бізге қонақтар келіп отыр.

Тәрбиеші: Балалр ендеше ,барлығымыз тұрып келген қонақтармен амандасайық:

Балалар : Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы,

Алдымыздан кезіккен ,

Көп танысты көремін ,

Бәріне де ізетпен ,

Біздер сәлем береміз!



Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымызды бір –бірімізге келген қонақтарға отанға,туыстарға жақсы тілектермен,жылы лебіздермен бастайық.

Аспанымыз ашық болсын!

Ата-анамыз аман болсын!

Еліміз көркейе,берсін!

Балабақшамыз балаға толсын!

Тәрбиеші: өте жақсы тілектер екен өздерің де ,ауырмай үлкен азамат болыңдар.Бүгінгі күндерің сәтті болсын деймін.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайыншы шешіп көріңдер!

Аппақ ,аппақ қар аппақ,

Қар жамылған дала аппақ,

Қырау-қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ. (дыбыс ,боран).

Тәрбиеші: Балалр ,кәзір жылдың қай мезгілі ?

Балалар: Қыс.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде қандай өзгерістер бар ?

Балалар: Далада айнала аппақ ұлпа қар.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Үш ай бар. Желтоқсан,қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Балалар: Жылдың төрт мезгілі бар.
Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар,Балалар бүгін біздер математика еліне саяхатқа барамыз. 1 ден – 5- ке ейінгі сандарды қайталап айтып көрейікші ,пішіндермен танысамыз.

Ғажайып сәт ,есік қағылады, ішке сайқымызақ кіреді.



Тәрбиеші: Балалар бізге келген қонақ кім екен ?

Балалар: Сайқымазақ.

Тәрбиеші: Сайқымазақты соңғы рет қандай мерекеде көрдік .

Балалар: Жаңа-жылда.

Тәрбиеші: Қане,балалар келген қонақпен амандасайық.

Балалар: Саламатсыз ба Сайқымазақ

Сайқымазақ: Сәлем достар! Сендерді көргеніме қуаныштымын . Мен математика елінен келемін маған математикалық білімді тексеру үшін мынадай тапсырмалар беріп еді: Осы тапсырмаларды орындауға көмек берулеріңізді сұраймын.Бұл хат ішінде жұмбақ жсырыныпты, сіздер мені мұқият тыңдаңдар.

  1. Туысқан бес кісі

Бірінен-бірі кіші

Бәрінің аты бір

Ең кішісі шеткісі

2-ші тапсырма:

Балалар сендер тыңдаңдар!

-Жапалақта қанша көз бар?

-Бүркіттің қанаты нешеу?

-Қазда қанша аяқ бар?

-Бір қолда қанша саусақ бар?

Сайқымазақ: Балалар өте ақылды екен.

Тәрбиеші: Балалар сендер ендігі шаршап қалған боларсыңдар, ендеше, барлығымыз тұрып сергіту сәтін орындайық.

Сергіту сәті.

1 дегенде тұрайық

2,3,4 –алақанды соғайық.

Оң жаққа бұрылып

Сол жаққа бұрылып.

Бір отырып, бір тұрып

Бір жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай

Орнымызды табайық.

Тәрбиеші: Балалар біздер демалып қалған сияқтымыз енді ойымызды жинақтайық. Балалар біздер қандай пішіндерді білеміз.

Балалар: Үш бұрыш, төрт бұрыш , дөңгелек.

Тәрбиеші: Жазық далада емес,кіші емес бір үйшік тұрады.Сол жазық дала бойымен 1 саны келе жатады.Үйшікті көреді де есікті қағады.

1 Жансая: 1 саны,ешкім дыбыс бермеген соң ішке кіреді.Осында мен тұрайын деп отырады.

2 саны Айназ:

2 саны жазық далада тұрған үйшікке келіп есік қағады



  • Бұл үйшікте кім бар?

1 саны мен бір санымын өте нәзік жіңішкемін

Бір дегенім-бала

Санды дұрыс сана

Сенің қанша атаң бар

Сенің қанша апаң бар

Ал сен кімсің ?



2 мен екі санымын.

Екі деген-ешкі

Таудан келер кешкі

Лағы оның қанша

Ізде келмей қалса.

Мен сенімен бірге тұрайыншы.



3 саны : Есікті қағады.Бұл үйшікте кім бар?

Сабина: Мен 3 санымын.

Үш дегенім –үйім

Үйде жақсы күйің

Бақшадан да қалма

Тап-таза болып ойна

Мен сендермен бірге тұрайыншы.

4 саны: - келе жатып жазықта ттұрған үйшікті көреді.Үйшікке келіп есікті қағады.

4 саны: -Үйшікте кім бар?

Мен төрт санымын

Төрт дегенім-түлік

Жүргін мұны біліп,

Жылқы,сиыр,түйе, қой.

Сана мұны түйіп қой

Мен сендермен бірге тұрайыншы.



5 саны Есет: Келе жатып жазық далада тұрған үйшікт көреді есікті қағады,бұл үйшікте кім бар?

Мен-бір санымын, өте нәзік жіңішкемін

Мен-екі санымын қызыға сен қараған

Мен-үш санымын

Мен-төрт санымын

Ал сен кімсің?

Мен 5 санымын шаршап келем зорығып мен сендермен тұрайыннш?.

Мен сендерге тақпақ айтып берейін.

Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті

Санаса қолдың саусағын

Оңай табасың десті.



Тәрбиеші: балаларға сендер туралы мәлімет береді.Балалар бұл сандар жай сандар емес бұл сандар нені білдіретін екенін тыңдайық.

1 саны барлық санның бастамасы,осы санға байланыстықандай заттар бар?Өз дене мүшемізде тауып алайықшы,бір басымыз,бір мойнымыз,бір мұрының бар екен.

2 саны- 1 санынан кейін тұрады.Біздің дене мүшемізде 2 санына байланысты мүшелерімізді атап берейікші(2 көз,құлақ,бет,қабақ,қол,аяқ)

3 саны қасиетті сан ,бұл санды қай жерлерден көреміз,естиміз екен?Мысалы ертегілерде «Үш аю» , немесе «ҮШ батыр», немесе бағдаршамның үш көзі бар екен.

4 саны: Бақыт саны (бес саусақ,бес жұлдыз)

-Бұл сандардың барлығы киелі сандар екен.Балалар бұл сандармен таныстыңдарма . Ендеше сендердің түсінгендеріңді байқап көрейін.

Ойын.Алиа

Тәрбиеші: Балалар, сендер шаршап қалсаңдар ойымызды бойымызды сергітіп алайық.

Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Балалар: Суық болады.

Тәрбиеші: Балалар ендеше,санамақ санайық.

Бір дегенім-бөрік

Кисең берер-көрік

Екі дегенім-етік

Киер сәнді-етіп

Үш дегенім –ішік

Теріден тігер пішіп

Төрт дегенім-тымақ

Қыста кисең –жылыақ

Бес дегенім – байпақ

Іші жылы жайлы –ақ.

Тәрбиеші: Балалар біздер мына сайқымзақққа сандарды санап берейікші? Ал енді кері санап берейік.

Балалар тура және де кері санайды.



Сайқымазақ: Рахмет! Сендерге балалар ,жақсы ақылды балалар екенсіңдер.Сендерге көп рахмет айтамын. Балалар бүгін мен сендермен математика еліне саяхат жасағаныма қуаныштымын.Сендер 1-5 ке дейін тура кері санап,геометриялық пішіндерді ажырата алады екенсіңдер.Сендермен өте көңілді өткіздім.Сау болыңдар , балалар!

Тәрбиеші: Ал , балалар бүгінгі математика еліне саяхатымыз ұнады ма?

Біздер қандай ойындар ойнадық?



Тәрбиеші: Балаларды мадақтайды.

Ал енді балалар келген қонақтармен қоштасайық.

Ал енді кәнекей балалар

Түп-түзу боп тұрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.



Шинтемирова Анара. Детский сад «Достык» г.Эмба

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет