Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата- ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата- ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, баламен қысым түсірмей



жүктеу 83.91 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі83.91 Kb.

Мақсаты:

Бала тәрбиесінде ата- ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата- ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, баламен қысым түсірмей, зорлық- зомбылықсыз қарым- қатынас орнатуға бағыт беру; ата- аналар балаларына жарқын болашақты ұсыну, қарым- қатынастарын жақсарту, бір мақсатты көздетіп, дұрыс жолға қоя білу.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылады: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру-Балапан ұшыру емес», «Бала нені білсе жастан, ұядан- өле өлгенше соны таныр қиядан», кестелер, т.б.
І. Баяндама. «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» атты баяндама мазмұнымен таныстырып, әңгімелесу жүргізу.

Тақырыбы: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Қазақстан Республикасының Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар- қоғамымыздың ең қауқар және ең қорғалмаған бөлігі деп атап өтілді және мемлекет Қазақстан жерінде туылған әр баланы қорғауға тиіс.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылық, қатыгездік, кәмелетке толмағандарды қараусыздық пен қадағалаусыздық, өз- өзіне қол жұмсау іс- әрекеттері қоғамды толғандыруда.

Осындай жоғары деңгейде балалардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету мәселелерінің талқылануы, балалық шақ мәселесі әрқашан сөзсiз мемлекеттiк басымдылықтар болып табылатына сенiмдiлiктi арттырады.

Зорлық-зомбылықтың кейбір түрлеріне тоқтала кететін болсақ:

Физикалық зорлық- зомбылық

Бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі.Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып- соғу жағдалары жиі кездеседі, сондай- ақ ата- ана тарапынан, мұғалім тарапынан да балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы зорлық көрсету белгілері білінеді. Осы жәбірлеудің теңдесі жоқ түрі Мюнхаузен синдромы іспеттес. Физикалық күштеу кезеңінде ата- аналар көбінесе балалардың денсаулығында ақаулық бар деген күдікте болады, медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді, алайда психологиялық аурудың бұл түрі балада емес ата- анасында деген қорытындыға келеміз.

Сексуалды: күштеп жыныстық қатынасқа  итермелеу, қорқыту, бопсалау, зорлау;

  • Эмоционалды зорлық- зомбылық түрі

Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды түрі күштеудің кең таралған түріне жатады.

Балаға эмоционалдық күш көрсетудің бірнеше санаттары бар:

1. Жоққа шығару (балаға деген жайсыздықты ата- анасының, мұғалімнің жоққа шығаруы);

2. Баланы оқшаулау (басқа балалардан бөліп қарау)

3. Баланы бопсалау;

4. Елемеушілік;

5. Балағаттау;

6. Сөз жүзінде жүйкесіне тию;

Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай- ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін- өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіреді.

Насилие является одним из самых острых и распространенных социальных проблем.

Виды насилия над детьми в семье

  • Пренебрежение основными интересами и нуждами ребенка

  • Физическое насилие- избиение и т.д.

  • Психологическое (эмоциональное) насилие

  • Сексуальное насилие

  • Экономическое

Зорлық- зомбылық келесі құқықтарды бұзады:

- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын;

- қатал қарым- қатынасқа берілмеу құқығын;

- өмір сүру және жеке өміріне қол сұқпау құқығын;

- тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандартты құқығын.

Балаға зорлық- зомбылық көрсетуге адамды жетелейтін қандай факторлар бар?

Бұл мәселе бойынша негізінен отбасылық жағдай, яғни ата- аналарының бұрынғы өмірі басты себеп бола алады.

- Балалық кезге деген өкініші, 20 пайыздайы балалық кезде осындай және басқа да күштеулерге тап болған деген дерек бар;

- ішімдік ішіп, нашақорлықпен айналысатын отбасыларында балалардың 4 есе көп бөлігі ұрып- соғу зорлығын көрсе, 10 есе көбі эмоционалды күштеуге душар болуда; - отбасындағы айрылысу жағдайы да зорлық- зомбылық түріне жатады;

- теледидарда көрсетілетін оғаш күштеулер де әсерін тигізеді.

Балалар өздерін қорғау туралы ақпараттың жоқтығынан өмірінде шешімі күрделі жағдайларға жиі тап болып, өздерін өздері қорғай алмайды. Көбінесе зорлық, қатыгездік жағдайлары отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда орын алады. Көп жағдайда жасөспірімдердің өздері де бірінің бірі құқығын бұзып жатады.

Ендеше, ақпараттық, ағарту бағытындағы жұмыстарды тек балалар арасында ғана емес, ересектер арасында да жүргізген өте қажет деп санаймыз.

ІІ. «Ассоциация» жазу.

- «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» дегенді қалай түсінесіз?

-Напишите ассоциации к теме «Семья без насилия»

ІІІ. Педагогикалық ойын

1)Кесте толтыру.(Әр ата- ана өз баласына жие айтатын мақтау сөздері мен ұрсу сөздерін тізіп жазуы қажет)

Мақтау.

Ұрсу.

(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлау)

Жауаптар:

- Қай сөз көп болу керек?

- Неліктен?

- Ата-ана жауабы

- Мақтау баланың көңіл- күйін көтереді, өзіне деген сенімділік артады.

Егер ата- ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.

-«Кім мәреге бірінші жетеді?» (екі топқа бөліну)

Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.).

ІV. Психологиялық сергіту. «Мен балама көп көңіл бөлемін»

Ойын барысы: шеңберге тұрып, допты лақтыру барысында сұрақтарға жылдам жауап беру қажет.

Мысалы сұрақтар:

  1. Балаңыз балабақшаға барды ма? (неше жастан)

  2. Баланы кім тәрбиелейді?

  3. Жанұяда күн тәртібі сақталама? (тұруы, жатуы, тамақтануы, демалуы)

  4. Балаңыздың қиналатын жері бар ма? (киіну кезінде, тамақтануда, жуыну кезінде, ұйықтау кезінде).

  5. Балаңыздың сүйіп тыңдайтын ертегісі, әңгімесі, телехабары, тамағы бар ма? (атап көрсетіңіз)

  6. Балаңыз үй жұмысына көмектесе ме және күнделікті қандай міндеттемелері бар?

  7. Жанұяда кімді тыңдайды? (бәрін, әкесін, шешесін, ешкімді)

  8. Жанұяда баланы тәрбиелеуде қандай тәсілдерді қолданасыз? (мадақтау, шара қолдану, сөгу, түсіндіру, талдау).

  9. Жанұяда балаға үлкендерден бірдей талап қойыла ма? (рұқсат беру, тыйым салуға)

  10. Балаңызға айтқан уәдені үнемі орындауға тырысасыз ба?

Психологическая разминка: «Насколько Вы знаете своего ребенка?».

Родители приглашаются в середину зала, становятся в круг.

Психолог задает вопросы каждому (с мячом), где они должны быстро на него ответить.

Примерные вопросы:

1. Какое любимое блюдо Вашего ребенка?

2. Соблюдает ли Вы режим дня?(перечислите)

3. Есть ли у Вашего ребенка друзья в школе, как зовут?

4. Какое любимое занятие у Вашего ребенка?

5. Как проводите свободное время с Вашим ребенком?

6. Принимаете ли Вы участие в жизни школы?

7. Куда ходит Ваш ребенок для дополнительного занятия?

V. «Зорлық зомбылықсыз отбасы» болу үшін не жасау керек.

Ұсынылған ватман қағазға, бағыт бойынша өз нұсқаларын жазу.

Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алуы ата- анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі- мұғалім мен ата- ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі мен өзара тығыз қарым- қатынастың болуымен негізделеді.

VI. Толғаныс.

«Жанұя типтері»:

  1. Әмірлі (авторитарлық)

  2. Демократиялық (егемендік)

  3. Бетімен жіберушілік

  4. Рақымшыл жанұя

- Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?... Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің көмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.

Рефлексия парағы:

- Қай типті таңдадыңыз?

- Өзгерткіңіз келе ме?

- Кімнің көмегі қажет?

1. Иә

2. Жоқ

1) Отбасы мүшелері

2) Психологттың

3) Мұғалімнің тағы кім?

1. Иә

2. Жоқ

Размышление

«Стиль воспитания ребенка»:

- Хорошо подумайте и выберите ваш стиль воспитания

1.Автолетарный

2.Демократический

3.Либеральный

4.Индифферентный

-Какой тип воспитания Вы выбрали?

-Не хотите поменять?

-Нуждаетесь ли Вы в помощи?

1. Да

2.Нет

1)Помощь членов семьи

2)Помощь психолога

3)Помощь учителя

1. Да

2.Нет

VIІ. «Қолшатыр» ойыны.

Ата- аналар өз балаларына деген қарым- қатынастарын өзгерткілері келетіні, нені өзгертіп, қандай өмір жолын ұсынатындары туралы жазу. Жазғаннан соң оқып, қолшатырдың үстіне жапсыру. Барлығы қолшатыр астына жиналады.

VIІІ. Қорытынды: «Тек қана ата- аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский.

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек, ата- анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, балаңыздың отбасындағы алатын алғашқы тәрбие үлгісі зорлық пен зомбылықсыз ортада орындалуы тиіс.

Хорошо, если после нашего сегодняшнего разговора Вы захотите что- то изменить в ваших взаимоотношениях с детьми.

«№2 Арнайы жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(түзету мектебі 4 ш/а 54 ғ-т )



(Ағартушылық-профилактикалық бағыт бойынша «Ата- аналар лекториясында» өткізілді)

Педагог- психолог:

А.Ж.Ескалиева

Мекен жайым:

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

5-24-70

87770574627

87012013674


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет