Мақсаты: балаларға көңіл-күй сыйлап, мереке қарсаңында балалардың ақыл – ойын дамыта отырып, дос болуға бірін-бірі құрметтеуге тәрбилеу. Музыка ойнап тұрады. Залға қошеметпен балалар кіреді. Шырша жанына көңілді күймен тұра қалады



жүктеу 71.76 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі71.76 Kb.

Батыс Қазақстан облысы,

Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы,

«Балдәурен» бөбекжайы» МКҚК

жоғары санатты тәрбиешісі

Кушаева Асел Максутовна

«Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл»



Мақсаты: балаларға көңіл-күй сыйлап, мереке қарсаңында балалардың ақыл – ойын дамыта отырып, дос болуға бірін-бірі құрметтеуге тәрбилеу.
Музыка ойнап тұрады. Залға қошеметпен балалар кіреді. Шырша жанына көңілді күймен тұра қалады.

Жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып арайың,

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

Жаңа жылда келді,

Бізге қарай жылыстап.

Ойын да әзір, ән әзір.

Кел, жаңа жыл,біздерге,

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!



(Музыкамен аңдар кіреді)

Жүргізуші: -Мен жаңа жылды шақырсам бәрі келді. Сендер бәрін неге келдіңдер? (түлкі, тауық, мысық, қоян, маймыл, ит)

Мәссаған, енді қайттік? Тауық, сенің балапандарың қайда кеткен?



Тауық: - өзімде білмеймін, жоғалтып алып таба алмай жүрмін.

Цип-цип-цип



Мысық: өмірі іздеп жүреді, өмірі мені «жеп қойды» дейді. Балаларыңа ие болмайсың ба?

Жүргізуші: енді араларында қайсысын биылғы жаңа жыл?

Қоян: Мен ойлаймын мен «Қоян жылы» деп.

Түлкі: негеее?

Қоян: өйткені қояндар орамжапырақты жақсы көреді.

Түлкі: неменеееее?

Қоян: орамжапырақ, ақша, ақша, орамжапырақ көп болсын десеңдер, мен болайын жылдың басы.

Түлкі: -ааа, енді түсіндім, мен қарсы емеспін.

Мысық: ой, оны қойсаң, «Ну, погоди» мультфильмдегідей теледидар ішінде көбейіп етеді.

Бәрі: әрине, әрине. Кімнен сұрасақ екен?

Жүргізуші: кімнің әсем әні бар, кімнің әсем биі бар болса сол жеңеді. Барлықтарың флешмоп жақсы билеп берсеңдер, ең соңында кім құламайды соны қоямыз.

Би: Флешмоп (ең соңында ит қалады)

Жүргізуші: балалар, Ит жаңа жыл!

Барлығы: Жаңа жыл, жаңа жыл!

Ит: Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын.

Нұрымды да себейін

Жырымды да төгейін.



Маймыл: Жаңа жылың мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле, жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.



Жүргізуші: Мінекей, балалар, жаңа жылымыз да кеп қапты, шырша шамын жағайық! Көмектесесіздер ме?

Балалар: иәәә.

Олай болса бәріміз бірге: Алақаным тақ-тақ,

Шырша шамын жақ-жақ.

(2-3 рет қайталайды, шырша шамы жанып, қуанады)

Балалар: алақаааааай!!!

1-бала:

Көрікті шыршамыз

Шамдары самсаған

Көңілді ортамыз

Айтамыз шырқап ән.

Ән: «Шырша жыры».

Жүргізуші: Шыршамыз ән шырқаған кезде шамдары жарқырап кетті. Тек өкінішті қасымызда Аяз ата Ақшақарымыз жоооқ.

Мысық: мияяяу, пыр-пыр. Мүмкін дауыстап шақырсақ кеп қалар.

2-бала: 

Аяз ата келе ме?

Бізге сыйлық бере ме?

3- бала: 

Әрине, ата келеді

Бізге көп сыйлық береді.

Барлығы: Аяз ата, Ақшақар.Аяз ата, Ақшақар!

«Ну, погоди» мультфильмінен үзінді.

Сол кезде залға аяз атаның киімін киген қоян кіреді.



Дед мороз (қоян): -Снегурочка, Снегурочка, -деп шақырады.

Снегурочка (қасқыр): күледі ха-ха

Дед мороз (қоян): -расскажи-ка, снегурочка, где была?

Расскажи-ка, милая, как дела?



Снегурочка (қасқыр): -за тобою бегала дед мороз,

Пролела немало я горьких слез.



Дед мороз (қоян):

А ну-ка, давай –ка!

Плесать выходи!

Снегурочка (қасқыр): Нет дед мороз, нет дед мороз!

Нет дед мороз – погоди!



Дед мороз (қоян): ждет моих подарочков, ребетня!

И тебе достанется от меня!



Снегурочка(қасқыр): И наконец сбываются все мечты,

Лучший мой подарочек – это ты!



Билейді: оп-оп.

Екеуі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Жаңа жыл құтты болсын!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, біз аяз атаны шақырып жатыр едік, сіздер мультфильм елінен келдіңіздер, бізге шын атамыз бен Ақшақарымыз керек.

Кәне, балалар, күтіп шаршап қалар, бәріміз дауыстап шақырайық.



(әуенмен аяз ата-ақшақар келеді)

Аяз Ата: Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан

Аталарың сендерге шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Аппақ қардан жаралдым

Ақ сәулеге орандым

Араға бір жыл салып

Мен сендерге оралдым.

-Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар!

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!



Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, төрлетіңіздер! Қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Ал балалар тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Думандатып би билеп

Інжу-маржан шашайық.



Ән: «Жаңа жыл»

(ортаға Сайқымазақ жүгіріп келеді)

Сайқымазақ: Айта берсек таусылмас

Жаңа жыл да, жаңа жыр

Кел одан да халайық

Ойын ойнайық жаңа бір.



Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: ортаға балалар шығады. Қолдарына қолғап киіп, тәттілерді екінші ыдысқа тасиды. Кім бірінші болса, сол жеңімпаз атанады.

Аяз ата: мына балалар да мықты екен, қызым сенің ата-аналарға дайындаған ойының бар еді ғой. Кәне, ойнатып жіберші қызым.

Ақшақар: ия,ойыным дайын.

Ойын: «Тілек тілеу»

Шарты: екі ата-ананы шақырып, аузына чупа-чупс салғызып, тілектерін айтқызу.

Жүргізуші: Жарадыңдар. Рахмет баршаңызға. Енді тақпақтарымызды айтып, атадан сыйлық алайық.

Түлкі: -О-о-о! Мыналарды қара, Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. Хи-хи-хи. Аяз ата, мен сізге өлең айтып берейін бе?

Аяз ата: айта ғой, түлкішек.

Түлкі: ананы да алдадым,

Мынаны да алдадым

Мен түлкімін айлакер

Аяз ата сыйлық бер. (қолын тосады)



(әуен қосылып, қызыл телпек пен қасқыр қолында гитарасы бар келеді)

Қасқыр: ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап енді атаны да алдайын дедің бе? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін.

Мен қасқырмын, қасқырмын

Қозы ұрлаймын өрістен

Ұйқым келмейді егерде

Қозы етін жемесем.

Охо-охо-хооо!

(осы кезде ит шығады)

Ит:


Ей, қасеке, қасеке

Сен де адал емессің

Мен тұрғанда қозы, лақ

Оңайлықпен жемессің

Аф-аф-аф

Жеті қазына бірімін

Қасқыр келсе үремін

Аяз ата мен сізге

Тақпақ айтып беремін.
Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін

Жырымды да себейін.

Аф-аф-аф.

Аяз ата: адамзаттың серігі, биылғы жаңа жыл екенсің ғой (ал сыйлығыңды сүйек береді)



4-бала:

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантуға біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

5-бала:

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

Аю кіреді.

Аю: -Сәлеметсіздер ме, балалар. Жаңа жылдарыңмен! Мен қысқы ұйқыда болатынмын. Айқай-шу, тасыр-тұсырдан шошып ояндым, не болып қалды деп. Сұрап едім, бәрінің айтатыны бір-ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.

Жүргізуші: Балалар бұл кім?

Балалар: - аю.

Осы кезде Маша самакатпен келіп шыршаға таңырқап тұрады.

Аю: -Әрең таптым-ау сені, қасқыр жеп қойған шығар деп едім, кеттік –деп Машаны қолынан ұстап бара жатады.

Жүргізуші. – Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар! (екеуі қуанып, балалардың жанына келеді)

6-бала:

Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен.

7-бала:

Арайлы бақшаның

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар

Жауса, жауса ақшақар.

8-бала: Жаңа жылда жол болсын!

9- бала: Әрбір үйде той болсын!

10-бала: Берекелі жыл болсын!

11- бала: Ақ дастарқан мол болсын!

Жүргізуші:Жаңа жылды тойлайық

Ойнап асыр салайық

Атамыздың сиқырлы

Қолғабымен ойнайық.


Аяз ата: Балалар, шынында менің қолғабым сиқырлы. Қолғабымның сиқыры-

ойын шарты бойынша қолғап кімнің қолында қалып қойса,

сол бала бірден биші болып шыға келеді.

Би: буги-буги

Сыйлықтар таратылады.



Аяз ата: Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын.Бізді сендер сияқты басқа да балалар күтуде. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Ескі жылды өзіммен ала кетейін.

Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!



Тауық:

Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім ойнадым

Енді міне балалар

Кезек келді қоштасар.

Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл – мерекеңіз,

Арта берсін жақсылық, берекеңіз,

Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа нұрға,



Толы болсын әрдайым керегеңіз!
Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет