Мақсаты: Бейімдеушілік – эволюция факторының өзара әрекетінің нәтижесі екенің түсіндіру. Бейімдеушілік түрлерін талдау. Өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру, сыйластыққа тәрбиелеу. Қоршаған орта табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу Түрі



жүктеу 44.39 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі44.39 Kb.
түріСабақ

11-сынып. Биология

Тақырыбы: §15-16 Организмдердің тіршлік ортасына бейімделуі – табиғи сұрапталудың нәтижесі.



Мақсаты:

1.Бейімдеушілік – эволюция факторының өзара әрекетінің нәтижесі екенің түсіндіру. Бейімдеушілік түрлерін талдау.

2.Өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру, сыйластыққа тәрбиелеу.

3.Қоршаған орта табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу



Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс,

Көрнекілігі: интерактивті тақта, постер, маркер, бейнеролик, слайд, кесте, оқулық.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Топтастыру стратегиясы бойынша оқушыларды 4 топқа бөлу. (түстер арқылы)

1. Топ басшысын тағайындау

2. Топ ережесін түсіндіру

3.Бағалау парағын тарату

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1-топ. Табиғи сұрыпталудың формалары

2-топ. Қозғаушы сұрыпталу

3-топ. Тұрақтандырушы сұрыпталу

4-топ. Кестені толтыру және қорытынды.





Ұғым

Анықтама

1

Тұрақтандырушы сұрыпталу


Қандай сұрыпталу қоршаған ортаның салыстырмалы тұрақты жағдайда әрекет етеді.

2

Табиғи сұрыпталу


Эволюцияның негізгі бағыттаушы факторы.

3

Қозғаушысұрыпталу


Өзгермелі орта жағдайларында және жаңа мекен орталарына қоныс аудару кезінде әрекет ететін сұрыпталу

4

Теңестіруші полиморфизм

Шағылыстыру нәтижесінде әр ұрпақ сайын ажырау беріп, гомозиготалы, тіршілік қабілеті төмен даралардың жарыққа шығуы байқалатын құбылыс


Үй жұмысын қорытындылау:Табиғи сұрыпталу – бірнеше ғасырларды қамтып үздіксіз жүріп жататын әрекет.

Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді.

Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді.

Сұрыптау кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады.

Табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ.

Бейне таспаға назар аударамыз (бейнеролик)

Слайд. Ең ерте кезде өмір сүрген жануарлар. (Инелік пен динозаврларды салыстыру)



Сұрақ: Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде қандай түрлер ұрпақ қалдыруын қамтамасыз етіп тіршілігін жалғастырады?

Жауабы:Ортаға жақсы беймделгендері қалады, бейімделе алмағандары тіршілігін жояды.

Жаңа түрлер пайда болады.

Егер тіршілік еткен орта жағдайы өзгере қалса, бейімдеушілік организмді құтқара алмайды.

Бұл құбылысты Ч.Дарвин табиғи сұрыпталу немесе аса жақсы бейімделе алғандардың тірі қалуы деп атады.

Ендеше сабағымыздың тақырыбы бейімделушілік жайында.

Жаңа сабақ: §15-16 Бейімделушілік-эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі

Енді жаңа сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық.

Сергіту сәті: (1 минут)

Мұғалім сөзі: Тірі организмдердің тіршілік ету ортасына түрліше бейімделунің пайда болуына негізгі себеп – табиғи сұрыпталу. Мысала құр орман құсы екені белгілі. Мекен ету ортасына қарай әр түрлі бейімдеушілік пайда болады.

А) қорегін орман ағаштарының жапырақ төсеніштерімен қалың қардың үстінен алып жеу үшін тұмсықтары қысқарған.

Ә)Қалың қарға батып кетпейді, үстімен жеңіл жүру үшін саусақтарының жиегінде мүйізді қатпарларының болуы.

Б) жерден оңай ұшу үшін қанаттары жалпақ, ұшы доғал келеді.Мекен ету ортасына байланысты бейімделу үшін дене құрылысын өзгеріске ұшырауы ата тегінде болмаған.

Жануарлардың жүндеріне жабысып таралу үшін өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының сырты тегіс болмай кедір-бұдырлы тікенекті болады. Желмен ұшып таралу үшін өте жеңіл үлпекті, жұқа қанатшалы болып өзгеруі(бақ-бақ, үйеңкі және т.б.)



Барлық жағдайда бейімдеушілік дайын күйінде бірден пайда болмайды, ұзақ жылдар бойы қалыптасады.

Дельфин: денесі сүйір, суда тез әрі еркін жүзеді. 40км/сағ.

Құстар: қауырсын жамылғысының болуы, құлақ қалқұаны тістерінің болмауы, сүйектерінің жеңіл болуы, асқазаныңда астың ұзақ қортылмауы.

Слайд.





Оқушыларға тапсырма:№1

Постерге кластер құру.

1-топ. Бүркеніш (жасырушы) рең және оның түрлері.

2-топ. Түйсік-сезімдік бейіделу.

3-топ. Ұрпағына қамқорлық

4-топ. Физиологиялық бейімделу

Слайд. №2 Келтірілген мысалдар бүркеніш реңнің қай түріне жататынын әрқайсысының тұсындағы торкөзге бас әріппен белгілеңдер.

«СҚ»- сақтандырғыш; «ҚЗ»-қызықтырғыш; «ҚТ»-қауіп төндіруші; «ЕК»-еліктеуші.


  1. Х

    анқыз қоңызы



  2. Орденді көбелек

  3. Қарақоңыз (жағымсыз иісті)

  4. Атбас балық

  5. Непентес (жәндікқоректі өсімдік)

  6. Оқпан

  7. Қырғауылдың қоразы

  8. Дәуіт

Слайд. №3 «Биологиялық диктант»

  1. Организмдердің тіршілік ортасына түрліше бейімделуіне негізгі себепші- ________________.

  2. ______________ рең –ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану үшін қажетті бейімделушілік.

  3. _________________ рең-улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән бүркеніш реңнің түрі.

  4. _________________ рең-организмдердің көбею кезіндегі бүркеніш реңнің түрі.

  5. _____ __________ рең-жауынан қоғану үшін айбар шегіп құтылу тәсілі.

Қорытынды.

2жұлдыз (сабақта не түсінді, соны жазу), 1 тілек (сабақтың ұнаған жерін жазу)



Бағалау:Топ басшылары бағалайды.

Үйге тапсырма: §15-16 Бейімделушілік-эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі. мазмұны

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет