Мақсаты: Білімділік



жүктеу 128.39 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі128.39 Kb.

«Зерде» интелектуалдық сайысы. сыныптар аралығында

Математика пәні мұғалімі: Жайлғанова Ұлмаш Шатайқызы



Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.



  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов

2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская

3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың

патшасы» К.Гаусс



  1. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер

және еңбек». М.Искаков

І жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.



2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.



1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау

Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

Сайыскерлеріміздің білім мен өнерін саралап, баға беретін сарапшы-ұстаздарымыз- әділқазылар алқасымен таныс болайық!

1.

2.

3.



2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

1-жүргізуші Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойында.
Білімдінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында

1. Танысу сәті. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).

2-жүргізуші Мұхтар Шахановтың «Арманда» өлеңінен көрініс.

Қатысушылар: автор, қария, бала Дойыл, бала Әбу, Әбу – Насыр – әл – Фараби.

1 -жүргізуші: Әділқазылар алқасына сөз берейік. Топтарымыздың танысу рәсіміне қандай баға берер екен?
1-жүргізуші . Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.



Сайысымыздың ІІ бөлімінде ойыншыларымыз асық лақтыру арқылы табылған тақырып бойынша логикалық сұрақтарға жауап береді. 1 минут уақыт ішінде.

Жан- жануарлар

  1. Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды. Нешеуі қалды? 2

  2. Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат неше километрге шапқан? 30 км

  3. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша болады? 3кг

  4. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)


  5. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген? 28

  6. Ұлу биіктігі 10м ағаштың басына шығуы керек. Ол күндіз 4 м. Жоғары көтеріледі, түнде 3 м. Төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады? (7 күнде)

  7. Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)

  8. 121 сиырға 121 сиырды қосқанда не болады? табын

  9. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)

  10. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды? (5мин)

Отбасы

  1. Менің атым Толя. Қарындасының бір ғана ағасы бар. Қарындасымның ағасының аты кім? Толя

  2. Екі әке және екі бала 3 апельсинді бөлісе келгенде әрқайсысы бір апельсинен алды. Бұл қалай болғаны? (ата,әке,бала)

  3. Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)

  4. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

  1. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

  2. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

  3. 100-ді тең үшке бөліп көр (Ұлы,кіші,орта жүз)

  4. Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады? (18 жас)

  5. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)

  6. Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)



Геометрия

  1. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

  2. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу

  3. Тік бұрыш неше градусқа тең? (90 градус)

  4. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (1)

  5. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ. (параллель)

  6. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

  7. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)

  8. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)

  9. Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)

  10. Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? 6



Логика

1. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

2. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен

кем сан шығады? ( үтір )

3.Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

4.Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

5. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

6. 1 т мақтаауырма, 10ц темірауырма? (тең)

7. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

8 .Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

9 . 2,5 таяқтың неше ұшы бар? 6

Кірпіш 2 кг және жарты кірпіштің салмағындай,кірпіш неше кг. (4)



10. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)

Ас адамның арқауы
1. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
2. Асханаға 100 кг пиязжәне одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

3.Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (бір бала тәрелкесімен алады)

4.Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеген?

5.Алманың жартсы неге ұқсас (екінші жартсына)

6. Қандай ыдыстан тамақ ішпейді? (бос)

7. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)

8.. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттық – дейді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - деді.Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып,

Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық? (1 бала-4, 2 бала – 18, 3 бала - 8)

9. Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді? Жауабы: 2 мин

10. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)


Алгебра

  1. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)

  2. Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз? ( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)

  3. Нәрселерді санағанда қолданылатын натурал сан. (натурал сан)

  4. 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)

  5. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)

  6. Квадрат метрде қанша квадрат сантиметр бар? 10000 см2

  7. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)

  8. 75 процент санның қандай бөлігі ¾

  9. 300 ден артық,310 нан кем 7-мен аяқталатын сан . 307

  10. Үндістанның адамы оны (сунья),ал араб математикатері(сифр) дейді.біз олсанды қалай атаймыз (нөл)



2-жүргізуші Айыра біл жақсы менен жаманды,
Айыра біл қарындаш пен қаламды.
Айыра біл соқпақтарын өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы

Сайысымыздың ІІІ бөлімінде топтарға шырпымен есептер беріледі. Бұл бөлім «Ойлан тап» деп аталады.



Сиырдың басын екі шырпыны қозғап теріс қаратыңдар

3 шырпыны ғана қозғап шаянның бағытын өзгерт               

1-жүргізуші Айтыс : Алгебра мен Геометрия

2-жүргізуші Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама, құлама!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.

Сайысымыздың ІV бөлімінде арифметикалық амалдар

№1

1.Балықшының айтуы бойынша, ол ұзындығ келесідей болатын балық ұстады: басы 60 фут, құйрығы - басының ұзындығы мен денесінің жартысы, ал денесі - балықтың басынан бастап құйрығына дейінгі ұзындықтың жартысы. Сонда балықтың ұзындығы қанша?



Көмек: балықтың құйрығы - басының ұзындығын 3 еселегенге тең. 

Жауабы: 480 фут
2. теңдік тура болатындай етіп арифметикалық амалдар мен жақшаларды қойып шық.

7777777=7 ;

№2

(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Қасқыр-100

Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.



  1. Алты 7-ден 100 санын жаз. (777-77):7=100

3

(әзіл есеп) «Қу түлкі»

    1. Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.

Ж: 127

2. Теңдік орындалатындай жақша және амал белгілерін қойыңдар: 


123456789=1 
(1•2+3+4-5+6+7-8):9=1 

№4


    1. Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады?

Жауабы: (1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12)*2+24*2=204

2. 1-ден 6-ға дейінгі сандарды тек бес 2 цифрымен келтіріп көр. Мұнда арифметикалық амалдар мен жақшаларды қолдануға болады.

1= 2= 3=


4= 5= 6=

5.

1.Бір меймандос адамның үйіне қонақтар келіпті. Оларға алдымен шай, содан соң қазанға ет салынады. Табақ тартылар кезде үй иесі әйеліне келіп: екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артық қалады, енді не істеу керек дейді. Сонда қонақтар саны қанша , табақ саны қанша? 12 табақ,5 қонақ

7 -ден 12-ге дейінгі сандарды тек бес 2 цифрымен келтіріп көр. Мұнда арифметикалық амалдар мен жақшаларды қолдануға болады.

7= 8= 9=

10= 11= 12=



1-жүргізуші Сайысымыздың 5 бөлімінде топ басшылары арасында «Тез ойланып жауап бер» деп аталады .Бұл бөлімде сұраққа тез жауап беру арқылы,жауабын перне тақтадан басып көрсету.


    1. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)

    2. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)

    3. Түбір белгісін тағы қалай атайды?  Радикал

    4. Тік бұрыштан үлкен бұрыш Доғал

    5. Тік бұрыштан кіші бұрыш Сүйір

    6. Ең үлкен хорда. (Диаметр)

    7. Түзудің бір нүктемен шектелген бөлігі Сәуле

    8. Шеңбердің кез –келген екі нүктесін қосатын кесінді Хорда

    9. Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі Кесінді

    10. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігін айтыңыз  ғасыр


2-жүргізуші Математика- ғылым патшасы. әні

1-жүргізуші Ойланайық азырақ,

Уақытыңды үнемдеп,


Кім шығады кәнеки,

Жалғасын мен білем деп Жеті жұмбақ бөлімі

(Слайд арқылы жұмбақтар көрсетіледі.)

№1.Үлкені бөліп нәрсені,

Кішісі алады үлесін.

Айырылмай бірге жүрген соң,

Екеуіне қойылған бір есім.

Бөлетін, алатын екеудің

Есімін сен де білесің.

Алдыңнан шығып күн сайын

Жиі кездесіп жүресің. (Бөлшек. Дұрыс бөлшек.)
№2.Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.

Шіңкілдек жүр шіңкілдеп.

Сенімен бірге жүрем деп.

Әр тоңқылдаққа діңкілдеп,

Тоңқылдақ жүр күңкілдеп. (Цифрлар.)
№3.Ол оқушы құралы,

Қатеңді түзеп тұрады. (Өшіргіш.)


№4.Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі. (Қарындаш. )

№5.Он екі ақ парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап. (Дәптер.)


№6.Апалы-сіңлілі келеді,

Біріне-бірі ереді. (Екі аяқ.)


№7.Төрт аяғы болғанымен

Жүре алмайды өзінше. (Үстел.)


№8.Бір атқанда он алдым,

Он атқанда мың алдым. (Тұқым.)

№9 Он бір түйе,бес жылқы

Екі сиыр бес ешкі

Екі қоян үш түлкі

Таба алмасаң бос күлкі ( 28)

№10

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,



Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш
2-жүргізуші:Шығармашылық жұмыс «Біздің болашақ мектебіміз» макетін таныстыру. Берілген тапсырманы орындау.

Енді балалар сіздер болашақтағы салынған құрылыс орындарыңа белгілі бір өлщемдегі кафельдер салмақшысыздар.Соны сатып алу үшін қанша ақша жұмсайтындарыңды есептеп көріңдер.

І топ: Мектептің алдына жаяу жүргіншілер үшін ұзындығы 8м, ені 80 см болатын кафель төсемекшісіздер, егер бір кафельдің құны 300 теңге және өлшемі 20*20 см.

ІІ топ: :Мектеп асханасының еденінің ұзындығы 4м және ені 3,5 м, егер бір кафельдің құны 400 теңге және өлшемі 30*30 см.

ІІІ топ: Мектептің спорт залының жуынатын бөлмесінің қабырғасына кафель жапсыру керек. Ені2,5 м Биіктігі 2 м, Егер бір кафельдің құны 450 теңге , өлшемі 25*25 см болса.

Кафель төсеу үшін қанша кафель керек және қанша ақша жұмсауға тура келеді.



1-жүргізуші: «Бізді қоршаған әлемдегі математиканың сыры» эссе жазу.(5 минут)

Үйірме мүшелерінің орындауында: «Математика әлемі» өлеңі

(Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің әуенімен орындалады.)

Көрерменмен ойын. Дене тәрбиесі деген жазу оқушыға көрсетіледі, алгебра деген жазу корермендерге корсетіледі.


  1. Осы пәнді ұнатасың ба?

  2. Сабақта немен айналысасыңдар?

  3. Олимпиада, жарыстарға қатысасыңдар ма?

  4. Уйге қандай тапсырма береді?

  5. Пән мұғалімі сабақты жақсы түсіндіреді ма?

  6. Барлық балалар жаксы кореді ма пәнді?

  7. Кандай ұсыныс айтар едің?

  8. бұл пәнге арнайы киім киесіңдер ма?

  9. Құралдар пайдаланасыңдар ма? Ол кандай құралдар?

1-жүргізуші: Сонымен, бүгінгі «Математикалық зерде» атты интелектуалдық сайысымызда қай топ жеңіске жетті екен, соны білейік. Сөз кезегі –әділқазылар алқасында! (Әділқазылар алқасы жеңімпаз топтарды жариялайды).

1-жүргізуші:

Сайыстың соңғы сәті таяп қалды

Демейміз «Өнерлерін аяп қалды».

Жеңімпаз тобымызды анықтадық .

Осылай сөзіміз де аяқталды.

2-жүргізуші:

Біз сіздермен қоштаспаймыз,

Алда әлі асулар бар,

Биіктерді бағындырып



Асулардан асыңыздар!
Каталог: uploads -> konspekt -> matematika
matematika -> «Шоќ ж±лдыздар» атты
matematika -> Сабақ тақырыбы: §1,§2, Табиғат және адам. Физика -табиғат туралы ғылым. Физика және техника. Сабақ мақсаты
matematika -> Қысқа мерзімді жоспар Мұғалімі: Ж. М. Байгубенова
matematika -> Математикадан жаңа тақырыпты түсіндіру
matematika -> Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар
matematika -> Сабақтың тақырыбы : " Ондық бөлшектерді қосу, азайту"
matematika -> Математика сабағының күнделік жоспары №
matematika -> Сабақтың тақырыбы: «Кім тапқыр»,
matematika -> Арифметикалық және геометриялық прогрессия
matematika -> Сабаќтыѕ таќырыбы: Шеѕбердіѕ ўзындыєы Дґѕгелектіѕ ауданы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет