Мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің тарихы, рәміздері, салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру; Студенттерге зияткерлік сұрақтар қою арқылы ой-санасын дамыту, білімдерін нығайтып, танымдық қабілеттерін арттыру



Дата04.03.2018
өлшемі90 Kb.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне

25 жыл толуына орай өткізілетін

«Ұлы Дала Елі»

тақырыбында білім сайысы



Мақсаты:

  • Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің тарихы, рәміздері, салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру;

  • Студенттерге зияткерлік сұрақтар қою арқылы ой-санасын дамыту, білімдерін нығайтып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;

  • Студенттердің бойында ұлтжандылық, адамгершілік, тәртіптілік, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: карта, слайд, видео.

Жүру барысы:
Мұғалім сөзі: Құрметті сайысқа қатысушылар, оқытушылар мен көрермендер! Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Мәңгілілік елдің білімді ұрпағымыз!» тақырыбындағы білім сайысына қош келдіңіздер.

Шақырамыз, келіңдер жарысуға 
Күш, өнер, білімменен алысуға 
Бар өнерді салайық, ортамызға 
Қәнеки, кім шығады сайысуға! - деп ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

Сайыс басталмай тұрып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жыл толуымен құттықтау видео жіберіледі.



Жүргізуші:

 «Әссалаумағәлейкум» - деп дидар несіп еткенде
Қол алысып, көңілденбес жоқ пенде.
Күн нұрындай сәлеміне адамның
Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе! 

І кезең. Көкпар

Қарап тұрмай, бәйгеге еріңіз, 
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз, 
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар, 
Бәйге,бәйге, бәйгені бір көріңіз. 

І топ Зерде

  1. Тәуке ханның зандар жинағы (Жеті жарғы)

  2. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнар көзі (халық)

  3. Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.)

  4. Қазақ автономиясының алғашкы астанасы (Орынбор)

  5. Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан)

  6. Ұлы Отан соғысында қазақ арасында ең жас болған Кеңес одағының батыры кім? (Ж. Елеусізов)

  7. Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім?(Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

ІІ топ Алау

  1. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған хан? (Жәңгір Бөкейұлы)

  2. Қазақтың тұңғыш академигі (Қ. Сәтбаев)

  3. Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб)

  4. Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл)

  5. Тың игеру жылдары 1954-1956 ж.

  6. «Алаш» партиясы құрылған жыл 1917 ж.

  7. ҚР - да «халық қаһарманы» және «ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер?  Тоқтар Әубәкіров

ІІІ топ Болашақ

  1. 1929-1997 жж. Қазақстанның астанасы (Алматы)

  2. Алашахан күмбезі орналасқан жер (Орталық Қазақстан)

  3. Еліміздегі ең биік тау шыңы (Хан тәңірі)

  4. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет – Түркия

  5. Қазақстанда Наурыз қай жылдан бастап тойлана бастады? - 1989 жылдан бастап тойланады.

  6. Тәуелсіздік монументінің биіктігі - 28 метр

  7. Қазақтың ұлтық ойыны тоғызқұмалақта барлығы неше тас бар? 162


ІІ кезең. «Тіл шебері». (5-10 ұпай аралығында)

І топ Зерде

  1. Туған жердей жер болмас.

(Туған елдей ел болмас). Ел-страна-country

  1. Тіл тас жарады,

(Тас жармаса, бас жарады). Тас-камень-stone

  1. Ел елдің бәрі – жақсы,

(Өз елің бәрінен – жақсы). Жақсы-хороший-good

  1. Жері байдың –

(Елі бай) бай-богатый-rich

  1. «Біреуге ор қазба, (өзің түсесің» ) ор –яма – pit

  2. Ер – елінде, гүл-жерінде гүл-цветок-flower

ІІ топ Алау

  1. Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы ұстаз-учитель-teacher

  2. Өнер алды - қызыл тіл қызыл-красный-red

  3. Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар. сөз-слова-word

  1. «Көз – қорқақ, (қол – батыр») батыр – герой –hero

  2. «Уақыт (алтыннан) қымбат» уақыт – время - gold

  3. «Білекті бірді, (білімді мыңды жығар» ) мың – тысяча –Thousand

ІІІ топ Болашақ

  1. «Талабы жоқ жас –( Қанаты жоқ құс» ) құс – птица – bird

  2. Отанды сүю –( отбасынан басталады) отбасы – семья – family

  3. Өнер алды –( кызыл тіл) тіл –язык – language

  4. Кына тастан шығады,

(Өнер – білім жастан шығады) өнер –искусство – art

  1. Батыр туса ел ырысы (Жаңбыр жауса жер ырысы) жаңбыр – дождь – rain

  2. Отан-оттан да ыстық (отан-родина-motherland)


ІІІ кезең «Мен білемін»

1-сұрақ

Сарыарқаның бұл өлкесін табиғаттың ерекше әсемдігіне байланысты.Еуропаның тамаша аймақтарының біріне теңейді. Бұл өлкенің әсем табиғатына арнап С.Сейфуллин поэма, С.Мұқанов өз кітабын арқау етті. Жер шоқтығы саналатын өлкедегі өзі аттас қала ерекше облыстың орталығы. Сұрақ: Бұл әңгіме еліміздің қандай табиғаты әсем өлкесіне сай келеді?



Жауабы: Көкшетау, Оқжетпес


2 – сұрақ

«Алтын киімді адамның» суреті көрсетіледі. Осы мүрде қай жылы, қайда және кім ашты? Және де қандай мәліметтер бере аласың? Және осы бейненің тәуелсіз Қазақстанымызға қандай қатысы бар?



Жауабы: «Алтын киімді адамның» мүрдесін 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог Қ.Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша ол б.з.б. 5-6 ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оны жасы 17-18-де, бойы 165 см шамасында болса керек. Сақ ханзадасының қолында екі алтын жүзік, құрастырмалы белбеуі болған. Алтын пластинкалар жапсырылған қынапқа салынған темір қанжар, қызыл қынапты ұзын семсер табылды. «Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Оның киімінде 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген. Оның ішінде барыс, тауешкі, арқар, ат, әр түрлі құстардың бейнесі кездеседі. Қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің рәсіміне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың елтаңбасынан орын тапқан.

3-сұрақ

Әлемдік экономикада осы заттың ролі күннен-күнге артып келеді. Соңғы жылдары импералистік саясаттағы барлық дағдарыстар әлемдік осы заттан бастау алған. Бұл зат отын ретінде қолданылуымен қатар, оның жасырын күші космос кемелерін жұлдыздар биігіне көтеріп, ұшақтарға ұшқырлық, автокөліктерге сенімді жүріс береді. Қандай зат туралы айтып отырмын? Құрамы? Қасиеті. Маңызы туралы не білесің?



Жауабы: Мұнай – қара қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, май тәрізді сұйықтық. Суда ерімейді. Мұнайдың құрамында: қаныққан көмірсутектер, циклопарафиндер, ароматты көмірсутектер, минералды тұздар, металдар, су т.б. қоспалар бар. Мұнайдан алынатын өнімдер: бензин, лигроин, керосин, газоиль, мазут. Қазақстанда алғаш мұнай өндіру ісі 1899-1900 жылдары басталды. Теңіз, Қарашығанақ, Құмкөл, Жаңажол т.б. мұнай кеніштері бар. 250-ге жуық мұнай кеніштері бар екен. Олардың 100-ден астамы игерілді. Жылына 18,6 млн.тонна мұнайды айыру зауыты жүмыс істейді. Қазақстан Республикасының аумағында 6 мың шақырымнан астам мұнай құбыры және 11 мың шақырым газ құбыры желісі тартылған.

4-сұрақ

Интерактивті тақтадан «Тайқазанның» суреті көрсетіледі.

Осы тайқазан туралы не білесің? Қай жылы, қайда құйылған? Құрамында неше элемент бар? Және оған сипаттама бер.

Жауабы: 1399 жылы Түркістанда құйылған. Оның құрамында жеті металл бар. Олар: темір, мырыш, мыс, қалайы, қорғасын, алтын, күміс. Оның диаметрі – 2,45м, салмағы –2т, биіктігі тұғырымен бірге – 2,62м, ішіне мың литр сұйықтық сияды. Қола қазан деп те аталады.

5-сұрақ

Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім,

Мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім; авторы кім?

Жауабы: Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» өлеңі

6-сұрақ

Қазақстандағы аты да, мінезі де бұзық өзен қайда



Жауабы: Тентек өзені - Алакөл алабындағы өзен. Ұзындығы 200 км.

Алматы облысы Алакөл ауданы жерімен ағады.



IV кезең. « Қанат қақты»

І топ Зерде

1. Қазақстандағы ең ыстық жер (Қызылқұм шөлі)

2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)

3. Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист-ғалым (Әбу Насыр Әл -Фараби) 

4. Ежелгі Баласағұн қаласында туған, ортағасырлық ғалым, «Құтты білік» атты дидактикалық поэманың авторы? (Жүсіп Баласағұн)

5. Тұңғыш қазақ мультфильмінің аты қалай және авторы кім?(«Қарлығаштың құйрығы неге айыр», авторы - суретші әрі режиссер Әмен Қайдаров)

ІІтоп Алау

1. Қазақ спортшылары арасынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанған кім? (Балуан Жақсылық Үшкемпіров)

2. Біздің елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған ағашты қай жерден кездестіруге болады? (Бұл тораңғы ағашы. Алтынемел ұлттық паркінен кездестіреміз.)

3. Қызыл кітапқа енгізілген грейг жауқазыны қай қорықтың эмблемасы болып табылады ?   ( Ақсу-Жабағылы қорығы)

4. Қазақстанда сирек кездесетін дала қойы «муфлон»  қандай қорықта кездеседі?   (Үстірт қорығы)

5. «Қазақ вальсінің королі» (Ш.Қалдаяқов)

ІІІ топ Болашақ

  1. Садақтан немесе мылтықтан атпен бар пәрменімен шауып келе жатқан күйде тігілген тиынды атып түсіру ойыны? (Жамбы ату немесе Алтын қабақ деп атайды.)

  2. Ауыл адамдарының бір-біріне сатусыз көмегі (Асар)

  3. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4)

  4. Отбасылық қымбат заттардың біреуге белгілі бір уақытқа сақтауға берілуі. Оны сақтау үлкен адамгершілік белгісі ретінде саналған (Аманат)

  5. 5.2011 жылғы режиссер Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі. Жауабы: «Балалық шағымның аспаны».

Қорытынды:

Бүгінгі «Ұлы Дала Елі» атты білім сайысы аяқталды. Кезекті сөзі Бәкір Тәжібаев, әні Ескендір Хасанғалиев және Ескендір Хасанғалиевтың орындауындағы «Атамекен» әнін бірге хормен орындайық.

Құрметті көрермендер, сайысымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет!

Сөз сөйлеп, өз ойын айтамын деген адамдар болса, рұқсат етіледі.

Алдағы күндерде баршаңызға сәттілік тілеймін! - деген сөздермен біз сіздермен қоштасамыз.



І топ Зерде
1. Қазақстандағы ең ыстық жер  Қызылқұм шөлі

2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? І. Есенберли

3. Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист-ғалым 

Әбу Насыр Әл -Фараби

4. Ежелгі Баласағұн қаласында туған, ортағасырлық ғалым, «Құтты білік» атты дидактикалық поэманың авторы? (Жүсіп Баласағұн)

5. Тұңғыш қазақ мультфильмінің аты қалай және авторы кім? «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», авторы - суретші әрі режиссер Әмен Қайдаров


ІІтоп Алау
1. Қазақ спортшылары арасынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанған кім? 

Балуан Жақсылық Үшкемпіров

2. Біздің елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған ағашты қай жерден кездестіруге болады? Бұл тораңғы ағашы. Алтынемел ұлттық паркінен кездестіреміз.

3. Қызыл кітапқа енгізілген грейг жауқазыны қай қорықтың эмблемасы болып табылады ?   Ақсу-Жабағылы қорығы

4. Қазақстанда сирек кездесетін дала қойы «муфлон»  қандай қорықта кездеседі?   Үстірт қорығы

5. «Қазақ вальсінің королі» Ш.Қалдаяқов


ІІІ топ Болашақ
1.Садақтан немесе мылтықтан атпен бар пәрменімен шауып келе жатқан күйде тігілген тиынды атып түсіру ойыны? Жамбы ату немесе Алтын қабақ деп атайды.

2.Ауыл адамдарының бір-біріне сатусыз көмегі. Асар 3.Астана Қазақстанның нешінші астанасы? 4

4. Отбасылық қымбат заттардың біреуге белгілі бір уақытқа сақтауға берілуі. Оны сақтау үлкен адамгершілік белгісі ретінде саналған Аманат



5.2011 жылғы режиссер Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі.

«Балалық шағымның аспаны».


Каталог: uploads -> doc -> 0319
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0319 -> Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. Манометрлер. Сабақтың мақсаты
0319 -> Шоқанның өмірі мен қызметі Шоқанның кемелденуі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет