Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту



жүктеу 24.61 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі24.61 Kb.

Тақырыбы: 1-мамыр Бірлік күні

Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакаттар, гүлдер,слайд

Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!

1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «1-мамыр Ынтымақ күні» атты ашық тәрбие сағаты өткізгелі отырмыз. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздерді бүгінгі Халықаралық ынтымақ күні 1 - Мамыр мерекесімен құттықтаймыз.Қазақстанда 130 дан ұлт өкілі жасап жатыр. Олар бір ананың баласындай, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған –дей келе ортамызға өз өнерлерін алып келіп отырған әр түрлі ұлт өкілдерін шақырайық.

Ән : Достық

Тақпақтарға кезек берейік



1-оқушы: Жан біткендей жас талға

Шуақ ойнап арайлы

Күн күлімдеп аспанда

Мамыр әні тарайды



2-оқушы: Жайдары жаз төрге еніп

Жадыратты жұртымды

Жер дүние тербеліп

Қала,дала құлпырды



3-оқушы: Ортақ болып ісіміз

Еңбек десе тынбаймыз

Үлкен сыйлап кішіміз

Аға ақылын тыңдаймыз



4-оқушы: Бір шаңырақ астында

Тату тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз асты да

Бірге сайран құрамыз



5-оқушы : Достар тату тәттіміз

Болса қолда тәтіміз

Біз бөлісіп жатамыз

Бәріміз дәм татамыз



6-оқушы: Ынтымағы жарасқан береке күн

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Татулық ,достығың арта берсін

Құтты болсын бүгінгі мереке күн

Сахнаға ұлттық киімімен келген қазақтарды шақырамыз.

Би: Қамажай

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

Сахнаға үнді ұлтының өкілін шақырайық.

Үнді биі

Ендігі кезекті бірлік туралы мақал-мәтелдерге берейік

Бектас: Аққуды атпа, досыңды сатпа

Жибек: Ынтымақ түбі –игілік

Бегзат: Ырыс алды ынтымақ

Ақмарал: Бірлік болмай, тірлік болмас

Көрініс: Бірлік

Сахнаға испан ұлт өкілі шығады



Испан биі

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз

Ән: Әрқашан күн сөнбесін !

Сахнаға ағылшын ұлт өкілі шығады



Ағылшын биі

Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын,бар халқымның ынтымағы!

Бармысын,қазағымның ынтымағы!

Сахнаға орыс ұлт өкілдері шығады

Орыс биі

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!

Сахнаға өзбек ұлтының өкілі шығады



Өзбек биі

Хор: Елге тілек

Осымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Мереке құтты болсын ағайын!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет