Мақсаты: Мақал мәтелдердің мағынасын ұғынуға, олардың айырмашылығын айыра білуге үйрету



жүктеу 25.85 Kb.
Дата19.12.2017
өлшемі25.85 Kb.

Мақал - сөздің мәйегі


Мақсаты: Мақал - мәтелдердің мағынасын ұғынуға, олардың айырмашылығын айыра білуге үйрету.
Сөз қорын молайтып, ақыл - ойын дамыту
Адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
I. Ұйымдастыру
Сыныпты түгендеу, мақсатпен таныстыру

II. Негізгі бөлім.


- Мақал – мәтел ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Мақал - мәтелдің тәрбиелік мәні өте зор. Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады, айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз ер жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Мақалда қорытынды айтылады, ал мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген - ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

1 - бөлім. Бұл бөлімде оқушылар батырлық, отан, туған жер, достық туралы


Мақалдар айтып жарысады. Ұпай орнына асық беріледі.

2 - бөлім. Бұл бөлімде мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал оқушылар сол мақалдың


жалғасын табулары керек.

1. Қына тасқа бітеді,....../Ақыл жасқа бітеді/


2. Білекті бірді жығар,.../Білімді мыңды жығар/
3. Бір тал кессең,.../он тал ек/
4. Тау мен тасты жел бұзар,.../Адамзатты сөз бұзар/
5. Шебердің қолы ортақ,.../Шешеннің сөзі ортақ/
6. Еңбексіз өмір -..../сөнген көмір/
7. Отансыз адам -..../ормансыз бұлбұл/
8. Ынтымақ болмай,..../іс оңбас/
9. Ырыс алды -..../ынтымақ/
10. Күш -...../білімде/
11. Досы көпті жау алмайды,..../Ақылы көпті дау алмайды/
12. Өнер алды -.../қызыл тіл/
13. Тіл тас жарады,..../тас жармаса бас жарады/
14. Ағайын - алтау,.../ана біреу/
15. Әкеге қарап ұл өсер,.../Шешеге қарап қыз өсер/

16. Көзі соқырдан қорықпа, /Көңілі соқырдан қорық/



  1. Әдепті бала - арлы бала /Әдепсіз бала –сорлы бала/

  2. Еңбек етпесең, елге өкпелеме, /Егін екпесең ,жерге өкпелеме/

  3. Ат жаманы жолда қалдырар, /Жолдасы жаманды қолда қалдырар/

  4. Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді, /Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді/

  1. Әдептілік, ар-ұят,-

Адамдықтың белгісі, /Тұрпайы мінез, тағы ,жат- Надандықтың белгісі/

  1. Сәуір келсе күн күркірер, /Күн күркіресе көк дүркірер/                                           

23. Егіннің жайын еккен білер,  / Арбаның жайын жеккен білер/                              

24..Есік алды тау болса, 

         Ерттеп қойған атпен тең.       /Ауылыңда қария, Жазып қойған хатпен тең/
3 - бөлім. Ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады. Бұл бөлімде жұмбақтар оқылады,
Оқушылар сол жұмбақтың жауабына қатысты мақал айтады.

Жылт - жылт еткен,


Жылғадан өткен.
/су/
Көп бытыра қорғасын,
Көбейткен жердің олжасын
/жаңбыр/
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
/күн/
Үйіңді қорғайды,
Үйшікте тоңбайды.
/ит/
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама
/кітап/

Жеке өзін жей алмайсың,

Онсыз асты да аузыңа салмассың.

(тұз)


Қалтамда жатыр, тісі бар,

Тістемей – ақ істер ісі бар.

(тарақ)

Кіретін жері бір есік,



Шығатын жері мың тесік.

(илеуіш)


Жуынам деп жазғаны – ай,

Күннен –күнге азғаны – ай.

(сабын)

Көкте ақ жаулықты әже отыр,



Ақ ұнын елеп отыр.

(қар)


Аяғы сырықтай

Мойны құрықтай.

(жираф)

Қыста әйнекке біреу



Өрнек салып жүрер.

(аяз)


Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге.

(шана)

Көк жүзінде көп жолақ,



Қойды екен оны кім бояп.

(кемпірқосақ)

Құлағыңда – құлағым,

Аузында – ауызым.

Күнде естіп тұрамын,

Жолдасымның дауысын.

(телефон)

4 - бөлім. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.


Екі көзі төрт болды.
Таяқ тастам жер
Тайға таңба басқандай
Ат шаптырым жер
Құлақ түру
III. Қорытындылау. Ұпайы көп оқушыны анықтау, жеңімпазды мадақтау
Каталог: uploads -> 2017 -> post11
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г
post11 -> Сабақ: Әдебиеттік оқу Күні: 24
post11 -> Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру
post11 -> Ашық ТӘрбие сағаты қазақстан республикасының ТҰҢҒыш президенті тс-тб-гж-08/18
post11 -> 3 «Б» сынып. Тәрбие сағаты. Тақырыбы: Қазақ даласының қайсар қызы –Мәншүк батыр. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет