Мақсаттары: Білімділік



жүктеу 56.12 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі56.12 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы: МЕТАЛЛУРГИЯ КЕШЕНІ

Қара металлургия



Мақсаттары:

Білімділік. Дәстүрлі және жаңа конструкциялық материалдарды ажырату. Қазақстанның металлурния кешенінің ерекшелігі мен экономикадағы ролі туралы көзқарастарын қалыптастыру. Машина жасау кешенінің құрамы туралы білімдерін қалыптастыру. Қара металлургия, оның өндірісте қайта қолданылуы туралы білім беру.

Дамытушылық. Қазақстанның металлургия кешенін карта бойынша сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Павлодар облысы шаруашылығының кешенді картасы

Негізгі ұғымдар: сапалы құрыш, жеңіл металдар, конверторлар, толық циклды металлургия комбинаты, ферроқорытпа, флотация, прокат

Номенклатура: Соколов-Сарыбай, Лисаков және Қаражал комбинаттары, Дөң КБК

Сабақтың құрылымы:

І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІІ – бағалау кезеңі

ІІ – үй тапсырмасын тексеру V– жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІІ – үйге тапсырма беру

ІІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі VІ – сабақты қорытындылау кезеңі
Сабақтың барысы


Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

ІІ

Ең алдымен дәптерлеріндегі тапсырмаларын тексереді. Кейін мәтін соңындағы ақпараттар бойынша сұрақтар қояды:

1) Машина жасау кешені Павлодар облысында қалай дамыған?

2) Машина жасау кәсіпорындары қандай факторларға байланысты құрылған?

3) Облыстың кәсіпорындары қалай жұмыс істейді?



Дәптерлерін көрсетіп, тексереді. Кейін сұрақтарға жауап береді:

1) Павлодар облысында машина жасау кешенінің 20-ға жуық кәсіпорындары бар. Олар әртүрлі технологиялық және металл конструкциясын құрушы, станоктар жасаушы салаларға жатады.

2) Көбінесе егіншіліктің дамуына байланысты ауыл шаруашылық машиналарын жасауға бағытталған.

3) Орталық Қазақстанмен көршілес болуы арқасында кең металды машина жасау дамыған.



ІІІ

Кіріспе сұрақтар:

1) машина жасау кешенін еске түсіреміз: автокөлік 200 мыңнан астам бөлшектен тұрады. Олар қандай салалармен тығыз байланыстылығын көрсетеді?

2) машина өндірісіндегі технологиялық кезеңдерде бөлшектерді дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?

3) осы екі мысалда қандай саланың қажеттілігі көп байқалады?




Сұрақтарға жауаптары:

1) тоқыма-тігін саласы, химия өнеркәсібі, қара және түсті металлургия салалары.

2) болат, шойын, түсті металдар

3) қара және түсті металлургия, тетіктер қажет



ІV

Тақырыпты меңгеру жоспары:

  1. Дәстірлі және жаңа конструкциялық материалдар. Ең алдымен конструкциялық материалдар өндірісінің кешендері мен салаларына тоқталады. Оның анықтамасын анықтап, түрлерін атап кетеді. Кейін металлургияда сапалы құрыш (металл қоспалары – хорм, марганец қосылған), жеңіл металдар (титан, алюминий), полимерлер (пластмасса, химиялық талшықтар) өндірісінің маңызын айтып кетеді.

  2. Матллургиялық кешен: құрамы мен ерекшеліктері. Металлургияның құрамын қысқаша сипаттайды. Оның өзіндік ерекшеліктері бар екенін айтады.

  3. Қара металлургия: өндірісте екі рет қайта қолданылуы. Қара металлургияға қысқаша тоқталып кетеді. Олар толық циклді және қайта өңдеу комбинаттардан тұратынын айтады.

Оқулық материалдары мен карталарды қолдана отырып, жоғарыдағы сұрақтарға толық жауаптарын табады.

М
Конструкциялық материалдар
ұғалімнің әңгімесін тыңдап, дәптерлеріне конструкциялық материалдардың анықтамасы мен түрлерін сызбанұсқа ретінде жазып алады:

1.

дәстүрлік



жаңа






2. Ең алдымен металлургияға анықтама береді: қарапайым механизмдерден күрделі машиналарға дейінгі өндіріс құралдары металлургияны құрайды. Ол қара және түсті деп бөлінеді. Қазақстандағы металдардың 90%ын қара металдар құрайды. Кейін металлургиялық кешеннің географиясын анықтайды: 1) материалды, қаржыны, еңбекті көп қажет етеді және экологиялық жағынан лас б.к.; 2) онда өндірісті құрамдастыру таралған; 3) өндірістегі шоғырлану деңгейінің жоғары болуы. Осы жерде минералдық шикізатты кешенді пайдалану әдістерін анықтайды. Мұнда байыту фабрикалары, концентрат, флотация ұғымдарына тоқталады.

3. Ең алдымен қара металлургияның шикізатын және оның қасиеттерін анықтайды. Қара металлургиядағы конструкциялық материалды өндіру процестерін, жағдайлары мен факторларын қарастырады: болатты қорыту үшін отынды кокстелетін көмірден алады. Ал негізгі шикізат – темір кенінің 90%-ы Қостанай мен Атасу алаптарында орналасқан. Болат өндіру: 1) темір кенінен домна пешінде шойын алу; 2) балқытылған шойыннан конверторларда болат алу. Прокаттың анықтамасын табады. Толық циклды

металлургиялық комбинатына анықтама береді, лардың орналасу факторларын қарастырады. Кейін қайта балқыту зауыттарының қалай жұмыс істейтінін сипаттайды. Олардың орналасу факторларын қарастырады. Осы жерде ара металлургияның ферроқорытпа өндірісін сипаттайды, оның энергия қуатын көп қажет ететін өндіріс деп аталатынын және орналасу факторларын анықтайды.

V

Тақырыпты бекіту үшін оқулық мәтініндегі 77, 78, 79, 80, 81, 82 суреттерді және 12-кестені талдайды. Мәтін соңындағы 1-2-3-4 тапсырмаларды орындайды.

77-сурет: Қазақстанда қара және түсті металдар өндіру: қ.м. - болат- 4286 мың т, т.м. - мыс, мырыш -366-тан астам, қорғасын мен алюминий-106 мың т, титан, күміс, галий, алтын мөлшері 100-8 мың т аралығында.

80-сурет: прокат түрлері – жазық беттік, құбырлық, сұраптау: дөңгелек, шаршы, бұрыштық, таврлық, рельстік.

81-сурет: металлургия комбинатының жоспар-сызбасын талдайды.




Қорытынды сұрақтар.

1. қандай материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды?

2. Қара металлургия комбинаттары қандай бастапқы шикізат пен отын көздерін пайдаланады, қандай дайын өнім өндіреді?


Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді.

1. Дайын өнім шығару мен құрылыста қолданылатын материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды.



2. Бастапқы шикізат – темір кені, отыны – кокстелетін көмір, темір кенінен домна пештерінде шойын алады, одан болат балқытатын цехтерде болат алады, соңында прокат шығарады.

VІІ

Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.

Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.

VІІІ

140-141 беттегі ақпараттарды оқу; 129-130 беттегі 5,6 тапсырмаларды орындау. Тестерге жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет