Машина шығару технологиясы пәнінен 5В071200 – «Машина жасау»



жүктеу 1.63 Mb.
бет2/8
Дата01.03.2018
өлшемі1.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

4.2-кесте – Тәуекел коэффиценттерінің мәндері


P %

32

10

4,5

1,0

0,27

0,1

0,01

t∆

1,0

1,65

2,0

2,57

3,0

3,29

3,89

Шақтама бірілктерінң санын формула бойынша анықтайды


a = , (4.11)
Шақтама бірлігі i j 4.3 кестеден таңдалады.

4.3-кесте – Негізгі аралықтар үшін шақтама бірліктері


Өлшемдер аралықтары

m m


3 дейін

3-6

6-10

10-18

18-30

30-50

50-80

80-120

120-180

180-250

250-315

Шақтама

бірлігі i m



0,55

0,73

0,90

1,08

1,31

1,56

1,86

2,17

2,52

2,89

3,23

Шақтама бірілктерінің саны анықтап алып, 4.4 кесте бойынша қажетті дәлдік квалитетін анықтайды.


4.4-кесте – Әртүрлі дәлдік квалитеттері үшін шақтама бірліктерінің саны

Квалитет

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

а

7

10

16

25

40

64

100

160

250

400

640

1000

1600

Барлық құрамдас буындарға экономикалық жіберілетін шақтамалар тағайындалады және кейін λ коэффициентінің мәні таңдалады.

Жобалау шарттарында буындар саны n ≥ 5 болса, онда λ = 1/9 қалыпты таралу заңы бойынша қабылдайды.

Егер n ≤ 4, онда λ = 1/6 – үшбұрыш таралу заңы (Симпсон) бойынша болады.

Егер ықтималдылық таралуы туралы ештеңе де белгісіз болса, онда λ=1/3. тұйықтыратын буынның шақтамасы келесі формуламен анықтайды:
TA= t , (4.12)
Шақтамалардың өрістер ортасының координаттары үшін келесі шарт сақталуы керек
EcА∆ = EcAiүлк -EcAiкіш , (4.13)
Егер бұл шарт орындалса, онда шақтамалардың өрістер орталарының координаттары арқылы өрнектелген буындардың шекті ауытқуларын анықтау керек.

Es А∆ = Es (А∆) + 0,5 ТА∆ , (4.14)

EJ А∆ = Es (A∆) - 0,5 ТА∆ , (4.15)
4.5.3 Топтық өзара ауыстырымдылық әдісі

Бұл әдіс үш құрамдас буыннан тұратын кіші буынды өлшемді тізбелерде жоғары дәлдікке жету үшін пайдаланады. Құрастырушы қосылыстар үшін қолданылады, олар пайдалану үрдісінде бөлу мен құрастыруға ұшырайды, ал ауыстырылады жинақпен, мысалы, плунжерлі жұптар, домалау мойынтіректері, т.б.

Бұл әдіс үшін барлық үлкейтетін буындардың шақтамалар қосындысы барлық кішірететін буындардың шақтамалар қосындысына тең болу шарты орындалу керек, яғни
TAiyв = TAiyм , (4.16)
Кейін тұйықтыратын буынның кеңейтілген шақтамасы анықталады

ТА∆ = Tai , (4.17)


Ол үшін өндірісті жеңіл орындалатын шақтамалар шығатындай етіп шақтамаларды т есе үлкейту керек.

Оларға дайын тетіктерді таратуы қажет топтар саны формула бойынша анықталады



т = , (4.18)
мұндағы А ∆ – құрылымдық шақтама (өндірісті);

ТА∆ – тұйықтыратын буынның шақтамасы.


1 мысал – Біліктің тесікпен қосындысында ТА∆ = 0,02 мм, Ес А∆ = 0,02 мм шарттарынан шыға отырып, тең саңылауды қамтамасыз ету керек.
а) Өлшемді тізбенің бастапқы теңдеуі
А∆ = Аув — Аум , (4.19)
Бұл шарт орындалуы үшін келесідей болатындай етіп Аүлк және Акіш шақтамаларын тағайындау қажет:
ТА∆ = ТАув + ТАум и ТАув=ТАум .
Яғни келесідей, ТАув = ТАум = (ТА∆)/2 = 0,02/2 = 0,01 мм

б) Кейін шақтама өрісінің ортасы координаттарының мәндерін келесі шарт орындалғандай етіп таңдау керек:


EcA∆ = ЕсАув-ЕсАум , (4.20)

0,02=0,01-(-0,01);


Осылайша, Ес Аүлк = 0,01 мм, Ес Акіш = -0,01 мм

в) Аүлк және Акіш өлшемдерінің шекті ауытқулары келесі формуламен есептеледі


EsAyв = [ЕсАув + (ТАув)]/2, (4.21)

EjAyв = [ЕсАув - (ТАув)]/2, (4.22)

EsAyв = 0,01+0,01/2 = 0,015 мм,

EjAyв = 0,01-0,01/2 = 0,005 мм,

EsAyм = ЕсАум + (ТАум) /2, (4.23)

EjAyм = ЕсАум - (ТАум)/2, (4.24)

EsAyM = -0,01+0,01/2 = -0,005 мм,

EjAyм = -0,01-0,01/2 = -0,015 мм.


г) Өндіріс шақтамалары Т Аүлк, Т Акіш құрылымдықтарға қарағанда төрт есе көп тағайындайды
Т Аув = 4Таув, (4.25)

Т Аув =4х0,01=0,04 мм,

Т Аум = 4Таум, (4.26)

Т Аум =4х0,01=0,04 мм.


д) Топтар санын анықтаймыз
т = (Т Аув + Т Аум)/ ТА∆, (4.27)

т = (0,04+0,04):0,02 = 4
е). Құрамдас буындардың әрбір топ үшін шекті ауытқулары келесідей анықталады:

- бірінші топ үшін Аүлк және Акіш шекті ауытқулары есептеу мәндеріне тең етіп қабылданады;

- кейінгі топтар үшін алдыңғы топтардың шекті ауытқуларына есептеу құрылымдық шақтамалар қосылады.

Нәтижелерді 4.5 кестеге енгізеді.


4.5-кесте – Құрамдас буындардың Аүлк және Акіш шекті ауытқулары

Топ №

Аүлк

Акіш

EsAүлк

EjAүлк

EsAкіш

EjAкіш

1

0,015

0,005

-0,005

-0,015

2

0,025

0,015

0,005

-0,005

3

0,035

0,025

0,015

0,005

4

0,045

0,035

0,025

0,015

Шекті ауытқулардың топтар бойынша есептелу дұрыстығын тексеру үшін келесі формулалар қызмет етеді


EsA∆ = EsAyвi - EjAyмi , (4.28)

EjA∆ = EjAyвi - EsAyмi , (4.29)

EsA∆ - EjA∆= ТА∆ , (4.30)
Бірінші топ үшін
0,03=0,015-(-0,015)=0,03
Екінші топ үшін
0,025-(-0,005)=0,03

Үшінші топ үшін


0,035-0,005=0,03

Төртінші топ үшін

0,045-0,015=0,03.
4.5.4 Қиылыстыру әдісі

Тұйықтыратын буынның қажетті дәлдігіне құрамдас буындардың біреуінің шамасын одан металдың қажетті қабатын алу жолымен өзгерту нәтижесінде жетеді. Бұл буын қозғалыссыз компенсатор (төсем, балдақ, тетік) деп аталады.

Әдістің артықшылығы – тұйықтыратын буынның дәлдігіне жоғары талаптар кезінде құрамдас буындарға кеңейтілген шақтамаларды тағайындауға болады, бұл механикалық өңдеудің еңбек сыйымдылығын төмендетеді.

Кемшілігі – жинақтау еңбек сыйымдылығының компенсатордың қиюластыруынан үлкеюі. Бірлікті және ұсақ сериялы өндірісте қолданады.


2 мысал – Конустық роликті мойынтіректердің қалыпты жұмыс істеуі үшін, жинақтау кезінде қажетті осьтік саңылау қамтамасыз ету керек. Осьтік саңылаудың жіберілетін шамасы анықтамалардан таңдалады, ол мойынтіректің диаметрі мен сериясына байланысты болады. Бұл саңылау А.буынның тұйықтыратын буыны болып табылады. Тұйықтыратын буынның қажетті дәлдігі А6 төсем түріндегі қозғалыссыз компенсатор есебінен қамтамасыз етіледі (4.1 сурет).

4.1-сурет – Өлшемді тізбенің сұлбасы

Жұмыс шарттары бойынша саңылау А= 0+0,05+0,015 мм; шақтама ТА= 0,1 мм; ЕсА= 0,1 мм қажет.

Өлшемді тізбенің құрамдастары А5 және А6 – үлкейтетін буындар;

A12347 – кішірететін буындар.

Осындай өндіріс шарттары үшін үнемді шақтамаларды тағайындайды, барлық қалған буындардың өлшеміне.




А1 =20 - 0,4 мм

А2 =100 - 0,3 мм


А3 =20 - 0,4 мм

А4=10 - 0,1 мм

А5 =160 ± 0,2 мм

А6 =2 - 0,1 мм

А7=12 - 0,1 мм


ТА1 = 0,4 мм

ТА2 =0,3 мм
ТА3= 0,4 мм

ТА4= 0,1 мм



ТА5= 0,4 мм

ТА6=0,1 мм



ТА7 = 0,1 мм

EcА1=-0,2 мм

EcА2 = -0,15 мм


EcА3 = -0,2 мм

EcА4=-0,05 мм

EcА5 =0 мм

EcА6= -0,05 мм

EcА7 = -0,05 мм

Тұйықтыратын буынның өндіріс шақтамасын келесі формуламен анықтайды


Т′ А = T′ Аi , (4.31)

T′ Аi = 0,4+0,3+0,4+0,1+0,4+0,1+0,1= 1,8 мм


Компенсацияның мүмкін шамасын келесі формула бойынша анықтайды
ТАк = Т′ А - ТАi , (4.32)

ТАк = 1,8-0,1 = 1,7 мм


Түзету шамасын ∆К есептейді, оны қиылыстыру үшін материалдың қажетті қабатын құру үшін компенсациялаушы А7 буын шақтамасының өрісі ортасының координатасын енгізу қажет.
∆K = + , (4.33)

∆K = мм


А7 компенсациялаушы буын шақтамасының өріс ортасының координатасына түзету енгізеді

ЕсАк = ЕсА7 + ∆К , (4.34)

ЕсАк = (-0,05) +0,15=0,1 мм

Тұйықтыратын буынның өлшемін компенсация үшін қажетті шаманың шекті мәндерін анықтайды


ЕsАк = ЕсАk+ , (4.35)

ЕsАк = 0,1+0,85= 0,95 мм,

ЕiАк = ЕсАk - (4.36)

ЕiАк = 0,1-0,85=-0,75


Компенсатордың қорытынды өлшемін формула бойынша анықтайды
, (4.37)

мм
4.5.5 Реттеу әдісі

Әдіс тұйықтыратын буынның қажетті дәлдігіне алдын ала таңдалған компенсациялаушы буынның шамасын өзгерту жолымен жететіндігінде түйінделеді. Жылжымалы компенсатор ретінде бұрамалық жұпты, клипті, төсемдер жинағын пайдаланады.

Барлық буындарға жеңіл орындалатын шақтамалар тағайындалады, ал қажетті дәлдікке жылжымалы компенсатордың қажетті шамаға орын ауыстыруы есебінен жетеді.

Жылжымалы компенсаторды пайдаланумен өлшемді тізбені есептеу кезінде компенсатордың өлшемдерін анықтау жөн.

Төсемдер жинағын қолданумен компенсатордың есептеу әдістемесін қарастырайық:

1) экономикалық жететін шақтамаларды орнатады;

2) өлшемді тізбенің құрамдас буындары шақтамаларының өрістері орталарының координаттарын тағайындайды;

3) компенсацияның ең үлкен шамасы есептелінеді


TAк =, (4.38)
4) компенсатордың дәрежелер санын келесі формула бойынша анықтайды
, (4.39)
5) компенсатор дәрежесінң шамаларын анықтайды:
, (4.40)
Егер төсемдер саны үлкен болып шықса, онда оларды әртүрлі қалыңдықта жасайды.

Бірінші төсемнің қалыңдығы тұйықтыратын буынға шақтамаға тең етіп қабылданады, ал келесілердің қалыңдығы келесідей анықталады


Si =ТА

S2 = 2S1

S3 = 2S3

Sn = 2Sn-1 и т.д.;


6) компенсаторлардың өлшемдері анықталады
1. Ак

2. Ак + S1

3. Ак +S2 және т.б.
4.5.6 Өлшемді тізбелерді есептеу мысалы

3 мысал – Алдыңғы центрдің айналу осімен үстелді жону білдегінің артқы центрінің осьтестігін қамтамасыз ету.

Мұндай техникалық шартты талдау және тапсырылған дәлдікке жетудің әдісін таңдау үшін өлшемді тізбені құру керек.

Өлшемді тізбе тұйықтыратын буында қоса тоғыз буындардан тұрады (А қосымша).

А1 – айналдырықтың конустық тесік пен тіректі мойын осінің осьтестік еместігі.

А2 – айналдырықтың тіректі мойын мен мойынтіректің сыртқы балдағы осінің осьтестік еместігі.

A3 – мойынтіректің сыртқы балдағының осі мен тұрқыдағы тесік осінің осьтестік еместігі.

А4 – тұрқыдағы тесік осінің білдектің бағыттаушысының осіне қатысты орын ауыстыруы.

A5 – цилиндрлік бағыттаушы осінің артқы тұғырдың тұрқысында тесік осіне қатысты орын ауыстыруы.

А6 – артқы тұғыр тұрқысындағы тесік осі мен сүйеутөлкенің сыртқы беті осінің осьтестік еместігі.

А7 – сүйеутөлкенің сыртқы бетінің осі мен сүйеутөлкенің конустық тесігінің осінің осьтестік еместігі.

А8 – сүйеутөлкенің конустық тесігінің осі мен артқы центрдің осінің осьтестік еместігі.

А – артқы центр осі мен алдыңғы центрдің айналу осінің осьтестік еместігі.

Техникалық талаптардан шыға отырып тұйықтыратын буынға шақтама


TA = 0,05 мм
Құрамдас буындарға орташа шақтаманы келесі формуламен анықтайды
, (4.41)
мұндағы т – өлшемді тізбенің буындар саны.
мм
Тұйықтыратын буынның қажетті дәлдігін өзара ауыстырымдылықтың әдістерінің бірімен қамтамасыз ету тиімсіз болып табылады. Білдектің құрылымында реттеуді қолднадуды мүмкіндік ететін компенсациялаушы құрылғылар қарастырылмаған. Ол үшін қажетті дәлдікке жетудің келесі жоспарын қолдану қажет:

- цилиндрлік бағыттаушыларды және білдектегі жүрісті бұраманы құрастыру;

- адыңғы тұғырды жинау және оны тұғырға орнату, артқы тұғырдың тұрқысын бағыттаушыларға орнату;

- білдектің айналдырығында бекітілген аспаппен сүйеутөлкеге артқы тұғырда тесікті жону;

- артқы тұғырда сүйеутөлкені және оның орын ауыстыру механизмін құрастыру.

Анықталған жоспар кезінде тұйықтыратын буынның дәлдікке құрылымдық өлшемді тізбелер (А қосымшасы) көмегімен емес, технологиялық өлшемді тізбелер көмегімен жетеді. Суретте (Б қосымшасы) өлшемді тізбе көрсетілген, оның көмегімен тұйықтыратын буынның дәлдігіне жинақтаудың қорытынды кезеңінде жетеді.

Өлшемді тізбенің құрамдас буындар санының біршама қысқаруы толық емес өзара ауыстырымдылық әдісін қолдануға мүмкіндік береді.

A1 – айналдырық осі мен артқы тұғыр тұрқысындағы тесік осінің осьтестік еместігі. Бұл қателік кеулейжону үрдісі барысында пайда болады және айналдырықтың ауытқуына тәуелді.

Қалыпты дәлдікті білдектер үшін ТА1=0,0043мм

А2 – тұрқыдағы тесік осі мен сүйеутөлкенің сыртқы бетінің осінің осьтестік еместігі.

ТА2 = 0,022мм – артқы тұғыр тұрқысындағы сүйеутөлкенің саптамасымен қамтамасыз етіледі.

А3 – сүйеутөлкенің сыртқы бетінің осі мен конустық тесік осінің осьтестік еместігі.

ТА3 = 0,01 мм. Бұл шақтама дәлдік нормаларына байланысты білдек айналдырығын дайындаудың технологиясымен қамтамасыз етіледі.

А4 – конустың тесік осі мен артқы центр конусының осінің осьтестік еместігі.

ТА4 = 0,012мм – шақтама конустардың өлшемдеріне байланысты МЕСТ 2848 – 75 бойынша таңдалады.

Барлық шақтамаларды біле отырып, келесі шарттың орындалуын тексереміз


,
0,05 ≥ 0,0043 + 0,022 + 0,01 + 0,012 ,

0,05 ≥ 0,0483 ,


Шарт орындалады.
4.5.7 Торапты жинақтау сұлбасынын жасау мен реті

Машинаны жинақтаудың технологиялық үрдісі өндірістік үрдістің аяқтаушы бөлімі болып келеді және оның жасалуына машинаның жалпы сапасы мен еңбек сыйымдылығы байланысты. Технологиялық үрдісті жасау жинақтау сұлбасын құрастырудан басталады.

Жинақтаудың технологиялық сұлбасы машиналар мен түзілімдерді жинақтау ретінің шартты суреттелуі болып табылады. Жинақтаудың реті бұйымның құрылымы мен қажетті дәлдікке жетудің әдістерімен анықталады.

Жинақтау сұлбалары технологиялық үрдісті көрсетеді және машиналар мен түзілімдердің жинақталуын тиімді және рационалды ұйымдастыруына мүмкіндік береді.

Жинақтаудың технологиялық үрдісін жобалау кезінде жинақталатын бұйымдарды алдын ала элементтерге мүшелеу керек, оны бұл элементтердің бір-біріне тәуелсіз ең үлкен санын іске асыру үшін жасалады. Бұйымдарды жинақтаушы бірліктерге бөледі: түзілімдер, түзілім астылар, жинақтар. Кейін базалық элементті бөлу керек, одан жинақтау басталады. Бұл тетік немесе ерте жинақталған жинақтушы бірлік бола алады.

Күрделі бұйымды жинақтау кезінде бұйымды жинақтаудың жалпы сұлбасын жасауға болады, ал кейін түзілімді жинақтаулардың сұлбаларын дайындауға болады.

Жинақтаудың сұлбасын келесі түрде құруға жөн:

- қағаз бетін бірнеше аймаққа бөлу: тетіктер аймағы, жинақтар, түзілім астылар мен түзілімдер аймақтары, т.б.;

- әрбір тетік тіктөртбұрыш түрінде көрсетіледі, онда тетік атауы, орын номері мен саны жазылады;

- меңзерлер мен сызықтар көмегімен қандай тетіктер, жинақтар, түзілім астылар өзара қосылатыны көрсетіледі;









4.7 Тетікті шығару технологиясын жасау

Өндірістің әрбір типі үшін тетіктерді жасаудың өзіндік бірізділігі болады. Технологиялық үрдісті жобалау үшін бастапқы берілгендер болып табылады:

- техникалық талаптары бар тетіктің жұмыс сызбасы;

- құрастыру бірлігінде немесе машинада жұмыстың жағдайы;

- тетіктерді шығарудың жылдық көлемі.

Технологиялық үрдісті жобалау келесі ретпен жүзеге асырылады:

- өндіріс типін таңдау;

- тетіктің қызметтік тағайындамасымен танысу;

- тетіктің технологиялығын талдау;

- дайындама түрін таңдау;

- өңдеу әдістерін таңдау;

- механикалық өңдеуге әдіптерді анықтау;

- технологиялық базаларды таңдау;

- өңдеу бірізділігін құру;

- жабдықты кесу және өлшеу құралдарын таңдау;

- технологиялық үрдістің операциялық сипаттамасы;

- кесу режимдерін есептеу;

- операцияларды мөлшерлеу.


4.8 Тетіктің қызметтік тағайындамасы

Тетіктің қызметтік тағайындамасын сипаттаған кезде тетіктің түзілімде атқаратын қызметі және жұмыстың жағдайы көрсетілуі керек. Жалпы көрініс сызбасына сүйене отырып, пайдаланушылық тағайындамасының, оның негізгі беттерінің және олардың өзара орналасуының әсерінің сипаттамасын беру керек.

Тетіктің тағайындамасы мен құрылымының сипаттамасынан қандай беттер мен өлшемдер тетіктің қызметтік тағайындамасы үшін негізгі, шешетін мәнге ие және қайсысылары қосымша мәнге ие екені анық болуы қажет. Есептеу-түсіндірме жазбада беттердің әріптік белгілері бар тетіктің үлгісін орындау керек.

Тетіктің беттерін келесі түрлерге топтастыруға болады:

- орындаушы (жұмыс);

- негізгі;

- қосымша;

- еркін.


Орындаушы беттер – бұл беттердің көмегімен тетік өзінің қызметтік тағайындамасын, яғни жұмыс қызметін орындайды. Мысалы, шкивтің беті жетек белбеуімен жанасады; бұрамалық механизмдердегі бұранданың беті; турбина қалағының жұмыс беті жұмыс буымен жанасады және т.б.

Негізгі беттер – бұл берілген тетіктің басқа тетікке қосылу үшін қызмет ететін және құрастыру кезінде құрастыру бірлігінде ауыспалы жағдайды қамтамасыз ететін беттер. Мысалы, тісті доңғалақтардың қондырғы тесіктері; мойынтіректерді кигізетін білік мойыншаларының беттері; алдыңғы тұғырдың төменгі жазықтығы және т.б.

Қосымша беттер – бұл берілген тетіктің басқа тетікке қосылу үшін қызмет ететін беттер. Мысалы, тісті доңғалақтың қондырғы тесігіндегі кілтекті ойық; қақпақтағы бекіту тесіктері; мойынтірек қосымшасының тесігі және т.б.

Еркін беттер – тетіктің қажетті конфигурациясын рәсімдеу үшін қызмет ететін жанаспайтын беттер.



4.3-сурет – Тетік беттерінің классификациясы
Тістегергішті білік тетігі үшін орындаушы беттер тістердің беттері мен кілтекті ойық болып табылады, өйткені олар И1, И2 айналу моменттерін беру үшін қызмет етеді.

Негізгі беттер – мойындары мен мойынтіректі кигізетін біліктің бүйіржағы;01, 02, 03, 04.

Қосымша – кілтекті ойықты кигізетін білік мойының беті – В1.

Еркін – С1, С2, С3.

Тетік материалының қасиеттері туралы берілгендер 6 кестеге енгізіледі

4.6-кесте – Болат 45 МЕСТ 1050-88 химиялық және механикалық қасиеттері



Химиялық құрамы

Механикалық қасиеттері

С

Si

Mn

S

P

Ni

Cr

σт

кг/мм2



σв

кг/мм2



НВ

0,4...0,5

0,17...0,37

0,5...0,8

0,045

0,045

0,30

0,30

36

61

197...

241

Тетіктің қызметтік тағайындамасымен танысу нәтижесі сызбада берілген техникалық шарттарды және дәлдік нормаларын талдау болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет