Арыста 29 жастағы әйел 8 айлық сәбидің алтын сырғасын ұрлады деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: seminar-beauty

Базарда екі баласын алып, такси іздеп жүрген әйелге күдікті көмектескендей кейіп танытыпты. Ол 8 айлық сәбиді көтере тұрамын деп, әйелді таксиге дейін шығарып салған.

Жол бойында күдікті байқатпай, нәрестенің құлағындағы алтын сырғаны шешіп алып, бірден ломбардқа өткізіп жіберген.

Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды қамауға алды.

"Полицейлер сырғаны тауып, оны иесіне қайтарды. Қазір әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.