Маск‰немдік пен алкоголизмге ќарсы к‰рес – к‰н талабы



жүктеу 87.87 Kb.
Дата24.09.2017
өлшемі87.87 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

Маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күрес – күн талабы

Егер адамдар өздерін өздері арақ- шарап,

темекі, апиындармен еліртпей, есіртпей

уландыра бермесе, онда біздің өмірімізде

арман ететіндей бақытты өзгеріс болар еді.

Л.Н.Толстой.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі:«Бірінші байлық- денсаулық». Олай болса, «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей өркениетті елдің әрбір азаматының

денсаулығы мықты, хал- ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден ішімдік, шылым шегушіліктен жерітіп, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін ұғындыру.

2. Тәрбиелігі: Маскүнемдіктің зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

3. Дамытушылығы: Темекінің, арақтың зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізу. Өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін, білімді де тәрбиелі тұлға қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Жасөспірімдерге арналған ереже,    темекіден, арақтан  болатын аурулар,  “темекінің, арақтың  адам ағзасына зияны” тақырыпта түсірілген слайдтар, темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі,  ұлы адамдар сөзінен цитаттар ,тақырыптарға байланысты слайдтар.

Сабақтың түрі:  Конференция сабағы

 

Сабақтың барысы:



Мұғалім сөзі: 1997 жылдың қазан айында ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Барлық қазақстандықтардың өсіп, өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» туралы Қазақстан халқына жолдауын ұсынды.

Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді, арамдыққа және қылмысқа итермелейді. Сонымен қатар ішімдікке құмар адамның рухани байлығы азайып, адамгершіліктен жұрдай болады. Ішімдік барлық ішкі мүшелерді улап, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдықтырып, небір талантты да дарынды боздақтарымыз, он екіде бір гүлі ашылмаған жас жеткіншектеріміз арақтың кеселінен өз биігіне жете алмай өмірден кетіп жатқаны өкінішті – ақ.

Міне, осындай өкініштердің алдын алу мақсатында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2030 жылға арналған еліміздің келешегін өркендету бағдарламасында назардан тыс қалдырған жоқ. Ал мұндай жақсы бастамаға үн қосу, қолдау, іс жүзіне асыру - әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

Болашақ маман иелері өз ойларын ортаға салады.



Әдебиетші:
Ішімдікке қарсы күрес

Салауатты мақсатың өмір сүру, Ішімдік ұрпағыңды тоздырады,

Өмірдің мағынасын керек білу Кейпіңді алып адамдық, аздырады

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың, Сақтан, сақтан әзәзіл ащы судан,

Пайдалы сол – бұл жолдан аулақ жүру. Дәмін алсаң, өмірің болар зәрлі

Спиртті ішімдікке әуес болма Өмірің болсын десең сенің сәнді

Күресу керек саған осы жолда Ойланып, айналаңа қара мәнді,

Денсаулық – зор байлық деп Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан

бекер айтпас

Өмірің ей, достарым, өз қолыңда Өзіңе сүйсіндірер барлық жанды

2030-шы бағдарлама Сүйкімді, ақылды бол, иман жүзді,

Өмірің түскендей-ақ жаңа арнаға Ғылымды үйрене біл, небір түрлі

Денсаулықты сақтауды жолға қойды Ішімдікке үйір болма, түсін соны,

Айырылып бұл байлықтан қапы қалма Ешқашан сұрқын кетіп, болма сорлы

Нашақорлық бизнесі ауыр қылмыс, Болыңдар білімді әрі парасатты,

Кетеді адам азып, тозып тұрмыс Сыйлайтын үлкен-кіші инабатты

Сақтанып өз-өзіңе ие болғын, Ішімдік, нашақорлық болсын жауың

Салауатты ақылмен істе жұмыс Сақтай біл өз ұлтыңның

Арақпен достасқаның –

денсаулықпен қоштасқаның дәстүр – салтын!

Тоңсаң, мені іш жылынасың, Біле тұра ішесің,

Қайғырғанда іш, бір пәлеге ұрынасың! Өз кебініңді өзің пішесің

Ұялшақсың ба, іш, батыл боласың! Ұрлықты да жасайсың,

15 тәулік айықтырғышқа қонасың! Түрмеге де түсесің


Ішсең қисаңдап жүресің, Мен болдым ғой жексұрын да, жауыз да

Ретсіз ыржыңдап күлесің, Арақ өзі құйылмайды ауызға

Ар-ұяттан айырыласың, Әділетін айтыңдаршы ағайын,

Оны өзің де білесің! Кім кінәлі арақ па, әлде ауыз ба?

Спирттік ішімдік адамзаттың жауы, оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады, бұл жау қалай пайда болды? Адамның ішімдікке қызығуы қай кезде басталды?
Тарихшы:

Адамзат бірнеше жүз мыңдаған жыл бойы ішімдікті білген жоқ. Кейін жеміс-жидекті жабық ыдыста сақтағанда түрлі ішімдік пайда болатынын байқады. Тек ХҮІ ғасырда алхимиктер арақ жасап, дәріханада дәрі ретінде сатқан. Алғашқы кезде оны өте сирек пайдаланды. Бірте-бірте 5-7 градус болатын балсыра адамның сүйікті ішімдігіне айналған. Оны ішуге тыйым салған заңдар өте көп. Спиртті ішімдікті сатқызбай маскүнемдіктен біржолата арылуға бола ма екен деген заңды сұрақ жұртты толғандырады. Алайда спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салудан ешқандай нәтиже шықпады. Мәселен, 1914 жылы Ресейде де АҚШ-та да спиртті ішімдіктерді өндіруге, сатуға тыйым салынған еді. Мұның салдарынан адамдар арақ – шарап жасауға, жасырын сатуға мәжбүр болды.

Спирттік ішімдік адам ағзасына қалай әсер етеді? деген сұраққа биолог жауап берді.

Биолог: Спиртті ішімдіктер адамның бұлшықеттерін босаңсытып, денеде жақсы әсер тудырады. Сол қасиетімен ол дүние жүзінде қолдау тапты. Ағза неғұрлым жас болса, алкоголь тез әсер етеді. Балалардың 1 кг денесіне 3г, бір жастағы балаға 10г арақ, жас өспірімге 40-50г қауіпті әсерін тигізіп, қайғылы өлімге душар етеді. Ішімдік адам өмірін 10-15 жылға қысқартады. Жануармен салыстырғанда адам әлсіз. И.Павловтың тәжірибелері бойынша арақ үлкен ми, сыңарлары жұмысын тежейді.

Мұғалім сөзі: Шарап ішу-сабақ үлгерімі мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Балалық пен жасөспірімдік шақта баланың ағзасын алкоголь тез уландырып, қысқа мерзім ішінде маскүнемге айналдырады. Олардың емделуі де нәтиже бермейді.

Маскүнемдікке қарсы қандай шаралар қолданылады?



Заңгер: Маскүнемдікке қарсы қабылданған қаулылар өте көп. Ішімдікпен уланғандар арнайы емделеді. Маскүнем – бұл ауру адам. «Ауру қалса да әдет қалмайды» дегендей, спиртті ішімдікке бойы үйреніп алған адамның оны қоюы да оңай емес. Әріп теруші бір стақан спиртті ішімдіктен жұмыс қабілетін 20 пайызға кемітіп, қателесуін 30 пайызға арттырады. Мерген 100 пайыз ұпайдан 96 ұпай алуы тиіс болса, 50г спиртті ішімдіктен кейін 100-ден 26-ақ ұпай алған. ХХІ ғасыр табалдырығында тұрып ел боламыз, жаңа қазақ боламыз десек, оның сапасы туралы, жастарымыздың тағдыры жайлы тереңнен тебіреніп ойланған жөн.

Мұғалім сөзі: Этил спирті – наркотик. Ол ерігіш болғандықтан қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Спирттің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімдігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады, соның бәрі оны жұртқа жек көрінішті етеді. Ішімдікті жиі пайдалану салдарынан адам ішімдікке дағдыланып, ақыр аяғында мүлде салынып, маскүнемдікпен ауырады.
- Күн сайын тіркеліп отырған қылмыстарға спиртті ішімдіктердің қатысы бар ма?

Тәртіп қызметкеріне сөз берілді.

Маскүнемдерден туған балалардың 38 пайызы кемтарлыққа душар болып, баланың өлімі басқа отбасымен салыстырғанда 2-3 есе жиі кездеседі. Ақылы кеміс балалардың 90 пайызы әке-шешесі спиртті ішімдікке әуес екені анықталған. Барлық қайғы мен сордың басы осы спиртті ішімдіктен басталады. Ұрлықтың 55 пайызы, тонаудың 79 пайызы, шабуыл жасаудың 69 пайызы адамның мас кезінде жасалатыны анықталған.



Дәрігер: Спирт миға сіңіп, жүйке жасушаларын уландырады, одан ақыл-ой, сөз ойлау қабілеті бұзылады да, рухани ауыр халге ұшырайды, сөйтіп дел-сал болады. Спирт – асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында,ұлтабар ұшында уытты жара – гастрит пайда болады. Бауырда спирт ыдырағанда оған күш түсіп, беріш ауруына душар етеді.
«Алкогольдің дәрілік қасиеті бар деген рас па?» деген сұраққа нарколог жауап берді.

Кейде адамдар қасықпен ішіп, спиртті дәрі ретінде пайдаланады. Кейбіреулері ұйықтау үшін ішеді. «Асқа тәбеті арттырады» дейтіндер де бар. Спиртті алғаш ішкенде бұлшықеттер босаңсып, ағзада жеңілдік әсер туындайды. Ал шынтуайтқа келгенде маскүнемдердің тәбеті нашар. Олар көбінесе гастрит, ұлтабар ұшының ішек жарасы ауруларынан зардап шегеді. Рас, спирт медицинада дәрі жасауда қолданады. Бірақ адам ағзасындағы ауру тудыратын микробтарды өлтіру үшін25 л спирт қажет. Ондай доза микроб емес адамды өлтіреді. «жүрек және қан тамырынң жұмысына темекі мен алкогольдің әсері қандай?» деген сұраққа биолог жауап берді.

Темекі түтініндегі улы заттар адам ағзасына зиянды әсер етеді. Олардың ішіндегі қауіп туғызатыны – никотин. Никотин қан тамырларын тарылтады, жүрек бұлшықетінің қанмен қоректенуін нашарлатады, содан түрлі жүрек аурулары пайда бола бастайды. Темекі тартқан жас өспірімдердің еске сақтау қабілеті төмендеп, ұмытшақтық пайда болады. Қан айналымы бұзылады. Алаңсыз жастар денінің саулығын ойламайды. Жастық пен денсаулық- егіз ұғым. Алайда ару ойламаған жерден жас талғамай келе береді. Сондықтан денсаулыққа балалық, жастық шақтан сақ болып, қамқорлық жасалуы керек. Ол – салауатты өмір сүрудің ажырамас бөлігі.

дәрігер: Шылым шегу - өте зиян әдет. Оның зияндылығы темекі құрамында болатын никотиннің орталық жүйке жүйесін қоздыратындығында. Алғаш рет шылым шеккеннің өзінде-ақ жүрек айну, бас айналу, құсу жүректің шалыс еуы, тамақтың және өңештің, асқазанның түйілуі секілді жағымсыз құбылыстар байқалады. Спирттік ішімдік, әсіресе адамдар үшін өте қауіпті, өйткені өсіп келе жатқан ағзада зат алмасу үрдісі қарқынды жүреді де улы әрекетті дереу сезінеді. Сондықтан ересектерге қарағанда жастар арасында маскүнемдік ауруы жиі байқалады.

«Маскүнемдіктен емделуге бола ма?» деген сұраққа нарколог жауап берді.

- Емдеуге болады. Ол адамның өзіне байланысты. Қояншықпен ауыратын 100 баланың 60-ның ақыл-есі кем, 40-ның әке-шешесі маскүнем. Сауалнама таратып, ішудің себебін сұрағанда, маскүнемдердің 16 пайызы достарымен кездескенде, 10 пайызы мерекеде, 3 пайызы жалғандықтан, 0,7 пайызы отбасы жағдайына байланысты деген. Бірде-бірі материалдық жағдай қиын, жұмыс қиын демеген. Сондықтан 38 пайызы себебін айта алмаған.

«Салауатты өмір сүру» дегенді жай ұран жай айтыла салған сөз деп емес, күнделікті орындайтын өмірлік қағида деп қарайтын мезгіл жетті.



Химик: Темекі түтінінде никотин, иіс газы, күкірт қышқылы, аммиак, бензипирен сияқты көптеген зиянды заттар бар. Шылымшылар шылым шекпейтіндерге қарағанда өкпе рагымен 10 есе, көмекей рагымен 6-10 есе, өңеш рагымен 2-6 есе жиі ауырады. Оларда өкпе туберкулезі, тыныс демікпесі аурулары да көп кездеседі. Ағза никотинге үйренген жағдайда оның қорғану қасиеті әлсіреп, адам темекінің жағымды қоздыру әсеріне ғана түйсінеді. Бірақ бұл адамшы түйсін, өйткені темекі түтініндегі заттар денсаулық үшін өте қауіпті. Шылым шегу қыздардың ажарын кетіреді, ал әйел адамды аяғы ауыр кезінде әр түрлі ауруға душар етіп, іштегі нәрестенің денсаулығын бұзады. Халықаралық статистиканың мәліметіне қарағанда, шылымшы әйелдерден туған балалардың арасындағы өлім шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 40 пайызы жоғары болады екен. Шылым шегу әсіресе, мектеп оқушыларынң денсаулығын бұзады. Никотин орталық жүйке жүйесіне әсер ететіндіктен адамның жаттау, есептеу, есте сақтау қабілетін нашарлатады. Басы ауырады, ашуланшақ болып, оқу үлгерімі төмендейді. Соның салдарынан оқушы келесі сабаққа қалжыраған күйде келеді. Сондықтан жастар тіршілігінен спирт атаулының барлық түрлерін толық жою қажет.

«кейбір әкелер арақ ішеді, осы дұрыс па? Әке беделін осылай сақтап қалуға бола ма?» деген сұраққа химия пәнінің мұғалімі жауап берді.

Бұл дұрыс емес. Жалқау, ерке, өзімшіл, спирттік ішімдікке үйір әке балаға үлгі бола алмайды. Қорқыныш, ұят, жек көру – балаға да тән қасиеттер. Кейбір ата-аналар үстел басында балалардың көзінше ішеді. Ал атақты, дарынды педагогтар «тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» деген. Жас өспірімнің 60 пайызы ішімдікпен өз отбасында ауызданады. Тәрбие дастарқаннан басталады. Бір дастарқанда өзімен бірге отырғызып, балаға «тәтті» сусын ішкізу өте қауіпті. Үлкендердің ойын үшін балаға шарап ұсынатын кездері де болады. Бірақ бұл қауіпті ойын. Шарап ішу – баланың сабақ үлгерімі мен тәрбиенің бұзылуына басты себеп.

Спиртті мұнайдан алады деген рас па? Өндірісте оны қалай өндіреді?


Сұраққа химия комбинатының директоры жауап берді:
Өндірісте этил спирті әр түрлі жолмен алынады. Ең ескі әдіс – араб алхимиктері тапқан – қантты ашыту. Этил спирті ағаш сүрегінен алынады. Ал негізгі тәсіл – синтетикалық жолмен алу. Ол үшін – этиленді фосфор қышқылын қатыстыра сумен әрекеттестіріп, этил спиртін алады. Ал этиленді тас көмір, мұнай, табиғи газдардан алуға болады. Алынған спирт бутадиен алуға да қолданылады. Одан каучук, резина алады.

«Маскүнемдікпен күресуде спорттың қандай рөлі бар?» деген сұраққа жаттықтырушы жауап берді.

Маскүнемдікпен күресудің негізгі жолы – дене шынықтыру. Дене жаттықтаруымен айналысу – адамның ағзадағы қан айналуын және ой қабілетін арттырады, шаршатпайды.

Сабақты химия пәні мұғалімі қорытындылады.



«маскүнемдікпен күрес – күн талабы» конференция сабағы органикалық химиядағы үлкен «Спирттер» тарауын қорытындылап, қайталаумен қатар бүгінгі күннің ең негізгі мәселелеріне жауап берді.

Жастар, жас өспірімдер бос уақытын арақ ішіп, темекі шегумен өткізсе, білім алуға құштар болмаса, кітап оқымаса, театрға бармаса, тек дүние тапқанды ғана мақсат көрсе, «республиканың келешегі кімнің қолында?» деген проблемалық ащы сауал туады. Мұндай тәрбиелік мәні бар сабақтар, кештер жас өспірімнің бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етумен қатар, олардың салауатты өмір салты туралы көзқарасын кеңейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет