Маќта-маталар ќасиеттерін зерттеу жєне оларды жетілдіру



жүктеу 63.97 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі63.97 Kb.
түріБағдарламасы



МАҚТА-МАТАЛАР ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Баданов К.И., Касымова Г.А., Баданова Р.Р.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


Текстильді кластерді жасау Қазақстан стратегиялық дамуының бағдарламасына кіреді. Республикамызда текстильді бұйымдардың кластерін табысты дамыту үшін мақта талшығы бойынша меншікті қоры бар. Қазақстанда өндірілетін мақта құны, сапасы және тұтынушылық сипаттамалары бойынша, мысырлық, үнділік, пакистандық, қытайлық мақталарды айтпағанда, өзбек және түркімендік мақталарынан да әлдеқайда төмен. Қазақстанда шығарылатын мақтаның сапасы мен тұтынушылық қасиеті Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілетін болғандықтан, осы өлкенің табиғат жағдайымен анықталады. Әлемдік ғылыми-техникалық мәлімдеме және ғылыми өңдеу арқылы мақта-матаның әртүрлі стадияда өңделу ғылыми негізделген технологиясын және белгіленген қасиетімен жаңа материалдарды алуды ұсынуға болады.

Мақта-матаны өңдеу технологиялық процесін оңтайландыру – Қазақстан текстильді кластерін болашақта дамытудың актуальді мәселесі болып табылады.

Дамыған елдер арасында өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-да текстильді шикізатты өңдеудің жаңа технологиясын жасау және дайын текстильді бұйымдарды шығару, текстиль өндірісі үнемді және таза технологиямен өндіріледі. Жаңа текстильді материалдарды жасау – жоғары сапаны қамтамасыз ету және халықаралық ISO және еуропалық EN нормаларына сәйкес, экологиялық қауіпсіздік Eco-Label (Oeko-Tex) талаптарына сәйкес орындайды. Қазақстанның БӘҰ құрамына енуі және өндірісі дамыған елдердің жаһандануына байланысты шығарылатын өнімнің жалпы әлемдік сапа нормасын сақтаудың маңызы өте зор.

Пектолитті, целлюлитті, липолитті ферменттер әсерімен ферментті гидролиз кинетикасын зерттеу негізінде және олардың композициялары арқылы мақтаны ағартудың технологиялық сызбасын жасауға болады, ол үшін ферментті өңдеу операциясын қосады және жоғары сапалы гигроскоптық өнім алуды қамтамасыз етеді. Жоғары температуралы сілтілі қайнатусыз ферментті-тотығын өңдеу стадиялық технологиясы бойынша мақтаны ағарту, жабысқан комплексті құрамсыз талшықты алуға және дәстүрлі технологиямен жасалған талшықтан асып түсетін талшық алуға мүмкіндік береді [1].

Текстильді материалдарды өңдеу технологиясында ферменттерді қолдану келесідей мәселелерді шешуге септігін тигізеді:

1) процесстерді жеңілдетілген жағдайда өткізу;

2) экологиялық жағдайды жақсарту;

3)текстильді материалдың сапасын жақсартуда алдыңғы мүмкін емес тұтынушылық әсерін алу;

Әдебиеттегі берілген мәліметтерге сүйенсек, целлюлазаның өзін немесе пектиназа мен целлюлаза қоспасын пайдалану арқылы целлюлозды материалдарды биоқайнату процесінде мақта-матаның капиллярлығы ұлғаяды .

Табиғи талшықтар қоспасын (мақта, зығыр) химиялық қоспамен (вискозды, полиэфирлі) өңдеу кезінде ферментті қайнату артықшылыққа ие болады [1].

Маталардың сәнді ассортименті текстильді өндіріс мамандарымен маталардың әртүрін жобалау мен зерттеу жүргізілген тәжірибелер анализі негізінде жоспарланады. Мамандардың айтуы бойынша, маталардың сәні анықталған, тұрақты механизм бойынша негізделеді, олардың ең бастылары: көркем безендірілуі, мата беттігінің құрылымы. Бұл мәліметтер текстильді өндірісте мата ассортиментін ұзақ уақыт жоспарлануына негіз бола алады. Белгілі болғандай кейде сән бізге тосынсый дайындайды, бұл тосынсый мамандардың назарынан тыс қалмау керек. Текстильді өнеркәсібі алдыңда көптеген тапсырмалар тұр: үнемі өсіп жатқан халықтың және өнеркәсіптің текстильді бұйымдарға деген сұранысын қанағаттандыру үшін табиғи және химиялық шикізаттардың қасиетін пайдалана отырып, жаңа өндіріс технологиясын құру қажет. Ол текстильді материалдардың құнын төмендетуге септігін тигізеді.

Дайын маталарды шығару үшін жартылай фабрикат немесе шикізат ретінде cұр маталарды қолданады, ол әртүрлі жүйелі тоқыма станогын қолдану арқылы тоқыма өндірісінде жасалады. Соңғы уақытта, сұр маталарды шығару үшін жоғары өнімді тоқыма станоктары кеңінен қолданыс тапты, оларда жіпті дәлдеу кезінде иілгіш рапир (АТПР станогы), қысымды ауа ағыны (П типті станок), микроқалауыштар (СТБ станок) көмегімен салынады. Тоқыма өндірісін техникалық қайта жарақтандыру нәтижесінде ескі алыпсатарлық механикалық станоктар ауыстырылды және АТ типті алыпсатарлық автоматты станоктар азайтылды [3].

Қиылған жиекті сұр маталарды өңдеуде мата орамасы тегіс жатпағандықтан жиегінің созылуы байқалады. Сол себепті өңдеуде, отпен шарпу, мерсеризация және баспа машиналарында өрнек басу кезінде қиындық туғызады. Барлық сұр маталарды келесідей көрсеткіштер бойынша бөледі: иіру жібінің сызықтық тығыздығы (текс) және оның негізі және арқауы бойынша талшықтық құрамы; негізі және арқауы бойынша жіп тығыздығы (10 см-ге жіп саны); матаның беттік тығыздығы (г/м²); мата ені (см); мата жолағының үзілу жүктемесі 50х200мм (Н); айқаспа түрі. Физика-механикалық қасиеті көрсеткіштерінің нормалары нормативті-техникалық құжаттамаға енгізеді: техникалық шарттар (ТР) немесе мемлекеттік стандарт (МЕСТ), осы бойынша дайын және сұр маталар шығарылады [3].

Мата өндірісінде олардың аталуы және оларға қойылатын талаптарға сәйкес жіптің келесі түрлері қолданылуы мүмкін: бір жіпті, 2 есе ширатылған және одан көп (4ке дейін), мақта маталы, полиэфир қосылған мақта, капрон қосылған мақта, сиблон қосылған мақта, вискоз қосылған мақта жіптер және т.б. Сұр мата өндірісінде қолданылатын иірілген жіптердің ерекшелігі: иіру өндірісінде дайындау тәсілі бойынша – сақиналы иірім жіп, пневмеханикалық тәсілі бойынша дайындалған иірім жіп; түту түрі бойынша – кардты және тарақты. Техникалық шартпен мемлекеттік стандартта иірілген жіпке және матаға сызықтық тығыздығы, қоспа компоненттерінің пайыздық құрамы, дайындау тәсілдері көрсетіледі. Өңделген және техникалық шарттар бекітілгеннен кейін әрбір мата түріне көтерме және бөлшектік бағасына артикул номеры белгіленеді. Сұр маталарды тоқыма станоктарында өңдейтін айқаспаның бірнеше түрі бар: кенептік, саржалы, сәтенді және күрделі. Көбінесе мақта- маталарды кенептік айқаспамен өңдейді, сәтенді және саржалы айқаспамен аз өңдейді. Күрделі айқаспа негізінен көйлекті өңдегенде, сонымен қатар, басқа маталарды өңдеуде қолданады. Барлық қатты маталар көптеген көрсеткіштермен бөлінеді. Матаның қасиетіне талшық және оның беттігі әсер етеді [3].

Текстильді талшықтардың беттік морфологиясын зерттеуге көптеген жұмыстар арналған. Бірақ анықталған жалпы материал жүйеге келтірілмеген. Бояу және өрнек басу процестерінде талшықтардың қозғалуына сыртқы бет әсері бойынша мәліметтері бар жұмыстар әдебиеттерде жоқ.Талшықтар бетінің морфологиясы өңдеу өндірісінің әртүрлі операцияларында олардың жүргізу шарттарына байланысты маңызды өзгеруі мүмкін. Табиғи талшықтардың сыртқы бет көлемі олардың морфологиясына тәуелді.

Зерттеу үшін Шымкент қ. «Меланж»АҚ шығарған сұр мақта- мата және «Мадаполам» арт. 274 мақта- матасы қолданылды.

Мадаполам іш-киімдік маталар тобына жатады, ол төсек ақжайманы тігу үшін арналған.
Кесте 1

Маталар сипаттамасы




Көрсеткіштер атауы

«Мадаполам» арт. 274 мақта-маталы мата

Негізі

Арқауы

Ені, см

145

Суда ісіп-кебуі, %

45-50

10 жуу кейін отыру, %

2,5

Сызықтық тығыздығы, текс

29

36

Талшықты құрамы

МТ

МТ

Ажырау жүктемесі, сН/текс

28

22,5

Технологиялық ерітінділердің әртүрлі әсерінен кейінгі мата талшықтың өзгерісін зерттеуге тәжірибелер жүргізілді. Жұмыстар М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің наноинженерлік әдістерді зерттеу зертханасында өткізілді. Зерттеу обьектісі ретінде шлихталау, сілтілі қайнату және ағартудан өткен мақта-матасы алынды. 1 – суретте сканерлеуші электронды микроскоппен алынған талшық бетінің микротүсірілімі көрсетілген.

Микротүсірілімде көрсетілгендей, талшықтың бетінен технологиялық қоспа (шлихта) біртіндеп жойылып, ағарту процесінде талшықтың бетін жалаңаштап, шлихтансыздырылып жатыр. Сонымен, талшықтың бояғыш ерітінділерге қол жетімділігі жеңілдетіледі..Талшықтың формасын цилиндрлі формасына талпыну кезінде сорбциялық қабілеті жоғары болады.

бастапқы шлихтансыздырылған қайнатылған ағартылған


Сурет 1. Технологиялық ерітінділерде өңдеуден кейінгі талшық бетінің микросуреттері
Қосымша әрекет немесе химматериалдарды пайдаланғанда, талшықтың ішкі көлемін және талшықтың сорбциялы қасиетін ұлғайта аламыз, мысалға бояғыштар. Электронды сканерлеуші микроскопты қолдану арқылы талшық бетінің өзгерісін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар, оның көлденең қимасы арқылы формасын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен, бояуға дайындауда талшық бетінің өзгерісі, ішкі көлем формасының өзгеруі талшықтың сорбциялық қасиетін өзгертуге қол жеткізуге болады. Ол бояу процесінде өте маңызды.

Әдебиет


  1. 13. Сафонов В.В. Интенсификация химико-текстильных процессов отделочного производства. Уч. пособие. –М.,МГТУ им.А.Н. Косыгина, 2006. -405с.

  2. Сафонов В.В. Облагораживание текстильных материалов. –М., 1991.287 с.

  3. Отделка хлопчатобумажных тканей. В 2 ч. Ч.1 технология и ассортимент хлопчатобумажных тканей: Справочник. Под ред. Б.Н. Мельникова. М.: Легпромбытиздат, 1991.-432 с.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2013 II
konf 2013 II -> Cырдария ¤зені алабындаѓы к¤ксарай контрреттегіші
konf 2013 II -> «теріс-ащыб¦ЛАЌ» су ќоймасыныњ су тастаѓыш ќ¦рылымын
konf 2013 II -> Виртуалды жеке желілердіњ жіктелуі
konf 2013 II -> Талас алабы ¤зендерініњ суын егістікке пайдалануды
konf 2013 II -> Инерциялыќ энергетикалыќ ЌондырѓЫ Ќ¦ру мєселесі
konf 2013 II -> Ш¤лейтті-далалы жайылым жаѓдайында ¤сірілетін ќ¦йрыќты ќойлардыњ жас айырмашылыќтарына байланысты
konf 2013 II -> Ќазіргі жол ќ¦рылыс ж¦мысшыларына арналѓан арнайы
konf 2013 II -> Авток¤лік ќ¦ралдарыныњ Ќала экологиясына єсері
konf 2013 II -> ¦лттыќ таѓам «наурыз к¤ЖЕ»
konf 2013 II -> Айќынсыз жиындар негізінде студенттердіњ білім сапасын


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет