Математика 1 сынып



жүктеу 49.5 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі49.5 Kb.
түріСабақ

С.Серіков атындағы орта мектеп

А Ш Ы Қ С А Б А Қ.


1-А сынып.

Сабақтың тақырыбы: «9» санын қосу, азайту


Өткізуші: Нұрбала Жанар Жағыпарқызы.

2015 – 2016 оқу жылы.



Математика 1 – сынып
Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 1) 9 санының қосу және азайту кестесі туралы түсінік

беру арқылы есеп шығаруға үйрету.

2) Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

3) Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.



Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілектер, баяндау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: Сарайлардың тапсырмалары, қима қағаздар, аңдар, «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері.

Сабақтаң барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Екі күннің суреті ілініп тұрады.


  1. Ашық күн. 2)Бұлт басқан күн.

Балаларға таңдату. Неге?

Өлең айту: Қуан, шаттан.

Қуан, шаттан.

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы таң!

Күліп шықты, күн бүгін!

Хормен:


Бір, екі, үш.

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз.

Бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр.

1)«Ғажайып қалаға» саяхатқа шығамыз.

Қалаға кіру үшін өткен тапсырмаларды қайталап шығайық. Біз қазір сөз есептер шығаруды үйреніп жатырмыз. Есеп туралы не білеміз?

2)Ауызша есептерді шығарайық.

1.Ұяда 9 балапан отырды. 5 балапан ұшып кетті. Неше балапан қалды?

9 – 5=4


2.Себетте 5 алма және 9 алмұрт бар. Барлығы неше жеміс бар?

5+4=9




3)8 санын қосу, азайту. Құрамын қайталау.

+8 = 9 9 – 8 = 1 Жеті мен сегіздің.






+8 = 1 10 – 8= 2


2. «Білім сарайына» бару үшін сөзжұмбақ шешейік.




т

ө

р

т




т

о

н









а

ғ

а




с

ы

з

ғ

ы

ш

а

з

а

й

т

у
1.Үштен кейін тұратын сан.

2.Қыста киетін киім.

3.Өзіңнен үлкен ұл бала кім болады?

4.Сызуға арналған құрал.

5. Қосуға кері амал.

Жаңа сабақ. Түсіндіру.

9 санын қосу және азайту.








+ 9 - 9 = 1

1 + 9 = 10 10 – 9 =
Оқулықпен жұмыс. №2

Дәптермен жұмыс. Аққу - 7

Қарақулар - ? 2 кем

7 – 2 = 5


2)Экология сарайы – Аңдарды қорғау

№3 есеп. Тақтада есептеп жазу (бір-бірден)



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

+ 5


1

2

3

4

5

5

6

7

8

9

+ 4


3)Спорт сарайы – Сергіту сәті.

Математикалық есептерді шешейік.


1.Аулада бес үйрек

Қорада үш үйрек

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? ( 6 үйрек)
2.Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (2 алма)


4)Ертегілер сарайы.

Ертегі кейіпкерлері тұрады екен.

Қай ертегінің кейіпкері? –

Түлкінің тапсырмасы - сұрақтар қою.



  1. 1 аптада неше күн бар - ? – 7 күн.

  2. Балалар білім алатын орын – Мектеп.

  3. Аптаның 5 күні – Жұма.

  4. Үш бұрышы 3 қабырғасы бар фигура –

  5. Бағдаршамның қай көзі жанғанда жүресің ? – жасыл.

6)Бауырсақ маған оқулықтағы №5 тапсырманы орындауға көмектесесіңдерме?


Сабақты қорытындылау: 9 санына қандай санды қосып, азайтуға болады?

Үйге тапсырма: №4 есеп. 3, 4 баған 137 бет.


Оқушыларды бағалау.

Сабақты талдау.
Сабақтың тақырыбы: «9» санын қосу, азайту» бойынша сабағымыздағы мақсатым, сандарды 9-ға қосу, азайтудың кестесін үйрету болатын. Сабақты саяхат сабақ ретінде өткіздім. «Ғажайып қаладағы» әртүрлі сарайлардағы тапсырмаларды орындай отырып, балалар белсене қатысып отырды. Сабақта өтілген тапсырмаларға да тоқталып кеттім. «Тоғыз» санына байланысты сөзжұмбақ шешілді. Ауызша есептер шығарылды. Сабақта есеп шығару жолын қайталатып, есептер шығарттым. Қосу азайту компоненттерін қайталату арқылы өрнектер шығарту арқылы өрнектер шығардық. Ауызша есептер мен сұрақтарға балалар белсене қатысып отырды. Тапсырмалар кеспе сызбалар түрінде берілді. Сарайлардың түрлері де суреттермен беріліп отырды. Сабақ барысында көптеген жұмыстар жасап, өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушыларда сабаққа жақсы көңіл күймен қатысып, 5 оқушы – «5» деген баға алды. Оқушыларға берілген тапсырмалар қиындық туғызған жоқ, қиналмай жауап беріп отырды. Сабақ уақытымен басталып, уақытында аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет