Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Қаратал ауылының маңында газ құбыры өртенді. 20 градустық аязда 200-ге жуық үй газсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің айтуынша, газ құбырындағы өрт 17:15-те басталды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді. Қараталға баратын газ құбырын өшірген соң өрт сөндірілді.

  • Ақтөбеде мектептегі еден жуушының жұмыстан қуылғанын жазған журналисті соттамақ
  • Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жіберді (видео)

"Ойыл газ мекемесінің қызметкерлері тұрғындарға газ беруді қалпына келтіріп жатыр", – деп хабарлады әкімдік.

Қараталда 1182 адам тұрады. Шенеуніктердің айтуынша, ауылдағы әлеуметтік нысандар жылуды жарықтан алады.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.