Математикалыќ кеш



жүктеу 40.46 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі40.46 Kb.

Тақырыбы: «Жан-жақтылық – ең қымбат құндылық» атты білім сайысы

«Біле бер қанша білсең – тағы тіле, жетерсің мақсатына біле, біле»

Ж. Баласағұн.

Сыныптан тыс уақытта ойын түрінде өткізілетін білім сайысы оқушылардың білімін шыңдап, пәнге деген қызығушылығын оятады. Осы мақсатта математикадан білім сайысын өткізгелі отырмын.



Көрнекілігі: Тақтада тақырыбы әдемі етіп жазылды, әрбір сайыс кезеңдері слайдтар арқылы көрсетіледі. Әр сайыстың арасында логикалық және қызықты есептерден тапсырмалар беріледі.

Ойынға қатысушы топтар:



Болашақ:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

Асыл тас:

Асыл тастан шығады ұранымыз

Мектептің көкке шырқар қыранымыз.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сайыстың мақсаты мен, оның өткізілу түрімен ойын шарттарымен, ойынға қатысушылармен таныстыру.

І сайыс «Иә» не «жоқ»

«Иә» десең белгіні көтересің, «жоқ» десең көтермейсің. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.

1) жолдың формуласы ма? (иә).

2) Заттар үш күйде бола ала ма? (иә).

3) Қарама-қарсы сандардың қосындысы 1-ге тең болады (жоқ).

4) Өзара кері сандардың көбейтіндісі 0-ге тең болады? (жоқ).

5) Санды нөлге бөлуге болмайды? (иә).

6) Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады (иә).

7) Тарихтың атасы Геродот (иә).

8) Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит – Солтүстік мұзды мұхиты (жоқ). Тынық

9) Нәрселерді санауда қолданылатын сандар – ол бүтін сандар (жоқ). Натурал сан.

10) 369 саны 5-ке бөлінеді (жоқ).

11) Жердің су қабатын гидросфера деп атайды (иә).

12) 640 саны 3-ке бөлінеді (жоқ).


ІІ сайыс «Эрудиттер сайысы»

І топ сұрақтары:

1) ҚР мемлекеттік туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков).

2) Сөз және оның мағынасын зерттейтін сала (лексика).

3) Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді (диаметр).

4) «Юлиан күнтізбесін» кім жасады? (Юлий Цезарь).

5) Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? (Жер).

6) Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек).

7) Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус).

8) 1 сағатта неше секунд бар? 1 сағ – 60 мин 1 мин – 60 с (3600 с).

9) Грек сөзінен аударғанда «Хат жазуға арналған папирус парағы» деген мағынаны білдіретін не? (карта).

10) ежелгі тас дәуірі қалай аталады? (палеолит).

11) Жердің күнді 1 рет айналып шығуына кететін уақыт (жыл).

12) Адамзаттың өткен тарихын заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым (археология).

13) Ең шағын материк. (Аустралия).

14) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл).

15) Жердің ауа қабаты қалай аталады? (атмосфера).

16) Ең кішкентай құс (Колибри).

17) Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден).

18) Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? (Ньютон).

19) Екі қатынастың теңсіздігі (пропорция).

20) Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі. (ғасыр).
ІІ топқа арналған сұрақтар:

1) ҚР жаңа Әнұраны қай жылдан бастап айтылып жүр? (2006).

2) Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала (фонетика).

3) Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар. (құрама сандар).

4) Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым (аксиома).

5) Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (бір).

6) 111 саны 3-ке бөліне ме? (иә).

7) Халықтардың әдеп-ғұрып, салт-санасының дамуын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылым (этнография).

8) Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр).

9) Материктің ішіндегі тұйық сулы өлке (көл).

10) Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир).

11) Шөлге төзімді жануар (түйе).

12) Жердің тіршілік қабаты (биосфера).

13) Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы (принтер).

14) Белгілі жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер (диалект сөздер).

15) ке кері сан ()

16) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек).

17) Гипотенузасының квадратын оның катеттерінің квадраттарының қосындысына тең (Пифагор теоремасы).

18) Жазыңқы бұрыштан кіші, тік бұрыштан үлкен бұрыш қалай аталады? (доғал бұрыш).

19) Табиғи жарық көзі (Күн).

20) Кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін зерттейтін бөлім қалай аталады?

(стереометрия).


ІІІ сайыс «Ойымды жалғастыр»

1) Білекті бірді жығар ... (білімді мыңды жығар).

2) Бір елі ауызға... (екі ел қақпақ).

3) Жүз теңгең болғанша... (жүз досың болсын).

4) Отыз тістен шыққан сөз... (отыз рулы елге тарайды).

5) Бір кісі қазған құдықтан... (мың кісі су ішеді).

6) Жеті жұрттың тілін біл... (жеті түрлі білім іл).

7) Екі жақсы қас болмас... (екі жаман дос болмас).

8) Білгенің бір тоғыз, ... (білмегенің тоқсан тоғыз).

9) Досыңды 3 күн сынама... (3 жыл сына).

10) Жігітке 7 өнер де аз, (70 өнер көп емес).

11) Екі қолға... (бір күрек).

12) Төртеу түгел болса, ...(төбедегі келеді).

Алтау ала болса, ... (ауыздағы кетеді).

13) Жаман қойшы жайлауын, ...(бір күн жейді)

Жақсы қойшы жайлауын, ...(мың күн жейді).

14) Он пәленің,... (тоғызы тілден).

15) Ер жігіттің екі сөйлегені... (өлгені),

Еменнің иілгені.... (сынғаны).

16) Ер қаруы... (бес қару).

17) Жеті атасын білген ұл, ... (жеті рулы елді біледі).

18) Сөздің басы бір пышақ, ... (аяғы бір құшақ).

19) Малдан малдың несі артық,... (бір ақ асым еті артық).

Ерден ердің несі артық,... (бір ауыз әділ сөзі артық).

20) Жеті атасын білген ұл,.. (жеті елдің қамын жер).

Өзін ғана білген ұл,... (құлағы мен жағын жер).


IV сайыс «Кім көп формула біледі?»

(Әр топқа «А-4» беріледі, оқушылар формула жазады).



Қорытынды: Әділ-қазы алқасы сайыстың қорытындысын шығарды. Қатысқан оқушыларға сыйлықтар берілді.
Каталог: uploads -> doc -> 0521
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0521 -> География туризма
0521 -> Қаратөбе мектеп – гимназиясы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет