Материалдық ҚҰндылықтарды есепке алу секторының есепшісіне арналған қызметтік нұСҚаулық



жүктеу 71.22 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі71.22 Kb.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

"БЕКІТЕМІН"

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры



Т.З. Рысбеков

08.09.2005 ж.




МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ СЕКТОРЫНЫҢ ЕСЕПШІСІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЛЫҚ

Орал, 2005


5 беттің 2-сі
АҚПАРАТТЫҚ МӘЛІМЕТТЕР:
1. Дайындалды: 02.09.2005 ж. Әділова А.Ш.

2. 13.10.2004 ж. құжаттың орнына енгізілді



  1. Енгізілген уақыты: 15.09.2005

15.09.2011 Бактыгереева У.Г. (қолы)

4. Қайта қаралды: 15.09.2008

5. Өзгертулер:




Енгізілген уақыты

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1

12.09.2007 ж.

Бактыгереева У.Г.




2

01.04.2008 ж.

Бактыгереева У.Г.




3

18.09.2008 ж.

Бактыгереева У.Г.




4

20.01.2010 ж.

Бактыгереева У.Г.




5









5 беттің 3-сі




Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолданылу саласы
  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттіліктері


  5. Сипаттаулар

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер

5 беттің 4-сі



1 МАҚСАТ
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіна, жұмыстар мен жұмысшы мамандықтарының Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, материалдық құндылықтарды есепке алу секторының есепшісі бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатындағы қызметшілердің қызметтерінің Біліктілік анықтамалығына сәйкес дайындалған.

(Өзгертілген редакция, №1 Өзг.)
2 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2.1 Осы нұсқаулық БҚМУ-нің материалдық құндылықтарды есепке алу секторының есепшісі үшін жарамды.


3. ТЕРМИНДЕР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
3.1 Осы нұсқаулықта пайдаланылған қызметтік нұсқаулықтардағы терминдер мен анықтамалар СТ ҚР 9000-2007 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандартына сәйкес келеді. (Өзгертілген редакция, № 2 Өзг.), (Өзгертілген редакция, №3 Өзг.)

3.2 Қолданылған қысқартулар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ  әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.



4. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ
4.1. Материалдық құндылықтарды есепке алу секторының есепшісі жауапты:

4.1.1. 122,123,124,125,125/1,206,208 шоттары бойынша негізгі қорлар есебін жүргізуге;

4.1.2 құжаттарға сәйкес кіріс пен шығыс мәліметтерін компьютерге енгізуге (тауар құжаттары, қабылдау- жіберу актілері, негізгі қорларды тізімнен шығару актілері)

4.1.3 негізгі қорды тізімнен шығару актісін ресімдеуге және өзара келісу үшін оны білім Министірлігіне, БҚО мемлекеттік мүліктің жекешелендірудің аймақтық комитетіне жіберуге;

4.1.4 ай сайын негізгі қорға амортизация аударуға;

4.1.5 ай сайын № 10,12 журнал- орделерін толтыруға;

4.1.6 актіге сәйкес негізгі қорлардың тізімнен шығарылуына және ішкі ауыстырылымдарға;

4.1.7 компьютердегі шоттар бойынша қалдықтарды бас кітаппен салыстыруға;

4.1.8 компьютерге сальдолық пен айналым ведомостісін енгізуге және инвентарлық есеп карточкасын толтыруға;

4.1.9 университеттің сапа жүйесін үздіксіз жетілдіруді жүзеге асыруға;

4.1.10 СМЖ қызмет етуіне. (4.1.10 Қосымша енгізілген, №4 Өзг.)

4.2. Материалдық құндылықтарды есепке алу секторының есепшісі құқылы:122,123,124,125,125/1,206,208 шоттары бойынша негізгі қорлар есебін жүргізуге; құжаттарға сәйкес кіріс пен шығыс мәліметтерін компьютерге енгізуге (тауар құжаттары, қабылдау- жіберу актілері, негізгі қорларды тізімнен шығару актілері); негізгі қорды тізімнен шығару актісін ресімдеуге және өзара келісу үшін оны білім Министірлігіне, БҚО мемлекеттік мүліктің жекешелендірудің аймақтық комитетіне жіберуге; ай сайын негізгі қорға амортизация аударуға; ай сайын № 10,12 журнал- орделерін толтыруға;

4.2.1 СМЖ түзетуші және сақтандырушы шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысуға; (4.2.1 Қосымша енгізілген, №4 Өзг.)
5 беттің 5-сі
актіге сәйкес негізгі қорлардың тізімнен шығарылуына және ішкі қозғалысына қатынасуға; компьютердегі шоттар бойынша қалдықтарды бас кітаппен салыстыруға; компьютерге сальдолық пен айналым ведомостісін енгізуге және инвентарлық есеп карточкасын толтыруға; университеттің сапа жүйесін үздіксіз жетілдіруді жүзеге асыруға.


  1. Сипаттаулар




    1. Бағыныстылығы

      1. Материалдық құндылықтарды есепке алу секторының есепшісін БҚМУ-нің ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.

5.1.2 Материалдық құндылықтарды есепке алу секторының есепшісі тікелей бас есепшіге бағынады және өз жұмысында соның нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

5.2 Материалдық құндылықтарды есепке алу секторының есепшісі болмаған кезінде оның жұмысын осы сектордың басқа бір есепшісі жүзеге асырады.

5.3. Материалдық құндылықтарды есепке алу секторының есепшісі білуі тиіс: өндірістік–шаруашылық және қаржы–экономикалық қызметті реттейтін ҚР іс жүзіндегі және құқықтық нормативтік актілерін; ҚР салық заңнамасын; Қазақстан Республикасының салық салуға қатысты әдістемелік материалдарды; мүліктерге бухгалтерлік есеп жүргізуді, міндеттер мен шаруашылық операцияларды ұйымдастыру және есебін құру бойынша әдістемелік материалдарды; құжатты ресімдеу тәртібін және бухгалтерлік есептегі негізгі қаржылардың, тауар-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаржылардың қозғалуына сәйкес операциялардың шотын көрсетуін.

5.4. Біліктілік талаптары:

5.4.1. Материалдық құндылықтарды есепке алу секторының есепшісі жоғары кәсіби (қаржылық, экономикалық) білімі және орташа кәсіби (қаржылық, экономикалық) білімі болуы тиіс. (Өзгертілген редакция, №1 Өзг.)

5.5 Атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестаттау.

5.5.1 Материалдық құндылықтарды есепке алу секторының есепшісі БҚМУ қызметкерлеріне аттестаттау жүргізу Ережелеріне сәйкес аттестаттаудан өтеді.


  1. ЖАЗБАЛАР

-
7. ДӘЙЕКТЕМЕЛЕР
7.1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

7.2 БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері;

7.3 Жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

7.4 Біліктілік анықтамалығын пайдалану жөніндегі қызметшілер лауазымы;

Бухгалтерлік есептің стандарттары; Бухгалтерлік есеп туралы Заңы; Қазақстан Республикасының «Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу туралы» Кодексі;

7.5 М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексі.



(Өзгертілген редакция, №1 Өзг.)

«КЕЛІСІЛДІ»

Инновациялық жұмыс жөніндегі проректор

____________С.С.Жұбатырова



04.09.2007 ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет