Ил-76 әскери ұшағы жоспарлы ұшу кезінде Белгород маңында апатқа ұшырады. Мұндай деректі журналистерге Ресей Қорғаныс министрлігі мәлім етті. 

Қорғаныс ведомствосының сөзінше, ұшақ бортында алты экипаж мүшесі мен Украина Қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 сарбазы мен оларды алып жүрушілер болған. Олар тұтқын алмасу үшін ұшып бара жатқан. 

Қазіргі уақытта төтенше жағдай болған орынға әуе-ғарыштық күштер комиссиясы жіберілді. Министрлік әзірге басқа ақпарат таратпады. 

Апат туралы ақпарат 24 қаңтарда тараған. Оқиға Корочанск ауданында орын алды. Белгород губернаторы Вячеслав Гладков өз кезегінде Корочанск ауданына аттанғанын жеткізді. Сонымен қатар апат орнында құтқарушылар мен тергеушілер жұмыс істеп жатқанын айтты. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.