Мазмұны I. Кіріспе бөлім



жүктеу 159.46 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі159.46 Kb.


Қарағанды қаласының білім бөлімі

Әдістемелік кабинет



«Ақылды саусақтар»

Кіші және орта жастағы балаларына

арналған практикалық құрал

Қарағанды 2014 жыл


Мазмұны
I. Кіріспе бөлім.

I. Бала тілінің дамуына эсер ететін жетекші фактор - ойын.


II. Негізгі бөлім.

1. ¥сақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру.

2. Саусақ ойын - жаттығулары.

2.1 Екінші кіші топ балаларына арналған саусақ жаттығулары

2.2 Орта топ балаларына арналған саусақ жаттығулары

III. Қорытынды бөлім.

1. Бала саусағын ойната отырып, тілін дамытайық.

2. Пайдаланылған эдебиеттер

Рецензент Білім беру бөлімінің әдіскері Кожахметова Н.К.


Автор: қазақ тілі мұғалімі Абдрахманова Г.Ж.

Редакторлар: Гарифуллина Р.Х. - «Балақай» б\б директоры

Хусайнова Қ.А. - «Балақай» б\б әдіскері

Грабова В.П. - «Балақай» б\б әдіскері



Кіріспе бөлімі.
Балабақшадағы оқыту- тэрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан эрі күнделікті іс- эрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-тіл, дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жүмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін жэне пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі қүбылыстар жайындағы үтым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту; -жаңа сөздерді меңгерту;

-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді тэрбиеші үнемі сөздік жүмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нэрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бэрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген қүштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- қүлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті эңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық эрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез- қүлық эдептерін бекітуіне эсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мэдениетіне тэрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.

Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім эрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке қүрбыларының іс- эрекетін бағалай, қүрметтей, өз ісінің дүрыстығын дэлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нэрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Үрпақтан үрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен қүбылыстарды, жан- жануарларды, қүстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері эрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нэзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмьтсын жүйелі жүргізуді қалайды.
II. Негізгі бөлім.

Үсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дүрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне эсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста жэне мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту жэне қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.


¥сақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Үсақ моторикаға эсер ете жэне оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата - аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап коюды да үмытпауы керек. ¥сақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мэжбүрлеуге болмайды. Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата - аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бэрі не үшін керек?

Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тэрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осы дан 20 жыл бүрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина. Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір акау бар екендігі аныкталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында акау болса, онда бүл ұсақ моториканың мәселесі.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бүл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4-5 жастағы бал ада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, жэне 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінэлі емес. Өкінішке қарай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бүл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.

Кішкентай ғана сэбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- элемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дэл жэне нақтьт болса, оның элемді ақылмен тануы да терең бола түспек.

Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын - жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Үсақ моториканы дамыту эдістемесі мүндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап
отырып, оған былай деңіз: «Саусақ -бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім», Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.

Бір жастан асқан балалар үшін - саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бүл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

Пассивті жаттығу - ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көпгу ұсынылады. Оның деңгейі баланың үсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендіпмеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды эрекеттер саусақ үшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық эуен қоюға да болады.
2.1 Екінші кіші топ балаларына арналарған саусақ жаттығулары
Үйшік


«Үйшік тұр орманда

Әдемі үйшік, кара!»



Көзілдірік

«Әже көзілдірік киді,

Әже маған қарады»

Қайық және пароход


«Өзенмен қайық жүзеді

Біздерге қайық келеді»



Орындық

«Төрт аяғы бар,

Отыратын жері бар»

Үстел


«Үстелде ішеміз шайды

Шақырамыз достарды»



Тырнауыш

«Жапырақтар ағаштан жерге қалың түседі

Біздерге тырнауыштар көмекке келеді»

Шынжыр


«Саусақтармен шынжырды

Біз жасаймыз көңілді»


Торғайдің үйшігі


«Торғай тұрады үйшікте

Шырылдайды біздерге»
Шарик


«Пятачок допты үреді

Доп үлкен болып өседі»

Себет

«Саңырауқұлақты теремін

Себетке мен саламын»


Қоңырау

«Қоңырау сыңғырлайды

Бақшаға шақырады»


Күшік

«Үреді үйшікте

Аулада күшіктер»

Мысық


«Мысықтың құлағы өте жақсы естиді

Бірақ тышқанды ол жемейді»


Тышқан

«Сұр тышқан бұрышта

Тығылды мысықтан»


Қоян


«Қоян отыр қорқақтап

Құлақтары жыбырлап»




Қорқақ қоян

«Інде қоян тыңылды

Құлағын шығарып қойды»


Қоян мен барабан

«Барабанмен ойнайды

Қоян өте ақылды»

Ешкі

«Ешкі мүйізін көрсетті

Ешкіден бәрі қорқты»

Қаз

«Қаңқылдайды қаз

Қазға бәрі мәз»

Әтеш

«Әтеш шықты ортаға

Ән салды балаларға»


Тауық

«Жұмыртқа бізге тапты

Тауық өте ақылды»



Аралар


«Аралар гүлге қонды

Ара балды жинады»


Қоңыз

«Қоңыз қонаққа келді

Бізбен бірге биледі»

Құлып

«Құлыптадық есікті

Жібермейміз ешкімді»
Піл


«Зообақта піл тұрады

Біз келсек ол қуанады»

Құс


«Көгершін ұшып келді

Қанатын ол көрсетті»
Үкі

«Үкі орманда тұрады

Орманға ол шақырады»

Қасқыр мен түлкі

«Қасқыр менен түлкі

Орманда тұрады»

Жылқы


«Жылқы басын көтерді

Шөпті менен сұрады»



Жапырақтар

«Жапырақтар өседі

Күзде жерге түседі»


Қолтырауын

«Біздің дос қолтырауын

Зообақта тұрады»

2.2 Ортаңғы топ балалрына ранлған саусақ жаттығулары

1.Пианинода ойнаймыз

Әдемілеп кел отырамыз

Гамманы біз жаттаймыз

Түп-түзу біз отырамыз!
Балалар орындықта түзу отырып,

қолдарын үстелге қойып пионино

ойының келтіріп әр саусақты

жаттықтырады.
2.Бақшада біз ойнаймыз,

Жемі-жидек тереміз.

Қызанақ, шалқан, сәбіз

Өнімдерді жинаймыз.


Қолдың әр саусағын екінші қолдың

көмегіментартып, тақпақты қайталай отырып

жаттығуды жасау.
3.Саусақтарым ақылды

Жаттығулар жасайды

«Бір, екі» - деп санайды

Тағыда қайталайды.


Қолдарын үстел үстіне қойып, екі

қолдың әр саусақтарын бүгіп тақпақты

қайталап отырады.
4.Қарашы қандай қайшы,

Ол қағазды қияды.

Кезек-кезек қиямыз,

Біз қайшыға ризамыз!


Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты

«қайшы» секілді ұстап, кезек-кезек

«қиямыз»қолдарды ауыстырып.

5.Саусақтарым күресті.

-Кім күшті?, - деп сұрады.

Жүлдені кім алады?

Кім біледі жауапты?

Әр қолдың әр саусақтрын ауыстырып,

екі жаққа тартады.балық саусақтарды

тартып, «күрестіріп» болғанша

тақпақты қайталайды.

Қолдың әр саусағын санап шығып,

Жаттығуды бірнеше рет қайталау.
6.Кірпі жолмен келеді

Саңырауқұлақты тереді

Бүк саусақ

Неше саңырауқұлақ?


7.Тарс-тұрс етті, не болды?

Аспаннан жаңбыр жауды

Қатты-қатты жауады

Жауып-жауып болады!

Балалар саусақтардың үшымен үстел

үстінен тарсылдатады.Екі қолдың саусақ-

тарымен кезектеседі,2-3 рет қайталайды.
8.Неге саусақ таң қалды?

Неге бірінші болды?

Мен мұны жақсы білем

Себебі – ол ең үлкен!



Балалар екі қолдың бас бармақтарын

оңға-солға айналдырып,жаттығуду бір-

неше рет қайталайды.
9.Саусақтарым ақылды

Жаттығулар жасайды

«Бір,екі»- деп санайды

Тағыда бір қайталайды.



Қолдарын үстел үстіне қойып,екі қолдың

әр саусақтарын бүгіп тақпақты қайталап

орындайды.

10.Қай саусақ ең ақылды,

Кім қаламды ұстайды?

«Бәрі, бәрі – ақылды!»



деп жауапты береді.

Балалар қолдарын алдыларына ұстап,

Барлық саусақтарды біркелкі етіп бүгеді.

Жұдырыққа түймей орындайды.

11.Кім келді қонаққа?

Кім есікті қақты?

Аш есікті саусаққа,

Бұл келген – бас бармақ!

Балалар қолдарын үстел үстіне қойып,әр

саусақтарды атап отырып үстелді

тарсылдатып орындайды ( бас бармақ, балаң үйрек,

ортан терек, шылдыр шүмек,кішкентай

бөбек)
12.Ренжиді титтай бөбек

- Мен неге кішкентаймын?

Саусаққа көмек қажет,

Мен саусақты тартамын!


Қолдың кішкентай саусағын екінші қолдың

көмегімен тартып, тақпақты қайталап

орындайды.
13.Оң қолымда – бес саусақ! (кезекпен оң қолдың,

Сол қолымда – бес саусақ! сол қолдың саусақтары

Арлығы – он саусақ! көрсету).

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 (санау)


14.Кірпі жолмен келеді

Саңырауқұлақты тереді

Бүк саусақ

Неше саңырауқұлақ?


Қолдың әр саусағын санап шығып,

Жаттығуды бірнеше рет қайталау.
15.Тарс-тұрс етті, не болды?

Аспаннан жаңбыр жауды.

Қатты-қатты жауады,

Жауып-жауып болады!



Балалар саусақтырдың ұшымен үстел

Үстінен тарсылдатады. Екі қолдың

Саусақтарымен кезектеседі, 2-3 рет қайталайды.
Қорытынды:

Егер бала қандай бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір көрініске немесе өлеңге жаңа бір сахналау ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды. Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болу мүмкін. 4-5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.

Өз тәжірибемде тәрбиешілерге саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларда, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері үстінде үнемі пайдалануды ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл-қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.

Пайдаланылған әдебиеттер.



1. «Отбасы жэне балабақша» 2002 ж №5. (6-8 бет)
2. «Логопедия» Е.Н.Краузе (30-38 бет)
3. «Дошкольное воспитание» 2003 ж. №1 (50 бет)
4. «Дошкольное воспитание» 2000 ж. №11 (49 бет)
5. «Отбасы жэне балабакша» 2000 ж. №5 (15 бет)
6. «Отбасы жэне балабакша» 2010 ж. №5 (12 бет)


Каталог: upload -> Files -> pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Халық ауыз әдебиетімен таныстыру арқылы балалардың тілдік қызметін жетілдіру. Әдістемелік құрал. Құрастырушы
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Білім беру бағдарламасы петропавл қаласы 2016 «Жас шахматшы»
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Пікір жазғандар: Қайыржан Мақанов
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Оқу-әдістемелік құрал Қасен Гүлжазира Аманжолқызы Астана 2013 ж Алғы сөз
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Орындаған : №7 «Айша» балабақшасының меңгерушісі: Нупилова Б. Н
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы «Алпамыс» балабақшасы
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Тақырыбы: «Ғажайып түс» (Ертегіні сахналау) Тобы: «Жұлдыз» ересектер тобы Тәрбиеші: Тұяқбаева.Қ. О


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет