Мазмұны Кіріспе АҚша теориясының эволюциясы



жүктеу 403.66 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі403.66 Kb.

Мазмұны

Кіріспе

  1. АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні

1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары

1.3 Қазіргі заманғы ақша теориялары


  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОСПААРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ

    1. Алғашқы ақша реформасының мазмұны

    2. 1993 жылы ақша реформасының ерекшелігі



Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді. КСРО-да ақша реформасы екі рет — жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) алғашқы жылдары (1922-1924) және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін (1947)жүргізілді. Азамат соғысы, одан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес үкіметі Отан корғау шараларына байланысты көп шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің кемуі салдарьшан нақты акшаның айналыс қажеттілігі де азайды.Ақша реформасы айналысқа банк билеттері - червонецтерді шығаруды көздеген 1922 жылғы заңнан басталады. Червонец таза алтынның 7,74234 г., яғни ескі 10 сомдық аліын шақаға (монетаға) теңелді. Кеңес Үкіметінің Министрлер Кеңесі мен БК(б)І I Орталык Комитетінің 1947 жылғы "Ақша реформасын жүргізу және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды жою туралы " қаулысында: "Акша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл-ауқат дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетуге және кеңес мемлекетінің күш-қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі " деп көрсетілді. 1947 жылғы ақша реформасы мемлекеттің қазыналық билеттер құрылысына ешбір өзгеріс енгізген жоқ, мұнда айналыстағы басы артық ақша жойылды, жалдаптар жинаған ірі ақшаларынан айырылды және карточка жүйесі жойылғаннан кейін олардың арзандатылған бағамен тауарларды көптеп сатып алуына мүмкіндік қалдырылмады. Ақша реформасы мен карточка жүйесінің жойылуының экономикалык маңызы зор болды, шаруашылықта ақшаның мәні көтерілді, кеңес сомының кұны толығынан қалпына келді. 1961 жылы "Баға масштабын өзгерту және ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы" қаулы қабылданғаннан бастап, ескі ақша жаңа акшаға 10 сомына 1 сом есебімен айырбасталды. Төл теңгеміз дүниеге келген күні бәріміздің бөркімізді аспанға ата қуанғанымыз рас. Оған да міне, он бес жылдың жүзі болыпты. Осы орайда ұлттық валютамыздың туу тарихын еске түсіру орынды.

Курстық жұмыстың мақсаты :


  • ақша теориясының даму жолдарын жүзеге асыруға қол жеткізу;

  • ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну

Курстық жұмыстың міндеті:

  • ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілері мен өткізу қажеттіліктерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.

  • ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, мазмұннан, екі бөлімнен , қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде ақша теориясының мәні, негізгі түрлері, формалары және ақша реформасын өткізу қажеттіліктері қамтылған.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы ақша реформасының ерекшеліктері қарастырылады.



1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні

Қазақ ұлысы Жібек Жолымен керуен тартып келген саудагердің әр теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақстанның аумағында ақша дегеніміз мыңдаған жылдар бұрын пайдаланылған. Қазақстандағы ақша саудасы ғалымдардың айғақталуынша, бұрын да жүргізілген, оған сандаған мәнет шығарылымы куә болады. VII-VIII ғасырларда өз мәнеттерін орталық Сырдария мен Отырар жазирасында түрік әміршілері, ал Жетісуда түргештер мен тухсилер шығарған. IX-X ғасырларда осы аумақ Саманит империясының құрамына кіргендіктен, Қазақстанның оңтүстігіне саманиттік әміршілердің мыс фельстері пайдаланылған. Мәнет сарайлары Отырарда (Фарад) және Испиджабта жұмыс істеді. Ақша айналасында 3 түрлі дирхемдер – мүсейяби, мұхаммеди мен штрифи болды.

X ғасырдың ортасымен XIII ғасырдың бас шені – бұл қараханит мемлекетінің құрылуымен өмір сүру кезеңін қамтиды. Осы мезгілде тарихшылардың топшылауынша, қалалар қанат жайып, тауар өндірісімен сауда көлемі ұлғайған. Экономиканың өркендеуі ақша айналысында аса зор қаражат ағынын қажетсінген. Күмістің жетіспеушілігінен мәнет сарайлары дирхендерді, яғни "күмістелген" деп аталынатын беті күміспен жалатылған мыс мәнеттерін соға бастайды. Ұсақ бөлшек саудада мыс фельстерімен есептесілді.

Мыс мәнеттерін күміспен жалату және ақша айналысының құрылымы осы ғасырдың екінші жартысындада күміс дағдарысын жойған Масұтбек реформасына дейін сақталынып келді.

1271-1272 жылдары моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстан өңіріндегі наменгері Масұтбек дүйім империя бойынша еркін айналымда жүретін күміс мәнетін енгізді. Күміс шығару бойынша бірінші орында Тараз, Отырар, Кендіж қалалары болды.

XIV ғасырдың аяғында Қазақстанда Әмір Темірдің мәнеттері айналысқа қосылды. Сонымен бірге қазақ қалаларына сауда жасау үшін Бұхарадан, Самарқаннан, Тәшкен,Ақсы,Шахрұхи Хисардан әкелінген мәнеттер, негізінен мыс динарлары кеңінен пайдаланылды. Қазақ даласындағы ақшалардың өз атауы терең тамырланған. XV ғасырдың басында Отырар мен оның айналысында 3 дәрежелі "тәнге" атты күміс мәнеттері пайдаланылды. Негізгі атауы – тәңге, оның ширегі – мір, ал он екіден бір бөлігі – тәңгеше деп аталды.

XV ғасырдың соңынан XVII ғасырдың I жартысына дейін мәнет сарайлары Ясыда (Түркістан), Сауранда, Сығанақта, Сайранда үздіксіз жұмыс істеді. XVI ғасырдың орта тұсында Ясыда шейбан Ескендір хан күміс мәнеттерін шекмеледі. Ташкент мен бірге Сырдария жағасындағы қалалар айналыста тек күміс қана бір экономикалық аймақ құрғандығы да тарихтан белгілі.

Тарихшылардың айтуынша XVII ғасырдың ортасынан жоңғар шапқыншылығынан туындаған саяси және экономикалық себептер салдарынан қала тіршілігі мен сауда – саттығының құлдырауы басталады. Сонан кейін XVIII ғасырдың ортасынан қазақ жерінде Қоқанның, Ташкен хандарының ақша белгілері және орыс мәнеттері пайда бола бастайды. Ал XIX ғасырда барлық сауда операциялары тек қана орыс ақша белгілермен жүргізілді.

XVI-XVII ғасырларда Қазақстанда 1655-1663 жылдары Александр патшаның тұсында аса зор мөлшерде шығарылған мыс тиындары пайда болған Нумизматикалық зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыстарын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы да ежелгі қаржылық дәстүрлердің жаңғыруындай, ал ақша атауын - "теңгені" де біздің ата-бабаларымыз көне Отырардың өзінде пайдаланған.[6,4 б]

Теңгенің жасырын жағдайда жасалынуы мен Қазақстанның рубль аймағында қалуға мүдделік танытуы туралы әңгіме қозғағанда, оның экономикалық, саяси жіне техникалық себептерін жіктегенді дұрыс деп есептеймін.

Бірінші- экономикалық себебіне тоқталсақ. Бұл тұрғыда кеңестік жүйе бойынша Ресейден басқа одақтас республикалардың түгелге жуығы шикізат шығаруға бағытталып,соңғы өнімді өндіретін негізгі өнеркәсіп орындары мен зауыттардың барлығы ұлы көршіміздің еншісінде болды. Біз сыртқы және ішкі сауда айналымын жүзеге асыруда Ресейсіз түк бітіре алмайтын мүшкіл халде едік. Мұны сол жылдары еліміздегі экспорт пен импорт операциялары тұтастай көлемінің 70 %-дан астамы тек Ресеймен ғана жасалынуымен деп бағамдай беріңіз. Осындай жағдайда біздің рубль аймағынан бірден шығып кетуіміз өнеркәсібімізді өз қолымызбен тұншықтырумен теңеді. Осыған байланысты шамалы да болса уақыт ұтуымыз керек болды. Әрине Ресейдің өз валютасын енгізуге деген талпынысын біз Қазақстанға байланысты рыноктарын оңтайландырып жаққанынан-ақ біліп отырдық. Оның өз қазба байлықтары рыногына қарай икемделуі Қазақстаннан жөнелтілетін тауар көлемін күрт кемітетінінде алдын- ала есептедік. Сондықтан бізге басқа рыноктар тапқанша уақытты соза түсу тиімдірек болды.

Енді теңгені құпия жағдайда жасаудың таза техникалық себептеріне келсек. КСРО тарап, егемендігін алған 15 елдің ішінде 1992 жылы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана рубль аймағын сақтап қалды. Қалған 11-нің түгелге жуығы өздерінің ұлттық валюталарын енгізіп үлгерген болатын. Осы жерде біз Кеңес Одағының валютасынан бас тартып, өз ақшамызды шығаратынымызды ашықтан-ашық жария еткенімізде, бұрынғы одақтас республикалар аумағында жарамсыз болып қалған миллиардтаған ескі ақшалар елімізге құйылатын еді. Ал оның соңы өмірге жаңа келген теңгеміздің құнын бірден жоғалтып, апатқа әкеп соқтыратыны анық еді.

-1992 жылдың қаңтарында Елбасының тікелей тапсырмасымен ұлттық валютаны дайындауға кіріскенімізде, бірінші кезекте жаңа ақшаның аты қандай болады деген мәселе тұрды. Соған байланысты тарихшылардың, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың көптеген ұсыныс пікірлері жинақталды. Сарапқа салғанда, пікір білдірушілердің басым бөлігі "алтын", "сом" және "теңге" деген атауларға тоқталған екен. Біз осы үш атаудың қайсысы ұлттық нышанымызды дәл айқындап, негізге сай бола алатыны туралы республика Ғылым академиясының ғалымдарымен ақылдастық. Академик ағаларымыз бастаған білгір ғалымдар теңгенің жүздеген жылдар бұрын Орталық Азия аумағында айналымда болғанын және археологиялық қазбалар арқылы дәл біздің еліміздің аумағында айналымда болғанын нақты деректер келтіреді. Қазақтың тарихы тым тереңде жатыр және ұлы адамдарға кенде емес. Ежелгі тарихымызда да айтулы тұлғалар аз еместігі және тәуелсіздіктен кейін есімдері қайта жарыққа шыққан ел перзенттерінің ұлықтауға тұрарлық еді. Сонымен бірге біржақты кетіп қалмай белгілі адамдар бейнелері өмір сүрген ортасына қарай қазақтың барлық өңірінен тең қамтылу қажет болды. Бұл ұлтымыздың ішкі мәселесі десек, сыртқы саясатта елдегі орыс ұлтының құқықтарын ескеру, көрші Ресеймен достық қарым-қатынасты қаперде ұстауымызға тура келді. Осы талаптар негізінде көне тарихымыздың жарық жұлдызы әлем мойындаған ғұламамыз Әл-Фараби, қазақты тұтас ұлт ретінде ұйыстырған Абылай, абыз ақын Абай, дәулескер күйші Құрманғазы, жыр сүлейі Сүйінбай және Ресей елі арасында байланыс орнатқан Әбілхайыр хан, қазақты орыс еліне танытқан Шоқан Уәлиханов сияқты бабаларымыздың портреттері бірауыздан қабылданды.

- Ұлттық валютаны алғаш енгізгенде әлемдік тәжірибе бойынша 1 теңгелікке классикалық номинация түрін жасадық. Ал барлық елдерде одан кейінгі және жүздің сыртындағы валюталар елдің экономикалық деңгейінің көрсеткішінің анықтауышы қызметін атқарады. Сондықтан да елде инфляция болған жағдайда олардың айналымнан шығып қалуы табиғи құбылыс. Сондықтан да кейіннен жарыққа шыққан 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік купюрлерді шығарғанда ақша шығаратын мекеменің жаңа дизайнға шығын шығармауын есептеп классикалық негіз ретінде алынған 1 теңгеліктің нұсқасы қалдырылды. Әрі Әл-Фараби бабамыздың суретінің тұруы ешкімге ешқандай дау туғыза қоймас.

Теңгені шығарар алдында біз алыс- жақын елдердің тәжірибелерін көп зерттедік. Бізге уақытша валюта шығару тиімсіз болды. Осыған орай бірден негізгі валютамызды шығаруға тәуекел еттік. Дизайн жасаумен айналысқан еліміздің 4 азаматы әлемдегі ең мықты деген валюталардың қорғаныштық қабілетін зерттеді. Біз үшін теңгені басу басты шаруа емес еді. Теңге Лондондағы кәсіпорында небәрі 4 айда басылып шығарылды. Мемлекет басшылығымен оны 1 қыркүйекте шығару тапсырылды. Бірақ ол үшін алдын-ала көптеген маңызды міндеттерді бітіріп алуға тиіс едік.

Егер ақша дегеніміз не деген сауалға жауап іздесек, онда оның қоғамда үш түрлі негізгі қызмет атқаратынын айтқан жөн. Біріншіден, теңге айналым құралы болып табылады, яғни тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен қайта сатуда пайдаланылады. Бұл базардағы ресурс иелері мен өндірушілердің кез-келген тауар мен қызметті сатып алуға пайдалануына мүмкіндік беретін өте қолайлы әлеуметтік құрал. Теңге айырбас құралы ретінде қоғамды баспа бас айырбастың қолайсыздығынан құтқарады. Тауар айырбасына қолайлы жағдай туғыза отырып , ақша қоғамға географиялық мамандану және адамдар арасындағы еңбек бөлінісі жемістерін пайдалануға мүмкіндік туғызады. Яғни теңгенің арқасында біз әлемнің көптеген елдерінен тауар ала аламыз.

Екіншіден, теңге бағаның өлшемі болып табылады. Қоғам ақшаны түрлі байлық пен ресурстар бағасының салыстырмалы өлшемі ретінде пайдалануды қолайлы көреді. Жолды шақырыммен, салмақты килограммен өлшейтініміз сияқты байлық пен қызмет құнын ақшамен өлшейміз. Мұның артықшылығы айқын. Ақша жүйесінің арқасында біз бір тауардың құнын анықтау үшін оған айырбасқа жүретін басқа тауарды іздестіріп жатпаймыз. Мәселен, малдың бағасын астықпен, мәшинемен, шаймен немесе басқа заттармен өлшеп шығарып жатудың қажеті шамалы. Ақшаны жалпы атау ретінде пайдалану, кез келген өнімнің құнын ақша арқылы бағалау деген сөз. Оны бұлайша пайдалану адамдарға түрлі тауарлар мен ресурстардың салыстырмалы бағасын оңай бағамдауға мүмкіндік туғызады. Мұндай салыстыру дұрыс та тиімді шешім қабылдауды жеңілдетеді. Яғни ақшамен жалпы ұлттық өнім мөлшері және басқа да экономикалық көрсеткіштер, барлық төлемдер мен қарыз, несие міндеттемелері өлшенеді.

Үшіншіден, теңге салым құралы ретінде қызмет етеді. Ақша тауар ретінде пайдалануға әлдеқайда қолайлы, ол арқылы байлықты салым ретінде сақтау ұтымды. Бұл тұрғыдан алғанда ол қозғалмайтын мүліктер (жеке меншік) және бағалы қағаздармен (акция,облигация,т.б.) қатар байлықты молайту құралы болып табылады. Әдетте, ақша деп қолда бар, айналыста жүрген металл және қағаз ақшалар, сонымен қатар чектік салымдар, яғни банктегі , түрлі сақтық мекемелеріндегі чектер түсініледі. Металл және қағаз ақшалар мемлекет міндеттемесі болса, ал ағымдағы есеп шоттар коммерциялық банктер мен сақтық мекемелерінің міндеттемелері болып табылады. Сол сияқты ақшамен қатар түрлі қаржылық міндеттемелер формасы ретінде мемлекеттік бағалы қағаздар, т.б. өмір сүреді. Олар тікелей қарым қатынас құралы қызметін атқармағанымен , жедел қолма қол ақшаға немесе чекке айнала алады. Нарықтық қарым қатынастың келешек дамуына орай мұндай міндеттемелердің саны мен көлемі өсе түсетін болады. Ақшаның бағасы немесе сатып алу пәрмені дегеніміз сол ақшаға сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет көлемі.

Тәуелсіз еліміздің экономикасын тұрақтандыруда, экономикалық өсу мен экономикалық – қаржылық тәуелсіздігімізді қамтамасыз етуде ұлттық валюта – теңгенің рөлі айтарлықтай.

Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрады: 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар, 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).

Кейіннен айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген).

2001 жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайн өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).

2002 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.

2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкноттар.

1993 жылға дейін айналыста кеңес рублі болды, сонан соң Ресей жаңа рублін енгізді. 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Ұлттық валютаны енгізу туралы Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің бірлескен қаулысы қабылданды. Президенттің Жарлығы шықты. Осылайша, 1993 жылдың 15 қарашасы төл теңгеміздің туған күні деп саналады.

Егер де бүгінгі таңдағы қаржылық жүйеге , біздің валютаға келетін болсақ, қазіргі кезеңде теңге нығайтылды деп айту әлі ерте. Оның бағамы тек тұрақтанды деуге болады. 1999 жылға шейін теңге бағамын жасанды түрде ұстап тұрдық. Бірақ басты проблема валюталық бағамда емес. 1996-1998 жылдар барлық күш инфляциямен күреске жұмсалды. Үкімет теңгешілдік саясатты жүргізе отырып, ақша тапшылығын тудырды. [6,4 бет]

-Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі – оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез-келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Барлық ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының тарихы – Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығынан басталады. Алайда сол күнге дейін теңгенің сыртқы сипатын жасау бойынша ұзақ жылдар мен айлар бойы қатарлы еңбек пен табанды жұмыс жүргізілген болатын. Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары мынадай номиналдардан тұрды 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге. Бір теңге құны 1,2,5,10, 20 және 50 тиын болатын 100 тиыннан тұрды. Жеті банкнот жасау үшін Т.Сүлейменовтың басшылығымен суретші дизайнерлер командасы құрылды. Оған М.Әлин, А. Дүзелханов кірді. Оларға ерекше әрі өте жауапты жұмыс жүктелді. Банкноттың дизайны көркемдік жағынан алғанда эстетикаға сай әрі алдағы уақытта оларды көптеп шығаруға, яғни полиграфиялық басылым тұрғысынан алғанда барынша ыңғайлы болуы керек. Біріншіден, банкноттар тарихи тұжырымдама тұрғысынан алғанда шын мәнінде қандай болуы керек екенін шешу қажет болды. Екіншіден, оларда бейнеленген тарихи тұлғалардың бет-әлпетін барынша дәл түсіру керек-тін.

Металл ақша – ерекше әрі маңызды тарихи дерек көзі. Олар бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленді.

1994 жылы ұсақ қағаз тиындардың орнына құны 2; 5; 10; 20; және 50 тиындық латунь металл ақшалар шығарылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында "нейзильбер" қоспасынан жасалған 1993 жылдың үлгісіндегі құны 1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың үлгісіндегі "нбрасс" қоспасынан жасалған құны 1; 5; 10 теңгелік және "нейзильбер" қоспасынан жасалған 20,50 теңгелік металл ақшалар айналыста жүрді. 1997 жылғы үлгідегі (жаңа металл ақша қатары) металл ақшаларды айналымға қосу оларды халықтың пайдалануы үшін барынша қолайлы етіп шығаруға, металды аз жұмсауға деген ұмтылысқа, сондай-ақ металл ақшаның 50 теңгелік қосымша құнының енгізілуіне байланысты болды.

Республикада ақша айналымында металл ақшамен қатар мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар да қолданылуда. Мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени-ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған. 1995-2000 жылдардағы кезең ішінде "нейзильбер" қоспасынан он бір ескерткіш және мерейтойлық металл ақша, тоғыз күміс және "prool" сапасымен бір алтын ақша шығарылды.

Банкноттармен металл ақшаларды әзірлеу саласындағы жетістіктерге қарап Теңге – тәуелсіз, егемен Қазақстанның рәмізі екендігін, еліміздің кешегі күнінің айғағы, сенімді бүгініміздің дәлелі және жарқын болашағының кепілі болып табылады. [5,3 бет ]

-1999 жылы біздің өсуімізге жаңа мүмкіндіктердің көкжиегі ашыла бастады. Осыған байланысты теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет етуін қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырай бара жатса Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзеге жіберу керек болды.. Елдегі инфляция қазір соңғы үш жылда 5-6 пайыздан асқан жоқ.

- Ел экономикасының стратегиялық даму көрсеткіштеріне болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекетте бағдарлама бекітілді. Осыған орай теңге үш жылдан кейін барлық экономикалық кеңістіктерде АҚШ-тың доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналмақ.Мұндай жағдайда теңге өзінің өміршеңдігіне негіз қалайтын болады. Дей тұрғанмен болашақта құрылатын біртұтас экономикалық кеңістікте ортақ валютаның болуы қиял емес. Теңге халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан асқаралы армандарының бірі болатын. [4,3 бет ]

Қорғау элементтері, пайдаланатын техникалық тәсілдер, орындалу күрделігінің жиынтығы бойынша Қазақстан теңгесі қолданылып жүрген валюталардың жетекші әлемдік үлгілерімен бір қатардан орын алады және оның дизайны одан әрі жетілдірілуде, бұл полиграфиялық және компьютерлік технологиялардың дамуына әрі ақшаны жаңа тұрғыдан қорғау мен оған мәшине ғана оқи алатын элементтерді енгізу бойынша Ұлттық банктің жоспарлы жұмысына байланысты болды. 2006 жылы жаңа дизайндағы банкноттарды енгізді.

Ұлттық валюта- теңгені енгізген алғашқы күннен бастап қайта құру құрылымын тездету, инфляцияны төмендету, тұрақты экономикалық өсуге жету, төлем балансының тепе-теңдігін және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Осы мақсатта Үкімет пен Ұлттық банк қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуге бағыт алды, оған бюджет тапшылығын едәуір қысқарту және кредит экспансиясын шектеу кіреді.

Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында валюталық режимді бұдан әрі ырықтандыру үшін қажетті алғышарт жасау бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасы іске асырылуда. [14,6 бет ]

Есеп айырысу баламасына деген сұраныс б.э. дейінгі VIII ғасырда белгілі салмақ пен құрамдағы стандартты құймалардың пайда болуына негіз қалады.

Қазақстанның Конститутциялық Кеңесі Қазақстанның біртілді я екітілді мемлекет екендігін ашып айтып бере алмаған күйі үнсіз. Демек, елдегі солқылдақ ұлттық саясаттың салдарынан біз әлі де мемлекеттік тілдің статусын айқындай алмай жүрміз. Сөйтіп, төл теңгеміз қос тілде жарық көрді. Мемлекеттік тілде қате кетті.

Елдің елдігін, мемлекеттігін паш ететін 5 түрлі символы болады, олардың бастысы әрі бірегейі – тілі мен территориясы, шекарасы мен ақшасы. Ендеше, теңгеге тек төлем құралы ретінде ғана қарауға болмайды екен. Ол төлем құралы бола тұрып, елдің тарихи жадында паш етуі тиіс [12,1 бет ].

Айырбастау ауыр басталатын ақша сомасына тәуелсіз және қандай да бір комиссиялық алымдар ұ сталмай бірге –бір есебінде жүзеге асырылады. Алдағы уақытта болатын акция ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың республиканың бүкіл аумағында бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Әр түрлі дизайндағы банкноталар шыққан жылына қарамастан номиналы бойынша төлем құралы ретінде қабылдануға міндетті.Егер қатар жүру кезінде қандайда бір заңды тұлға ескі және жаңа дизайндағы банкноталарды номиналына қарамастан қабылдаудан бас тартқан жағдайда , онда мұндай іс- әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166 -1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызылады.

-Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет , мұнда : қазақ тілі – мемлекеттік және ұлтаралық қарым – қатынас тілі ретінде қабылданған орыс тілін пайдалану тарихы тұрғыда қалыптасқан. Біздің заңдарымыз , Конституциядан бастап бұл екі тілдің қандай да бір жағдайларға қарамастан тең дәрежеде, бірдей қолданылуын көздейді. Объективті себептер – екі тілдің қолданылуы және барлық заңдардың көрсетілген конституциялық нормаға сәйкес келтірілуі - ұлттық валюта банкноталарында екі тілдегі жазулардың пайда болуына себепші болды. Ескі үлгідегі және сондай-ақ жаңа үлгідегі банкноталардың жоғары номиналдарының сырт жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған тек екі жазу ғана бар. Бұл номиналдың әріптік таңбалануы және қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін жазу. Осы жоғары номиналдарды енгізгенде орыс тіліндегі жазулардың пайда болуы , шындығында , іс жүзінде байқалмады , бұл бұрынғы банкноталарда пайдаланылған біріңғай бейнелермен байланысты болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Ұттық Валюта – Қазақстан теңгесінің банкноталары мен монеталары дизайны Тұжырымдамасының 10-тармағына сәйкес "Банкноталар мен монеталардағы жазулардың мәтіні мемлекеттік және орыс тілінде болуға тиіс,коллекциялық және инвестициялық монеталарда мемлекеттік тілде жазумен қатар шет тілде жазуды пайдалануға болады ",

-Жаңа банкнотаны әзірлеу кезеңінде дизайнның бірнеше нұсқасы , әр түрлі тақырыпта жасалған болатын.Таңдалған тақырып ежелгі мекенімізбен қазіргі Қазақстанның , оның болашақтағы нышандарын сабақтастырушы буын болып табылады.

- Жаңа үлгідегі банкноталарды енгізуге дайындықтың бастапқы сатысында ескі үлгідегі банкноталар жаңаны енгізгенге дейін жеткілікті болуының ықтимал нұсқалары зерделенеді. Енгізудің жарияланған күні- 2006 жылғы 15 қараша- бұрынғы дизайндағы теңгенің жеткілікті болуының соңғы мерзімі.

- Банкнота екі парақпен жасалынады, оның біреуінде ішкі жағында сутамғы белгісін және қорғаныш жібін алдамшы түрде басып шығарады. [9,7 бет ]

1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары

Ақшаның металл теориясы 15-17 ғғ. Ерте кезендерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда-У.Стенфорд, Т.Мэн, Д.Норе, Францияда-А.Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар- алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты.Сонымен қатар, олар нағыз байлық- табиғатынын шын мәнісінде ақша болып табылатын текалтын мен күміс деп есептеді.

Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады- дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің келуін қамтамасыз етеді- деп пайымдайды.Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателігі- біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металлдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.

Германияда 19ғ. Екінші жартысында алтынмонетарлық стандарттың енгізілуімен металл ақшаның теориясы дүниеге келді.Бұл оның 1-ші метаморфозасы болды, неміс экономистері (К.Книс) ақша деп тек асыл металдарды емес, металға ауыстырылатын банкноттарды да санады.

2-ші метаморфоза бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды, оның өкілдері алтынмонетарлық стандартты қалпына келтірудің мүмкін еместігін мойындап, алтын монометаллизмнің жаңа кесілген формаларын: алтын құйма және алтын-дивиздік стандарттарды енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты.

Ақшаның металл теориясының 3-ші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды.Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М.Дебре,Р.Харрод) халықаралық айналымғаалтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.

Бреттон-Вуд валюта жүйесі қирағанда 20 ғ-дың 70 жылдарының басында алтын стандартты қалпына келтіру қажеттілігін негіздеу қайта байқалды.АҚШ-та 1981 жылы осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылды, бірақ ол алтын стандартты енгізуге пайдасыз болады деп есептеді. 17-18 ғғ. Ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А. Смит болып табылады.Бұл тоерия ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасқан.Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады дап есептеген.Олар ақщаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарады.

Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары:

-ақша тамаша есептеу бірлігі, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;

-бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте ешқандай ішкі құн болмайды.

Номинализм үстемдік жағдайға 19 ғ. Аяғы мен 20 ғ-дың басындақол жеткізді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы –оның қорғау объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.

Неміс ғалымы Г.Кнаптың ақша теориясында («Ақшаның мемлекттік теориясы») басты мақсат-мұрат анық қалыптасты:

-ақша –мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;

-ақша –бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен иемденген белгілер;

-ақшаның негізгі қызметі-төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда, деп жазды.

1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс кезеңінде номинализм алтын стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға бет алды.

Мемлекттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын экономисы Дж. Кейнс өзінің «Ақша туралы трактатында» қағаз ақша алтынға қарағанда айналымда ыңғайлы толық құнды төлем құралы болып табылады және олар қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді- деп жазды. Қағаз ақша алтынды айналымнан ығыстырып, бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл осы жайт Кнапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылды.

Сонымен,Кейнс номинализмнің тәжірибиелік мақсаты-алтын стандартты жойып, қазаз ақшаның айналымғаеркін енуін және экономиканы инфляциялық процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибиелік негіздеуінде болды.

Қазіргі таңда номинализм- ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп есептейді. « Экономика» шығармасында ол: « Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді...Ақша- жасанды әлеуметтік шарт» деп жазды.

Номиналистік теорияның пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен пайда болды, мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде ақша- металды қатынастардың белгілі заңдылығы мен айналымның қосымша құралға қажеттілігі туындағаны, бағалы металдарды өңдеу өндірісінң жетімсіздігі нәтижесінде пайда болды.Қағаз ақшаның өлшем мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі- мінсіз қатынас құралы ретінде тиімділігіне байланысты болып шықты.

Сонымен, номиналмзм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте оңды сан бірлігі болып табылыды.
2.1 Алғашқы ақша реформасының мазмұны

Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жылдардағы ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс жәнс мыс монеталары жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.

1917 жылы жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында "керенки" деп атады. Несиелік ақшалар мен "керенкилерден" басқа Уақытша үкімет айналыска суррогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.

Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз акшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүсіік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста жэне басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный

қаласында (қазіргі Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте апиынмен сақталған жэне Жетісу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы несиелік билеттердің бет жағында көрсетілген жазу куәландырады. Дүниежүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік органдарының иелігінде мұндай бағалы дәрілік шикізаттың 275 пуды болды, олар елдің байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта алмады. "Верненск рублі" күн сайын құнсыздана бастады. [1.64 б]

Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және ақ гвардия "үкіметі" өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әртүрлі болды және олар тезірек құнсызданды.

Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылык қатынастардың натуралдануы мен ақщаның айналыстан шығарылуы болып табылады. 1920 жылдың соңынан бастап "еңбек паегін " ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы және коммуналдық қызмттер үшін төлем төлеу алынып тасталды. Оқушыларға тегін киім берді. Базарлардың өзінде азық-түліктермен алмасу ақшасыз,яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жұбы 30 фунт ұнға немесе 1 пұт қара ұнға немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрінде жүзеге асырылды.

1921 жылдың наурызында болған РКП(б)-ның Х-съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін, артық өнімдерін базарга сатуга мүмкіндік туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұқсас өнеркәсіпке араласуына жол берілді.

Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер, 1921 жылдың көктемінде ақшалай еңбекақыны төлеу тек 10% құраса, онда 1923 жылы бірінші тоқсанында, ол - 80%-дан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.

1921 жылы қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалисгік


Республикасында Мемлекеттік банкі үйымдастырылып, ол елдің басты
эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндегі
ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.

Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шаруашылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта) тауар айналымының артуы жатады.

Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты - бүл ақшаның алтынмен камтамасьп етілуі. 1922 жылдың қаңтары мен 1923 жылдың қаңтары аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млн.-нан 31 млн. рубльге дейін өсті. 1922 жылы сәуірде бағалы металдарды жэне тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке, тапсыруға міндетті

болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шстел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүгізуге монополиялық қүқығы болды.

Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 жылдың мемлекттік ақша белгілерін шығару жатты. Мүндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есетеу олардың төрт нөлін сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.

1922 жылдың 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа


ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 жылдың

1 қаңтарына дейін кассаларда қабылдады.

Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль

1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік акша белгілерінің бір

миллионына теңесті.

Деноминациялар ақшаны есепке алуды оңайлатты, акша айналысын бір

қалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстардьі куәландырды, әйтсе де, рубльді

тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы

жағдайында жаңа ақшалар үсті-үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады.

Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді: 1922 жылы 25 шілде жәпе 1 1 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1,2,3,5,10,25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г. алтын) 10 рубльге теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.

Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы-материалдық бағалықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25 % алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.

Червонецтер ірі ақша болғандықтан да, олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай, олар үсақ бөлшек сауда және базар айналымында қызмет ете берді. Шын мәнісінде, елде екі валютаның косарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонецтері және Халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері. [3.24 б]

1.05.1924 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға -762,3 квадрильон рубльге (квадрильон - бұл 15 нөлі бар ақша бірлігі) жетті.бұл ақша массасының нақты құны (червонецтегі) 15,2 млн. рубльді күрады.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және үсак купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Сөйтіп, ұсақ ақшалар ретінде әртүрлі ақшалар, әсіресе тұрақты валюталар да бейнеленген суррогаттарды шығарды.

Кеңестік ақша бірліктерінің қүнсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарда

жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен тауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды (1.01.1923 ж. - 10,9 млн. рубльден 1.02.1924 ж. - 153,6 млн. рубльге дейін). Бірақ алтын қорының сомасы ресей патшалығы соғысының қарсаңындағы болған алтын қорына қатынасты алғанда 9%-ға жуығын құрады.

1924 жылдың 5 ақпанында Орталық Атқару Комитеті (OAK) және Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1,3 және 5 рубльдегі қазыналық билеттер шығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес акша белгілерін шығару тоқтатылды. Олардың қаржы Халык Комиссарларының қорында болған қоры жойылды. 1924 жылдың 22 ақпанынан бастап 10,15,20 жэне 50 тиындық күміс монеталар және 1,2,3 және 5 тиындық күміс монеталар шығарылды. 1924 жылдан бастап айналыстағы ақшаның кеңестік белгілерін нақты бағаммен сатып алу басталды, 1 рубльдік қазыналық билет 50 мың рубльге теңесті. Қазыналык билеттердің шығарылу шамасы айналыстағы червонецтер сомасының жартысынан аспауға тиіс болды. 1888 жылы дүниеге келғен Г.Я. Сокольников(Бриллиант) 1922-1924 жылдардағы ақша реформасын үйымдастырушы және теоретигі болды. 1921 жылдың қараша айынан бастап, ол Қаржы Халық Комиссариатының басқарған болатын. Оның жетекшілігімен бөлінген қаржы-несие жүйесі қалпына келтірілді. Не бары 3 жыл ішінде, 1924 жылдың аяғында, мемлекеттік бюджет тапшылықсыз болды. Бүл кеңестік ақша белгілерінің эмиссиясын қысқартып, тұрақты червонецтерге өтуге мүмкіндік жасады. Ол 1922 жылдың басынан бастап валютаның тұрақтылығы елдің экономикалық өрлеуінің қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелері, қүнсыз кеңестік ақша белгілерінің эмиссиялануы — ұлттық табысты бірінші. кезектеғі мемлекетіік қажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар тәсілі деп санады. Бүл көзқарасқа қарсы болған Г.Я.Сокольников, барлық тауарлык

шаруашылықта ақша тек кана айналыс жэне толем қүралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп санаған. Соңғы екі қызметті құнсыз кеңестік ақша бірліктері аткара алмайды. Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген қажеттілік алтынның, түрақты валютаның келуін талап етеді. Ол бюджеттік эмиссиялауға негізделген гиперинфляцияның барлық ақша жүйесінің кұлдырауына әкеліп соғатынын дәлелдеген болатын. Қаншалықты сыртқы сауданың дамуы іщкі айналымдағы ақшалар мен дүниежүзілік нарықтағы ақшалар арасында тұрақты қатынастың болуын талап ететіндіктен де, алтынға байланысты ұлттық валютаның тұрақты бағамы болуы қажет. Алтынға валютаның еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г.Я.Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.

Алтын қорының үш рөлі болады:


  1. халықаралық есеп айырылысуда резервтік қор ретінде;

  2. ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мембанк алтынды шетел
    валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алып отырды);

  3. көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві;
    Червонец тарихта "алтын " деген атпен кірді, бүл жерде оның мазмұны

патшалық 10 рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінің қатысы болғандыктан емес.

Мембанк валюталық бағамды өзгеріссіз (1 червонец тең 1 фунт стерлинке) қалыпта ұстау мақсатында "еркін нарықта" алтынды және шетел валютасына сатып жэне сатып алып оіырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен үсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.

1922-1924 жылдардағы ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды катаң орталықтандырып ¥лы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады. [2. 212 б]

¥лы Отан соғысы елге - 679 млрд. рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд. рубльді қүрады (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде). Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға салық, шағын жанұяларға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Соғыс уақытында халықтың "барлығы 270 млрд. рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4 % шамасында қаражаттар түсті.

Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды, өндіріс көлемінің қыскаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік

сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы кол жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.

Соғыстың зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу кабілеттілігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің үлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) OK қаулысына сәйкес 1947 жылдың 14 желтоқсанында "Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы") мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды, Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақща қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік катынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пунктерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металлдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде ақшамен төленді. Реформаның басты элементтерінің бірі бүрынғы шығарылған мемлекеттік займдарды (1947 ж. займнан басқа) 1948 жылғы біртұтас 2% займға конверсиялану болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды.

Ақша реформасын жүргізумен қатар, барлық азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді. Еркін мемлекеттік сауданың ықпалымен колхоз нарығындағы бағалар төмендеді. 1948 жылдың бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өсті.

1947 жылғы ақша реформасы ақша жүйесінің түбірімен қайта құрылуын бүлдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де, реформаға дейінгі болған ақша айналысының құрылымы сақталды. Бұнын сәл айырмашылығы сол: Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес, рубль түрінде шығарылатын болды.

1947 жылғы реформаның өзгешелігі - еңбекақы, зейнегақы, стипендия, колхоздар мен колхозшылардың мемлекеттік өнім дайындаудан түскен табыстары және басқа қалың бұқара топтарының табыстары өзгермей, жаңа ақшамен бұрынғы мөлшерде төлене беретін болды. Бұл -еңбекшілердің нақты табыстары өскенінің белгісі.

1947 жылғы реформа ақша жүйесін нығайта отырып, акшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет

сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы кол жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.

Соғыстың зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу кабілеттілігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің үлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) OK қаулысына сәйкес 1947 жылдың 14 желтоқсанында "Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы") мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды, Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік катынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пунктерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металлдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде ақшамен төленді. Реформаның басты элементтерінің бірі бүрынғы шығарылған мемлекеттік займдарды (1947 ж. займнан басқа) 1948 жылғы біртұтас 2% займға конверсиялану болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды.

төлем қабілеті бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қалды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.
2.2 1993 жылғы ақша реформасының ерекшелігі

Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғарьг мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбасгауга рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға

табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды. 1991 жылы 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл құжаттарына белгі койылды. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз төл өсуінде байқалды. Қайта құру жағдайында өндірістің құлдыруымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд. доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 жылы - 300 т., 1990 жылы -234 т. 1990 жылы нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд. рубльді кұрады, бұл 1981- 1985 жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді. 1991 жылы қаңтарда "1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы " Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді. КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы - рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аймағында айналыста жүре берді. 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. 1992 жылы маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды. Сөйтіп, Ресей

1961-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 жылы кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді. 1992 жылы бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның "Хариссон" фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды колдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар. [2,212 б]

Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі — оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Барлық ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал теңгенің -Қазақстан Республикасы Үлттық Валютасының тарихы - 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы" Жарғыға кол қоюмен басталады. Осы жарғымен 1993 жылы 15 ңарашада сағат 8-ден бастап ұлттьқ валюта - теңге енгізілді 1993 жылы қарашаның 15-нен 17-сі бойынша ұлттық валютамен қатар 1-500 сомдық банкноталардың қосарлайды Казақстан ұлтттық валютасыньң айналыска шыкканына он бес жыл өтті. Алайда осы аз мерзімнін. өзі еліміздің бүгіні мен болашағы үшін теңгені енгізудің тарихи. маңызын обьективті бағалауға мүмкіндік береді.

1991 жылы Қазақстанның егемендік алуы тәуелсіз институттар құрулы және ұлттық валюта туралы мәселен шешуді күн тәртібіне қойды. Ұлттық валютаның Елтаңбамен, Тумен және Әнұранмен бірге еғеменді мемлекеттің нышаны больп табылтыны белгілі. Казақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге —елдің барлық аумағына 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізілген болатын.


32

банктың жоспарлы жұмысына байланысты болды. 2006 жылы жаңа дизайндағы банкноттарды енгізді. жүруіне жол берді. Ал 1993 жылы 18 қарашасынан ұлттық валюта Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз заңды төлем құралы болып табылады. Банктер мен басқа да шаруашылық субъектілердің барлық активтері мен пассивтері теңгеге қайта есептелінді. Айналыстан 1961-1992 жж. үлгідегі рубль купюралары 950,6 млрд. сомасьшда алынып тасталды. Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі кұрамында Премьер-министр С.А.Терещенко, қазакстанның Вице-президенті Е.Асанбаев, Үкіметтің бірінші вице-премьері Д.Сембаев, Үлттық банк төрағасы Ғ.Байназаров, Қаржы министрі Е.Дербісов пен Экономика министрі Б.Ізтілеуов бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитетін құрады. Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары мынадай номиналдардан түрды 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге. Бір теңге құны 1, 2, 5, 10, 20 жэне 50 тиын болатын 100 тиыннан тұрды. Жеті банкнот жасау үшін Т. Сүлейменовтың басшылығымен суреіші дизайнерлер командасы құрылды. Оган М. Элин, А. Дүзелханов кірді. Оларға ерекше әрі өте жауапты жұмыс жүктелді. тарихи тұлғалардың бет-әлпетін барынша дәл түсіру, тұлғалардың көпшілігінің бейнелерінің бұрын болмағандығы қиындық келтірді. Мәселен, шын мәнінде әл-Фарабидің қандай болғанын ешкім білмейді. Біздің банкноттардан көріп жүрген және көзіміз әбден үйренген оның суретін кезінде Кеңес Одағының Ғылым Академиясы бір ізге түсірген, яғни стандарт ретінде қабылданған болатын.. Әбілхайыр ханның суреті ағылшын жиьанкезі Аткинсонның жұмыстарынан табылса, ал Абылай ханның суреті орыс деректерінен табылды. Сүйінбай бейнесі Қазақстан көркемөнерінің негізін салушы Ә. Қастеевтің жүмысынап көшіріліп салынды. Металл ақша - ерекше әрі маңызды тарихи дерек көзі. Олар бүгінгі күнге тарихи түлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялык сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленеді.1994 жылы ұсақ қағаз тиындардың орнына қүны 2, 5, 10, 20 және 50 тиындық латунь металл ақшалар шығарылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында "нейзильбер", "нибрасс" қоспасынан жасалған теңгелік металл ақшалар айналыста жүр. Сонымен, өзінің ұлттық валютасын енгізу арқылы Қазақстан Республикасы дербес макроэкономикалық саясат жүргізу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл еліміздің ақша жүйесін ұйымдастыруға, акша бірлігінің өзіне және Ұлттық банктің қызметіне жаңа талаптарды алға тартты. Ақша-несиелік реттеуде Ұлттық банктің рөлі өлшеусіз өсті. Сонымен, қорыта келе Ұлттық валюта мемлекеттің әлеумеітік саясатында, зейнетақымен қамтамасыз етуде, жүмыс орындарын ашуда, жастар саясатын жүргізуде аса маңызды рөл атқаруы тиіс.

Қазіргі кезеңде теңге тұрактанып келеді, ал оның түрлаулы валюта болуы үшін әлі біраз істерді жүзеге асыру керек. Атап айтқанда, өз өндірісімізді нығайтып, шикізат-экспортіык жүйеден біртіндеп жаңа инновациялы өнеркэсіптік салаға көшкен жөн. Ғаламдық нарық кеңестігін адын мұхит десек, валюта — кеме. Біздің де теңгеміз осынау айдында өз бағыт-бағдарын нық ұстап, бағамын арттыра еркін жүзетініне сеніміміз мол деп айтуға болады. Теңге — тәуелсіз, егемен Қазақстан Республикасының рәмізі.

Ал 1993 жылы 18 қарашасынан ұлттық валюта ҚР-ның аумағында жалғыз төлем құралы болып табылады. Банктер мен басқа шаруашылық субъектілерін барлық октивтері мен пассивтері теңгеге қайта есептелінді. Айналыстан 1961-1992 ж.ж үлгідегі рубль купюралары 950,6 млрд.сомасына алынып тасталды. Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі құрамында Премир-министр С.А. Терещенко, қазақстанның Висе-президенті Е. Асанбаев, Үкіметтің 1-ші вице-премьері Д.Сембаев, Ұлттық банк төрағасы Ғ.Байназаров, Қаржы министері Е.Дербісов пен Экономика министрі Б.Ізтілеуов бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитетін құрады. [5,3 бет ]


Қорытынды

Курстық жұмысты қорыта келгенде, ақша дегеніміз – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.. Яғни ақша – жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдақ еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады.Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірісіндегі үлесінде ақша арқылы анықтауға болады.Себебі, адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарады. Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі.

Ақша реформасы – ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Жалпы, ақша реформалары мынадай әдістер көмегімен жүзеге асырылады;

-жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта негізу туралы хабаралау;

-қалыпқа келтіру,яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық бағамын қалпына келтіру ;

-деноминация, яғни "нольдерді қысқарту" әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.

-Қазақстанда 1922-1924 ж.ж.,1947 жылы ақша реформалары ,1961 жылы баға масштабын өзгерту,1993 жылы ҚР-ң ақша рыформасы болды .Әрбір егемен мемлекеттің өзіндік отрибутикасы болады.Оған ту ,елтаңба,әнұран және ұлттық валюта жатады.



Ұлттық валюта тәуелсіз егемен мемлекттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады.Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді.Ұлттық валюта кез келген елдің өткен тарихын, бүгінгі күнін және келешегін бейнелейді.Ал Теңгенің ҚР Ұлттық Валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан бастау алады. Осы айтулы күнге орай ,белгілі сәулетші , суретші дизайнер , ұлттық валюта – теңгені жасаушылардың бірі Хайроша Ғабжәлелов баспаға әзірлеп , қазақ және орыс тіліндерінде құрастырған "Теңге " атты көлемді кітабы жарық көрді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Блеутаева К.Б. Ақша және банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.

  2. Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.

  3. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.

  4. Байназаров Ғ. Теңге маған тарихи жауапкершілікті тарту етті.// Егемен Қазақстан. 14 қараша 2003. 2-3 б

  5. Мәжитов Д.М. Басты мақсат – тұрақтылықты ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001. 3 б.

  6. Тобаяқов Б. Тәуелсіздік рәмізі немесе теңгеден деңгеге дейін. // Егемен Қазақста. 14 қараша. 2004. 3-4 б.

  7. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998. 479 б.

  8. ҚР Президентінің ұлттық валютаның 10 жылдығына байланысты сұхбаты. Теңге-ел тұрақтылығымен тәуелсіздігінің белгісі. // Егемен Қазақстан. 18 қараша 2003. 1-2 б.

  9. Донских А. Теңгенің жаңа дизайны: сіз не туралы сұрап үлгермедіңіз? // Егемен Қазақстан 30 қыркүйек 2006. 7 б.

  10. Нысанбаев Ә. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы. // Егемен Қазақстан 13 қараша 2003. 3 б. Тұрапбайұлы А. Теңгенің тегеуріні. // Егемен Қазақстан 15 қараша 2005. 2-3 б.

  11. Кәпқызы Е. Теңге мүшелге толды. // Түркістан. 16 қараша 2006. 1 б.

  12. Кәпқызы Е. Теңге және ұлттық рух. // Түркістан. 25 қазан 2006. 3 б.

  13. Сәйденов Ә. ҚР-ң ұлттық банкі хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005. 6 б.

  14. ҚР-сы Ұлттық Банкінің ресми хабары. «Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан күміс монетаны айналысқа шығару турасы. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005 жыл. 2 б.








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет