Мазмұны кіріспе электрондық ОҚулықтарды пайдалану 8



жүктеу 0.63 Mb.
бет1/6
Дата13.12.2017
өлшемі0.63 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 6

1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 8

1.1 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ 8

1.2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ 9

2 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУДЫҢ 19

ИНСТРУМЕНТАЛДЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ 19

2.1 ТУРБО СИ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚҚА МЫСАЛДАР ДАЙЫНДАУ 19

2.2 DELPHI ОБЪЕКТIЛI-БАҒДАРЛЫ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ 22

2.3 “СИ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ. 27

2.3 BORLAND DELPHI 6 ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШРИФТЕРІН ОРНАТУ 57

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 60

3.1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУҒА ЖӘНЕ ЕНГІЗУГЕ КЕТКЕН ШЫҒЫН ЕСЕПТЕУЛЕРІ 60

3.2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ ЕСЕПТЕУЛЕРІ 62

3.3 БИЗНЕС - ЖОСПАР 64



ҚОРЫТЫНДЫ 69

ТҮЙІН 70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 72

КІРІСПЕ

Өткен ғасырдың орта кездерінде есептеуіш техника саласында күрделі өзгерістер болып, Фортран, Бейсик, Паскаль және т.б. көптеген жоғары деңгейлі программалау тілдерінің жарыққа шыққаны белгілі.

1972 жылы AT&T атаулы Американың корпорациясы жаңа C (СИ) программалау тілін дайындап шықты. Ол – құрылымдық және алгоритмдерді басшылыққа алып дайындалған процедуралық жоғары деңгейлі тіл.

Тілге жылдам орындалатын, жеке биттермен операция жасайтын операторлар да енгізілген. Олар арқылы байланыс порттарын, магниттік дискілерде жинақтауыштарды және т.б. аппараттық құралдарды басқаруға мүмкіндік жасалды. Ал, алғашқы кездерде жеке типті компьютерлердің аппараттық құралдарына қол жеткізе алатын машиналық командалармен жұмыс істейтін төменгі деңгейлі ассемблер тілі ғана болатын.

Си тілі бірте-бірте дамытылып, қазіргі кезде пайдаланылып келе жатқан, 1983 жылы дүние жүзі елдері басшылыққа алған ANSI C нұсқасы да жарыққа шықты (ANSI – стандарттардың Америкалық ұлттық институты). ANSI C тілінің түрлі нұсқаларына енгізілген стандартты кітапханалар да бар. Тілдің кемшілігі де жоқ емес, ол жүйелік және қолданбалы программаларды дайындауға бейім, бірақ айнымалыларға рұқсат етілмеген қол жеткізу механизмін қамтамасыз етпейді және құрылатын класты басқа кластың ішкі класы (мұрагер) ретінде жариялау мүмкін емес. Мұндай объектілі –бағдарлы программалу (ОБП) тілдеріне енетін ерекшеліктерді ескеріп, Borland International Inc фирмасы С тілінің дамытылған жаңа Turbo C (Турбо Си) нұсқасын 1980 жылдардың басында жарыққа шығарды. Кейіннен Turbo C++ 2.0, Turbo C++ 3.0 және олардың кеңейтілген Borland C++ 2.0, Borland C++ 3.0, Borland C++ 3.1, Borland C++ 4.0 және т.б.

Олардың MS DOS, Windows операциялық жүйелерінде жұмыс істеу мүмкіндіктері жеткілікті.

Ақпарат технологиялар және жүйелер бағытында жұмыс істейтін мамандар дайындау үшін Си тіліне үйрену өте қажетті болады. Студенттердің білім деңгейін жоғарылату оқу процесін жаңаша құруды талап етіп отырғандықтан бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын «“Бағдарламалау тілдері” пәнінен Си тілін үйрену электрондық оқулық құру» деп таңдап алуға ұйытқы болып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты- студенттің Си программалау тілінде жұмыс істеуді оқып-үйренуін ұйымдастыру әдістемесін тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы қағидаларына сай жетілдіру. Дипломдық жұмыстың іс-тәжірибелік құндылығы - Си программалау тілін оқытуға арналған электрондық оқулықты оқу процесінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын нәтижелер:

- Delphi 6 программалау ортасында интерфейс құру жолдары анықталды ;

- Cи программалау тілінің оқытуға ұсынылатын тақырыптары анықталады;

- Си программалау тілі бойынша тестік программасы құрылды;




1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ




1.1 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқытудың инновациялық әдістер ретінде қашықтан оқыту және кредиттік технология жүйелері біртіндеп оқыту процессіне енгізіліп келеді. Аталған технологиялар студенттердің мамандық бойынша терең білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйелері.

Бүгінде қашықтан білім берудің (ҚББ) және оны ұйымдастырудың көптеген тұжырымдамаларын қарастырсақ, сөз жоқ, әлемдік және аймақтық желілік технологияларды жасау идеясы назар аударуға тұрады. Көпшілік пайдаланатын деректер базасын кіріктірілген байланыс желілеріне қосу жүзеге асып та жатыр. Мысалы, ондаған университеттік байланыс жолдарына – Ашық (виртуаль) Университетке (құрамында Бүкіләлемдік Академиялар желісі бар), Ұлыбритания Ашық университетіне қол жеткізу мүмкіндігі туды.

ТМД елдері арасында Ресейдің жоғары мектебі мамандар әлеуметтінің басымдылығымен ерекшеленеді, әрі ҚББ бойынша үлкен ғылыми әдістемелік тәжірибеге ие. Бірқатар жоғары оқу орындарында жаңа ақпараттық технологиялар жасалып тексеруден өтуде.

Жері кең, елді мекендері қашық орналасқан Қазақстан үшін қашықтан оқытуды дамыту көкейкесті мәселе болып отыр.

Қазақстанда қашықтан оқыту тек 1999 жылы 7 маусымда шыққан «Білім туралы» заңда арнайы мәнге ие болғаннан кейін ғана қолға алына бастады. Онда «Дистанционное обучение (образование на расстоянии) – одна из форм обучения, целенаправленное и методически организованное руководство учебно-познавательной деятельностью и развитием лиц, находящихся в отдалении от организаций образования, посредством электронных и телекоммуникационных средств» деп атап көрсетілген. Осыдан кейін ғана бірқатар жоғары оқу орындары қашықтан оқыту жүйесін оқыту процесіне енгізе бастады.

Қашықтан оқытудың маңыздылығы тек өндірістен қол үзбей кез-келген уақытта білім ала алатын немесе жоғары оқу орнының сырттай бөлімдерінде оқитын студенттерге ғана емес, күндізгі бөлім студенттерінің де аудиториядан тыс жекелей білім алуына негіз бола алады. Заңда көрсетілгендей қашықтан оқыту телекоммуникациялық желілер мен қатар электрондық оқулықтар арқылы жүзеге асырылады. Мұны 2001 жылы шыққан жоғары кәсіби білім беретін мекемелерінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру ережесінің жобасында көрсетілген анықтамамен толтыруға болады. Онда «Дидактические средства дистанционного образования – учебные материалы (электронные и мультимедия учебники и учебные пособия, теле-, видео- и аудиолекции, юниты и др.) методы и приемы обучения, формы организации учебно-познавательной деятельности» деп көрсетілген. Яғни, қашықтан оқытудың технологиялық базасының негізі – компьютер, электрондық оқулықтар, ақпарат таратушы желілер болып табылады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет