Мазмұны кіріспе і-тарау. Социалисттік қОЗҒалыстың басталуы



жүктеу 0.67 Mb.
бет1/4
Дата23.11.2017
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................2

І-ТАРАУ. СОЦИАЛИСТТІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ.

І.І.ХІХ ғ. б0-70жж. американ пролетариатының жағдайы. Таптық күрестің өсуі...........................................................................................................6

І.2.Социалистік жұмысшы партиясының (СЖП) құрылуы. Ондағы идеялық бағыттар...............................................................................................16

II -ТАРАУ. ХІХ Ғ. 70-90 ЖЖ. АҚШ СОЦИАЛИСТІК ҚОЗҒАЛЫС.

2.1.СЖП Американ еңбек федерациясының (АЕФ) реформизмі мен күресуі....................................................................................................................22

2.2.Социалистердің фермерлік қозғалыс пен Популистік партияға көзқарасы..............................................................................................................25

2.3.Социалистердің монополияларға қарсы күресі. Монополияларға қарсы идеологияның қалыптасуы...................................................................31

III-ТАРАУ. 1890-1914 ЖЖ. АҚШ СОЦИАЛИСТІК ҚОЗҒАЛЫС.

3.1.Империализм дәуіріндегі американ пролетариатының жағдайы. Стачкалық қозғалыстың өрлеуі......................................................................38

3.2.Социалисттер қатарындағы қайшылықтар............................................45

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................49

СІЛТЕМЕЛЕР......................................................................................................54

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ..............................................................57


КІРІСПЕ

Тәуелсіз Қазақстан Республикасын 25 желтоқсан 1991 ж. біріншілердің бірі болып мойындаған Америка Құрама Штаттары (АҚШ). Қазақстан - американ қарым-қатынастары сол уақыттан бастап динамикалық, жедел өзара тиімді дамып жатыр. Екі ел арасындағы ғылыми-техникалық қатынастар күн сайын бекіп жатыр. Сондықтан әлемдегі ең атаулы күшті мемлекеттің тарихын білу, жан-жақты зерттеу Қазақстан азаматтарының, оның ішінде тарих факультетінің студенттеріне өте қажетті және керекті де. Сондықтан мен өзімнің магистрлық зерттеуімді АҚШ-ғы ХІХ ғ. аяғы - XX ғ. басындағы социалисттік қозғалысты зерттеуге арнадым.

ХУІІІ-ХІХ ғғ. Батыс Еуропа елдерінде қоғамдық прогресс идеологиясы қалыптасып дами бастады. Қоғамдық прогресс идеологиясы - ол қоғамды ілгері жетілген, әділ қоғамға дамытуға бағытталған көзқарастар мен идеологиялардың жүйесі еді.

Бұл идеологияны жақтаушылар капиталисттік қоғамды өзгерту керек деп есептеді, ал оны өзгертуге көмек көрсететін күш - сана болады деді.

ХІХ ғ. қоғамдық прогресс теориясын жақтаушылар екі қанатқа бөлініп кетті: либералдар және социалисттер.

ХІХ ғ. ең ықпалды идеологияның бірі - социализм еді. Социализм - латын сөзі "қоғамдық" деген мағына білдіреді. Социалисттік идеялардың қалыптасуы ерте индустриялық қоғамдық қайшылықтарына жауап еді. Социалисттер қанаудың негізгі себебі -жеке меншіктің өмір сүруі деп, оны жоюды талап етті. Олар қоғамды ұжымдық ( коллективтік) принциптерге негіздеуді ұсынды. Келешек жаңа социалисттік қоғамда қанау болмайды, әлеуметтік теңдік орнайды деп армандады.

ХІХ ғ. социалисттік негізі болған ХУІІ ғ. Реформациялық қозғалыстың идеялары еді. Реформациялық қозғалысқа қатысқан қарапайым халық келешекте әлемде бәрін теңестіретін, қанауды жоятын Құдай патшалығы орнайды деп армандаған еді. Бұл өзара теңдік, таптардың, жеке меншіктің жойылу идеялары социализмге Реформациялық қозғалыстан келген болатын.

Орта ғасырлық өзара теңдік идеяларын жариялаған қауымдық цехтік көзқарастар да социализмге ықпалын тигізді.

Социалисттік идеяларды Еуропада таратқан А. Сен-Симон (17б0-1825 ), Ш. Фурье (1772-1837 ), Р. Оуэн (1771-1858 ), К. Маркс ( 1818-1883), Ф. Эгельс ( 1820-1885 ) болды.

ХІХ ғ. 70 жж. социалисттік идеялар Америка Құрама Штаттарында тарала бастады. Социалисттік идөяларды бүнда таратқан И. Вейдемеер, Ф.А. Зорге, А. Дицген болды. К. Маркс пен Ф. Энгельс АҚШ-ғы таптық күрестің дамуына көп көңіл бөлді. Олар американ капитализмінің дамуының ерекшеліктерін атай отыра, негізіннен, оның капиталисттік жалпы даму заңдылықтарына тәуелді екенін, соның нәтижесінде таптық қайшылықтардың өсе түсетінін көрсетті. Марксизм ілімінің негізін қалаушылар американ жұмысшыларына АҚШ - ғы таптық күрестің ерекшеліктерін, американ жұмысшы қозғалысының даму бағыттарын және жұмысшы табының біріккен капиталисттермен күрес барысында табиғи одақтасы фермерлер мен негрлер болатынын ашып көрсетті.

Келешекте АҚШ - да Социалистік жұмысшы партия ( СЖП) құрылғаннан кейін К. Маркс пен Ф. Энгельс американ социалисттерімен хат жазысып, оларға кеңес пен нақты нұсқаулар беріп отырды. Олар өз хаттарында американ жұмысшы табының негізгі мақсаты - пролетариаттың жаппай көпшілік партиясын құру деп түсіндірді. Олар американ жұмысшылары революциялық теорияны елде творчестволық пайдаланды, американ жұмысшы қозғалысының даму ерекшеліктерін тым аса бағалап жібермеуге шақырды. АҚШ - ғы социалисттердің тактикасын белгілей отыра, К.Маркс пен Ф.Энгельс оларды кәсіподақтар мен бөтен де жұмысшы ұйымдар мен тығыз араласып, оның мүшелерін революциялық тұрғыда тәрбиелеп өздеріне қаратып алуға, партияның ішінде сектанттықпен (жікшілдікпен) күресуге щақырды.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы - "ХІХ ғ. 70 - 1914 жж, АҚШ - ғы социалистік қозғалыс".

Бұл жұмысты жазуға дерекнамалық негіз болған - жаңа тарих бойынша хрестоматиялар мен құжаттар жинақтарында жарық көрген бұл тақырыпқа арналған документтер.

Мысалы мен олардан мынандай қүжаттарды алып қарастырдым: Социалисттік жұмысшы партиясы (СЖП), Американ социалисттік партиясының ( АСП ) жарғыларын; 1912 д. АСП сьезінде қабылданған партияның Жарғысына енгізілген түзетулердің тексті; 1912-1914 жж. В. Вильсон үкіметінің Колорадодағы жұмысшылар көтерілісін басуға байланысты документтерді.

"Международные социалистические конгрессы" деген жинақтан мен АҚШ - ғы социалисттік партиялардың сьездерінің қарарларын алдым.

Сонымен бірге мен дерек ретінде атақты американ социалисттері -Д. Де Леоне, Ф.А. Зорге, М. Хилкуиттің естеліктерімен, еңбектерін пайдаландым.

Жұмыстың тарихнамалық негізі болған - американ социалисттік қозғалысын зерттеуге арналған арнайы еңбектер - "Начало массового рабочего движения в США ( 80-е годы ХІХ в.)", Аскольдова С.М. мен Зубоктың Л.М. "Очерки истории рабочего движения в США. 18б5-1918 гг." дегөн еңбектерінен жұмысшы табының қалыптасуына байланысты мәліметтерді алдым.

Баталов Э.Э., Валюженич А.К., Быков В., Кислова А.А., Козенко Б.,Лапицкий М.И., Райский Л., Эпгерт З.К. және т.б. еңбектеріне сүйеніп мен АҚШ-ғы социалисттік қозғалысының тарихын қалыптасуынан - 1914 ж. барысын зерттеп шықтым. Бұл кітаптардағы фактілерді талдап, сұрыптап, тұжырымдап, қазақ тіліне аударып пайдаландым.

Көптеген мәселелерді қарастыруға көмегін тигізген атақты американ тарихшысы Ф.С. Фонердің 5 томдық "АҚШ - ғы жұмысшы қозғалысының тарихы" деген еңбегі және 1985 ж. жарық көрген 4 томдық "История США" деген кітаптың 2 томы.

Жұмыстың негізгі мақсаты - АҚШ - ғы социалисттік қозғалысының пайда болып 1914 ж. дейінгі тарихын зерттеу.

Осы проблеманы жан-жақты зерттеу үшін мынандай нақты мәселелер қарастырылады:


  1. АҚШ-ғы социалисттік қозғалыстың пайда болу тарихы;

  1. ХІХ ғ. 70-90 жж. АҚШ-ғы социалисттік қозғалыстың тарихын зерттеу;

  2. ХІХ ғ. аяғы - 1914 ж. АҚШ-ғы социалисттік қозғалыстағы негізгі оқиғаларды зерттеу.

Жұмыс кіріспе, қорытынды 12 параграфқа бөлінген 111 тараудан тұрады. Жұмыстың кіріспесінде магистрлік зөрттеуге таңдалған проблеманың актуальдығы, қажеттілігі дәлелденген, жалпы социалисттік идеологияның туу, қалыптасу тарихы берілді. Жұмысты жазарда пайдаланған деректер мен арнайы әдебиетке шолу жасалған. Магистрлік зерттеудің негізгі мақсаты мен құрылымы сипатталды.

ІІІ тараудан тұратын негізгі бөлімде жұмыстың мазмұны ашылған.

Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиетке жасалған сілтемелер мен әдебиет тізімі берілген.

І -ТАРАУ. СОЦИАЛИСТТІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ.

1. 1. ХІХ ғ. б0-70 жж. американ пролетариатының жағдайы. Таптық күрестің өсуі.

Азамат соғыс мен Реконструкция ("Қайта құру") аяқталғаннан кейін АҚШ - ғы пролетариаттың саны өсті. Егерде 1870 ж. оның саны - 3,8 млн. болса, 30 жылдан кейін, 1900 ж. - 9,4 млн. дейін өсті [1].Жұмысшы табының құрамында фабрикалық - зауттық пролетариаттың үлес салмағы өсе бастады. Олар ірі кәсіпорындарда топтасты. Жұмысшылар мамандығы бойынша да жікетеле бастады. Бірінші топты құрған - ақ нәсілді жоғарғы мамандығы бар жұмысшылар еді. Олар жұмысшы табының « ақсүйектері » еді. Олар жоғарғы жалақы алды, үй тұрмыстары да жақсы болды. Ресми есептер бойынша олардың саны 1880 ж. - 844 млн болды, 1890 ж. - 1910 млн, 1900 ж. - 2202 млн. жетті [2].

Екінші негізгі топқа жатқан - мамандығы жоқ жұмысшылар еді. АҚШ - ғы жоғары мамандығы бар жұмысшылар еуропалық жұмысшыларымен салыстырғанда екі есе көп жалақы алатын еді, бірақ соған қарамастан олардың жағдайы өте қиын болатын.

ХІХ ғ. аяғында бір американ жұмысшысының жалпы жалақы мөлшері жылына - б00 долларға теңелген еді, бірақта бес адамнан тұратын отбасының қарапайым күн көрісіне аштан өліп қалмас үшін - 825 доллар қажет еді [3]. Жұмыс күні 12-13 сағатқа созылатын еді, кейбір кәсіпорындарда жұмысшылар жексенбі күні де жұмыс істейтін . Ұзақ күрестің нәтижесінде 8-сағаттық жұмыс күні тек қана мемлекеттік кәсіпорындарда 1892 ж. енгізілді. Сондықтан, Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі пролетариаттың негізгі мақсаты - 8 сағаттық жұмыс күнін барлық кәсіпорындарда енгізу болды.

ХІХғ. аяғында жұмысшыларды қатты қинаған жұмыссыздық болды. ХІХ ғ. 80-90 жж. АҚШ - ң көптеген штаттарында еңбекті қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру, сақтандыру жүйесі болмады. Соның салдарынан • көптеген жұмысшылар зауыттарда, темір жолдарда, шахталар мен құрылыста мүгедек болып қалған жұмысшылар зейнет ақы алмайтын еді. Ресми деректер бойынша 80 ж. аяғында - 90 ж. басында темір жолдарда өзінің жұмыс істеу барысында жылына 2,5 млн. адам өліп, 26 мыңы кеміс болып қалады екен [4]. Жұмысшы табының тұрмыстық жағдайы да нашар болды. Өте нашар өндірістік және тұрмыс жағдайына байланысты жұмысшылар 30 жылдан астам өмір сүрмейді екен [5].

Ең қиын жағдайды басынан кешкен американ балалары еді. 1880 ж. 15 жасқа келмеген 1 млн. балалар күн көру үшін фабрикаларда жұмыс атқарды. 1900 ж. олардың саны 175000 жетті. Көптеген штаттарда балалардың жұмыс уақыты шектелмеді. Американ еңбек федерациясының (АЕФ) деректері бойынша Род-Айлендідегі фабрикаларда 5-8 жасар балалар аптасына б7-74 сағат жұмыс істейді екен. Өндірістің кеңеюіне байланысты АҚШ - да әйелдердің еңбегі де кеңінен пайдалынылатын болды. ХІХ ғ. аяғында өндірістің барлық салаларында 2 млн. жуық әйелдер қызмет атқарды. Ер адамдармен салыстырғанда өз еңбегі үшін олар екі есе кем жалақы алатын еді.

АҚШ - ғы ең қиын жағдай шеккен жұмысшы - иммигранттар еді, Оларды ең қиын және лас жұмыстарға алатын еді. Олар қалаларда арнайы аудандар - "геттоларда" тұрды. Әсіресе қиналған қара нәсілділермен қатар Азиядан шыққан иммиграннтар еді. Олар капиталисттік қанау мен бірге нәсілшәлдік қанауды да басынан өткізді.[6]. ХІХ ғ. аяғында американ жұмысшы қозғалысының ұйымдасуына кері әсерін тигізген көптеген факторлар бар еді. Оның ең негізгі 1 әлеуметтік факторы - капитализмнің елде өте жылдам дамуы және Батыста " бос" жерлердің болуы. Бұл фактор пролетариаттың өзіндік меншік иесі болу сағымын туғызды. Бұл фактор американдық өнеркәсіптік пролетариатының құрылуына, оның әлеуметтік - психологиялық бейнесінің қалыптасуына зор әсерін тигізді және оның арасында практицизм, меншіктік көзқарастардың кеңінен таралуына әсер етті.

Американ пролетариатының қалыптасуына ғасырлар бойы американ қоғамында өмір сүрген нәсілшілдік саясатта қатты әсерін тигізді. Ақ нәсілді американ жұмысшылары бөтен нәсілдегі жұмысшыларға мен-мендікпен қарайтын еді, олармен одаққа бармайтын. Мысалы тредюниондарға (кәсіподақтарға), жұмысшы одақтарына негрлерді қатыстырмайтын. Тек қана 1890 ж. құрылған кеншілердің Біріккен одағы (КБО) мен Еңбек серілерінің ордені (ЕСО) өз мүшелігіне қара нәсілділерді қабылдай бастады.

Ақ нәсілді жоғарғы мамандығы бар американ жұмысшылары құрған одақтар расизмді (нәсілшілдікті) уағыздады. Сонымен қатар олар иммигранттарды да менсінбеді. Негізіннен ол иммигранттар Еуропа мен Азиядан көшіп келгендер еді.

Осы себептерге байланысты американ жұмысшы табының әр топтарының басы қосылмады. Американ буржуазиясы да олардың арасына жік салып, бір-біріне айдап салып, олардың басының қосылуын шегеріп отырды. Сонымен қатар, пролетариатты өзінің ықпалынан шығармас үшін ол буржуазиялық идеологияны кең тұрде жұмысшылар арасында баспасөз, шіркеу, неше тұрлі клубтар арқылы таратып отырды.

Бірақта бұл себептерге қарамастан ХІХ ғ. соңғы ширегінде жұмысшылар стачкалық қозғалысқа араласа бастады: ұлттық көлемде жұмысшылар ұйымдар құра бастады, пролетариат арасында социалисттік идеялар тарай бастады. Осы оқиғалардың нәтижесінде АҚШ - да жаңа тредюниондар құрыла бастады. Әсіресе олардың пайда болуы 1882-1885 жж. экономикалық дағдарыстан кейін шапшаңдай түсті. Олар тұрақтанып бүкіл ұлттық сипатала бастады.

ХІХ ғ. 80 жж. американ жұмысшы қозғалысында екі бірлестік өмір сүрген еді: Ол Еңбек серілерінің ордені (ЕСО) мен Американ еңбек федерациясы ( АЕФ ). Еңбек серілерінің ордені ең ірі ұйым еді. Оны 18б9 ж. У.Стеффенс құпия ұйым ретінде құрған болатын. 1878 ж. бастап ол легалдық қызметке көшті. Оның көсемдігіне Т.Паудерли келді. ЕСО өзінің қатарына барлық жұмысшыларды алатын ұйым еді.

1878 ж. Еңбек серілерінің орденінің Бас ассамблеясы ұйымының бағдарламасы мен жарғысын қабылдады. Одақ өнеркәсіптік және түтынушылық кооперативтер құру арқылы жалдамалы еңбекті және капиталистік қанауды жоюға ұмтылды. 188б ж. оның мүшелерінің саны 70б мыңға жетті, оның б0 мыңы негрлер еді. Бұл АҚШ тарихындағы бірінші жұмысшылардың құрған ұлттық ұйымы еді.

Еңбек серілерінің орденінің қатардағы мүшелерінің революциялық белсенділігін Паудерли басқарған одақтың көсемдері басып отырды. Одақтың қызметін олар тек насихатпен және қоғамның істеріне араласумен шектеп тастады. Саяси күреспен айналасуға тиым салынды және одақтың басшылығы пролетариатқа жатпайтын мүшелердің көптігін пайдаланып одақтағы социалисттік тенденциямөн күресіп отырды.

ХІХ ғ. 80 ж. АҚШ - да стачкалық қозғалыс өрши бастаған кезеңде Еңбек серілерінің орденінің басшылпры оны қолдамады. Нәтижесіндө орден бұқара жұмысшы қозғалысының ағымынан оқшау қалып, кейін тарап кетті.

1881 ж. негізделіп, 188б ж. - Американ еңбек федерациясы (АЕФ) деп аталған екінші кәсіподақ құрылды. Оның ұйытқысы болған жоғарғы маманды жұмысшылар, цех ұсталары - бір сөзбен айтқанда американ жұмысшы табының "ақсұйектері" еді. Оның құрамы бұл кәсіподақтың саяси бағытына, экономикалық талаптарына және идеологиялық негіздеріне әсерін тигізді. Оған мамандығы жоқ жұмысшылар, қара нәсілділер, әйелдер мүшелікке алынбайтын еді. Бұл кәсіподақ тек цехтік мүдделерді қорғады, Американ еңбек фөдерациясы нәсілшілдік, ұлттшылдық бағытта тұрды, иммигранттармен күресті.

Американ кәсіподақтық қозғалысындағы Американ еңбек федерациясының бұл бағытына тойтарыс беріп, табанды интернационалисттік бағытты қолдаған атақты социалисттер еді. Олар А.Ф. Зорге, И. Дицген; кәсіподақтық қозғалыстың ірі қайраткерлері 8 -сағаттық жұмыс күні үшін күрескен - А. Парсонс, кәсіподақтарды ұйымдастырушы - Д.Суниюн болды.

Бұл жұмысшы интернационалисттердің ықпалымен Американ еңбек федерациясының сьездерінде 1881 ж. Ирландия халқының күресін қолдайтын, 1894 ж. иммигранттарға қарсы заңдарды сынайтын қаулылар қабылданды.

ХІХғ. 80 жж. Американ еңбек федерациясының көсемдері С. Гомперс, А. Штрассер, Л. Мак-Гир оны "таза" тред-юнионисттік жолға итермеледі. С. Гомперс Американ еңбек федерациясының 188б-1924 жж. басқарды. Ол прагматизм, волюнтаризм философиясын уағыздады. Ол басқарған Американ еңбек федерациясының негізгі принципі "саяси бейтараптық" болды. Ол Американ еңбек федерациясын саяси күреске араластырмады, таптық ымыра идеяларын таратты.

ХІХ ғ. бірінші жартысында АҚШ-да жұмысшы қозғалысы өрледі. Егерде 1881 ж. ереуілдерге 13б мың адам қатысса, 188б ж. олардың саны б10 мыңға жетті [7]. 1882ж. Огайо, Индиана, батыс Виргиния, Иллинойс және т.б штаттарында 4 айға созылған 40 мың жұмысшылардың ереуілі болды. Сол жылы Пенсильваниядағы 2,5 мың кеншілердің көтерілісі болды.

1883ж. жазда АҚШ-ның телеграф жүйесінің қызметкерлері күреске шықты. Бұл шын мәнісінде алғанда Еңбек серілерінің орденінің бір бөлімшесі болған Телеграфисттер бауырластығының Дж. Гульд басқарған монополиялардың бір тобымен күресі еді. Ұйымдасқан жұмысшылардың күресі барсында Дж. Гульд 1885 өзінің жеңілгенін мойындап, жұмысшылардың негізгі талаптарын орындады. Бірақта 1886 ж. жаз айларында Дж. Гульд қайтадан шабуылға шықты. Жұмысшылар қайтадан ереуілдерге шыққанда Еңбек серілерінің орденінің көсемі Дж. Гульдпен келісіп, стачканы тоқтатты. Стачка тоқтағаннан кейін Дж.Гульд сөзінен тайып кетті. Паудерлидің бұл әрекеттері ұйымдасқан жұмысшы қозғалысына қатты соққы болды. Еңбек серілерінің орденінің беделі жұмысшылар арасында түсе бастады.

8-сағаттық жұмыс күні үшін күрестің орталығы болған Чикаго қаласы еді. 1882 ж.Тред-юниондар федерациясы мен жұмысшы одақтарының 2 сьезінде 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресті бастау керек деген қарар қабылданды. Чикаго жұмысшылары бұл талапты АҚШ президентіне жолдады. Бірақта ол жауапсыз қалды.

1884 ж. сьездің қарары бойынша АҚШ-да 1 мамыр 188б ж. бастап 8 сағаттық жұмыс күні орнады деп жарияланды. Барлық жұмысшы ұйымдары бұл қарарды қолдады.

8 сағаттық жұмыс күнін енгізу қозғалысына 340 мың адам қатысты, 190 мыңдай адам ол үшін ереуілге шықты.

1885 ж. сәуір айында бұл мәселе бойынша президент Г. Кливленд өз үндеуін жариялады. Ол бұл құжатта мәселені үкімет қарастырып өз шешімін айтатынына сендірді. Бірақта жұмысшылар президент сөзіне сенімсіздік білдіріп өзінің 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресін жалғастырды.

Әсіресе жаппай сипат алған Чикаго қаласының жұмысшыларының қозғалысы еді. 45 мың жұмысшы ереуілсіз-ақ 8 сағаттық жұмыс күнін өз кәсіпорындарында енгізді. 40 мың жұмысшы ол үшін ереуілге шықты. Чикаго қаласында барлық жұмыс орындары 1 мамырда тоқтап қалды. Үрейлері ұшқан капиталисттер келісімге келді.

Бұл Чикагодағы көтеріліске басшылық еткен каланың Орталық жұмысшы одағы (ОЖО) еді. Оны басқарған Альберт Парсонс пен Август Шпис болды. Оның құрамына 20 тред-юнион кірген еді. Ол қаланың негізгі Орталық кәсіподағы болды.

Бұл кәсіподаққа қарсы күреске қаланың барлық кәсіпорын иелері бірікті. Біріншіден - Азаматтар ассоциациясы, екіншіден Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау комитеті. Теміржол магнаттары Кәсіпкерлердің ассоциациясын құрды. Олар өз қолында қаланың полициялық күштерін, штрейкбрехерлерді топтастырды. Құпия полиция ( пинкертондықтар) провинцияны ұйымдастырды. Сөйтіп, үкімет, қала басшылары 3-4 мамырдағы Чикагодағы оқиғаларды алдын-ала дайындап қойды.

3 мамырда 1885 ж. Маккормик зауытынан шығарылған жұмысшылар митинг ұйымдастырған еді. Онда Орталық жұмысшы одағының көсемі Шпис сөз сөйлейді. Штрейкбрехерлер әдейі жұмысшылармен қақтығыс бастайды. Нәтижесінде алты адам өліп, көп адамдар жараланады.

Үкімет тарапынан жасалған провокациялар ертеңінө 4 мамырда да жалғасады. Кешкі сағат 19,30 - да Хеймаркет алаңында Орталық жұмысшы одағының шақыруымен 2-3 мың адам митингіге шығады. Сойлеген ораторлар Шпис, Фильден, Парсонс үкіметтің саясатын сынға алады. Фильден сөзін аяқтап митинг тарай бастағанда полиция келеді. Осы уақытта полицияға бомба тасталады. Осыны сылтау ретінде пайдаланып полиция оқ ата бастайды. Бұл оқиғадан кейін жұмысшыларға қарсы компания басталады. Конституция жариялаған заңдылық, бас бостандық қүқығы бүзылып жұмысшыларды тұтқындау басталады. Чикаго жұмысшыларының көсемдері Парсонс, Шпис, Фильден, Шваб, Нибе, Фишер, Энгель мен Линг сотқа тартылады. 1887 ж. қарашада соттың үкімі бойынша Шпис, Парсонс, Фишер, Энгель өлім жазасына кесіледі [8].

Тред-юниондардың федерацияларының сьезі бұл соттың шешімін заңсыз деп бағалағанда, Орталық жұмысшы одағының көсемі Паудерли Чикаго революционерлерін айыптады. 8 сағаттық жұмыс күні үшін күрес американ жұмысшы қозғалысына өзінің саяси ықпалын тигізді. 200 мыңдай жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс күнін жаулап алды. Барлық штаттарда жұмысшы ұйымдары, кәсіподақтар құрылды. Бірақта жұмысшылардың 8 сағаттық жұмыс күні үшін күресін қолдамаған Орталық жұмысшы одағы беделінен айырылып, |ХІХғ. аяғында таралды.

1886 ж. оқиғалардың ықпалымен кәсіподақтар күшейді. 1886 ж. Тред-юниондардың федерациясы өзінің атын өзгертіп өзін Американ еңбек федерациясы (АЕФ) деп атай бастады. Бірақта ол 1887, 1888, 1889 жж. өткен сьездерінде саяси күреске араласпайтындығын жариялады [9]. Социалисттерді өз қатарынан қуғындағанымен қатар АЕФ көсөмдері ХІХғ. 90-шы жылдарынан бастап оларға қарсы шыға бастады. 1890 ж. АЕФ сьезіндегі дискуссия барысында С. Гомперс жұмысшы қозғалысы тек тред-юниондар тұрінде ғана өмір сүре алады деп жариялады. Бұл сьезде С. Гомперске қарсы шығып пролетариаттың саяси партиясының болуының қажеттігін дәлелдеген социалист Т. Дж. Морган еді. Ол мамандығы бойынша темір ұстасы болды. Ол АЕФ сьезіне Чикаго жұмысшыларының өкілі ретінде келген болатын. Бірақта өзінің атақты еуропалық социалисттерімен, К. Маркс пен Ф.Энгельске жазған каттарында С. Гомперс бұл дискуссия туралы бір сөзде айтпай, Де Леоне мен Социалисттік жұмысшы партиясы (СЖП ) АЕФ социалисттік партияға айналдырғысы келіп жатыр деп жазғырды.

Американ социалисттерінің қателіктері, АЕФ - ның цехтік кәсіподаққа айналуы, Еңбек серілерінің орденінің құлдырауы ХІХ ғ. 90 жж. екінші жартысында американ жұмысшы табын басқарусыз қалдырды. Сондықтан "Стандарт ойл" тресті сияқты, ірі тресттермен күрес барысында тек ұйымдаспаған жұмысшылар ғана емес, АЕФ-ның мүшелері де жеңіліп отырды.

ХІХ ғ. 90 жж. ірі өнеркәсіптік темір жол, тас көмір өңдеу саласының жұмысшылары ереуілдерге шыға бастады. Оның негізгі себебі болған -1893 ж экономикалық дағдарыстан кейінгі жалақының 10-12% кемуі және жұмыссыздықтың өсуі болды. 1894 ж. АЕФ есебі бойынша АҚШ - да бмлн. жұмыссыздар болды. 1894 ж. Дж.С.Кокси басқарған жұмыссыздардың Вашингтонге жорығы басталды. Олар президенттен жұмыссыздыққа қарсы күресу шараларын қабылдауды талап еткен еді. б0-70 мыңдық " генерал Коксийдің армиясы" Вашингтонге таяғанында тұрақты әскер оны сейілтіп жіберді. Кокси мен Браун - жұмыссыздардың көсемдері тұтқынға алынды. Американ үкіметі жұмыссыздардың талаптарын орындамады [10].

XIX ғ. 90 жж. ереуілдік қозғалыс өрши түсті. Ол өзінің шырқауына кетті. 1894 ж. оған б10 мыңға жуық адам қатысты. Бұл ереуілдердің арысында көптеген жаңа жұмысшылар ұйымдары құрылды. Соның бірі олған Колорадо штатындағы кен жұмысшыларының Орталық одағы КЖОО) еді. Соның негізінде кейінірек кен жұмысшыларының Батыс Федерациясы (КЖБФ) құрылды. АЕФ бұл федерацияға қарсы шықты. 1899 ж. КЖБФ мен АЕФ тәуелсіз батыс штаттарының кәсіподақтары Батыс жұмысшы Одағын (БЖО) құрды.

ХІХ ғ. 90 жж. ереуілдік қозғалыстың нәтижесінде құрылған бір кәсіподақтардың бірі - 1893 ж. құрылған Ю. Дебс құрған Американ теміржолшылар Одағы (АТО). Бұл көпшілік ұйым темір жол саласындағы жұмысшылардың 1/16 ғана қамтыған аристократиялық цехтік кәсіподақтарға қарсы құрылды. Бір жыл ішінде АТО АҚШ-ның ең ірі ұйымына айналды. Оның 425 бөлімшесінің құрамына 150 мың жұмысшылар мүше болған еді. Бұл одаққа "Юнион", "Мак - Кормик", "Денвер-Рио-Гранде" компанияларының жұмысшылары, сонымен қатар Дж. Пульманның вагон жасайтын кәсіпорындарының да жұмысшылары кірді.

АТО өмір сүрген бірінші жылы оның басқаруымен Трейт Нозери" компаниясының 9 мың жұмысшылары жеңіске жеткен еді. Бұл жеңіс б4 мың километрге созылған темір жол иелерін, олардың құрған "Кәсіпкерлердің ассоциациясын" қатты қорқытты.

1894 ж. мамырда пульман зауыттарында АТО басқарған жұмысшылар ереуілге шыққанда оларға қарсы үкімет, компания басшылары қосылып күресті. Үкіметтің ереуілшілдерге қарсы құресін АҚШ-ң юстиция министрі Р. Олин басқарды. Президент Кливленд әскер жіберді. Оқ атылып ондаған адамдар өлді, көптеген адамдар жаралы болды. 10 шілдеде Ю.Дебс және онымен бірге 700 адам түтқындалды. Оларды сот үкімі бойынша 3-б айға тұрмеге жапты. Пульман забастовкасының жаншылуы АҚШ - ғы жұмысшы қозғалысына қатты соққы берді. Қуғындаудың нәтижесінде көптеген одақтар тарап кетті, АТО әлсіреді. Бірақта жеңілгеніне қарамастан бұл теміржолшылардың қозғалысының тарихи маңызы өте зор еді, себебі оларжұмысшылардың ұйымдасса зор күш болатынын көрсетті.

АЕФ көсемдері бұл көтерілістің жеңілгенін өздерінің тред-юнионисттік идеяларын насихаттау үшін, "таптық ымыра" идеяларын тарату үшін пайдаланды.

1893-1894 жж. АЕФ өзінде дағдарыс басталды. Онда социалисттік бағытбас көтерді, С. Гомперстің саясаты сынала басталды. 1893 ж. АЕФ сьезінде жаңа бағдарламаның жобасын талқылады. Оған атақты социалист Ф. Дж. Морган мынандай социалисттік талаптарын енгізуді ұсынды: темір жол, байланыс жүйесін, шахталарды ұлттандыру; халыққа тегін бастауыш білімін беру; 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу.

Ашық түрде АЕФ көсемдері бұл ұсыныстарға қарсы шыққан жоқ. Бірақта 1894 ж. сьезд барысында бұл бағдарламаны бекіте бастағанда, гомперсисттер барлық қулықтарын пайдаланып, бұл баптарды өткізбей тастады. Ал 1895 ж. сьезде гомперсисттер "АЕФ - ның саяси платформасы жоқ" деп жариялады. Сөйтіп, АЕФ пролетариаттың саяси күресінен бас тартты.

Тресттердің өсуі мен күшеюіне байланысты, таптық күрес шиеленісе түсті. Пролетариат өзінің буржуазиядан өзгеше тап екенін, өзінің таптық мүддесі бар екенін айқын сезіне бастады, өздеріне саяси партияның қажеттігін де айқын түсінді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет