Мазмұны кіріспе і-тарау. Социалисттік қОЗҒалыстың басталуы


Социалисттердің монополияларға қарсы күресі. Монополияларға қарсы идеологияның қалыптасуы



жүктеу 0.67 Mb.
бет3/4
Дата23.11.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4

2.3. Социалисттердің монополияларға қарсы күресі. Монополияларға қарсы идеологияның қалыптасуы.

ХІХ ғ. соңғы ширегінде монополияларға қарсы күрес АҚШ-тың әлеуметтік, саяси өмірінде өте маңызды роль атқарды. Сол уақыттан бастап монополияларға қарсы бағытталған идеология қаыптаса бастады.

Тресттерге қарсы радикалдық альтернативаны - ірі жөке меншікті ұлттандыруды бірінші болып социалисттер ұсынған еді. ХІХ ғ. аяғында американ қоғамдық пікірлерінде социлисттік идеялардың үлес салмағы өсе түсті. Бұл уақытта К.Маркс пен Ф. Энгельстің еңбектері АҚШ-да кеңінен тарлаған еді. Бірінші американ марксисттері И. Вейдемейер, Ф. Зорге, А. Дуэ және т.б. тәжірибесіне сүйене отыра АҚШ социалисттік партиясы марксизм идеяларын насихаттауда көптеген табыстарға жетті.

Д. Де Леоненің, Ю. Дебстің әйгілі памфлеттері мен брошюралары мыңдаған экземпляр болып басылып шықты.

Бірақта, сонымен қатар, социалисттік қозғалыстың солшыл қайраткерлері қоғамның структурасында өтіп жатқан өзгерістердің мәнін өздері де дұрыс ұғынбады. Тресстер проблемасын қарастырғанда олар бұл тресттердің пайда болуы жұмысшылардың қаналуының рейтетінін, саяси бостандықтарын емсітетінін мойындады (АЕФ көсемдері оларға қарама-қарсы тресстер жұмысшылардың жағдайын жақсартады деген еді). Бірақта социалисттер тресттермен қалай күресу керектігін және пролетариатқа революция таяп қалған кезде не істеу керектігін ашып айта алмады. Олар тресттермен күресті утопиялық іс деп есептеді. Миссисипидің суын қалай теріс ағызуға болмаса, тресттерді де жеңуге болмайды деді. Сондықтан олар монополиялармен күресіп жатқан партиялармен, топтармен одақтаспады.

Ал бұл уақытта елде тресттермен күрес қайнап жатқан еді. Популисттік партия өзінің қатарында барлық тресттермен күрескен күштерді біріктіріп - АҚШ-ғы бірінші монополияларға қарсы құрылған коалиция болды. Кеңес зерттеушісі В.В. Согрин дұрыс дәлелдегендей 1892 ж. Популисттік партия қабылдаған Омаха платформасы осы уақытқа дейінгі темір жол корпорацияларымен күрескен грейнджерлердің; күміс ақша үшін күрескен гринбеккерлердің; жерге біртұтас салық төлеуді ұсынған Г. Джорджтың идеялық-саяси тәжірибесінің қорытындысы еді.

Олармен қатар келе жатқан монополияларды сынаушылардың солшыл идеологтары Г.Д. Ллойд және Э. Беллами еді. Олар негізіннен өзнасихатын қалалық ұсақ буржуазиялық топтарға арнады [28]. Омаха платформасында және популисттердің көсемдері И. Донелли, Т. Уотсон, М. Линз және т.б. сөйлеген сөздерінде олар популизмнің принциптерінің Джефферсоннан басталатын демократиялық дәстүрмен байланысын атап көрсетті. Олар өз көзқарастарын Тәуелсіздік декларациясында және 2 американдық Конституцияларда жарияланған саяси құқықтар мен еркіндіктерге негіздеді, бірақта оларға жаңа әлеуметтік мән берді.

Популисттік идеялар бұдан дейінгі өмір сүрген әлеуметтік идеяларға да сүйенді. Монополияларды жойып олар баяғы еркін кәсіпкерлік уақытына оралғысы келді. Әсәресе бұл идеяларды өзінің " Цезарь колоннасы" деген еңбегінде И. Доннели айқын көрсеткен еді. Ол суреттеген утопиялық қоғам, фермерлердің баяғы Америкадағы өмір сүрген гармония мен теңдік туралы мифтерін жақсы бейнелейді.

Популисттер мемлекеттің халық жағдайына жауапты екенін жариялады. Олар мемлекет тарапынан бәсекені реттеуді; ақша айналымын қадағалауды; транспорт, телефон, пошта жүйесін мемлекеттік меншікке айналдыруды; жер монополисттерімен күресуге шақырды. 1893 ж. Чикагода өткен монополияларға қарсы Конвентте И. Доннели былай деген еді: "Егерде мемлекет бұл ұсынған шараларды жасамаса онда біз барлық тресстер мен монополиялардың меншігін тәркілейтін заңдарды қабылдаймыз "[29].

Популисттердің идеялары олардың экономикалық және саяси көзқарастарында көрінді. Монополияларды сынай отыра, олар үкіметтік биліктің плутократиямен байланысты екенін көрсетті. Сондықтан олар Халық алдында есепті жаңа үкіметтің үлгісін ұсынды. АҚШ-ғы саяси жүйені коррекциялайтын «тікелей демократия» бағдарламасын ұсынды. Ол бағдарламаға халық инициативасын кеңіту; маңызды мәселелер бойынша референдум жүргізу; құпия даус беру; президент, вице-президент және сенаторларды тікелей сайлау талаптары енгізілді.

Популисттер қала және ауыл тұрғындарының мүдделерінің бірлігі идеясын ұсынған еді. Бұл идея өмірдің ағымынана, ортақ монополияларға күрестен туындаған еді. Осы идеяның негізінде Гринбекерлік-жұмысшы партиясы құрылған еді. Оған кейінірек «Еңбек серілерінің ордені» да қосылды. АЕФ бастапқы кезеңде фермерлік қозғалысты қолдаған еді, тек 90-шы жылдардың басында тред-юниондар реформисттік ұйымға айналғаннан кейін ғана АЕФ жұмысшылар мен фермерлердің мүдделерінің өзгеше екендігін айта бастады.

Монополияларға қарсы күрестің негізгі принциптерін жариялаған Г.Джордж еді. Оның «Прогресс және кедейлік» дегөн кітабы (1879) екпінді экономикалық прогресс туғызған халықтың қайыршылық күйге жету мәселесін батыл көтерді. Кітап 3 млн. тиражбен шықты. Өмір сүріп жатқан әлеуметтік теңсіздіктің түп тамырын ол - жерге монополия, жердің теңсіз бөлінуінен деп есептеді. Бұдан рента туады – жерді өңдейтіндер төлейтін масыл төлем. Бұл теңсізідікті, әділетсіздікті жою ол жер меншігіне бірыңғай прогрессивтік салық салуды ұсынды. Бұл салық, оның ойынша, жер иелері алатын барлық ділетсіз табыстарды жояды. Оның ойынша, бұл шара жер рентасын жояды, жер меншігін ұлттандыруға әкеледі.және де жер оны өңдейтін адамдарға беріліп, кедейлік жойылады.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік қайшылықтардың негізін Г. Джордж өндіріс құралдарына жеке меншіктің өмір сүруінде емес, жерге жеке меншіктен көрді. К.Маркс пен Ф.Энгельс бұл бірыңғай жер салық теориясының утопиялық және буржуазиялық сипатын толық ашып берген еді. Олар Г. Джордждың теориялық әлсіздігін және оның өзін социалистпін деуін сынады. Бірақта, сонымен қатар, олар және келешекте В.И.Ленин оның тек буржуазияның идеологы емес «радикалдық буржуазияны идеологы екенін» көрсеткен еді "[30].

Г. Джорджтың эконмикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен ағылшын классикалық саяси экономикасы мен француз физиократтарының ілімдері. Бірақта ол жерді оны өңдейтіндерге беру керек деген талабымен көне американдық демократиялық жер үшін күрестің дәстұрін жалғастырды. Оның жерді ұлттандыру керек деген талабы буржуазиялық реформалардың тар шеңберінен шыққан жоқ. Бірақта XIX ғ. аяғында жердің өзі буржуазиялық меншікке айналғанда, бұл талап өте радикалдық еді, себебі ол буржуазияның жер меншігіне қол сұғу еді және оның бөтен де меншігінің заңдылығына күмән туғызған еді.

Жерге монополияны сынаумен қатар Г. Джордж жерді өз қолына топтастырған темір жол компанияларына да соғыс жариялады.

Г. Джорджтың еңбектері шыға бастаған уақытта американ буржуазиялық ойлар ішінде елеулі орын алған социал-дарвинизм еді. Г. Джордж социал-дарвинисттік іілімнің монополиялардың құрылуы мен жүгенсіз бәсекені қолдауына қарсы шықты.

Г. Джордждың ұсақ буржуазиялық ілімінің ықпалы әрқалай болды. Оның бірыңғай жер салығы теориясын теориялық жағынан әлсіз американ жұмысшы қозғалысы негізгі күрес тәсілі ретіндө пайдалана бастаса, оның еңбек пен капиталды үштасу теориясын буржуазиялық реформаторлар өзінің келістіру саясатында кеңінен пайдалана бастады. Г. Джордждың монополияларды сынауы монополияларға қарсы идеологияны толықтырды.

Монополияларға күрескендердің солшыл қанаты еркін бәсекені элеуметтік ынтымақтықпен айырбастауды талап етті. Ол коллективисттік бағыт еді. Коллективисттік идеяларды уағыздаған Г.Д. Ллойд пен З.Беллами болды.

ХІХ ғ. 90 ж. бастап Г.Д.Ллойд өнеркәсіптік монополияларды зерттей бастады. 1894 ж. жарық көрген «Байлық қоғамға қарсы» деген кітабында ол тек «Стандарт ойл» мұңай компаниясының тарихын ғана жазып қойған жоқ «былғанышты аршушылардың» (разгребатели грязи) бірншісі болып монополиялардың құрылуының универсалдық сипатын ашты. Ллойд монополиялардың бұқара халықтың мүдделеріне қайшы өкенін көрсетті. Бөтен американ социалисттерінен тереңірек ол монополиялардың құрылуы мен қоғамдық өмірдегі реакцияның күшеюінің байланысын ашып берді. Ол заң шығару және атқару билігіне монополисттік бірлестіктердің ақпалының күшейгендігін және күшейе түсетінін көрсетті. Ол тресттердің тек экономикалық және саяси бостандықты жойғанын көрсетіп қойған жоқ, келешекте олардың Американың тұрғындарының рухани бостандықтарын да шектейтінін көрсетті.

Ллойдтың негізгі жетістігі - ол еркін бәсекеге қайтып баруды утопия деп бағалап, монополиялардың меншігіне қоғамдық меншікті жариялауды талап етті. Ол «әлеуметтік кооперация» идеясын қолдады және оның халық ішінде уағыздады. Ол жұмысшылардың, фермерлердің мүдделерінің бірлігін қолдап, социалисттердің, фермерлердің, профсоюздердің басын қосқысы келді. Сондықтан ол Де Леоненің сектанттық саясатын, СЖП американ халқынығ монополияларға қарсы күресін қолдамауын қатты сынады. Өмірінің соңғы жылдарында Ллойд Социалисттік партиясының мүшесі болды.

Г. Ллойдтың әлеуметтік концепциясы қандай радикалдық болғанымен, ол жеке меншікті жою талабын қоймады, оған ешқандай альтернативаны ұсынбады.

ХІХ ғ. аяғындағы радикалдык-демократиялық ойлардың ең асқан шегі болған - Э.Белламидің көзқарасы. Ол монополиялар проблемасын шешуді капиталисттік меншікті жоюмен байланыстырған еді. Оның 1888 ж. шыққан «Кейінге назар аудару» кітабы барлық Американы дүрліктірді. Оның ықпалымен АҚШ-да ұлттандыру үшін қозғалыс туды. Бұл кітапта келешек коммунисттік қоғамның құрылысының жарқын бейнесі берілген еді.

Ол бұл кітабында монополиялардың үстемдігін «жаңа дәуірдің феодализмі» деп бағалады. АҚШ-ғы саяси демократияның бұлдырлығын көрсетті. Өзінің саяси көзқарастарын ол «Герцог Стокбридж» деген кітабында білдірді. Бұл еңбегінде ол 178бж. Даниэль шейс басқарған фермерлер көтерілісін зор үнатушылықпен сипаттайды. Ол бейнелеген коммунисттік қоғамда мемлекет бүкілұлттық трестке айналады. Елдің барлық экономикалық өмірін басқарады. Бұл қоғамда жойқын еркін сайыс, жұмыссыздық жоқ, әділдіктің негізгі принципі - азаматтардың экономикалық теңдігі орнатылған. Бұл жаңа қоғамда кейде әскери реттелген, теңестірілген, мемлекеттің әлеуметтік функциялары арта түскен. Ол ағарту, денсаулықты қорғау, кәрі адамдардың жасау салаларын басқарады.

Жаңа қоғамды бейнелегенде Э.Беллами, әрине, утопиялық социализмнің дәстұрлеріне негізделді. Американ жерінде утописттік идеялар кеңінен тарап, оуэнисттер мен фурьеристтердің колониялары өмір сүрген еді. Сондықтан оның көзқарасына утопиялық социализм идеялары зор ықпал тигізген болатын. Және сонымен қатар оның идеяларының қалыптасуына фабиандық көзқарастармен жақындас этикалық социализмде әсерін тигізді. Оның жаңа коммунисттік қоғамының негізі болған "«нтымақтық дін" еді. Э.Беллами социалисттерден өзгеше, қоғамдық қайта құруларды жасайтын пролетариат емес интеллигенция деп есептеді. Ол тарихтың негізгі қозғаушы күші - сауатты интеллигенция деп есептеді және де қантөгіссіз, бейбіт эволюциялық жолмен жаңа қоғамға көшуге болады деп сенді.

Э. Белламидің идеяларының ықпалымен құрылған «ұлттандыру» клубтары АҚШ-да көптеп өсе бастады. ХІХ ғ. басында олардың саны 150 жетіп, оның құрамында 500 мың мүше бар еді.

Бұл "ұлттандырушылармен" тығыз байланыста болған христиан социалисттері еді. Әлеуметтік христианшылардан өзгеше "христиан социалисттер" қоғамы 1899 ж. құрылып, алдына мақсат етіп, капитализмді жоюды қойды.

Олардың ойынша, социализмнің өзі - астапқы христиандық принциптердің логикалық дамуынан туындаған. Бұл қоғамның қызметінде негізгі орын алған жұмысшы мәселесі еді. Христиан социалисттерінің қоғамының басшысы конгрегационолисттік дін иесі У.Блисс "Еңбек серілерінің орденінің орденінің" көрнекті қайраткері болған еді, содан кейін ол СЖП-ның белсенді мүшесі болды.

"Ұлттандырушылармен" христиан социалисттерінің бірлігі олардың күрес тәсілдері мен түпкілікті мақсаттарының бірлігінде ғана көрініп қана қойған жоқ. Олардың қазіргі күні, күн тәртібіне қойған мақсаттары да бір еді: ұлттандыруды темір жол мен телеграф салаларынан бастау. У. Блисс Бостонда «ұлттандыру» клубын ашқан еді және бұл қозғалысты ол христиандық идеялардың жүзеге асырылуы деп бағалады. Ал Э. Беллами христиан социалисттері шығаратын «Дон» газетінің баспасының мүшесі болды [31]. Популисттер партиясы құрылғаннан кейін христиан социалисттері оларға қолдау көрсетті. Э. Беллами келешекте популисттердің бағдарламасын социалисттік бағытта тереңдейді деп үміттенген еді [32].

Белламисттер монополияларға қарсы қозғалыстың солшыл, радикалдық-демократиялық қанатын құрады. Олардың негізге алынатын принциптері социалисттік бағытта болды. Э. Беллами өзінің идеяларының марксизммен байланысын жоққа шығарды және еш уақытта «социализм» деген терминді де пайдаланған емес, бірақта оның серіктестерінің ішінде социалисттер көп еді (олар СЖП-ның басшыларының социалисттер популисттік және «ұлттандыру» қозғалыстарының мүшесі болмау керек деген нүсқауларға қарсы оған белсенді қатысқан еді - Л.Т.). Э. Белламидің идеяларына көптеген социалисттік көсемдер Д. Де Леоне, Ю. Дебс, Дж. Гарриман, Дж. Уэйленд («Эпил туризм» газетінің редакторы - Л.Т.) еліктеген еді.

ХІХғ. аяғында монополияларға қарсы күрес бағытының шектелдендігі сөзсіз. Ұсақ буржуазиялық идеологтар идеалисттік көқарастарда тұрды,

сондықтан дүниетаным жағынан марксизмнен аошақ тұрды. Бірақта монополиялармен нақты күрес барысында марксисттер мен ұсақ буржуазиялық каптализмді сынаушылардың позициялары бірікті, обьективті ұштасып отырды.

ІІІ- ТАРАУ. XX Ғ. 90 - ЖЖ. АҚШ - ҒЫ СОЦИАЛИСТТІК ҚОЗҒАЛЫС

3.1.Империализм дәуіріндегі американ пролетариатының жағдайы.

Стачкалық қозғалыстың өрлеуі.

АҚШ-ның алып тресттер мен монополиялардың еліне айналуы елдегі барлық таптардың жағдайына әсерін тигізді, байлар мен кедейлерді жіктеп жіберді. Империализм кезеңіндегі американ пролетариатының жағдайын қарастырғанда екі мәселені ескеру керек. Біріншіден, ғылым мен техниканың дамуының нәтижесіне өнеркәсіптің өсуі байланысты. Жұмысшы табының санының өсуі 1890 жж. өнеркәсіп пен транспортта 10 млн. адам жұмыс істеді, 1910 ж. олардың саны 17 млн. жетті. Екіншіден, олардың ішіндегі мамандығы бар жұмысшылар тек 14, 8 процентті қамтыды (1910 ж.). Негізіннен жұмысшылардың 85 процентіінің мамандығы болмады. Бұл категорияға әсіресе иммигранттар мен қара нәсілділер жатты. Жыл сайын жұмыс істейтін әйелдердің саны өсіп отырды. 1911 ж. профсоюздық прессаның мәліметтері бойынша жалдамалы еңбек етушілердің әр бесіншісі әйелдер болған екен "[33]. Орион жұмысшылардың әр категориясының жағдайы әрқалай болды. ХІХ ғ. басында нақтылы жалпы өскен еді. Бірақта атақты американ экономисі Г.А.Фолкнердің айтуы бойынша: "1897 ж. жкономикалық дағдарыстан кейінгі 20 жылдықта нақты жалақы өте аз ғана мөлшерде өскен еді және де ол жаппай көпшілік жұмысшылардың жағдайын жақсарта алған жоқ [34].

Нақты жалақының өсуі пролетариаттың жағдайын жақсарта алған жоқ. және де ол жалпы цифрлер ғой. Жалақыны тек жоғарғы маманды жұмысшыларға ғана өсірді. Ал мамандығы жоқ жұмысшылар, негрлер мен иммигранттар; Шығыс Европадан, Латын америкасынан , Батыс Европадан келген өте аз жалақы алатын еді және АҚШ-да өндірістің әр саласында жалақының мөлшері әр қалай еді.

Автомобиль, химия, болат өңдеу, полиграфия салаларында, өндіріс саласына қарағанда жалақы жоғары төленетін. Тоқыма, темекі шығару, ағаш өңдеу салаларында жалақының мөлшері орташа болатын Ең төмен ақы алатын ауыл шаруашылығы саласының жұмысшылары еді.

ХІХ ғ. басында халыққа қажетті тауарлардың құнының өсуі нақты шақының өсуінен асып отырды. Американ зерттеушілері Ю.Кучинский мен М. Штейнфедьдтің есептері бойынша өмірдің құнының индексі 1899-_1914 жж. 51 процентке ескен екен, ал нақты жалақы өспек түгіл 9,7 процентке кеміпті [35].

Бұл тек қана құрғак статистика ғой! Қарапайым американ жұмысшыларының күнбе-күнгі тұрмысы қандай болды? ж, таман көптеген кәсіпорындарда жұмыс күні 10 сағатақа созылатын еді. Ал кейбіреулерінде ол 12-14 сағат болды. Сондықтан 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу - жұмысшылардың осы уақыттағы қойылған негізгі талабы болды.

Көптеген жұмысшылар демалыссыз жұмыс істеді. «Болат қүю өнеркәсібінде», - Ф.С. Фонердің айтуынша, -«жұмысшылар апта бойы үздіксіз күніне 12 сағаттан жұмыс істеді. Оларға демалысты 2 аптадан кейін, үздіксіз 24 сағат 2 жексенбіде істегеннен кейін беретін » - еді дейді. Мүлдем демалыссыз трамвай айдаушылар істейтін еді.

Ер адамдармен қатар 12-14 сағат жұмысты әйелдер мен жасөспірімдер жасайтын еді. Өздерінің бұл қиын жұмыстары үшін олар ер адамдардан екі есе аза жалақы алатын еді. Балалардың әр күнгі жұмысы үшін оларға 27-39 пенс-ақ төлейтін. 1903 ж. Нью-Йорк қаласының мектепті тексеруші инспекторының мәліметі бойынша, 5-б жастағы балалар ертеңгі б-дан кешкі б-ға дейін үздіксіз жұмыс істейді екен.

Әйелдердің алатын жалақысы ер адамдардың алатын жалақысының 53,7 процентіне теңелді. Иллийнойс штатындағы фабрика инспекторының растауы бойынша Чикагодағы кір жүүшы әйелдер күніне 20 сағат жұмыс істейтін болған. Сондықтан олардың көбісі өкпе ауруымен ауырған екен [3б].

Жұмысшылардың үй тұрмысы да нашар болды. Колорадоның кеңшілері лашықтарда тұрған және олар үшін де шахта иелеріне пәтер ақы төлеген. Ірі өнеркәсіптік орталықтарда (Нью-Йорк, Чикаго және т.б.) жұмысшылар су құбыры мен канализациясы жоқ көп пәтерлі үйлерде тұрды; ал негрлер мен иммигранттардың үш-төрт отбасы 1 пәтерде тұратын еді [37].

Бұл тұрақты жұмысшылардың жағдайымен салыстырғанда батысты кезіп ауылдық жерлерде жұмыс іздеп жүрген жұмысшылардың жағдайы өте жаман еді. Олар көбінесе бай фермерлерге астық жинауға жалданатын батрактар, орман кесушілер және т.б. еді. Олар өздерінің үздіксіз және қиын жұмысынаөте төмен жалақы алатын еді. АЕФ көсемі С.Гомперстің айтуынша «олардың жағдайы қүлдардың жағдайынан да нашар еді». Бірақта С. Гомперс олардың қиын жағдайын түсінсе де оларды АЕФ қатарына алмайтын еді, себебі оның ойынша оларды еш уақытта ұйымдастыруға болмайтын еді. Ол бейшараларды американ жұмысшыларының ұсақ стачкалық және прогрессивтік қозғалыстың нәтижесінде үкіметтен жаулап алған еңбекті қорғау заңдары да қорғамайтын еді.

Жалпы алғанда « ең ұлы демократиялық республика» әлеуметтік саясатында жұмысшылардың қамын ойлау саясатында европалық елдерден дәуір артта қалған еді. Ол түгіл XX ғ. басында АҚК мүлдем федералдық әлеуметтік заң шығарушылық болмағанда еді. Кейбір штаттарда жасалған 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу; балалардың еңбегін пайдалануға тиым салу; әйелдердің жағдайын жақсарту; әлеуметтік қамсыздандыру ісін енгізу әрекеттері АҚШ-ң атқару билігінің , үкіметтің қарсылығын туғызып отырды.

Корпорациялар неше түрлі тәсілдерді пайдаланып жұмыс барысында жараланған немесе қаза болған адамдардың отбасына зейнетақысын төлеуден бас тартты. Соғысқан жағдайда штаттардың әкімшілігі мен соттар кәсіпорын иелерінің мүддесін қорғайтын еді. Мысалы, 1902 ж. Мэриленд штатының Заң шығару жиналысы жұмыс барысында өлген немесе жаралы болған жұмысшыға компенсация төлеу туралы заң қабылдағанда; АҚШ-ның Жоғарғы соты оны штаттың Конституциясына қарсы көлетін заң деп бекітпей қойған еді. Бұндай оқиға 1909 ж. Монтана, 1910 ж. Нью-Йоркте қайталанды. АҚШ-ң жұмысшы табына ұйымдасқан монополисттік капитал және мемлекеттік аппарат қарсы тұрды. Оны жеңу үшін пролетариат ұйымдасқан күреске шығу керек еді.

Стачкалық қозғалыстың өсуі. 1890 ж. бірінші жартысындағы Гомстедтегі Пульман заводтарындағы ереуілдер басылғаннан кейін, «Американ теміржолшылар одағы» талқандалғаннан кейін, XX ғ. басында АҚШ-да жұмысшы қозғалысы қайтадан басын көтере бастады. Жаңа кәсіподақтар құрылып, көнелерін жаңғыртып, қайтадан жұмысшы ұйымдарын құрыла бастады.

1901 ж. таман профсоюз мүшелерінің саны 1124 мыңға жетті, 1904 ж. - 2072700 жетті. Стачкалардың саны өсті: 1900 ж. - 1779, 1901 ж. -2924, 1903 ж. - 3944 [38]. Көптеген стачкалар жемісті болды, кейбіреулері жеңіліп қалды, мысалы, 1900 ж. Нью-Йорк штатындағы Кротондағы итальян иммигранттарының көтерілісі, 1901 ж. «Болат тресінің» жұмысшыларының күресі. Бұл стачканың жеңілуіне АЕФ жүргізген саясаты әсерін тигізді. АЕФ көсемдері (С.Гомперс, Р. Гизли, Дж. Митчелл) жұмысшылардың мүддесін сатып, «Болат трестінің» көсемдерімен ауыз жаласып кетті. Соның нәтижесінде ереуілге шыққан жұмысшылыр жеңіліп қалды.

Сондай-ақ Нью-Йорктегі «Интербюро рэпид трэнзит» компаниясының метрополитен жұмысшыларының күресі де нәтижесіз болды. Олар 1904 ж. жалақыны көбейту, жұмыс күнін ұзартуға қарсы шыққан еді. 1905 ж. жұмысшылардың күресі шырқау кезіне жеткенде компания өзінің кәсіпорнын «ашық цехтеп» жариялап, жұмысшылардың одағын мойындамай қойды.

АҚШ-ғы ең үлкен жаңғырық алған Пенсильваниядағы шахтерлеркүресі еді. Бұл дау 1900 ж. басталды. Кеншілер шахта әкімшілігінің өздеріне жұмыс үшін қажетті жарылғыш заттарын көтеріңкі бағамен сатуына және жалақының төмендегеніне қарсы көтерілген еді. Бұл уақытта «Кеншілердің біріккен одағында» (КБО) 10 мыңдай мүше бар еді', ол қалған 300 мыңдай кеншілер профсоюздан тыс қалған еді. 1900 ж. КБО барлық кеншілердіжұмысты тоқтатып ереуілге шығуын, жалақыны көбейтуді, жұмыс күнін қысқартуды, әкімшіліктің жұмысшы комитеттерін мойындауды талап етуді үсынды. Шахта әкімшілігі КБО-мен 31 науырыз 1901 ж. дейін ауызша келісімге келіп жұмысшылардың талаптарын мойындады.

Бірақта 31 науырыздан кейін шахта иелері бұл келісімнің шарттарын мойындаудан бас тартты. КБО-ның президенті Митчелл 1,5 жылдай бойы жұмысшыларды стачкаға шықпауға үгіттеді. Бірақта шыдамы таусылған жұмысшылар 1902 ж. наурызда КБО сьезінде жиналып ереуілге шығамыз деген шешім қабылдады. 12 мамыр 1902 ж. 140 мың шахтерлер жұмысқа шықпай қойды. Социалисттік және жұмысшы прессасы бұл ереуілдерді жұмысшылардың одаққа бірігу хүқы және оны мойындату үшін күресі деп бағалады. "Интернешнл социалист ревью" журналы бұл мәселе бойынша 1902 тамызда өте дұрыс былай деп жазған болатын: "Көмір тресті жұмысшылар одағынан қүтылғысы келеді, ал шахтерлер оны сақтағысы келеді. Даудың негізгі мәселесі - шатерлердің өз жұмысшы одағын құру құқына ие болу [39].

Ереуіл қазанға дейін созылып кетті. Бұл дауды бейбіт жолмен реттеу үшін оған АҚШ президенті Т. Рузвельт араласты. Ол Ақ үйге 3 қазанда 1902 ж. өткізглетін біріккен конференцияға шахта иелері мен Митчелл басқарған шахтерлер одағының өкілдерін шақырды. 13 қазанда Морган басқарған шахта иелері бұл президент өзі қарастырған дауды шешуіне беруге келісті, егерде шахтерлер жұмыс орнына оралып, баяғы тәртіптерге сәйкес жұмыс істей бастаса, комиссия шешімін шығарғанша. Сөйтіп 23 қазанда 1902 ж. ереуіл аяқталды. Арбитраж комиссиясы 31 науырыз 190б ж. дейін компромисттік келісімді қабылдауды ұсынды. Бұл уақыт бойы шахта иелері мен шахтерлер арасындағы даулар арбитраж арқылы шешіледі, бірақта соңғы шешімді қабылдайтын округ соты болады. Шын мәнісінде алғанда, бұл комиссияның шешімі баяғы "инджанклизін" (бүркеленген тұрде баяғы ереуілдершілерге қарсы сот тиымын салу - Л.Т.) мойындау еді. Комиссия шахта иелерінің Пенсильвания көмір бассеінінде " ашық цех" жүйесінің өмір сүргенін мойындады, соның нәтижесінде кеншілер мен шахтерлердің одағына қатты соққы берді. Буржуазия өкілдері бұл комиссияның шешімдерін алақайлап қабылдады, себебі ол жұмысшылар одағына қарсы шешім еді.

Кеншілер мен шахтерлер стачкаларының барысындағы АЕФ үстанған саясаты бұл Одақтың жалпы жұмысшылардың стачкаларына деген көзқарастарының идеологиялық және тактикалық бағытын айқын көрсетті.

1904 ж. АЕФ мүшелөрінің саны 1б7б200 жеткен еді. Олар АҚШ-ның ұйымдасқан жұмысшыларының 80 проценті еді [40]. АЕФ көсемдері ашық тұрде ұйымдасқан жұмысшыларға кәсіпорын иелерімен дауларын бейбіт жолмен тек келісім арқылы шешуге шақырды. С. Гомперстің айтуынша: " Бұл жол барлық халықтың мүддесін қорғайтын еді [41]".

АЕФ көсемдері С. Гомперс, Митчелл таза тредюнионизмді" жақтады. Олар профсоюздер тек өзінің экономикалық жағдайын жақсартатын күреспен шүғылдануы керек, саяси күреске араласпау керек деді.

1903 ж. С. Гомперс өзінің социалисттердің жауы екенін ашық мойындады. АЕФ-нің сьезінде өзінің социализмнің философиясымен келіспейтінін айтты. Сьездегі социалист делегаттарға арналған сөзінде ол былай деді: " Экономикалық мәселелерде - сіздердің көзқарастарыңыз дәлелсіз; әлөуметтік мәселелерде - тікелей қателік, ал өндіріс саласындағы талаптарыңыз - істелмейтін іс" [42].

АЕФ-нің бұл мәселедегі бағыты социалисттік қозғалыстың негізгі жауы - католик шіркеуінің бағытымен үштасып отырды. Католиктік шіркеу АЕФ-нің идеологиясы мен қызметіне қатты әсерін тигізіп отырды.Себебі католиктөр АЕФ-нің ішіне еніп алған еді. Олардың саны өте беделді кеншілер, тоқымашылар, тері илеушілер, металлистердің профсоюздеріндө көп еді және сонымен қатар шіркеудің қолында неше тұрлі жаппай көпшілікке насихат жүггізетін газеттер және журналдар, ақпарат құралдары бар еді.

Өзінің қызметінде католик дін иелері 1891 папа жариялаған " Рерум наварум" энцикликасына сүйенді. Оның негізгі мақсаты- социалисттік идеологияның ықпалымен күресу еді. АЕФ көсемі С. Гомперс " Рерум наварумды" барлық әлеуметтік мәселелерді шешуге толық жауап беретін Евангелие деп бағалаған болатын." Біз АЕФ мүшелері", - деді С. Гомперс - " бұл Евангелиені өзіміздің еңбек пен капитал арасындағықатынастарды реттегенде зор қуанышпен басшылыққа аламыз" [43].

Бұл сөздер тағы да АЕФ - нің жұмысшылар мөн кәсіпорын иелері арасындағы дауларды шешкенде шіркеуге сүйеніп, келісім арқылы шешуге шақырғанын тағыда айқындады. Бұл АЕФ шешімі американ жұмысшы қозғалысы үшін зардап әкелді, себебі АҚШ-ның ұйымдасқан жұмысшылары негізіннен АЕФ ықпалында еді. Бірақта оның мүшелігінде тек жоғары мамандығы бар ақ нәсілді американ азаматтары тұратын еді. Сондықтан миллиондаған мамандығы жоқ жұмысшылар, иммигранттар, қара нәсілділер АЕФ -нан тыс қалған еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет