Танымал актриса Жарқынай Ханайым экс жұбайы актер Айдар Асқарбекпен қарым-қатынасы туралы “Ревю” бағдарламасына айтып берді. 

Фото: https://www.instagram.com/jarkynaijarkinai/

Қос өнер жұлдызы шаңырақ көтеріп, көп ұзамай екі жаққа кеткен еді. Бүгінде  Айлана есімді қызы бар. 

“Қазір жұмыс бабымен Алматыда жүрмін. Мен жұмыста жүргенде қызыма әкесі қарайды. Айдар Асқарбек маған көмектеседі, бала қарасады. Айлана үш ай бойы әкесінің қасында жүр. Мен қолым босағанда ғана алып тұрамын. Әкесінің қызы болып кетті. Мен Астанада болғаннан кейін олар көп көрісе алмады. Қазір екеуміз баланы кезек-кезек қарап жатырмыз. Бастапқыда қызым әкесін іздеп жылайтын. Сондай кезде видеомен хабарласатынбыз. Ол әкесін сағынғанда қиналамын. Айдар екеуміз қызымыздың болашағы, дамуы, денсаулығына қатысты бірқатар мәселелерді бірге талқылап шешеміз. Бірақ бірге көп уақыт өткізбейміз. Айдар қызымен жеке көріседі”, – деп жауап берді актриса. 

  • "Табысымды жаратуға қимаймын": Жұлдыз Өмірғали өзінің туған күніне ерекше сыйлық жасады

  • "10 миллион теңге": Павлодар әкімдігі Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақыру үшін қанша қаражат кететінін айтты

Сонымен қатар өнер иесі Алматыға қоныс аударуды да ойлап жүргенін жасырмады. 

“Алматыда жүрген кезде Астанаға көп жобаға шақырды. Содан бас қалаға көшіп кеттім. Енді өнер ордасы Алматыда біраз жобалар шығып тұр. Болашақта көшіп келуім мүмкін. Қазір сол туралы ойлап жүрмін. Телевизия саласының дені Астанада шоғырланған. Киноға түсу үшін Алматыға келу керек болады. Барлығы уақыттың еншісінде”, – дейді кино жұлдызы. 

Еске салайық, Жарқынай Ханайым Димаш Құдайбергенге тұрмысқа шығу туралы ойын бөліскен еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.