Бекзат Алмахан әлемге әйгілі UFC тұжырымында Омар Нұрмағамедовке қарсы дебюттік жекпе-жегі алдында шетелдік журналистерге сұқбат беріп, алдағы мақсаттарын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Octagon
Әлемнің ең үздік тұжырымындағы алғашқы жекпе-жегінде-ақ азулы қарсыласқа қарсы өнер көрсететін Бекзат Алмахан турнир алдындағы ресми баспасөз маслихатына қатысып, шетелдік тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
“Аллаға шүкір, көңіл-күй, бәрі жақсы. UFC-ден Омарға қарсы жұдырықтасу туралы хабар келгенде ойланбастан қабыл алдым. Маған кімді берсе де, кез келгенімен жұдырықтасуға дайынмын. Омар өте мықты қарсылас, бірақ жеңіске жету үшін шаршы алаңда барымды саламын. Қазақтар қарсыластан қаймығып қалатын халық емес. Ешкімнен ешқашан қорыққан кезіміз болған жоқ. Мен бұл лигаға жеңілу үшін келген жоқпын. Жеңілу, тіпті, ойымда да жоқ. Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Негізі менен көп нәрсе күтуге болады. Алдағы уақытта мен жайлы жиі естисіздер. Бұйырса, UFC-ді шулатамын”, – деді Бекзат.
- Бекзат Алмахан: Омардың атақ-даңқынан еш қаймықпаймыз
- "Бекзат Омарды жеңсе, өзін чемпион ретінде санауына болады": Нұрмағамедовтың бапкері Бекзатқа қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді
Айта кетейік, UFC рейтингінде 13-орында тұрған Омар Нұрмағамедов 16 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетсе, Бекзат 18 жекпе-жектің 17-інде жеңімпаз атанған.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.