МазмүНЫ: Кіріспе



жүктеу 0.6 Mb.
бет1/3
Дата22.04.2019
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3


МАЗМҮНЫ:

Кіріспе .............................................................................................................................................................3

І-ТАРАУ. Абайсызда жасалатын қылмыстар........................................................6

    1. Абайсызда жасалатын қылмыстар туралы түсінік.......................................6

    2. Абайсызда жасалатын қылмыстардын түрлері және криминологиялык сипаттамасы.....................................................................................................18

1.3. Автокөлікті пайдалану саласындағы абайсызда жасалатын қылмыстар және қылмысынын жалпы сипаттамасы..............................................................26

ІІ-ТАРАУ. Абайсызда жасалатын қылмыстардың ерекшелектері және қолданылатын жаза түрлері.....................................................................................38

2.1. Абайсызда жасалатын қылмыстар мен қасақана жасалатын қылмыстардын өзгешілігі.....................................................................................................................38

2.2 Абайсызда жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын жаза түрлері.........................................................................................................................46
Қорытынды...............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................56

КІРІСПЕ.

Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бет дүрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүние жүзілік қоғамдастық таныган егемендік мемлекетке айналды.

Бір сөзбен айтқанда, казақ халқының, Казақстан Республикасының тарихында хранологиясы жағынан гана емес, мазмұны жағынанда жаңа дәуір басталды.

Жаңа әлеуметтік - саяси және эканомикалық шындықтар Казақстан халықаралык сана - сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көз қарас өзгеріп келеді . Үлттық сана - сезім , ал сонымен бірге Отанымыздың шыншылды да ақикатты ғана айтатын тарихына деген ынта - ықыласына қауырт өсе түсті.

Егеменді еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардан-ақ тәртіпсіздік пен салғырттыққа, үйымдар мен мекемелердің, өндірістегі немесе басқару жүйесіндегі кейбір адамдардың ұқыпсыздығы мен салақтылына қарсы шешуші күрес жүргізіп келеді.

Мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту, жүктелген іске деген жауапкершілікті арттыру - бүгінгі күннің басты талабы. Ғылыми - техникалық прогресс жағдайында техналогиялық процесс ережесін сақтамау, заңдылықты бүзу үлкен зардапка әкеліп соғуы мүмкін .

Ғылым мен техниканы даму қарқыны - заңға қайшы келетін абайсыз мінез - күлықтарға қарсы күресті күшейтуді талап етеді,

себебі техникаларды пайдалану саласындағы заңсыздықтардың көбісі абайсыз қимыл - әрекеттердің салдарынан болып жатады.

Ерекше сақтықты керек ететін қауіп көздерінің болады, адамдардың еңбегі мен түрмысындағы ерекшеліктер және оның мазмүны, осыған орай психикалық қызметтің күшені, тар уақытта шұғыл шешім кабылдай білуді талап ететін қиын жағдайлардың көбені - мүның бәрі абайсыздықтан болатын зардап қауіпінің өсуіне әкеп соғуда .

Сонымен, біздің жағдайымызда абайсыздықтан болатын қылмысқа қарсы күрес дегеніміз - қоғамдық кауіпсіздікті қолдау, сол арқылы экономикалық, техникалық, мәдени - тәрбиелік, үиымдастыру, құқылық, басқа да әлеуметтік шараларды жүзеге асыру проблемаларын қамтиды.1

Әлеуметтік процесс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын ғана емес, қоңдырманың да каншалықты жетілдіргеңцігін көрсетеді. Сондықтан да қоғам дамуында болып жатқан өзгерістер құқық қорғау институттарында әсер етпей қоймайды. Олай болса, абайсызда болатын қылмыс проблемаларын шешу үшін, алдымен адамдардың андаусыз мінез - құлқын қылмыстық құқылық тұрғыдан ретке келтіру саласына өндіріс ендіру керек, өйткені абайсызда болатын қылмысты тудыратын қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік байланыстардың ауқымы тым кең.

Бұл проблеманың келелігі мен іс жүзіндегі маңыздылығы сонда, қылмысқа бастайтын абайсыздық - негізінен адамдардың кауіпсіздігін, денсаулығын, тиімді еңбегі мен түрлі маңызды

салалардағы әлеуметтік пайдалы қызметы камтамасыз ететін негізгі шарттарды қылмысты түрде бұзу сияқты әрекеттерді қамтиды.

Абайсыздық үшін жауапқа тарту - қылмыстық істегі күрделі проблемалардың бірінен саналады. Ол ежелден - ақ ғалым -заңгерлердің назарын аударып келеді. Абайсызда жасалған қылмысқа байланысты заңсыздықтарда дамытуға С.В. Бородин, Т.С. Дагель, Н.И.Загородников, И.И.Карпец, В.Ф.Кириченко, В.В.Клочков, Г.А.Кригер, В.Н.Кудрявцев , Н.Ф. Кунецова, И.П. Лановенко, Н.СЛейкино, В.Г. Скворцов, Т.В.Церетели, Е.Қайыржанов, А.Агыбаев, В.Нерисян, Б.Здравомыслов, В. Квашис тағы баска ғалымдар көп үлес қосты.

Соны жылдары заң әдебиеттерінде байқаусыз әрекеттердегі қылмысты анықтаудың жолдары мен әдістері, абайсыздығы үшін жауапкершілік пен жазаға тартудың шегі туралы, бүл сияқты заңсыздықтардағы қарсы күрестегі қылмыстық саясатты дамыту перспективасы жөніңдегі айтыс-тартыслар. Бүл проблеманың каншалықты шұғыл мәселе екеңдігін кәрсетті. Сонымен бірге абайсыздық қылмысы қылмыстық және әлеуметтік - құқық саласындағы бірден - бір келеді, күрделі қарама -қайшылықка толы , жеткілікті зерттелмеген проблемалардан саналады.

Сондықтан да мен диплом жүмысына "абайсыздық қылмысы,, деген тақырыпты тандап алдым.

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан түрады. Бірінші тарауда - абайсыздық салдарынан болатын қылмыс проблемалары және оның қоғамдық қауіптілігі. Ал екінші тарауда -абайсыздық саддарынан болатын қылмысқа қарсы күрес проблемасы сөз болады.

Диплом жұмысына жас, егеменді Казақстан Республикасының Конституция заңы, оның туыңдайтын қылмыстық құқылық зандарды, сондай - ақ, қылмыстық кодекстер әдістемелік негіз ретінде алдым.

Алыстағы және жақындағы шетелдік арнаулы әдебиеттер, философиялық, әлеуметтік, психологиялық ғылыми зерттеулер кеңінен пайданылады .1

І-ТАРАУ. АБАЙСЫЗДА ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАР.

1.1. АБАЙСЫЗДА ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Абайсыздық қылмыскерлігі де жаппай әлеуметтік құқықтық құбылыс сияқты қоғамның белгілі бір даму кезеңінде өмір сүретін қылмыс туралы жаппай түсініктің құрамды бір бөлігі болып табылады.

Абайсыздық қылмыскерлігі жөніндегі түсініктің негізіне
Казақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 21 бабына сәйкес абайсыздық салдарынан жасаған қоғам үшін қауіпті әрекеттер немесе әрекетсіздік жатады. Сондықтан да абайсыздық салдарынан болатын қылмыскерлік жөніндегі түсініктің мазмүны қылмыс туралы
зандылыққа онда көрсетілген абайсыздықган болатын қылмыстардың тізіміне және олардың сипатына сәйкес болады.

Абайсыздық қылмыскерлігі дегеніміз белгілі бір мерзім ішінде қоғамда абайсыздық салдарынан жасалған заңсыздықтың жиынтығы. Сондай-ақ ол түрлі қылмыстардың жай ғана қосындысы емес белгілі бір әлеуметтік зандылықтарға сәйкес өзінше дамып отыратын құрылымы бар қылмыстардың бірегей жиынтыгы болып табылады.

Абайсыздықтан жасалған қылмыс, абайсыздықтан болатын қылмыскерлік, қылмыскерлік түсініктердің өзара қатынасы жеке, ерекше және жалпы деп аталатын категориялар қатынасын диалектикасын көрсетеді бұл жерде жеке деген ұғым абайсыздық салдарынан болған нақгы бір қылмысты, ал жалпы үғымы- бүкіл қылмыскерлікті білдіреді. Бірақ, бұл жеке және жалпы деген екі категорияның арасын абайсыздық қылмыскерлігі байланыстырып отырады.

Сонымен, абайсыздықтан болатын қылмыскерлік, жалпы қылмыскерліктің бір бөлігі ретінде каралуы тиіс. Жалпы қылмыскерлікке тән таптық касиет, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде өмір сүру заңдылығы, оның пайда болу себебі, жағдайы және жою жолдары туралы жалпы кдщда сияқты белгілер абайсыздық қылмыскерлігіне де тән.

Кылмысты криминалогиялық жүйелеу ісінде абайсыздық қылмыскерлігі ерекше топқа жатқызылады, баскаша айтканда, ол -жалпы қылмыскерлік кұрылымында дербес элементке ие. Бүл дербестік абайсыздық салдарынан болатын қылмыскерліктің ерекшеліктері мен айқындалады:

а/айыптың түрі бойынша, яғни, қылмыс жасаудың

психалогиялық механизмі бойынша;

ә/қылмыс жасаудың әлеуметтік - психологиялық себептерімен қылмыскердің мінез - құлқы бойынша;

б/сол қылмыстар жасалынатын қызмет салалары бойынша;

в/ келтірген зардабы бойынша;

Абайсыздықтан болатын қылмыс қасакана қылмыстан ең алдымен жасаган бабының түріне қарай ерекшеленеді. Соған орай қасақана жасалатын қылмыстың психологиялық механизімінен оның айырмасы сол адамның өзі істеген ісінің қоғам үшін каншалықты қауіпті екенін және оның қоғамға қандай зардап әкелетінін қалай түсіретіндігіне байланысты. Абайсыздық қылмысын жасауны адам өз ісінің қоғамға қаншалықты кауіпті екенін білмейді: ол қоғамға зиян келтіргісі / тіпті оған жол бергісі/ келмейді. Ойткені ондай зардаптың мүмкін болатынын ол алдын ала көріп біле алмайды немесе оны болдырмауға , алдын алуга болады деп сенеді.1

Бүл жерден абайсыздықтан қылмыс жасайтындарға сипаттама берудің мынадай ерекшіліктері туындайды: қасақана қылмыс жасаушылар ерікті немесе еріксіз түрде өзін қогамдық мүддеге қарсы қояды, ал абайсыздық қылмысының әлеуметтік - психологиялық себебі абайсыздық, қоғамдық тәртіп ережелеріне жауапсыз караудан болады. Сондықтан да абайсыздықтан қылмыс жасаушылардың қасақана қылмыс жасаушыларға қараганда өнегелілік сапасы көбіне жоғары болуы мүмкін.

Абайсыздық қылмыстары өндірісте, транспортта, басқару жүйесінде, медицина практикасында, түрмыста, т.б. салаларда үшырасуы мүмкін. Оның кауіптілігі қылмыстың қай салада болатындығына, қылмыскердің кандай құрал-жабдықты пайдаланғандығына байланысты. Келтірілген зардаптың қаншалықты ауырлыгы да осыған карап өлшенеді. Әсіресе, техникаларды пайдалану мен баскару жүйесіндегі кәсіби абайсыздық салдарынан туындаутын қауіп аса зор болмақ.

Осы жерден абайсыздық қылмысының тағы да бір ерекшелігі туындайды: қасақана қылмыс жасаушының мінез - құлқы /азындық деңгейі/ істеген қылмысының деңгейіне сай келеді, ал абайсыздық қылмысы кезінде ондай сәйкестік болмайды. Қылмыска әкеп соққан абайсыздықтан келген зиян айыпкердің өнегелілік бұзылу деңгейімен емес, оның қызмет саласымен, пайданылатын қүрал-жабдықтарының ерекшеліктерімен, қылмысты істің себебімен, айыпкер үшін кездейсоқ болып табылатын тағы да басқа көптеген жағдайлармен айқындалады. Сондықган да абайсыздық қылмысы кезінде адамның жеке басы /әлеуметтік-өнегелі мінездемесі / мен келген зардаптың арасында ал тен түйедей айырмашылық болуы мүмкін.

Қылмыскерлік түрлі белгілер мен көрсеткіштер арқылы сипатталатын аса күрделі әлеуметтік - қуқықтық қүбылыстан басталады. Сондықган да оған / қылмыстық ауырлығына, қылмыс обьектісіне, қылмыс санына, оны жасау әдісіне / түрлі белгілері бойынша тлдау жасалады. Қылмысты криминалогиялық талдап, қорытудық маңызы зор. Бүл тұрғыдан алынғанда оны үш топка бөліп қарайды: пайдакүнемдік қылмыстар, зорлық - зомбылық қылмыстары , лауазым иелерінің немесе мамандардың кәсіби міндетерін қасакана бүзуы арқылы жасайтын қылмыстары. Бүл, әрине, қылмыстардың негізгі түрлерін топтау ғана, ал олардың арасында қылмыстық неше түрлері жатыр. Профессор П.С.Дагель осы жіктеудің қатарына дербес топ ретінде абайсыздық қылмыскерлі ең қосуды үсынады.

Сонымен, абайсыздық қылмыскерлігі дегеніміз - қылмыскерлік жөніндегі ауқымды түсініктің бір бөлігі, оның қүрылымының дербес элементі ғана.

Қылмыстық абайсыздыққа жасалған жоғарыдағы талдаудан байкадынымыз, негізгі заңның 21 бабымен Казақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 21 бабында берілген анықтамага талас жоқ деп айта аламыз. Г.А Злобин мен Б.С.Никифорв бүл анықтама қоғамдық қауіпті күбылыспен күресің өмірлік мүқтажына жауап бермейді. Сәйкестіктен шығар жалпы абайсыздықтың жалпы анықтамасын қайта қүрудан іс

іздеген жөн дегенді айтады.

Қазіргі қолда бар, абайсыздық анықтамасының кемістіктері ретінде мыналарды атап айтады: айып жөніндегі жалпы түсінік пен ішкі ниетті айқындаудағы сәйкессіздік, абайсыздық жалпы белгілерін айқындауда субьектінің ізі істеген ісіне қалай кдрайтындығының ескерілмеуі , бүл анықгаманың Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі кейбір абайсыздық қылмыскерлігі күрамының тіркесімен сай келмеуі, заң шеберіне сыйыспайтын баскд да абайсыздық қылмыс түрлерінің нақты өмірде ұштасуы.

Абайсыздық қылмыскерлігін - тәртіптің абайсыз айтуы сияқты тең түсініктің бір бөлігі ретіңде қарау керек. Тәртіптің абайсыз айытуы дегеніміз - қоғамға немесе белгілі бір әлеуметтік топқа зардап келтіретін немесе кауіп тудыратын мінез-құлық құбылысы. Мұндайда қылмыс бүл қауіпті түсінбеуден, одан келер зардапты елемеуден немесе ол зардапты болдырмауға деген сенімінің күштілігімен жасалады. Бұл жерде, айта кету керек, субьектінің қауіпті сезінуге, оның алдын - ала толық мүмкіндігі бола тұра, ол мүмкіндікті іс жүзінде асыра алмаған жағдайы мысал ретінде алынып отыр.

Абайсыздық салдарынан болатын айыптың қасақана жасалатын қылмыска карағанда психологиялық механизмінде, қоғамға келер зардап пен субьектінің ерік-түйсігі арасындағы байланысы да баскаша болады. Субьект ол зардаптың болатын алдын-ала болжамайды /ұқыпсыздык/ немесе олай болмайтынына сенеді /өзімшілдік/. Бұл екі жағдайда да ол қоғамдық мүддеге үқыпсыздық көрсетеді, баскаша айтканда, тиісті сақтық шараларын жасамайды, осылайша үқыпсыздық пен өзімшілдіктің аяғы абайсыздыққа апарып согады.1

Өзімшілдік тұсында сақгықтың жеткіліксіздігі субьектінің қоғамға қауіп төндіретін зардапты болдырмаудың алдын-алуға байланысты жағдайларға беретін бағасынан байқалады /субьект бұлжағдайлардың


жеткіліксіз екенін алдын ала көре білмейді; /үқыпсыздық тұсында
бүл абайсыздық болған істің өзіне кдтыстылығынан көрінеді/ субьект,одан қоғамға келер ауыр зардапты алдын-ала көре білмейді.
Сондықтан, абайсыз іс әрекетің салдары субьектінің еркінен тыс
болады, оның мәні мен мақсатына кірмейді, керісінше, көбінесе қарама-кайшы келеді.

Бірақ абайсыздық әрекеттерінің бәрін бірдей ырықсыз /импульстік/ іс-әрекет жүйесіне жатқызуға кдрсылар да жоқ емес. Әдетте, ерікті іс-әрекет пен ырықсыз іс-әрекетті бір-бірінен айыра білу үшім, оның келтірген зардабына емес, субъектінің мінез-құлқына, яғни, ол бұл әрекетті саналы түрде жасады ма , жоқ ырықсыз акті ме, міне осы жағына қарайды. Олай болмаған жағдайда кез-келген іс-әрекетті ырықсыз деп тануға болады, өйткені, алдын-ала болжап, біліп, кдлап жасаған іс-әрекетке карағанда мүның зардабы ылғи да кісі ойламағандай орасан зор және үнамсыз болып шығады. Абайсыздық айыптарының тагы да бір ерекшелігі сол - онан келген зардап субьектінің әрекеті үшін кездейсоқ болып табылады. Бұл, әсіресе, қауіпсішк ережелерін бұзу салдарынан болатын техникалық абайсыздыққа катысы. И.П. Лановенконың техника кауіпсіздігі ережесін бұзуға жасаған талдауы көрсеткендей, ауыр немссе адам өліміне әкеп соққан әрбір жағдайға жеңіл жарақатпен аяқталған ондағы


үсақ тәртіп бүзушылықтан келеді екен. Ал жеңіл жарақатпен сәтті
аяқгалған жағдайлардың өзара қатынасы бірге оннан, немесе бірге
жиырмадан келеді. Автор былай дейді: "Практикада техника
кдуіпсіздігі ережесінің бүзылуы деңгейі бірдей бола тұра, айыпты
адамның онан әрі коңіл-күйіне, тәртібіне қарамастан, ол жағдайдың кейде өлімге, ауыр жарақатқа немесе жеңіл жарақатқа әкеп соғатыны
белгілі. Көбіне ешқандай қауіп тудырмайтын кезі де болады". Әрине бүл
айтқанымда абайсыздық қылмысының бәріне бірдей тура келе
бермейді, бірақ тәртіп бүзушылық пен оның зардабы арасындағы
сәйкессіздік үнемі байқалып отырады. Абайсыздық қылмысы көбнесе белгілі бір жағдайға байланысты болады, оның табиғатында сол нақты жағдайдың өзі аса маңызды криминогеңдік роль атқарады. Қасақана және абайсыздық қылмыстары кезіндегі жағдай және жеке адамның өзара ықпалын зерттеген В.А.Номоконовтың мәліметтері көңіл ау іарарлықіай. Қасақана қылмыс жасағаңдардың көбісі жағдайды "билеген" 73%, ал абайсыздық қылмысы түсында көбісі жағдайға керісінше "тәуелді" 51% болған.1

Ғылым мен техниканың дамуы төтенше жағдайдың өсуіне себеп болуда, ал бұл жағдайға көбінесе техниканы пайдалану саласыңдағы қызметкерлер мен оның әрекет аумағындағы азаматтар тап болады. Н.А.Игнатов ең тәжірбиелі деген жүргізушілердің өзі, 3-тен 15 ретке дейін қиын жағдайға қалады дейді.

Абайсыздық қылмысының ерекшелігі сол, яғни мүнда қоғамға қарсы ішғыл мен мақсаттың үлес салмағы мейлінше аз болады, сондай-ақ ондағы пиғыл мақсат пен жағдайга орай пайда болған зардап арасында ешкандай байланыс жоқ. Яғни, сондай бір зардап келтірейін деген пиғыл болмайды, ал мақсат орындалмайды, не "асытымен орындалады".

Жалпы мінездеме бойынша абайсыздық қылмыскерлерінің өнегелілік бұзылу деңгейі елеусіз болады. В.А.Номоконовтың зертеуіне сүйенер болсақ, қасақана қылмыс жасаушыларга қарағанда абайсыздық қылмыскерлер арасындагы теріс мінездері өте сирек, ал ең мінезділері 5-6 аса көп ұшырасады екен. Касақана және абайсызда кісі өлтіргендер арасында зерттеу жүргізген Р.И.Михеев те осындай тұжырымға келген.

Автотранспорт қышысында жеке адамның психифизиологиялық ерекшелігінің /мысалы, түйсік қабілеті, дер кезінде бірегей реакция
беруі, т.б. және психофизиологиялық жағдайының /мысалы, шаршау, әбден күйзелу, сасқалақгау/, сондай-ақ шеберлік, тәжірбиелік,тосқауылға төтеп бере білу сияқгы белгілерінің жоғары криминогендік
роль атқаратынын айта кеткен жөн. Автотранспорт қылмыстарының себептерін зерттеу барысында Д.С.Ковалев мынаны анықтады:
жүргізушілерін 26, процентінің кәсіби дағдысы жеткіліксіз, 25 проценті жол апатын рульде 8-12 сағат отырған соң, ал 7,8 проценті одан да ұзақ
соң жасаған.1

Психологтардың зерттеулері көрсеткендей, қызметкерлердің қиын апатты жағдайда тиімді әрекет жасай білуі, олардьщ өз жүйке жүйелерін қаншалықты дұрыс меңгере алатындықтарына байланысты.

Жеке адамның бойындағы бұл ерекшеліктер мен қасиеттер жағдайға байланысты оның іс-қимыл жасауын, Қауіпсіздік ережесінің талаптарьш есепке алу мүмкіндігін шектеп қояды, бірақ бұл мүмкіндіктен оны мүлдем айырмайды. Олай болмаған жағдайда абайсыздық қылмысы жөнінде сөз болуы да мүмкін емес, яғни ешқандай айып таға алмайсың.

Осы айтылғандарға орай, абайсыздық жағдайында айыптың әлеумепік-саяси мәні мынандай ерекше түрде жүз береді: жағдайға жеткілікті назар аудармау, жеңіл, жауапсыз карау. Бүл абайсыздық қылмыскерлері үшін қоғамға жат бағыт-бағдар қасиет деген сөз, ол сақтық ережелеріне, қоршаған орта мен әлеуметтік құндылықтарға үқыпсыз, жеңіл, жауапсыз караудан көрінді. Мұны былай түсіндіруге болады, кей авторлар абайсыздық қылмысындағы жағдайға байланысты кауіпті факторларымен жеке адамның психофизикалық ерекшеліктеріне маңыз береді де, абайсыздықтың әлеуметтік-саяси табигатына тиісті баға бермейді. ҚР ҚК зардап тек жағдайда, сондай-ақ жеке адамның психофизикалық ерекшелігіне байланысты немесе тек жағдының жоқтығынан туыңдаса, онда айып жөнінде, тіпті оны абайсыздық түрінде де сөз етуге болмайды. Сонымен бірге абайсыздық қылмысы қысқа мерзімдік, бір сәттік те болса сол адам бойындағы қоғамға жат пиғылмен байланысты болады.

ГДР-дің 1968 жылғы Қылмыстық кодексінде /2- бөлім, пр. 8/ әлеумеггік-саяси бөлігі абайсыздық қылмысының бір түрлеріне зандылық айқындаушы ретінде өндірілген: "қылмысты іс барысында өзінің міндеттік борышын бұзып отырғанын сезінбейтін адам абайсыздық әрекеттер жасайды, себебі ол жауапсыз салгыргтық нәтижесінде өз міндетін түсінбейді немесе жауапсыздық салдарынан міндеттік борышын бүзуға әбден еті үйреніп кеткен, мүның аяғы кашанда зиянды зардапка әкеп соғады". 1

М.Д. Шаргородский былай деп жазады:- "Бұгінгі адам өз жауапкершілігыне алған қызметі үшін де, аяғы үлкен зардапқа апарып соққан ас-әрекеті үшін де жауап беруі тиіс. Операцияны сауатсыз жүргізген /соның нәтижесінде сырқат қайтыс болған/ хирург те дәл осылайша жауап беруі тиіс. Себебі операцияны жақсы жүргізу оның қолынан келмейді, өйткені медицина нститутын бітіргенімен нашар оқығак, операцияны жақсы жасай алмайды, бірақ ол осы салада істеуге ниет егкеннен кейін, оның үлесінен шығуға міндетті болатын. Олай болса мамандығын игере алмау салдарынан болған зардапқа хирург жауан береді".

Мұны былай түсінуге болады: Өзі дайын емес кауіпті істі қолға алған адам, өз жеңілдігінің нәтижесінде болған зардап үшін жауап беруі тиіс. Бірақ мұндай жағдайды қылмыстық абайсыздық деп тану үшін М.Д.Шаргородский айтқандай, субьективті белгілерден бас тарту талап етілмейді. Бұл жерде үқыпсыздық емес, шартты түрде "қылмыстық абайсыздық" деп аталатын абайсыз әрекеттің өзіндік бір түрлері сөз болып отыр .

"Кылмыстық абайсыздық" тұсымда адам өз іс-әрекеттерінің қоғам үшін қауіпті екенін, оған жол бермеуі керектігін, сондай-ақ бүл іс-әрекетке өзінің дайын емес екендігін сезінуге мүмкіндігі бола түра оны сезінбейді. Сондықтан да бұл жерде абайсыздықтың субъективті белгісі орын алған. Өзімшілдікке қарағанда бүл жағдайда адам өз әрекетінің қоғамға қаушті зардабын алдын-ала болжай алмайды, ал ұқыпсыздыққа қарағанда өз надандығынан оны болжай білуге пайымы жетпейді. Бірақ мүның бәрі кешіруге болмайтын себептерге жатады. Қызметіне, білімі мен тәжірибесіне сәйкес қойылатын талапты адам қалай түсінсе, болған жагдайға байланысты оның айыбы солай анықталады.

Өзімшілдік және үқыпсыздық белгілеріне сай келмейтін абайсыздық айыбының тағы да бір түрі "ерік ұқыпсыздығы". Қоғамдық қауіпті зардапты болдырмау үшін дұрыс шешім қабылдауды галап ететін кііын жағдайға түскен субъект дұрыс шешім табуға және кесірлі зардаптың алдын алуға мүмкіндігі бола тұра және солай етуге міндетті екендігіне қарамастан , дүрыс шешім таба алмайды немесе ол шешімді жүзеге асыра алмайды. Мұндай жағдайда өзімшілдік те / субъект ешнәрсеге де сеніп ,арқа сүйемейді/, ұщсыздық ка жоқ. "Ерік ұшсыздығының" себебі -сакталау, әбіржу барысында субъект не істерін білмей, күш-жігерін жинақтап, кауіпті зардапты болдырмауға бағыттай алмайды. Мысалы, Мепикас пен Данилиннің ісі бойынша КСРО Жоғары Сотының Әскери колегиясы Данилиннің кісі басу кезінде оның кдбілетіне, айналадағы жагдайды дер кезінде дұрыс түсінуіне және шешім қабылдауына қорқыныш пен сасқалақтаудың қаншалықты кесірін тигізетінін анықгау үшін сараптама /экспертиза/ жасау кажет деп айпты. Онсыз Данилиннің бақытсыз оқиғаның алдын алуына мгүмкіядігі болды ма деген мәселені шешу мүмкін емес еді.

Тотенше октағалар әбден молайған. Бұгінгі жағдайда абайсыздық қылмысының бұл түрі есе түскен.

М.С.Гринберг "әдейі жауапқа қабілетсіздік" деген түсінік ендіру жөнінде мәселе қойған. Бұл түсінікті ресмилендіру үшін көп жагдайда қылмыстык, - кұқық шеңберінен лығып кететін: кәсіби жарамдылық белгісін аныктау / "маман моделі"/, жеке адамның психофизикалық сапасын ажыратудың кәсіби әдісін дүрыс таңдау, кәсіби аттестация ұйымдастыру сияқты басқа да көптеген күрделі мөселелерді шешу керек.

Адамдардың бойындағы психофизикалық проблемалар әбден ши---елеиіскен бүгінгі таңда ол мәселелерді шешу және оны күрделі өндіріс талабына сәйкестендіру аса келелі мәселелердің бірі. Бүлай еткеңде біз абайсыздық қылмысының да, техника қолдану саласында одан келер зардаптың да аддын алған болар едік.

Бірақ "әдейі жауапқа қабілетсіздік түсінігін ресмилендіру
абайсыздықтың субъективті белгілерінің маңызын жоққа шығара
алмайды. "Техникалық жүйені операторларына" жатпайтын
субъектілер жөнінде айтпаганның өзінде /оларға "әдейі жауапка
қабілетсіздік" түсінігін қолдануға болмайды /, белгілі бір
процесстерді қауіпсіз жүргізу үшін қажетті операторлық сапа
жинақтау - оның каншалықты жүйкелік-психологиялық салмақ
түсіретінаігіне қарамастан нақты бір белгілі жағдайда ғана
есептелген. Ал кез келген оператор дұрыс шешімін таба бермейтін
шұғыл жағдайлар үнемі болып тұрады. Сондай-ақ жеке адамиың
бойьшдағы психофизикалық сапалардың да ішкі өзгеріске
ұшырауының мүмкін екендігін ұмытпау керек. Осымен
субъективті белгілер қылмысты абайсыздықгың маңызды мінездемесіне саналады және жағдайды заң тұрғысынан айқындау кезінде оны ескермеу мүмкін емес. Осыған орай, қылмысты абайсыздық мынадай анықтама беруге болады:

"Егер қылмыс істеген адам өзінің әрекеттерінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға кауіптігіне зардаптары болуы мүмкін екенін түсінбесе, бірақ түсінуге тиіс және түсіне алмайтындай болса, немесе оның қоғамға қауіпті болуы мүмкін екенін болжаған болса, бірақ жеңіл ойлықпен оның алдын алуға болады деп есептесе, немесе озідай зардаптың болуы мүмкіндігін болжай алмаса, бірақ болжауга тиіс жәнс болжай алатындай болса, онда қылмыс абайсыздықтен істеледі деп танылады".1

Осындай анықтама бергенде ғана негізгі Заңның 9 бабымен ҚР Қылмысмыстық кодексінің 9 бабындағы кемшілікті едәуір деңгейде түзеткен болар едік, сонда бұл анықтама:

а/жалпы айып пен ниеттің анықтамасына сәйкес келер еді,

ә/субьектінің іс-әрекеттің қоғамдық кауіптілігіне деген психикалық көзқарасына мінездеме белер еді,

б/формальды құрамы бар қылмысу және абайсыздық айыбының өзге де түрлеріне /өзімшілдік пен үқыпсыздықтан басқа/ қолдануға болар еді,

в/ абайсыздыктың барлық түрлерінің обьективті және субьективті белгілеріне мінездеме беріп, обьективті айыптаудан сақтап едік. Зандылық техникасы тұрғысынан қарағанда деп саналатын баска да шешімдер бар: мысалы, негізгі Зандагы 9 бапты екіге бөлу, бірінші 5 бөлімінде - абайсыздыктың жалпы белгілерін беру екінші бөліміңде олардың фактілерін айқындау.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет