Мазмұны кіріспе



жүктеу 449.38 Kb.
бет2/3
Дата09.09.2017
өлшемі449.38 Kb.
1   2   3

2.1 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесінің ерекшелігі мен қайнар көздері
Өңір қауіпсіздігіне тікелей байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Әбдіровпен сұхбат:

– Нұрлан Мәжитұлы, әлем елдерін қауіп­сіз­дік проблемасы қатты алаңдатып отыр. Оның ішінде Орталық Азия өңірі де бар. Ал Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесін қалай сипаттауға болады?

– Орталық Азия өңіріндегі жағдай негі­зі­нен ұлттық қиын проблемалармен, қалып­тас­қан ішкі және мемлекетаралық саяси-эко­но­ми­калық, сондай-ақ аумақтық қарсы тұрушы­лықпен тығыз байланысты. Өңірдегі жағдайды түрлі діни экстремистік құрылымдар мен лаң­кес­тік ұйымдардың іс-әрекеті одан әрі қиын­дата түсуде. Тұрақтылық болмаған елде әлеу­мет­тік-экономикалық мәселелер шешіл­мей­тін­дігі, экономика өсіп-өркендемейтіндігі белгілі. Жалпы, Орталық Азия өңірінде лаңкестік пен діни экстремизмнің таралу қаупі ұзақ мер­зім­дік сипат алып барады. Өйткені, Ауған­стан­дағы қалыптасқан жағдайлар діни экстре­мис­тік және лаңкестік ұйымдардың қызмет ет осы. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, діни экстре­мистік ұйымдардың идеясы Қазақстан аумағына таралу қаупі бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Мұны айтып отырған себе­бім, елімізде сот тәртібімен 13 халық­ара­лық лаңкестік құрылым мен 1 экстремистік ұйым – “Хизбут-Тахрирдің” қызметіне тыйым салынды. Сондай-ақ Орталық Азия өңі­ріндегі жағдайға Таяу Шығыстағы, Ирак­тағы, Ауғанстандағы ұзаққа созылып бара жат­қан жанжалдардың да кері әсер етуі мүмкін. Иран мен оның ядролық бағдарламасына бай­ланысты қалыптасқан геосаяси жағдайларды да естен шығармауымыз керек.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне кері әсерін тигізетін фактордың бірі – заңсыз көші-қон көлемінің уақыт өткен сайын өсіп бара жатқандығы. Өйткені, бүгінде Орталық Азия мемлекеттерінің аумағы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропаға заңсыз көші-қонды жеткізуші транзиттік база ретінде пайдаланылуда. Сонымен қатар, Ау­ғанстанда героин өндірудің көлемі жыл өткен сайын арта түскендігі өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кері әсерін тигізіп отыр. Есірткі трафигінің негізгі бағыттары көршілес мемлекеттердің аумақтары арқылы өтуде. Бұл біздің еліміздің аумағында да халықаралық есірткі құрылымдарының орнығуын және ел ішінде есірткі заттарын қолданушылар санын өсіруі мүмкін. Бұларға қоса Орталық Азия өңіріне мүдделерін өткізгісі келетін әлемдегі жетекші мемлекеттердің геосаяси ойындарын да жоққа шығаруға болмайды.

– Орталық Азия елдерінде өңірлік қауіп-қатерге қарсы әрекет ету мақсатында қандай бірлескен шаралар жүзеге асырылуда? Проблемалар да болуы мүмкін ғой.

– Трансұлттық сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек көршілес мемлекеттермен тығыз ынты­мақ­тастық жағдайында жұмыс істегенде ғана тиім­ді болмақ. Қазақстан көпжақты формадағы – Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына, Шан­хай ынтымақтастық ұйымына, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне қатысушы ретінде, сондай-ақ Орталық Азия аясында әртүрлі бағыттар бойынша белсенді саясат жүргізіп келеді. Оның ең бастысы – өңірлік қауіпсіздікке қатер төндіретін халық­аралық лаңкестікке, діни экстремизмге, ха­лық­аралық есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қон­ға, тағы басқа да қылмыстарға қарсы күрес болып табылады. Қазақстан өңірде қауіп­сіз­дік­ті қамтамасыз ету мақсатында барлық мәсе­ле­лер бойынша көршілес елдермен ынтымақ­тас­тықты дамытып, тереңдетуде нақты шаралар қа­былдап келеді. Оның ішінде арнаулы қызмет және құқық қорғау органдарымен ынты­мақтастық өз деңгейінде деп айтуыма болады.

Бірер мысал келтірейін, 2006 жылы Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) аясында осы Ұйымға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігіне қатер төндіретін лаңкестік және экстремистік ұйымдардың тізімі туралы хат­та­маның жобасы дайындалып, Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтің лаңкестікпен және есірткімен күрес сала­сын­дағы қажеттілігі үшін бірлескен ша­раларды жүзеге асыру бағ­дар­ла­масы қабыл­дан­ды. Мұндай ша­ра­ларды Шан­хай ынтымақ­тас­тық ұйымына мү­ше мемлекеттер­дің сарапшы топ­тары да өткізді. Қазіргі кезде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аума­ғында қызметін жүргізуге тыйым салынған лаңкестік, сепаратистік, экстремистік ұйым­дар­дың біртұтас тізімі дайындалып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттермен бірлесе отырып, кон­тра­бандалық есірткі каналдарын жою, қылмыстық топтарды іздестіру, оларды өз елдеріне қайтару жөнінде ұйымдастыру-практикалық шаралары қарастырылуда.

Ал Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы ая­сында осы Ұйымға мүше мемлекеттердің мем­лекет­тік шекаралары арқылы тасымалданатын контрабандалық есірткінің жолын кесуге ба­ғытталған “Канал” кешенді жедел-профилак­тика­лық операциясы жыл сайын өткізіліп келеді. Өткен жылы кезекті осындай операцияны жүзеге асыру барысында заңсыз есірткі айна­лы­мына қатысты 472 қылмыс анықталып, 8 ұйым­дасқан қылмыстық топ жойылды. Екі тоннаға жуық есірткі алынды, оның 47 килосы героин. Қазіргі кезде БҰҰ-ның көмегімен Алматыда өңірлік ақпараттық орталығы құрылып жатыр. Бұл орталық Орталық Азиядағы есірткіге қарсы күрес қызметін үйлестіретін болады. Орта­лық­тың Алматы қаласында ашылуы Қазақстанның есірткі таралуына қарсы күрес ісінде ұстанған ұстанымын айғақтап тұр.

Менің пікірімше, трансұлттық есірткімен күресте негізгі күшті бірлесіп жүргізу тиімді бо­лар еді. Ол үшін Ауғанстанның қаржы-эконо­микалық жағдайын жақсартуды көздейтін нақты бағдарлама дайындау керек. Ауғанстанның экономикалық жағдайы жақсарса, есірткі өндірісі төмендер еді. Бірақ бұл мәселе осы өңірдегі мемлекеттердің ғана қатысуын емес, әлемдегі барлық ірі елдердің белсенді түрде қатысуын қажет етеді. Бүгінде, сондай-ақ ТМД аясында оған қатысушы мемлекеттердің 2006-2008 жылдарға арналған заңсыз көші-қонның алдын алу бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарламада аталған мәселеге байланысты профилактикалық, жедел-іздестіру және арнайы операциялар өткізу шаралары қарастырылған. Ал өткен жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйы­мының негізінде заңсыз көші-қонды бол­дырмау, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың шекаралардан өтуіне тосқауыл қою мақсатында операция өткізілді. Оның қоры­тын­дысында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 10 мың шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,5 мыңнан астамы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылды.

– Қазақстанның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығында қай бағыт басымдыққа ие болып табылады?

– Жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына сәйкес Қазақстанның қауіпсіздігі Орталық Азиядағы барлық елдердің қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Біздің сыртқы саяса­ты­мызда осы жағы нақтыланған. Сондықтан Елба­сының Орталық Азия одағын құру идея­сын жүзеге асырудың маңызы ерекше. Бұл бастама Оталық Азия елдерінде экономикалық ынтымақтастық орнатып, өңірде ұзақ мер­зімдік инвестициялық ірі жобаларды жүзеге асыруға барынша ықпал етеді. Ал қауіпсіздік мәселесіне тоқталар болсақ, Орталық Азияда өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекетаралық кешенді бағдарлама дайын­дап, жүзеге асыру ойластырылуда. Басым ба­ғыт­тардың бірі – болуы ықтимал табиғи катаклизмдер саласындағы мониторинг және төтенше апат салдарын жою тетігін құру ын­тымақтастығы болып табылады. Сондай-ақ ха­лықаралық лаңкестікпен, діни экстремизммен, есірткі бизнесімен күрес мәселесі де басым бағыттардың бірі болып қалады.

Қазіргі таңда өңірде көші-қон тасқынына бақылау жасаудың тиімді тетігін құру өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы Шанхайда өткен сам­митте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасын­да заңсыз көші-қонмен күрес ынтымақ­тас­тығы туралы рамалық келісімді бекітуді ұсын­ған еді. Қазақстан дайындаған құжат жобасы әріптестерімен келісім сатысында тұр. Елі­міз­дің қауіпсіздігі дегенде, Каспий аймағындағы тұрақтылыққа көп мәселе байланысты. Жақын жылдары Каспий аймағында милитариза­ция­лауды шектеуге және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға бағытталған шаралар қабыл­данатын болады. Трансшекаралық өзендердің су ресурсын бірлесіп пайдалануға да баса назар аударылады .

Тағы бір мәселе, Қазақстан Орталық Азия елдерімен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында, сонымен бірге екіжақты форматта әскери ынтымақтастықты кеңейте түспек. Олардың арасында әскери-техникалық ынтымақтастыққа, Ұйымға қатысушы елдердің әскери оқу орындарында кадр даярлауға басымдық берілмек. Осы тұста атап өтейін, бүгінде Қазақстанның әскери оқу орындарында Қырғызстан мен Тәжікстанның курсанттары оқып жүр.

– Нұрлан Мәжитұлы, Мемлекет басшысы өңірде интеграциялық үдерістерді және қауіп­сіздікті нығайтуға бағытталған бастамаларды үнемі көтеріп келеді. Бірақ сол бастамалардың жүзеге асырылуы көңілдегідей емес екені бай­қалады. Осыған байланысты пікіріңізді білсек деп едік.

– Тәжірибе көрсеткеніндей, Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты қай жағынан алып қарасақ та орнықты. Дәлірек айтқанда, Ор­та­лық Азияда ғана емес, бүкіл Азия құрлығын­дағы саяси атмосфераны сауықтыру болып табылады. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, Қазақстан 2006 жылғы 17 маусымда Алматыда өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің өтуіне бастамашы болды. Бір үстелдің басында көптен бері бастары қосылмай келе жатқан Үндістан мен Пәкстанның, Иран, Палестина мен Израильдің басшылары пікір алысқанын әлем жұртшылығы көрді, куә бол­ды. Жалпылай алғанда, Орталық Азия өңіріне көптеген елдердің қызығушылығы арта түсуде.

Мемлекет басшысы таяуда Алматыда өткен ЭСКАТО-ның 63-сессиясында сөйлеген сөзінде Орталық Азияның орны мен рөлі туралы әлемдегі іргелі мемлекеттердің біздің өңірге деген мүддесін конфронтация алаңы үшін емес, дамыту үшін пайдалану қажеттігін атап көрсетті. Ол үшін Орталық Азиядағы мемлекеттер бір-бірімен интеграциялық байланыстарды нығайтуы тиіс. Бұл жерде Президенттің Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру бастамасының мәні зор.

– Өңірдегі өзге мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері аппараттарымен өзара іс-қимыл барысы қанағаттандыра ма?

– Әрине, қанағаттандырады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында елімізбен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжік­стан қауіпсіздік кеңестері аппараттары ара­сын­дағы ынтымақтастық үйлесімді дамып ке­леді. Жақында Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мем­лекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кезекті үшінші кездесуі өтті. Кездесуде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті проблемалары кеңінен талқы­лан­ды. Біздердің өзара тиімді ынтымақтастықты алдағы уақытта тереңдете түсуге толық мүмкіндігіміз бар деп есептеймін [27].

Шанхай ынтымақтастық ұйымы: Қазақстан аймақта геосаяси ойын жүргізе ала ма? ШЫҰ құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Қытай және Ресей тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесінің кіруі, ұйымның халықаралық аренада үлкен саяси беделге ие болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңгермешілік дәрежеде ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ашық саясат принциптеріне жүгінеді.

ШЫҰ ауқымында оған мүше мемлекеттердің бірлесіп жасалатын іс-қимылдары әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту, сенімділік шараларын нығайту; лаңкестіккке және экстремизмге, заңсыз көші-қонға, есірткі тасымалына, трансшекаралық өзге де қылмыстық істерге тосқауыл қою; экономикалық ынтамақтастық, өзара сауда жүйесінде Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттарына біртіндеп жақындау; табиғи және техногенді мазмұндағы төтенше жағдайларды бірлесе отырып сақтандыру және болдырмау, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша атқарылады.

Бұл нақтырақ айтқанда, Шанхай ұйымына мүше елдердің жарғысында атап көрсетілген негізгі бағыттар. Десек те, Шанхай ұйымының белсенділігі мен геосаяси бағыты үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен саммиттен кейін нақты көріне бастады. Астана саммитінде тұңғыш рет «АҚШ-қа Орта Азиядан әскери базаларын алып кету туралы» шарт қойылды. Өзбек билігі Ханабадтан әскери базасын әкету үшін Ақ үйге 6 ай уақыт берді. Ал мұның бәрі не үшін? Бірінші себеп – АҚШ Әндіжан оқиғасына ресми Ташкентті айыпты деп тапты. Ал Қытай мен Ресей «Әндіжан оқиғасы Өзбекстанның ішкі ісі» деп таныды. Демек, Орталық Азияда әскери базалары бар АҚШ-қа Каримовтың, тіпті алғашқыда жаңадан президент болған Бакиевтің «базаларды алып кету туралы» пікір айтуының астарында не жатыр?

Қазақстан алғашқы елдердің қатарында, Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылы шілде айында ұсынған, Ядролық терроризм актілерімен күресі жөніндегі жаһандық бастамаға қосылды. 2007 жылғы маусым айында Астана қаласында Жаһандық бастаманың сыртқы істер министр орынбасарларының үшінші кездесуі өтті. 2008 жылы Қазақстанда Жаһандық бастаманың шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді:

- 6 маусымда Алматыда Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтында «Атом-Антитеррор -2008» атты терроризмге қарсы халықаралық оқулары өткізілді.

- 11 қыркүйекте Өскемен қ. Ульба металлургиялық зауытында «Жобалық қауіп» атты екі күндік семинар өтті [40].

Ядролық терроризм – жаһандық қауіпсіздіктің қас жауы. Алдағы 11-12 маусым күндері Астанада Ядролық терроризммен күрес жөніндегі ғаламдық бастамаға мүше мемлекеттердің 3-ші кездесуі өтеді. Бұл бастаманы Ресей Президенті Владимир Путин 2006 жылғы шілдеде Санкт-Петербургте өткен “Үлкен сегіздік” елдерінің саммиті қарсаңында көтерген болатын. Қазақстан Республикасы алғашқылардың бірі болып бұл бастаманы қолдады. Оны іске асыру ядролық қаруды таратпау және оның құрамдас бөлшектерінің лаңкестер қолына өтіп кетпеуі үшін маңызды болып табылады.

Бұл бастамаға мүше елдердің ал­ғашқы кездесуі 2006 жылғы қа­занда Марокко астанасы Рабат қа­ласында, екінші кездесу Түр­кияның Анкара қаласында өтсе, үшіншісі елордамыз – Астанада өткелі отыр. Сыртқы істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, осы кездесуге әлемнің 45 елінен делегаттар келеді деп күтілуде. Мұндай кездесудің Қазақстан үшін ғана емес, адамзат баласы үшін берер пайдасы мол. Өйт­ке­ні, бүгінгі әлем қауіп-қатерге толы екенін сіз бен біз жақсы білеміз. Оның ең қауіптісі – ядролық терроризм.

Жаппай қырып-жоятын осы қару бүгінде бірнеше мемлекетте бар. Ал, ол өз кезегінде ғаламдық тыныштыққа көлеңке түсірмей қоймайды. Қазіргі таңда біз тер­роризм, экстремизм дегенді жиі ес­тиміз. Бетін аулақ қылсын дейік, әлемдік сарапшылар тер­рористік топтардың ядролық қаруды пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Кеңестер одағы күйрегеннен кейін Қазақстан ядролық қаруы бар мемлекеттер қатарында бол­ды. Алайда, қашанда бейбітшіл Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “ажал ошағы” – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдағанын әлем халқы жақсы біледі. Өйт­ке­ні, дәл осы тарихи шешім мил­лион­даған адамдардың тағдырын шешкенмен бірдей еді. Кеңес өкіметі тұсында Қазақ­станда 500-ге жуық ядролық жа­ры­лыстар орын алды. Қазақ же­рін жарылыс алаңына айналдыра отырып, ресми Мәскеу АҚШ-пен қырғи-қабақ соғыс жүргізді. Біз үшін саяси ерегістен кімнің ұтып, кімнің жеңілгені мақсат емес, ең жаманы, қазақ халқы шеккен зардап бүгінге дейін өз салдарын жойған жоқ. Бүгінде әлемнің оншақты мемлекетінде ядролық қарудың барын ескерсек, жаһандық қауіпсіздіктің діңгегі берік деп айта алмаймыз.

Қазақстан тәуелсіздігін алы­сы­мен-ақ ерікті түрде ядролық қару­дан бас тартып, өзінде бар уранның бай қорын бейбіт мақсатта пай­да­ланатындығынан әлемдік қауым­дас­тықты хабардар еткен болатын. 1945 жылдан 1990 жылға дейінгі стратегиялық маңызға ие уран өндіретін кен орындары туралы шынайы ақпарат алу мүмкін емес, яғни жабық тақырып саналып кел­ді. Сондықтан да, баспасөз бетінде жарық көрген материалдардағы деректер бір-біріне қайшы келіп жатты. Бүгінде Қазақстан уран қоры жөнінен әлемде екінші орын алады. Алайда, оның әлеуетін толық пай­даланып отырмыз ба? Гәп осында болса керек. Мәселен, жер көлемі Қа­зақстаннан 5 есе кіші Франция­да жалпы электр қуатының 78 пайызы осы атом электр станса­лары арқылы өндіріледі екен.

Қазіргі уақытта атом энергиясы әлемдік экономиканы дамытуда бар­ған сайын маңызды рөлге ие бола түсуде. Алдымызға қойылған және бүгінгі таңда жүзеге асыры­лып жатқан міндеттер мен жоспар­ларға сәйкес Қазақстан үшін бұл саланың маңызы мұнай мен газ са­ласымен бірдей болады деп күтілуде. Бүгінгі таңда еліміздің бірқатар аймақтары электр және жылу энер­гиясының тапшылығын айқын се­зініп отыр. Мамандар бұл олқы­лық­тың орнын атом энергиясын пайдалану арқылы шешуге бола­тын­дығын әлдеқашан-ақ айтқан-ды. Алайда, атом стансасын салу мә­селесіне еліміздің ғылыми-кадр­лық әлеуетінің әлі де дайын емес­тігі ескеріліп, мәселе бірталай жыл кейінге шегеріліп келеді. Әзірше, еліміз әлемдік рынокқа қуат көзде­рі бойынша уранмен қоса, қара алтын шығарып келеді. Қазақстан 2007 жылы мұнай мен газ қос­па­ларын өндіру көлемін 64 млн. тон­на­ға жеткізеді. Бұл туралы өткен жылғы 6 қазанда Алматыда Азия­лық ынтымақтастық диалогына мүше-мемлекеттердің энергетика жөніндегі семинары барысында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Болат Ақшолақов мәлім еткен болатын.
2.2 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары
Елбасы жолдауларының ерекшелігі өміріміздің барлық саласын қамтитындығынан да көрінеді. Соның бірі де, бірегейі де – сыртқы саясат. Президент бұл бағыттағы жұмыстың маңыздылығын: “Оныншы міндет – жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ілгерілету”, деп атап айту арқылы айшықты көрсетті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Германия еліне сапары барысында Еуропалық Одақ және Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы қатынастарды жаңа да жоғары деңгейге көтеру керектігі жөнінде пікір алмасылған еді. Осыған орай 2007 жылдың жазына дейін Еуропалық Одақ өзінің Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасын нығайту жөніндегі Стратегиясын қабылдайтынын мәлімдеді. Осы құжаттың екі жақты болуы үшін алдын ала наурыздың 28-інде Астана қаласында Еуропалық Одақтың үш басты мемлекеттерінің өкілдері Қазақстанның және де басқа көршілес Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрліктері басшылығымен кездесу өткізетін болды.

Бүгінде Еуроодақтың Қазақстанға және жалпы Орталық Азия аймағына ерекше назар аударуының маңызды себептері бар. Бірінші себебі – осы өңірдің энергетикалық ресурстарға бай болуы. Еуроодақ өз энергетикалық импорт маршруттарын әртараптандыруға мүдделі. Қазақстан және көршілес елдер осыған біраз ықпал ете алады. Еуропаның Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастығын ерекше қарастыратынын екі жақтың арасындағы Энергетика саласындағы түсіністік жайындағы меморандумға қол қойылғаны да көрсетеді. Ол құжат тек жаңа маршруттардың ашылуы жөнінде ғана емес, ол сонымен қатар Қазақстанның Еуропа бағытындағы ірі қуат тасымалдаушы болуына мүмкіндік жасайды.

Қазіргі таңда Орталық Азия аймағы, әсіресе, Қазақстан, Еуроодақтың көлік саласындағы белді әріптесі ретінде қалыптасып келе жатыр. Біздің аймақтың орналасқан жері Шығыс пен Батысты байланыстыру үшін өте қолайлы. Осы себептен Еуроодақ бұл өңірден экономикалық прагматизм тұрғысынан сенімді әріптестер іздеуде. Жалпы, Еуроодақтың осындағы өз саясатын стратегиялық тұрғыдан жаңа деңгейге шығаруы әлемде болып жатқан құбылыстардың заңдылығы деп қарауға әбден құқы­лымыз. Еуропамен қарым-қатынасты дамытудың Орталық Азия мемлекеттері, әсіресе Қазақстан үшін қандай нақты тиімділіктері бар деген сұрақтың жауабы сараптамашылар үшін өте айқын. Еліміздің ЕО-ға мүше мемлекеттермен сауда айналымы 20 миллиард доллардан асып кетті. Былтыр экономикалық мәселелерді алға қойған Қазақстан Үкіметі ЕО мемлекеттерімен өзара тиімді екіжақты қатынастарын кеңейтіп, елімізді Орталық Азия аумағындағы бас әріптесі ретінде мойындата білді. Осының арқасында “Кәрі құрлықтың” көптеген мемлекеттері мен трансұлттық компаниялары біздің елімізді Азиядағы ең тартымды рыноктардың бірі әрі сенімді инвестициялық әріптесі ретінде қарастыра бастады. Экономикамызды жеделдете жаңарту мақсатында Қазақстан Еуроодақпен ынтымақтастыққа аса мүдделі. Бұл орайда еуропалық әріптестеріміздің отандық экономиканың түрлі, әсіресе жоғары технологияларға қатысты салаларында қолға алған жобаларын дамытуына жағдай жасағанымыз жөн. Демек, біздің басты экономикалық әріптестеріміз болып табылатын ЕО-мен қарым-қатынастарды дамыту мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыты болып табылады. Біз үшін Еуроодақпен саяси қарым-қатынас та аса үлкен маңызға ие. ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2009 жылы Қазақстанның осы аса беделді ұйымға төрағалық етуі туралы шешімі ең алдымен осы құрылымның көзқарасына қатысты. Соңғы екі жылда бұл бағытта біраз шаруа атқарылды. ЕҚЫҰ-ға мүше 59 мемлекеттің 56-сы еліміздің кандидатурасына қолдау көрсеткені мұны айқын дәлелдейді. Аталған ұйымның Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының ұсыныстарына сәйкес, еліміздің сайлау заңнамасындағы жиналыстар еркіндігін шектеген даулы түзетулер алынып тасталды. Былтыр күзде жергілікті билік органдары құрамының 30 пайызы сайлау жолымен толықтырылды. Бұл қадам жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламаның маңызды бір көрінісі. Басқа шаралар ретінде күні кеше өз Жолдауында Президент жария еткен маңызды жайды – Парламент өкілеттіктерін кеңейтуді атауға болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мәселесі 2007 жылдың соңында Мадридте өтетін ЕҚЫҰ-ның министрлер жиналысында қарастырылмақ. Соған дейін қалған уақытта көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін бар мүмкіндікті пайдаланғанымыз жөн.

Қазақстан мен Еуроодақ қарым-қатынастарында қандай маңызды бағыттар бар деген сұраққа жауап беретін болсақ, аумақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін алдымен атауымыз керек. Астанада 28 наурыз күні тұжырымдамалық түрінде талқыланбақ “Еуропа Одағының Орталық Азиядағы стратегиясы” атты құжат, көптеген басқа мақсаттарын атамағанда, біздің аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Президентіміз атап айтқандай, Еуроодақ пен Орталық Азия арасында ынтымақтастықтың нақты бағыттары деп лаңкестікке, есірткі тасымалы мен экстремизмге қарсы күрес, экология мәселелерін қарастыруымызға болады. Бұл тізімге су-энергетика жүйелерін реттеу және ирригация мәселелерін де қосу жөн. Орталық Азия мемлекеттерінің дамуы бірыңғай болмай тұрғанда бұл проблемалардың шешімін таппауы бүкіл өңірге қауіп төндіруі ықтимал. Аталған қатерге бірігіп қарсы тұрмасақ, Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрақтылық әрі қауіпсіздік тұралы әңгімеміз мүлдем мәнсіз болып кетуі мүмкін.

Алайда «Шанхай ұйымы әскери блогқа айналуы мүмкін бе?» деген сауалға отандық сарапшылар сақтықпен жауап беретін секілді. Мысалы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ОДКБ) Бас хатшысы Николай Бардюжаның пікірінше, «Шанхай ұйымы әскери-саяси Одаққа айналмаса-дағы, ол аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белсенді бір ұйым болып табылады. Ал ОДКБ Шанхай ұйымымен бірлесе қызмет етуге дайын».

«Шанхай ұйымының дәл қазір әскери саяси Одаққа айналуы мүмкін емес. Өйткені біз Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ОДКБ) мүшеміз. Аймақта бұдан басқа әскери Одақ құрылуы үшін одан шығуымыз керек немесе оған Қытай енуі тиіс. Ал негізінен ОДКБ-да Ресейдің қамын ойлау басымырақ. Дегенмен, аймақтағы саяси ахуалдарға байланысты бәрі лезде өзгеруі мүмкін. Егер НАТО-ның Тайваньға, Белоруссияға экспансиясы жалғасып, ол ушыға түсетін болса, онда Қытай мен Ресей бір саяси одақта бас түйістіруі әбден мүмкін», - дейді саясаттанушы Берік Әбдіғалиев.

Ал саясаттанушы Камал Бұрхановтың пікірі мүлдем басқа. «Шанхай ұйымының әскери Одаққа айналуы мүмкін емес нәрсе. Оның қажеті де шамалы болып тұр. Негізінен ол өзінің бастапқы мақсаты - лаңкестік, діни сепаратизм, есірткі тасымалымен күрес болғандықтан, ол осы бағыттағы ұйым болып қала береді», - дейді ол.

Ал ең басты мәселе, Шанхай ұйымында Астананың ұстанған позициясы қандай болуы мүмкін, Қазақстан неден ұтылады, неден ұтады? Бұл мәселеде сарапшылардың пікірі мынаған саяды: «Әрине, Шанхайдың негізгі қаңқасын Қытай мен Ресей құрайды десек те, бұл ойында Астананың ұтылатын жөні жоқ. Өйткені, аса ірі геосаяси ойыншылардың арасында Астанаға аралық арбитр болу тарихи мүмкіндігі беріліп отырған сияқты. Көпжақты, күрделі ойында Қазақстан әмәнда саяси ұпай алу мүмкіндігін сақтап отырады. Біріншіден, Қазақстанда тәуелді болатындай, Ресейдің немесе АҚШ-тың әскери базалары жоқ. Қиын-қыстау кезеңде еш елге Астана әскери аэродромдарын берген жоқ. Демек, басқалар бас ауыртып отырған база мәселесі Қазақстанда көрінбейді.

Екіншіден, Қазақстанның геосаяси жағынан орналасуы АҚШ пен ШОС арасында алтын көпір болуға мүмкіндік береді. Үлкен есеппен алғанда, Орталық Азия, Ресей және Қытайға апаратын транзиттік экономикалық жол тасымалы Қазақстан арқылы өтеді.

Үшіншіден, Орталық Азия елдері арасында лидерлікке ие болып отырған Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы осы аралықтағы қандай да бір аймақтық ойында «ойыншы» бола білу де тәуекелділігін береді. Алайда, Қазақстан өздігінен ойын жүргізе алмас, алайда басқалар да Қазақстансыз саяси ойын жүргізе алмайды».

2010 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымына төрағалық­қа сайлануы халқымызға, ұлты­мыз­ға, мемлекетімізге әлем алдын­да үлкен абырой әкелді. Бұл Қазақ елінің келешегі жарқын, арайлы екендігінің кепілі іспетті. Сан ғасыр бойы бодандықтың қамытынан мойны босамаған елі­міз бүгін, міне, өзгелермен терезесі тең, тәуелсіз мемлекет атанып отыр. Қол жеткен бұл дәреже, сөз жоқ, саясат саласындағы сайып­қы­ран Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы екендігі де күмәнсіз. Ал­дың­ғы қатардағы елу елдің ішіне енуге ұмтылыс жасалып жатқанда ие болған осы абырой баянды болуы үшін Үкімет, Парламент, министрлер мен әкімдер енді өз мін­деттерін жаңа қарқынмен ат­қаруы тиіс деп білеміз.

Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі қауіпсіздігі көпдеңгейлі және көп тараптық сипатқа ие, оны тиімді қамтамасыз ету жағдайлар мен факторлардың едәуір санының болуын талап етеді. Аймақтық әлеуметтік жүйелерін әдістеудің негізінде келесідей факторлар – ішкі қауіпсіздік қатерлерінің топтарын ескеру жатыр: әлеуметтік экономикалық (дамудың біркелкісіздігі); тарихи – географиялық (этникалық және конфессиялық алуан түрлілік); аймақ тұрғындарының құқытық саяси дамуының өзіндік ерекшелігі; Орталық Азияға қатысты сыртқы күштер мен факторладың ықпалы.Орталық Азия елдерінің ішкі қауіпсіздік саласындағы интеграцияның тереңдету мүмкіндіктерін қарастыра отырып, ішкі қауіпсіздік қатерлерінің алдында күш біріктіру мен үйлестірудің объективті ықтиярсыз қажеттілігінің авторитарлық басқару тәсілінің, Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары қолында билік өкілеттіктерінің шорғырлануының көмегімен ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы интеграциясының деңгейі ең алдымен аймақ мемлекеттерінің арасында осы тақырыптың мазмұны мен мәселілігіндегі айтарлықтай айырмасының болуымен шектеледі.

Бүкіл Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздікті толыққанды қамтамасыз ету үшін біз Орталық Азия аймағындағы мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты нығайта түсуіміз керек,- деп түйді өз сөзін АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасар көмекшісі.

Азия Кеңесінің саммиті – әлемдік БАҚ айнасында Алматыда АӨСШК саммитіне қатысушы елдердің лидерлері қол қойған қорытынды Декларацияда кез келген мемлекеттің ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану құқығы бекітілген. Сондай-ақ Орталық Азияны ядролық қарудан ада аймақ деп жариялау бастамасы туралы мәлімделген.



“Біз Орталық Азия елдерінің Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру жөніндегі бірлескен күш-жігерін атап өтеміз. Осыған байланысты біз Орталық Азиядағы ядролық қарудан ада аймақ туралы шартқа қол қою мақсатында бұл бастаманың алға жылжуына қолдау білдіреміз, – деп атап өтілген саммит қорытындысы бойынша журналистердің арасында таратылған Декларацияда. – Біз мемлекеттерді олар қатысушылары болып табылатын жаппай қырып-жою қаруларын жою және таралмауына жердемдесу туралы көпжақты шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындауының маңыздылығын мойындаймыз және барлық мемлекеттерді ЖҚҚ-ны таратпау және жою мақсаттарын іске асыруға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Біз лаңкестер мен қылмыстық топтардың ЖҚҚ мен оны жеткізу құралдарын қолға түсіру әрекеттерін тыю жөніндегі барлық мемлекеттердің күш-жігерін ынталандырамыз”. Сонымен бірге Декларацияда АӨСШК-ге мүше барлық елдер көлік және телекоммуникация желілерін, сондай-ақ мұнай және газ құбырларын салу мен дамы­тудың инвестициялық мүмкіндіктерді ынталандыру мен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және энергетикалық ынтымақтастық секілді салаларда мүше мемлекеттер арасындағы кең ауқымды ынтымақтастықты нығайту үшін айрықша маңызы бар екеніне сенімділігі айтылған. Декларацияның жеке тармағында атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтың заңсыз айналымы бейбітшілік пен тұрақтылыққа елеулі қатер төндіруін жалғастырып келе жатқаны атап көрсетілген. “Осы мақсатта біз БҰҰ-ның атыс қаруымен және жеңіл қару-жарақпен заңсыз сауданы оның барлық қырында болдырмау, қарсы күресу және түбірінен жою жөніндегі Іс-қимыл бағдарламасын, сондай-ақ АӨСШК-нің Сенім шаралары каталогының тиісті ережелерін орындауға біздің әзірлігімізді және ұмтылысымызды тағы да қуаттаймыз”, – делінген Декларацияда. “Азия мемлекеттерінің қақтығыстарды реттеу және гуманитарлық апаттардың салдарларын жою, сондай-ақ мәдениеттер, діндер мен өркениеттер үнқатысуына, өзара түсіністікке қол жеткізуіне көмектесу жөніндегі күш-жігерін жұмылдыру мәселесі ерекше назар аударуға лайықты”, – деп атап өтті Н.Назарбаев [55]. ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао Азия өңірінде қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелерін реттеудегі және қатысушы елдер арасында өзара түсіністік пен сенімді нығайтудағы, сондай-ақ түрлі өркениеттер арасындағы айырбасты белсенді етудегі АӨСШК-нің маңызды рөлін оң бағалады. Ху Цзиньтао Қытай алдағы кезде де Кеңестің негізгі қағидаттары мен мақсаттарын басшылыққа ала отырып, Азия өңірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлік ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі оның маңызды күш-жігеріне қолдау білдіретініне сендірді. ҚХР Төрағасы Азия континенті саналуандығымен ерекшеленетінін айтып өтті. Азия бүгінде қай кездегіге қарағанда да қауырт дамып келеді және экономикалық тұрғыда әлемнің барынша серпінді өңірлерінің бірі саналады. Азияның табыстары көп ретте өңірдің барлық елдері мен халықтарының топтасуы мен өзара ықпалдасуына байланысты болады, сондықтан Азияның барлық елдері Азия континентін баянды бейбітшілік, бірлесіп өркендеу және толық үйлесім өңіріне айналдыру үшін өз күш-жігерлерін біріктіруі тиіс.

Басқа қатысушы елдердің басшылары мен өкілдері өңірде қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында сенім мен өзара ықпалдастықты нығайту мәселелері бойынша бастамалар көтерді. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммиті Алматыда болды. Көбіне “азиялық ЕҚЫҰ” деп атайтын бұл халықаралық құрылым енді Азия мен Таяу Шығыстың 18 елін біріктіреді. Қазақстан Президентінің сөзіне қарағанда, мұндай форум Азияның өңірлік проблемаларын Азияның өз ішінде шешуге және ықпалды араағайындарға жүгінбеуге мүмкіндік береді.

Орталық Азия елдерінің сарапшылары Ташкентте өтіп жатқан 2-ақпанда Ташкентте Орталық Азия аймағындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесіне арналған халықаралық бас қосу басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Өзбекстан президентінің жанындағы халықаралық стратегиялық зерттеулер институтынан хабарлады. Институт кездесуді ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. Орталық Азия елдерінің сарапшылары аймақтық ынтымақтастықты нығайту жолдары мен қауіпсіздік мәселесі бойынша өзара ықпалдастық тақырыптарын талқылауда. Бас қосуға қатысушылар сондай-ақ, аймақтық және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелерді әңгімеге арқау етпекші. Атап айтсақ, халықаралық лаңкестікпен, діни экстремизммен және есірткі тасымалымен күрес мәселелері сарапқа салынады. Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Германия және АҚШ сарапшылары мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысуда. Қазақстандық өкілдер құрамына қорғаныс министрлігінің, сыртқы саясат және талдау орталығының, лаңкестікке қарсы іс-шараларға ықпалдастықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық қордың өкілдері еніп отыр. Бас қосу барысында Орталық Азия аймағындағы өңірлік қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған нұсқаулар жобасы жасалады деп күтілуде.

«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің жаңалықтарын Ақпараттық агенттіктің тікелей рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. Толық ақпарат: Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық, шектеулер туралы ақпарат. Ақпараттық агенттігінің жаңалықтарының толық таспасына мына мекенжай арқылы қол жеткізуге болады:

Алматыда Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығына мүше елдер СІМ-нің кезекті кеңесі болды. Алматыда Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығына мүше елдер СІМ кеңесінің кезекті отырысы болды. Отырыста Орталық Азия елдері ынтымақтастығына мүше мемлекеттердің 2003 жылы шілдеде өткен Алматы саммитінде қабылданған келісімдерді іске асыру барысы талқыланып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Орта Азиялық Ынтымақтыстық ұйымының СІМ кеңесі Орта Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымына байланысты барлық құжаттардың күшін жойды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев мәлімдеді. Орта-Азиялық экономикалық ынтымақтастығы ұйымы оған мүше елдердің экономикалық ықпалдастығын үйлестіруге тиіс тұңғыш ұйым болды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қамтылды. Алайда жұмыс тиімсіздігіне байланысты ұйым жойылып соның негізінде Орта Азия ынтымақтастық ұйымы құрылды. Орта Азия ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге Алматы саммитінде 2002 жылы 28 ақпанда ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары қол қойған болатын. Қасымжомарт Тоқаевтың айтуына қарағанда, Орта Азиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымын жоюға саяси және экономикалық жағдайлар себепші болған.

Сондай-ақ, Орта Азиялық Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің СІМ кеңесінің бүгінгі Алматыдағы кезекті отырысында ұйым елдері арасында теле және радио бағдарламаларды алмасу туралы келісім бекітіліп, аймақтағы қауіпсіздік мәселесі сарапқа салынды. Қасымжомарт Тоқаев су-энергетикалық және көлік концорциумын құру жөнінде келісімге келдік деп мәлімдеді.

- Бұл мәселе өте күрделі. Жағдай қандай болып жатқанын жақсы білесіздер. Дегенмен де болашақта қарым-қатынас, ынтымақтастық болу керек. Бүгін кездесу барысында осы мәселені талқылап, болашақта концорциум кұру туралы келісімге келдік. Сондай-ақ су-энергетика концорциумын құру жөніндегі келісім орындалмайтын болса Көксарай су кешенін саламыз деп мәлімдеме жасадым, - деді Қасымжомарт Тоқаев.

ҚР сыртқы істер министрі Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бірінші форумына және "ЕО Үштігі - Орталық Азия" министрлер кеңесіне қатысады. "Қазақстан Бүгін" - ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин 17-18 қыркүйек аралығында Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бірінші форумына және "ЕО Үштігі - Орталық Азия" министрлер кеңесіне қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі. Форумға Еуроодақ және Орталық Азия елдерінің сыртқысаяси мекемелері, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, НАТО басшылығы қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, жиынға БҰҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭс, Дүниежүзілік Банк, Азия даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі өкілдері шақырылды.

Форумның басты мақсаты - үстіміздегі жылдың желтоқсанына дейін Орталық Азиядағы қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық бағдарламасының жобасын әзірлеу. Бұл бағдарламада қауіпсіздіктің саяси-әскери жақтарына және энергетика мен экология салаларындағы серіктестікке жіті көңіл бөлінетін болады. Форум барысында есірткі тасымалдауға, ланкестік пен экстремизмге қарсы күрес, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелері қаралады. Форум аясында Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі екіжақты маңызды мәселелерді талқылау маұсатында бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің жаңалықтарын Ақпараттық агенттіктің тікелей рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. Толық ақпар: «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық, шектеулер туралы ақпарат «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің жаңалықтарының толық таспасына мына мекенжай арқылы қол жеткізуге болады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет