13-16 қаңтар аралығында Қытайдың Хефей қаласында (Аньхой провинциясы) өткен "2024 JAC Global Partners Conference — One World One JAC" конференциясы біздің елден келген серіктес қонақтар үшін нағыз салтанатқа айналды.

Конференцияда 2023 жылдың қорытындысы бойынша Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіретін, JAC брендінің ресми дистрибьюторы – JAC Motors Qazaqstan компаниясы үш беделді номинацияда марапаттармен ие болғаны жарияланды:

— BEST GLOBAL DISTRIBUTOR AWARD (Үздік дистрибьюторға марапат);

— JAC DAY AND DIGITAL MARKETING PARTNER AWARD (JAC Day іс-шарасын өткізгені және цифрлық кеңістіктегі маркетинг бойынша әсерлі жұмысы үшін марапат);

 — SPARE PARTS STAR AWARD (Қосалқы бөлшектерді сатудағы жетістіктері үшін марапат).

Айта кетейік, жалпы Қазақстанға JAC штаб-пәтерінен бес марапат кетті. Жоғарыда айтылғандардан басқа, Allur қазақстандық автомобиль компаниясы Қытайдан тыс жерде орналасқан үздік зауыт ретінде, сондай-ақ JAC брендінің коммерциялық техникасын (CV) сатудағы жетістіктері үшін марапатқа ие болды.

Қазақстандық дистрибуция жетістіктерін Аньхой провинциясының губернаторы да ерекше атап өтті, ол JAC Motors Qazaqstan компаниясының бірінші басшысына сәттілік пен өркендеуді білдіретін иероглифі бар естелік тақтаны табыс етті.

JAC Motors 2024 халықаралық серіктестер конференциясы  бизнес-жоспарлаудың және барлық елдер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа стратегиялық бағытын белгілеп қана қоймай, Қытай мәдениетінің бай мұрасын көрсетті. Штаб-пәтердің жоспарлары бойынша, JAC 2024 жылы әлем бойынша 300 000 бірлік автомобильдер мен коммерциялық техниканы сатуды, сондай-ақ алдағы екі жылда 8 жаңа үлгіні шығаруды көздеп отыр.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.