Мәдениет және ақпарат министрінің



жүктеу 1.63 Mb.
бет1/7
Дата29.11.2017
өлшемі1.63 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Мәдениет және ақпарат министрінің

2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 245

бұйрығымен бекітіліп, нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 4440 енгізілген

Қазақстан Республикасындағы телевизия, радио хабарларын тарату және радиобайланыс ұйымдарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ережелері


1. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасындағы телевизия, радио хабарларын тарату және радиобайланыс ұйымдарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі осы ереже (одан әрі – Ереже) «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасындағы телевизия, радио хабарларын тарату және радиобайланыс ұйымдарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптарды бекітеді.

2. Осы Ереженің талаптарын орындау әкімшілік, инженерлік-техникалық қызметтер мен телевизия, радио хабарларын тарату және радиобайланыс ұйымдарының (одан әрі – ұйымдар) жұмыскерлері үшін міндетті болып есептеледі.

Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

еңбек қауіпсіздігі-еңбек қызметі барысында жұмыскерлердің зиянды және қауіпті ықпалдардан қорғаудағы кешенді шараларымен қамтамасыз етілген жұмыскердің қорғалу жағдайы;

қоршап тастау-белгілі бір жағдайда қауіптің алдын алу мақсатында немесе оның жоғары кернеудегі бөлшектеріне таянбауды көздеген жағдайларда құрылғы бөлшектерінің қызметін тоқтату немесе шектеуге арналған электротехникалық бұйымның бөлшегі;

жерге қосқыш - өткізгіш немесе жермен не оның баламасымен жалғанған металл өткізгіштерінің жиынтығы;

жерге қосушы өткізгіш - жерге қосушы тетікпен жерге қосылуға тиіс бөлшектерді байланыстыратын өткізгіш;

жерге қосушы құрылғы - құрылымды түрде біріктірілген жерге қосушы тетіктермен өткізгіштер жиынтығы;

еңбекті қорғау- өзіндік құқықтық, әлеуметтік– экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, сауықтыру және басқа шаралар мен құралдары бар еңбек қызметі барысындағы жұмыскерлердің өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

электроқұрылғы - электр қуатын өндіруге, өзгертуге, тоқ кернеуін өзгертуге, тасымалдауға, электр қуатын үлестіруге және қуаттың басқадай түріне ауыстыруға арналған мәшинелер, аппараттар, көмекші жабдықтар (орнатылған құрылыс ғимараттарымен бірге алғанда) жиынтығы;

наряд – электрқұрылғыларда атқарылатын жұмыстар жөніндегі арнайы үлгідегі бланктарға толтырылған және жұмыстың мазмұны, орыны, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, оның қауіпсіз атқарылу шарттары, бригаданың құрамы және осы жұмыстардың қауіпсіздігіне жауапты адамдардың аты-жөні, және өзге мәліметтер көрсетіліп ресімделген жазбаша тапсырмалар;

жарлық – электрқұрылғыларда атқарылатын, жарлық беруші немесе жарлықты тікелей ауызша түрінде немесе жарлық берушіден байланыс құралдары арқылы алынып, жедел тіркеу жорналына ресімделген жұмыстар тапсырмалары;

ағымдық пайдалану деген – жедел (жедел жөндеу) қызметшілер тобының бір ауысым мерзімінде өзіне бекітілген ушәскеде осы Ереженің «Ағымдық пайдалану тәртіптері бойынша атқарылатын жұмыстар туралы» тармақтарына сәйкес өз бетінше жүргізілетін жұмыстар; жарлықта жарлықты кім бергені, атқарылатын жұмыстардың орыны, мазмұны және уақыты, қауіпсіздік шараларына қатысты жұмыстар категориялары, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру және техникалық тізбесі,жұмыстардың ойдағыдай атқарылуын ұйымдастыратын адам мен бригада құрамына кіретіндердің аты-жөндері мен олардың электірқауіпсіздігі бойынша кәсіптік санаттары көрсетілуі керек. Жедел тіркеу жорналында жарлық берілген уақыт, жұмыстың басталуы мен аяқталу уақыты туралы белгілер қойылады.

3. Егерде жабдықтар толығымен немесе жартылай кернеулі электрқуатына жалғанып және кез келген сәтте осы жабдықтарға коммутациялық аппараттарды іске қосатын электромагниттік индукция арқылы кернеулі қуат берілетін жағдайда болса, радиокәсіпорындар қызметін атқарып тұрған болып есептеледі.

4.Ұйымдардағы жергілікті жердің және өндірістің жағдайларын ескере отырып қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар нақты жұмыс түрлеріне ұйымдар басшыларының бекітуімен құрылуы қажет.

5. Ұйымдардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды басшымен, басшының орынбасарымен және техникалық басшымен іске асырылады.

6. Ұйымдарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөнінде ағымдағы жұмыстарды ұйымдастыру мен атқару үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қызметі құрылады немесе келісімшарт негізінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі мамандар жұмысқа тартылады.

Ұйымдардағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі жұмыс берушімен анықталады және ол Қазақстан Республикасының «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы» Заңының 21-бабына сәйкес болуы тиіс.

7. Осы Ереженің бұзылғанын немесе адамдардың өміріне қауіп төндіретіндей жағдайдағы жабдықтың істен шыққанын байқаған, сонымен қатар қорғаныс құралдарының істен шыққанын немесе олардың тиісті мөлшерде санының жетіспеушілігін байқап қалған әрбір жұмыскер міндетті түрде тез арада тікелей өзінің бастығына хабар беруі керек, ал ол орынында болмаған жағдайда одан да жоғары басшыларға хабарлауы қажет. Егерде білінген ақаулық адам өміріне немесе жабдыққа кауіпті болған жағдайда ақаулықты байқап қалған жұмыскер өзінің тікелей бастығына хабарлай отырып ақауы бар жабдықты дереу ажыратуы керек.

8. Қайғылы оқиға орын алған жағдайда жедел дәрігер шақыртып, зақым шеккен адамға дәрігер келгенше көмек көрсететін шаралар алу керек.

9. Өндірісте жұмыскерлермен орын алған қайғылы оқиғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағыды № 326 қаулысымен бекітілген тергеу және қайғылы оқиғаларды, еңбек қызметіне байланысты жұмыскерлердің денсаулығы зақымданғанын және басқа жағдайларды тіркеу туралы Ереже талаптарына сәйкес тергеуге, тіркеуге және есепке алынады.

10. Жұмыскерлерге арнайы киім мен арнайы аяқ киімін тегін беру туралы қазіргі күші бар нормативтік-құқықтық кесімдерді мемелекеттік тіркеу Реестрінде №3456 тіркелген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 22-е бұйрығымен бекітілген қызметкерлерді жеке, ұжымдық қорғау құралдарымен, санитарлық-әлеуметтік бөлмелермен, құрылғылармен және емдеу-профилактикалық жабдықтармен қамтамасыз ету ережесіне сәйкес ұйымдардың қызметкерлері арнайы киімдермен, аяқ киімдермен және қорғаныс жеке заттармен қамтамасыз етілуге тиіс.

11. Сақтық құрылғылары мен көтергіш механизмдер 1- қосымшада көрсетілген нормалар бойынша және белгіленген мерзімдерде сынақтан өткізіліп отыруы керек.

2. Техникалық қызметшілерге қойылатын талаптар.
12. Ұйымдардың жабдықтарын қондыруға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеу жұмыстарын атқаруға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 2780 тілкелген 2004 жылғы 12 наурыздағы «Зиянды, міндетті қауіпті және сәтсіз өндірістік факторларға алып келетін жағдайлардан жұмыскерлерді сақтау, алдын алу, мезгіл-мезгіл дәрігерлік бақылау өткізу жөніндегі Нұсқаулық және алдын ала және мезгіл-мезгіл дәрігерлік бақылау, зиянды өндірістік факторлар, мамандықтар туралы» №243-ші бұйрығына сәйкес дәрігерлік байқаудан өткен, жасы 18 –ден төмен емес тұлғалар жіберіледі.

13. Ұйымның басшысының бұйрығы бойынша жасы 18 – ге толмаған тәжірибеден өтіп жүрген жоғарғы және орта оқу орындарының практиканттарына жұмыс істеп тұрған электрқондырғылардың маңайында электротехникалық қызметшілер қатарынан тұратын, 1000 Вольтқа дейінгі электрқондырғылар бойынша ІІІ-ші санаттағы, 1000 Вольттан жоғары кернеудегі қондырғылар бойынша ІҮ санаттағы оқытушы тұлғаның қадағалауында ғана болуларына рұқсат етіледі. Жасы 18 –ге толмаған тәжірибе өтуші студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге жіберуге және электрқауіпсіздігі бойынша ІІІ –тен жоғары санат беруге тыйым салынады


3. Телевизия, радио хабарларын тарату және радио байланыс ұйымдарындағы электр қондырғыларының классификациясы
14. Ұйымдардың электрқондырғылары электроқуатты қондырғылар (жабдықтар) және телерадиоқондырғылар (жабдықтар) болып бөлінеді.

Күш беретін электрқұрылымдар қатарына электр қуаты өндірілетін, тасымалданатын, тоқтың түрлі кернеу мөлшеріне қарай түрлендіретін және 50 ГЦ –тік жиіліктегі өндірістік және тұрақты электрқуатының пайдаланылуын жүзеге асыратын генераторлар, трансформаторлар, тоқты тұрақтандырушы түзеткіштер, электрқозғағыштар, тоқты бөліп таратқыш қондырғылар, күш беретін қалқандар, реле қалқандары мен басқару қалқандары, релелік қорғаныс қондырғылары және екінші кезекті автоматикалық қондырғылар, электр қуатын тасымалдаушы әуелік және кабельдік желілер, электр жарығын беруші тораптар және тағы да соған ұқсас қондырғылар жатады.

Телерадиоқондырғыларға мыналар жатады: стационарлық, жалғамалық және қозғалмалы телерадио хабарларын таратудың құрал-жабдықтары, көліктік телевизиялық спутниктік станциялар (бұдан әрі-КТСС)2, ұшқыр телевизиялық спутниктік станциялар (бұдан әрі-ҰТСС), хабартаратқыштар, қабылдағыштар, қоздырғыштар, ақырғы аппаратуралыр, қадағалау қондырғылары, өлшемдер, коммутациялар, автоматтық қондырғылар, телеметриялық құралдар және өзге де элетр қуатын өндіретін тұтыныс және радио немесе дыбыстық жиілік пен өнеркәсіптің жиілік энергиясынан алынатын электрондық қондырғылар мен радиотехникалық қайта қондырғылар.

15. Электрқауіпсіздігі шарттарына байланысты радиоұйымдардың барлық электрқұрылымдары 1000 В-қа дейінгі және 1000 Вольттан жоғары кернеулі электрқұрылымдары болып бөлінеді (қазіргі жұмыс істеп тұрған кернеулік мағыналар бойынша).

16. Телерадио қондырғылар бұғаттауы бар және жоқ болып бөлінеді.

17. Қауіпті кернеудегі тоқкөзін ажыратпайынша кіруге болмайтын қоршаулар мен жабдық шкаптарының есіктерін ашуға мүмкіндік бермейтін бұғаттау құрылғылармен қызмет атқарушы тұлғалар жұмыс істейтін орындар, тоқкөздерін жедел ажырататын тоқ жүріп тұрған құрылғылыардың бөлшектері және тағы басқа да қондырғылар (таратқыштар, модуляторлар) жабдықталады.

Бұғаттауы жоқ телерадио қондырғыларға мыналар жатады: стационарлық, жалғанбалы, қозғалмалы, телерадио хабарларын тарату жабдықтары, КТСС, ҰТСС, радиоқабылдағыш қондырғылар, қашықтықтан басқарылатын коммутаторлар, күшейткіштер, дыбыстық күшейткіштер, дыбыстық монупуляторлар, магнитофондар, өлшемдік приборлар, эквиваленттер, жоғары желіктегі қайта қосқыштар, фидерлер мен өзге де қажетті жабдықтар.

4. Өндірістік ғимараттарға қойылатын талаптар.

Жабдықтардың орналастырылуы.
18. Қолданыстағы, сондай-ақ жаңадан салынған және қалпына келтірілген телерадио хабарларын тарату нысанындағы объектілер нормативтік-құқықтық нормативтік-құқытқы кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Реестрінде № 3792 тіркелген (2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № 334 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік нысандарды жобалауға арналған санитарлық- эпидемиялогиялық талаптар») (бұдан әрі – ТазЕН) санитарлық- эпидемиялогиялық ережелер мен нормалар талаптарына,(қызмет көрсетілмейтін шағын ретротаратқыштардан өзге) Қазақстан Республикасы эенрегетикалық кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарына, Тұтынушылардың электрқондырғыларын пайдалануға беру ережесіне)РД 34 ҚР. 20. 501-04), Тұтынушылардың электрқондырғыларын пайдалануға беру барысындағы қауіпсіздік техникасы ережесіне (20.501-04) және Элетроқондырғыларды қондыру ережесіне сәйкес болу тиіс (ЭҚЕ) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 26 тамыздағы №189 бұйрығымен бекітілген.

19. Өндірістік ғимараттар өзара бір бірімен және ауысым бойынша аға қызметші отырған кеңсемен телефон арқылы байланыспен қамтамасыз етілуі керек.

20. Ғимараттардағы табиғи және жасанды жарық көздері Қазақстан Республикасының 2.04-05-2002 “Табиға және жасанды жарық көздері” құрылыс нормалары мен ережелеріне СанЕН-на сәйкес болуға тиіс.

Табиғи жарық беру коэфициентінің нормаланған мәндері мен аралас және табиғи жарық беру және өндіріс ғимараттарындағы жұмыс кеңістіктерінің жасанды жарықпен қамтамасыз етілу нормалары 2 - қосымшада көрсетілген.

21. Өндірістік ғимараттарда жұмыс аумағындағы температура, қатысты ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Реестрінде №3789 тіркелген 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № 365 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік ғимараттардың ауасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» СанЕН талаптарына сәйкес болады.

22. Өндіріс ғимараттарындағы шуыл деңгейі 2005 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 139 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс орындарындағы шуыл денгейінің гигиеналық нормативтері» гигиеналық нормативтері талаптарына сәйкес болуға тиіс.

23. Шектен тыс инсоляциямен (күн сәулелерінің ғимаратжай ішіне тікелей түсуі) күресу мақсатында күн сәулесінен қорғайтын перде, жалюздер,күнқағар маңдайшаларды пайдаланылады.

24. Ғимаратжайлар ҚР 04.02-05-2001 «Жылыту, желдеткіш және салқындатқыш жүйелері» СанЕН талаптарына сәйкес жылыту, желдеткіш және салқындатқыш жүйелерімен жабдықталады.

25. Өндірістік ғимаратжайларда қорғаныс құралдары мен сақтану аспаптарын сақтайтын орындар жабдықталады.

26. Өндірістік ғимаратжайларда көрнекті орындарда алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған шағын дәрі қобдишалары орналастырылады. Дәрі-дәрмек қобдишасының іші нормативтік-құқытық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 3358 тіркелген 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 876 «Халыққа жедел мидициналық көмек көрсету үшін алғашқы жәрдемнің дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын бекіту туралы» бұйрығында көзделген талаптарға сәйкес болу керек.

27. Электр тоғының адам өміріне қауіптілік дәрежесіне қарай өндірістік ғимараттар үш категорияға бөлінеді:

1) аса қауіптілік ықтималдығын туғызатын төмендегі көрсетілген жағдайлардың бірі орын алған болса, қауіптілігі өте жоғары деп есептеледі:

ылғалдылық (ұзақ мерзім қатысты ылғалдылық 75% құраса) немесе тоқөткізгіш шаң болатын болса;

едендер тоқөткізгіш болатын болса (металл, қара жер, темірбетон, кірпіш);

жоғары температура (температура үнемі немесе оқтын-оқтын (бір тәуліктен көп)+ 35 градустан асып отыратын болса);

бір жағынан - адамның бір мезгілде жермен жалғасатын ғимараттың металл құрылғыларына, технологиялық аппараттарға, механизмдерге, екінші жағынан-электржабдықтардың металл сұлбаларына соқтығу ықтималдығы;

2) аса қауіптілік ықтималдығын туғызатын төмендегі көрсетілген жағдайлардың бірі орын алатын болса;

ерекше ылғалдылық (ұзақ мерзім ауаның қатысты ылғалдылығы 100%-ға жуық болғанда-үйдің төбесі, қабырғалары, едендері және тұрған заттар суланып тұрса);

химиялық активті орта (оған үнемі және ұзақ уақыт химиялық булар мен түзінділер әсерінен жабдықтардың сырт орамдары және тоқ жүргізгіш бөлшектері жалаңаштанған жағдайлар);

бір мезгілде аса қауіп төндіретін екі немесе одан да көп қолайсыз жағдайлардың топтасуы;

3) аса қауіпті жағдайларды туғызатын ерекше қатерлі ықтималдықтың жоқтығы;

28. Ұйымның басшысы барлық өндірістік ғимараттардың қауіптілік денгейін анықтауға міндетті. Әрбір ғимаратжайдың көрнекті жеріне электртоғымен зақымдалу қауіптілігінің дәрежесі көрсетілген тақтайшалар ілініп, онда еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін жауапты адамның аты-жөні қоса көрсетіледі.

29. Жоғары кернеулі тоқ жүргізгіш сымдарды блоктанған ғимаратжайларынан транзитті түрде өткізу қажет болған жағдайларда бұл сымдар металлдан жасалған тұтас қаптамалармен қоршалуы керек (қораптар, тұрбалар) және жерге жалғануы тиіс. Сонымен бірге қоршауда транзит жөніндегі сілтеме мен «Абайлаңыз! Жоғары кернеулі электрқуаты» деген ескертпе таңба орнатылады.

30. Аса қауіпті деп табылған өндірістік ғимараттарда 42 Вольттан аспайтын атаулы кернеудегі электрқұралдары мен қолға ұстайтын электр шамдарын қосуға арналған дербес электрторабы тартылады.

31. Өндірістік ғимараттарда қызметшілердің бір мезгілде бірден жабдықтардың металлдан жасалған сұлбалары мен жылыту жүйесінің құбырларына, су және канализация құбырларына соқтығу ықтималдығы болған жағдайда олардың барлығы тоқ өткізбейтін шарбақтармен қоршалады.

32. Дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетін жұмыс жайларындағы жұмыс орындарын ауасорғыш желдеткіштермен жабдықталады.

33. Өндірістік ғимаратжайлардың ғимаратқа жақын орналасқан антенналар мен фидерлік желілерден пайда болған электірмагниттік өрістердің деңгейін төмендету үшін ғимараттың электрмагнит өрістерін тарататын жағына экран тұтылуы керек: қабырғалар жерге жалғанған металл тақталарымен, терезелер – жерге жалғанған металл торларымен немесе арнайы металданған шынылармен қалқаланады.

34. Жабдықтарды қондыру мен орналастыру осы Ереженің 3,4,5 қосымшаларынағы талаптар мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.



5. Радиоқондырғылар қауіпсіздігінің талаптары
35. Кездейсоқ жанасуға жақын радиоқондырғылардың токәкелуші бөлшектері жабылуы немесе кернеулері асып кеткен жағдайларда қоршау жасалады:

қауіп қатері өсіп кеткен ғимараттарда - айнымалы тоғы 42 Вольт және тұрақты тоғы 110 Bольт;

аса қауіпті ғимараттарда - тұрақты тоғы 12 Вольт және  айнымалы тоқ 110 В;

36. Кездейсоқ жанасу мүмкіншілігі тарпалы блоктары бар және есіктері ашылатын радиожабдықтардың қасында жабдықтың ұзындығына сәйкес ұзындығымен және мөлшері 0, 7 метр диэлектрлі кілемдер салынады. Диэлектрлі кілемдер ток өткізетін бөлмелердің едендерінде радиожабдықтың барлық түрлерінің жанында салынады.

37. Радиоқондырғылардан тарайтын элетромагниттік сәулелер денгейі 1994 жылғы 22 тамызда қабылданған «0,06-30,0 МГц жиілігіндегі диапазон кеңістігінің электрлік әсер етуінің (ШРД) шектеулі рұқсат етілген денгейі» СанЕН және осы Ереженің 6,7,8 қосымшаларында көрсетілген 1996 жылғы 12 маусымдағы № 3.01.002-96 «Радио техникалық нысандарда болатын электромагниттік кеңістік әсерінен халықты қорғаудың санитарлық ережелері мен нормалары» талаптарымен және 6,7,8 қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

38. Жоғары жиілілік қондырғыларға қызмет ету аймағындағы жұмыс орындарында жылына бір рет сәуле шығару қарқындылығын өлшеу жүргізіледі. Максималды пайдаланылатын сәуле алу қуаттылығы бойынша және барлық жоғары жиіліктің қайнар көздері бір уақытта қосқанда өлшеу жұмыстарының орындалады.

Сәуле шығару қарқындылығына ықпал ететін жаңа генераторлы қондырғыларды іске қосқанда, қолданыстағылар қайта құрылғанда, жөндеу жұмыстарынан соң сәуле алу қарқындылығы өлшенеді.

39. Сәуле шығару жеделдігін өлшеу жұмыстарын өндірістік зертханалардың қызметшілері немесе ұйымдардың басшылары тағайындаған тұлғалар және арнайы оқып, даярланған мамандар өндірістік бөлімше басшысы немесе оның орынбасарының қатысуымен атқарады.



§ 1. Электрқұрылғыны жерге қосу
40. Ұйымдарда жерге қосу жүйесінің үш түрі болуы керек; 1) қорғамалы – қызмет көрсететін қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жерге енгізілген құрал-жабдықтыр;

2) жұмыстық – жерге жұмыс істейтін тоқтардың шығу мүмкіндігі бар радио қондырғы аппараттарын қосу мүмкіндігі үшін және элетрқондырғылар әрекетіне байланысты электрлік жалғамаларды құру мақсатындағы жерге енгізілген құрал-жабдықтар.

3) найзағайдан қорғайтын – жоғары әлеуетті кіргізуден және екінші денгейлі найзағай әсерінен, сондай-ақ тікелей соққы себебінен орын алған өрт пен механикалық бұзылулардан антендік – мачталық құрылыстардан ғимарат жайларды сақтауды қамтамасыз ету, қызмет істейтін қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау үшін жерге енгізілген құрал-жабдықтар.

41. Электр қуаттылығы күшті құрылғы мен қорғамалы радиоқұрылғыны жерге қосу үшін екеуіне ортақ жерге қосушы бір құрылғы қолданылады.

42. Жерге қосылушы тетіктер мен жерге қосу құрылғыларының арасында жердегі және техникалық ғимарат ішіндегі электірлік іске қосуда тығыздау аспаптарының маңызы зор.

43. Жерге қосу құрылғысы ретінде тек тұрақты жұмысқа қосылып тұрған жерге қосу құрылғысын (жоғары жиілікті) немесе антенналы-фидерлі жерге қосу құрылғысын қолдануға рұқсат етілмейді.

44. Қорғамалы жерге қондыру құрылғысын немесе электр қондырғыны нөлдік тұйықтыққа тіреуде төмендегі ескертулер орындалады:

1) 380 Вольт кернеу көрсетілген және ауыспалы тоқ күшінен жоғары және 440 Вольт және де тұрақты тоқ күшінен жоғары болған жағдайлардың барлығын;

2) сыртқы электр құрылғысы бар және қауіптілігі жоғары, сондай-ақ ерекше қауіптілігі бар ғимарат ішіндегі 42-ден 380 Вольт аралығындағы кернеулігі жоғары ауыспалы тоқ күші мен 110-нан 440 Вольт тұрақты тоқ күші болған жағдайда;

3) жарылу қауіптілігі бар ғимараттардағы ауыспалы және тұрақты тоқ күшінің қуаттылығын;

45. Қорғамалы жерге қосу құрылғыларының бөліктеріне төмендегілер жатады:

1) электр қуаты күшті қондырғының сырт қаңқасы;

2) радиоқондырғының сырт қаңқасы;

3) электр аспаптарының жетектері;

4) өлшеуіш трансформаторларының екінші орамалары;

5) кабелді муфтылардың металданған сырт қаңқасы, кабелдің экраны мен сауыттары, металды қауыздар, экран сымдары мен металды қауыздар, арналған болат құбырлар мен басқа да металды құрылғылар;

6) электр қабылдағыш пен құралдардың жалғамалы және жылжымалы металданған сырт қаңқасы;

7) Егер де трансформатордың бөлінгіш қасиеті болмаса, кернеуі 42 Вольтты қамтитын сырты мен қайта орауына төмендеткіш трансформатордың жерге нық орнатыла қондырылып желіге қосылуы жатады;

46. Жерге қондыру құрылғысына жатпайтын бөліктер:

1) егер металл құрылғыларда орнатылған жабдықтар, электр байланысын қамтамасыз ету үшін тіреу беттерінде қорғалған және боялмаған орындар қарастырылмаса;

2) металды қалқандарға, шкапқа орнатылған, жерге қосылған, бөлінетін құрылғысы бар камералардың қабырғасына орнатылған электр өлшеуіші бар құралдардың сырты;

3) қос оқшаулағышы бар электрқабылдағыштар;

4) ашылатын бөліктерінде электр жабдықтары орнатылмаса немесе қондырылған электр жабдығының кернеулі айнымалы тоқ күші 42 Вольт немесе тұрақты тоқ күші 110 Вольттан жоғары болмаған жағдайда тоқ бөліп тарататын құрылығының ашпалы металданған бөлігіне жерге қосу тірегі мен камерасы жатпайды.

Жарылу қаупі жоқ ғимаратжайлардағы жекелеген станоктарда қондырылған электр қозғағышы аппараттарын жерге қосудың орнына, жабдықтардың қабырғасы мен табаны арасында сенімді байланыс қамтамасыз етілген жағдайда станоктардың қозғалмайтын табанын жерге қосуға болады.

47. Электр қуаты күшті қондырғыларды жерге қосуды ұйымдастыруда көрсетілетін электр кедергісі ЭҚЕ сәйкес анықталады.

Ал радиоқондырғыны қорғамалы жерге қосу үшін көрсетілетін электр кедергісі 4 Ом-нан аспауы керек (меншікті кедергі жердің қатты қабығынан 100 Ом.м-ға дейін)

Жердің меншікті салмақ кедергісі 100 Ом.м-нан жоғары болғанда, жерге қосу құрылғысының кедергілігін 100 есеге жоғарылатуға болады, бірақ оны 10 еседен артыққа көтеруге болмайды.

48. Жерге қосу құрылғысының техникалық жағдайын айқындау үшін мерзімді:

жерге қосылған құрылғының кедергісін өлшеу;

он екі жылда бір рет жердің қатты қабығын аша отырып, жерге қосылған бөліктерін іріктеу тексерісінен өткізіп отыру;

жерге қосушы электр тізбектері мен жерге қосылатын элементтер аралығының жай-күйін, сонымен бірге табиғи жерге қосқыштардың жерге қосушы құрылғылардың бір-бірімен жалғастығын тексеру;

жанасу кедергісінің белгілі бір шама бойынша орындалғаны электр қондырғыдағы жанасу кедергісі арқылы өлшенеді.

49. Құрылғыны жинап, қайта құрып, күрделі жөндеуден өткізгеннен кейін, жерге қосушы құрылғының кедергісін жылына бір рет өлшеуден өткізеді. Бұл өлшеулер жердің қатты қабығы біршама кебу мерзімінен өткен сайын толықтырылып отырылады.

50. Электр кедергісінің жанасу өлшемі жерге қосушы қондырғыны жинап, қайта құрып, күрделі жөндеуден өткізгеннен кейін алты жылда бір рет өткізіліп отырылады.

Сонымен бірге, ұйымдарда жыл сайын жерге қосу электр қондырғысы арқылы жерге баратын бір фазалы қысқа тұйықталу тоғын нақтылайды, ЭҚЕ-нің талаптарымен салыстырмалы түрде жанасу кедергісін түзетіп отырады. Қажет болған жағдайда кедергіні төмендету шаралары жүргізіледі.

51. Жерге қосу қондырғысын немесе істен шығарудың қорғамалы құрылғысы ЭҚЕ-нің талаптарын сәкес келмеген жағдайда және де ол техникалық себептерге байланысты біршама қиындық туғызған жағдайда электр тізбегінен айрылған алаңдарда электр қуаттылығы күшті жабдықтар және радиожабдықтарымен қамтамасыз етуге рұқсат етіледі. Бұл үшін электр жабдығына немесе ғимараттағы басқа да жабдықтардың бір мезгілде жанасуға рұқсат етілмейді.

52. Электр қондырығысының жерге қосылатын немесе нөлдік тұйықтыққа тірелетін әрбір бөлігі сол жерге қосу желісіне немесе нөлдік тұйықтыққа арнайы электр өткізгішінің көмегімен жалғанады. Ал жерге қорғамалы электр тізбегі арқылы қосылатын қондырғы мен нөлдік тұйықтыққа электр қондырығысының жерге қосылатын немесе нөлдік тұйықтыққа апаратын электр тізбегіне артынан қосуға рұқсат етілмейді.

53. Жерге қосу қондырғысы мен нөлдік тұйықтықтың қорғамалы электр тізбегін жерге қосу қондырғыларына, қондырғыдағы электр өткізгіштерінің тұйықталған түйісіне және оның түзілісіне жалғауды дәнекерлеу арқылы жүзеге асырады да, аппарат сыртына, мәшинелер мен әуе жолы электр өткізгіштеріне тіреу болу үшін дәнекерді немесе мықты бұранданы қолданады.

Электр қондырғыларда жерді фазалық немесе нөлдік тұйықтық үшін тоқ өткізгіш сымның кернеулігін 1000 Вольттан артық қолдануға рұқсат етілмейді.

54. Егер ұйымдардың электр қуаты күшті қондырғылары жерге бейтарап әлсіз қосылған желіден қуат алып, сол бөліктердегі электр сымдары тұйықталған жағдайда зақымдалған ушәскенің электр желісі автоматты түрде істен шығарылуы қамтамасыз етіледі.

Осы мақсатпен электр қуаты күшті құрылғының кернеулігі 1000 Вольтқа дейінгі жерге бейтарап әлсіз қосылған және бейтарап жерге қосылып трансформатор немесе генератордан қуат алатын, сыртында металды байланысы бар қондырғыда міндетті түрде нөлдік тұйықтық орындалады.

55. Тасымалды электр қабылдағыштарын жерге қосу мен нөлдік тұйықтыққа әкелуде арнайы желісі (үшіншісі-бір фазалы және тұрақты тоғы бар радиоқабылдағыштарға, төртіншісі-үш фазалы тоғы бар радиоқабылдағыштарға) тасымалды электр өткізгішінің фазалы желімен байланысқан жалғыз қабығында орналасады және радиоқабылдағыштың сыртқы корпусына жалғанып, сондай-ақ айырылғыш штепсель айырының арнайы түйісуімен жүзеге асырылады. Бұл электр желісінің қимасы фазалық электр өткізгішінің қимасына тең болуы керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, нөлдік жұмыс жасайтын электр өткізгіштерін, әсіресе, сырты ортақ етіліп орналасқан өткізгіштерді қолдануға болмайды.

Кабельдер мен электр сымдарының желілері 1,5 шаршы/миллиметрден қысқа болмайтындай бүгілмелі, мыс қималардан жасалуы қажет.

56. Жұмыс барысында орнын ауыстыру мүмкіндігі жоқ тасымалды электр қабылдағышының сыналу және тәжірибелік сынақтық қондырғысын жерге қосу үшін де, жерге тасымалды түрде қосу қондырғысының электр өткізгішін немесе стационарды қолдана отырып жерге қосуға болады.

Бұл үшін жерге стационарлы жолмен қосылатын электр өткізгіштері ЭҚЕ-нің талабынан шығып, ал тасымалды жерге қосу жүйесі міндетті түрде фазалық электр өткізгіш қимасынан кем түспейтіндей бүгілмелі, мыс қима болады.

Тасымалды электр қабылдағышының айырылғыш штепселінде, сонымен бірге ұзартылған тоқ өткізгіш сымдар мен кабелдер розеткаға электр өткізгішті қуат көзі жағынан жүргізіп, ал айырға электр қабылдағышы арқылы жіберуге болады. Жерге қосу қондырғысы мен нөлдік қорғама электр өткізгіштерін жалғау үшін штепсель айрылғыштары арнайы түйіліске ие болуы керек. Іске қосылу барысында бұл түйілістер арасындағы тоқ сымдарының бір-бірімен жалғасуы фазалық тоқ өткізгіштердің жанасуы басталғанға дейін құрылады. Бұл түйілістерді істен шығарғанда, сымдардың ажыратылу реті кері жүргізіледі.

Штепсельді айрылғыш құрылғысында фазалық электр өткізгіштерінің түйілісінде жерге қосу қондырығысының түйілісімен жалғасу мүмкіндігі болмауы керек. Егер штепсельді айрылғыштың сыртқы қабығы металдан болса, ол жерге қосылу түйілісімен электр жүйесі арқылы жалғанады.

57. Жерге қосылғыш электр өткізгіштерін тоттанудан сақтау қажет.

58. Болаттан жасалып, ашық жолға салынған жерге қосу қондырығысының электр өткізгіштері қара түсті болады.

59. Жабық ғимарат іші мен сыртындағы қондырғылардың жерге қосылу мен нөлдік тұйықтығы және тармақтануы арнайы жасалып отыратын тексеріс байқауларға қолайлы болуы керек. Байқау қолайлылығының талаптары нөлдік желі мен кабелдердің сыртына, темір-бетон конструкциясының арматурасына, сонымен қатар құбыр мен қораптарға салынған жерге қосылушы мен нөлдік қорғама өткізгіштерге, сондай-ақ құрылыс құрылғысының сұлбасына тікелей барып таратыла алмайды.

Магистралдан кернеулігі 1000 Вольтқа дейінгі электр қабылдағышының тармақтарын агрессиялы ортаның ықпалынан сақтай отырып, тікелей қабырға немесе таза еденнің астына төсеуге болады. Мұндай тармақтар бір-бірімен түйісілмеуі керек.

Жерге қосу мен нөлдік қорғама өткізгіштері сыртта орналасқан қондырғыларда электр тармақтарын жерге, еден астына, алаңдардың жиегіне, технологиялық қондырғылардың іргетасы аралығына төселеді.

Ал оқшауланбаған алюминді өткізгіштерді жерге қосу қондырғысы немесе нөлдік қорғама өткізгіштері ретінде қолдануға, жерге төсеуге рұқсат етілмейді.

60. Уақытша жерге қосушылық қасиетіне ие болып тұрған барлық түйілістер тазаланып, арнайы майы жағылып отырылады.

61. Ғимарат ішіндегі жерге қосу өткізгіштерінің қосылған орнында тану белгілері қарастырылады.

62. Жерге қосуға аранайы салынған өткізгіштерді басқа мақсат үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.

63. Жерге қосылу мен нөлдік қорғама өткізгіштерінің қосылған аралығын берік электрлік түйісумен қамтамасыз етеді және дәнекерленеді.

64. Жерге қосу құрылғысының әрқайсысында жерге қосылу сызбасы, негізгі техникалық мәліметтері, құрылғының тексерістен өткен қорытындысы, өзгерістер, жөндеу мен түзетулер енгізілгені туралы жазбалары көрсетілген паспорты болады.


6. Электрқондырғыларының қызмет көрсету барысында қойылатын қауіпсіздік талаптары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет