Мәдениет және архив ісі саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар



жүктеу 53.49 Kb.
Дата17.07.2018
өлшемі53.49 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген

7-қосымша

Мәдениет және архив ісі саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар


Р/с



Қосымша ақылардың атауы

Қосымша
ақылардың
түрлері

Қосымша
ақылар-дың
мөлшері

Ескертпе




1

2

3

4

5

1



Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы







1)

Кітапханалар, клуб мекемелері және музейлер қызметкерлеріне:
дене бітімінің дамуында кемістігі бар азаматтармен жұмыс істегені үшін;

зағип және саңырау


азаматтармен жұмыс істегені үшін

БЛА-дан
30 %






2)

Үңгірлерде, қорғандарда және басқа да ұқсас
объектілерде экскурсиялық қызмет
көрсеткені үшін

БЛА-дан
20 %




3)

Мамандандырылған үй-жайларда депозитарлық сақтау және басылымдардың (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымдарын) міндетті даналарын қолданғаны үшін;

бірегей кітап қолжазбаларын, құжаттарды және археологиялық материалдар, экспонаттар қорларын ерекше режимде күзетуді және сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы үшін;

консервациялау, қалпына келтіру, сақтауды қамтамасыз ету үшін жазбалар мен кітапханалық және архив қорларын қолдану жөніндегі жұмысы үшін


БЛА-дан
30 %




4)

Археологиялық қазбаларды жүргізу, артефактілердің мағынасын ашу және қалпына келтіру, олардың шығу тектерінің мерзімін анықтау, тарихи және мәдени ескерткіштерді консервациялау жұмыстары үшін

БЛА-дан
20 %




5)

Мыналармен жұмыс істегені үшін:

әртүрлі тарихи кезеңдерде (18 ғасырдан бастап) жасалған;

арнаулы білімді және олармен жұмыс істеу ережелерін талап ететін әртүрлі жеткізгіштердегі (пергамент, былғары, мата, қағаз, калька, шыны, пленка, микрожарнама, дисктерде және
т.б.) құжаттармен:
аудиовизуалдық қор және деректі кино фильм қорының
құжаттарымен;

мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарының, оның ішінде құпия сипаттағы


құжаттармен;

елдің бұрынғы және қазіргі көрнекті


қайраткерлері мұрасының
архив құжаттарымен






БЛА-дан
30 %




6)

Бірегей кітаптар мен қолжазбалар қорларын ерекше режимде күзетуді және сақтауды қамтамасыз ету бойынша, архив баспаларын консервациялау, қалпына келтіру және пайдалану бойынша тікелей жұмыс істегені үшін




БЛА-дан
20 %

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қызметкерлеріне


2




Кәсіптік
шеберлігі үшін
қосымша ақы



Осы қосымша
ақыны төлеудің тәртібі мен шартын мәдениет
саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді




Басты (жетекші) рөлдерді (партияларды) орындағаны, ағымдағы репертуарда жұмыспен қамтылғаны үшін;

басты (жетекші) рөлдерді (партияларды) орындауды, ағымдағы репертуарда жұмыспен қамтылуды қоспағанда театр,

опера (оперетта), балет, музыкалық комедия, цирк, концерттік ұйымдар әртістеріне техникалық шеберлігі үшін





ЛА-дан
50 %




3.




Еңбек жағдайлары зиянды
(ерекше зиянды)
және қауіпті
(ерекше қауіпті)
жұмыстар-мен
айналыса-тын қызметкер-лерге
қосымша ақы




2015 жылғы

23 қарашадағы


Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен еңбек жағдайлары зиянды
өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың
тізімі (тізбесі) негізінде




Саңырауқұлақ зеңдері, актиномицеттер және патогенді микробтар жұққан қағаз негізіндегі құжаттармен, кинопленкамен және фотопленкамен жұмыс істегені үшін;

зиянды химиялық ерітінділер қолдана отырып,

кинопленка мен фотопленканы, қағаз негізіндегі құжаттарды қалпына келтіргені, олардың

үстінен зеңдерді жойғаны үшін;

қағаз жеткізгіштегі құжаттардың жай-күйін диагностикалау бойынша жұмысы және оларды қалпына келтіргені үшін;

мамандандырыл-ған үй-жайлардағы ауаның ылғалдылығын және қағаздардың ылғалдылығы мен басқа да арнайы технологиялық процестерді реттегені үшін;

өндірістік қондырғылар мен аппаратура бөлшектерін (түйіндерін), сыйымдылықтарды, бұйымдарды, ыдыстарды, тараларды және материалдарды жанармайда, дихлорэтанда, ацетонда, эфирде және сілтілік ерітінділерде қолмен жуғаны үшін;

әлсіз контрастілік және өшіріліп қалған мәтіндері бар құжаттар бойынша ақпараттарды анықтағаны, түптегені (тіккені) үшін;

шаң-тозаң басқан, зиянды химиялық реакциялардың ошағы болатын кітапханалық және мұрағаттық қорлармен жұмыс істегені, сондай-ақ театрлық декорациялар мен бутафорияларды құрғаны үшін




БЛА-дан
30 %






____________________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет