Мәдениет және өнер институтының директоры



жүктеу 0.65 Mb.
бет2/3
Дата01.03.2018
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3

ГЛОССАРИЙ



Абсолюттiк есту - дыбысты естiп, қабылдай бiлу, және оның биiктiгiн дәл анықтай алу мүмкiндiгi.

Агогика – негiзгi екпiннен шамалы ауытқу (баяулата немесе жылдамдата).

Адажио - 1. өте баяу екпiннiң белгiсi 2. Баяу екпiнде жазылған музыкалық шығарманың (симфония, концерттiң) бөлiгi.

Аджитато – абыржып.

Аллегро – 1. жылдам екпiннiң көңiлдi, көтерiңкi белгiсi. 2. музыкалық пьеса мен шығарманың бөлшегiнiң аты (жылдам екпiндегi симфонияның бiрiншi бөлiмi)

Аллегретто – аллегродан гөрi жай, бiркелкi екпiн белгiсi; кейде осындай екпiнде орындалатын музыкалық шығарманың аты.

Аллеманда – немiстiң жай қозғалысты көне биi.



Альтерация – нотаны жарты немесе бiр тоңға жоғарылату не төмендету белгiсi. Альетерацияға (#) диез, (ь) бемоль, бекар сияқты белгiлер жатады.

Альт кiлтi – «до» кiлтiнiң бiр түрi. Бұл жүйеде қолданылатын альт кiлтi белгiсi үшiншi нота сызығына жазылады да, бiрiншi октаваның «до» дыбысын көрсетедi. Альт кiлтiнде ысқышты альтқа арналған ноталар жазылады.

Амплитуда – тепе –теңдiктен ауытқу, шайқалу шегi. Дыбыс күшi теңселу мөлшерiне байланысты болады. Теңселу мөлшерi неғұрлым серп

Айтыс - қазақ ақындарының халық алдындағы өнер жарысы.

Аккорд – әр түрлi биiктiктегi үш немесе одан да көп музыкалық дыбыстардың бiр мезгiлде үндесуi.

Анданте – орташа, бiрақ адажиоға қарағанда жылдамырақ екпiннiң белгiсi.

Ансамбль – 1. Орындаушылық өнердiң өзара үйлесiмi, көркемдiк тұтастығы; 2. Екi немесе одан да көп музыканттардың (әншiлер немесе музыка аспаптарында орындаушылар) музыкалық шығарманы қосылып орындауы; операда бiрнеше кейiпкердiң бiр мезгiлде ән салуы) терцет, квартет, квинтет); 3. Бiрлесiп ойнау немесе өлең айту (мысалы, дуэт, трио, квартет); оркестр ансамбльдiң бiр түрi болып есептеледi.

Аччелерандо – екпiндете, үдете, жылдамдата.

Артистөнер иесi, өнер көрсетушi (драмалық актер, музыкант, әншi), өнер шығармасын халық алдында орындайтын адам.

Арпеджио – музыкадағы аккордты немесе дыбыстарды бiр мезгiлде емес, бiрiнен соң бiрiн орындау.

Алғашқы екпiнде – музыка шығармаларында өзiнiң алғашқы көрсетiлген екпiннен ауытқығаннан кейiн оған қайтып оралуды көрсетедi.

Бекар – дыбыстың өзiнiң негiзгi жоғарылығын сақтайтын белгiсi. Бекар белгiсi диез немесе дубль-диез белгiлерiнен кейiн тұрса, дыбысты жарты немесе бiр тонға төмендетедi.

Бемоль - белгiсi дыбысты жарты тон төмендетiп алу үшiн қолданылады.

Вальс – екiден жұптасып, байсалды, кейде қалықтап немесе үдемелi айналуда өтетiн бал биi ( XIX -XX ғғ. Кеңiнен тарап, оркестрлiк және фортепианолық пьеса түрiнде дербес мәнге ие болған)

Вариация түрi – өзгерту, құбылту, түрлендiру деген мағынада. Вариацияда алынған әуендiк тақырыпты сол күйiнен бiрнеше рет өзгертiп, құбылтып беретiн музыка түрi.

Виртуоз – муз.шығарманың,рольдiң,сурет өнерiнiң тех.қиындықтарын жете меңгерген музыкант,артист,суретшi.В.терминi көбiне музыкант - орындаушыларға-скрипкашыларға,пианистерге,виоленчельшiлерге,домбырашы-қобызшыларға,әншiлерге қолданылады.

Гамма – бiр октава маңындағы дыбыс қатары, мұнда ладтың басқыштары бiрiнен соң бiрi тiзбектелiп жоғарғы немесе төмен жүретiн болады. Дәлiрек айтқанда, бiр дыбыстан екiншi аттас дыбысқа шейiн , ереже бойынша, тiзбектелiп құрылған дыбыс қатарын гамма дейдi.

Гармония – үндесу деген мағынада музыка теоричсының аккордтардың құрылымын және олардың жалпы музыкалық даму барысындағы ара қатынасын зерттейтiн бөлiмi. Бiрнеше ұқсас тондардың бiр мезгiлде үндесуi.
Глиссандо – сырғи жылжу

Дауыс – 1. Музыкалық шығарманың негiзгi болып саналатын әуен; 2. Хорға, ансамбльге, оркестрге арналған музыкалық шығарманың бөлек ноталық партиясы.

Диез - белгiсi дыбысты жарты тон жоғарылатып алу үшiн қолданылады.

Домбыра - қазақтың iшектi музыка аспабы.Ол көбiне ағаштан тұтас ойылып жасалады.Негiзiнен 2 iшектi болып келедi.Ел арасында 3 iшектi Д-лар да кезiгедi.Д.өткен ғасырларда шертер,сыбызғы,қылқобыз,шаңқобыз т.б. муз.аспаптармен қатар дамыды.Д.- тек күй тарту үшiн ғана емес,ән сүйемелдеуге де қолданылатын аспаптардың бiрi.

Домбыра күйлерi - қазақтың көне халық аспабы домбырада орындалатын белгiлi бағдарламалық сюжетi бар аспаптық муз.шығарма.Д.к-iнiң мазмұны мен тақырыбы алуан оқиғаны әңгiмелейдi.Ол- атадан балаға мирас болған ежелгi заманның аңыз-әңгiмелерiнен бастап,халық өмiрiнiң ой-қырын,оның басынан өткен небiр тарихи оқиғаларды,жеке адамның тағдыры мен жай-күйiн,жануарлар дүниесiн түгел қамтиды.

Домбырашы-қазақтың ұлттық муз.аспабы–домбыра тартушы. Домбырашының күйшiден айырмашылығы – ол өз жанынан күй шығармайды,тек халық күйлерiн не осы заманында негiзгi мамандықтардың бiр түрiне айналды.

Екпiн – музыкада шығарманың орындалу кезiндегi қозғалыс жылдамдығы.Муз.шығармамен оның жеке бөлiмiнiң екпiнi әдетте итальянша атаумен белгiленедi.17-18 ғ-дан бастап Е-нiң негiзгi 3 түрi қалыптасты: жәй Е.,орташа Е.,жылдам Е.

Жоқтау күйлерiтарихи адамдармен, жерсу, қимас доспен қоштасу тақырыбына арналған музыкалық шығармалар:күй шығармашылығының бiр жанры.Домбыра, қобыз сыбызғы т.б. аспаптарда орындалады.Жоқтау күйінiң байырғы үлгiлерi ауыз әдебиетiндегi аңыз-әңгiмелердiң мазмұнымен сабақтас келедi.

Имитация – көп дауысты шығармаларда негiзгi тақырыптың әуелi бiр дауыста, кейiннен басқа дауыстарда кезекпен қайталануы.

Композитор – муз.шығармалардың авторы,муз.жазумен шұғылданатын адам. Композитор мамандығы музыкадан табиғи дарын мен композициядан арнайы бiлiмi болуды талап етедi.

Күй - қазақтың ежелден келе жатқан аспаптық муз.жанры.Ол негiзiнен домбыра күйлерi, қобыз күйлерi болып бөлiнедi. Күй қазақтың музыкалық шығармаларының iшiндегi ең iрi жанры; композициялық құрылымы жағынан халық музыкасының күрделi бiр саласы саналады.

Кџштi екпiн – жеке дыбысты күшпен ерекшелеу.

Қобыз, қыл қобыз - қазақтың ысқылы, iшектi көне муз.аспабы.Қ.жайындағыалғашқы деректер 8-9 ғ-ға саяды. Ертедегi Қ-дар тұтас ағаштан ойылып жасалған,пiшiнi ожау тәрiздi. Шанағының төменгi жартысы көнмен қапталады.Оның құлақ бұрауы орналасқан жазық келген басы,доғаша иiлген қысқа мойыны, көн керген шанағы, қос қыл iшегi, тиегi болады.

Күй айтысы,айтыс күйлер – күй тартып, өнер сайысына түсу, қолма-қол тұтқиылдан күй шығарып өнер жарыстыру.

Құштарлана – музыкалық шығарманы құштарлана, жiгерлене, терең сезiммен орындау белгiсi.

Қосымша белгiлердi жазу – музыка аспаптарында ойнау техникасында түрлi пайдалану мен саусақтардың басу ретiн белгiлеп жазу.

Легато – байланыстыра

Майталман – ойнау техникасын жетiк меңгерген, асқан шебер музыкант.

Метр – музыка ритмнiң байланыс жүйесiн, тепе-тең ұзақтықтағы тиянақты және тиянақсыз уақыт үлесiнiң өзара алмасу тәсiлiн реттейтiн өлшем. Ритмде дыбыстардың уақыттық арақатысы анықталады. Метр осы арақатыстың өлшемi ретiнде қызмет етедi, ритмдiк қозғалыстың сандық нормасын тудырады.

Метроном – музыка шығармалырының орындалу екпiнiн анықтайтын құрал.

Мимика – ашу,қайғы,қуаныш т.с.с. көңiл күй сәтiн берудегi адам бетiнiң мәнерлi қимыл-қозғалысы.


Музыка – негiзiнен тондардан /белгiлi биiктiктегi дыбыстардан/ тұратын, адамға өзiнiң өзгеше түрде ұйымдасқан мазмұнды дыбыстық жүйесiмен әсер ететiн, өмiр шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтiн өнердiң бiр түрi.

Музыкалық дыбыс – заңды түрде ұйымдасқан музыка жүйенiң құрамына енетiн,тұрақты биiктiкке ие болған дыбыс.

Музыкалық есту қабiлетi – адамның музыка дыбыстардың жоғары яки төмендiк қасиетiн көңiлмен сезiну,зейiнмен түсiну,оны жадында сақтай бiлу қабiлетi.

Музыкалық тыныс – музыка шығарманың бiр немесе бiрнеше дауыстарында,кейде барлық дауыстарындағы үннiң белгiлi бiр кезеңдегi үзiлiсi.

Музыкалық шығармаларды талдау – музыкалық шығарманы ғылыми талдау тәсiлi. Онда музыкалық шығарманың түрi, құрылысы, стилi, музыкалық тiлi зерттеледi.

Музыкалық форма – кең ұғымда музыка шығарманың идеялық-эмоциялық мазмұнын бiлдiретiн музыканың мәнерлеу құралдарының (мелодия, екпiн, ырғақ, гармония т.б.)жиынтығы.Музыка шығарманың көркемдiлiгi – мазмұн мен форма бiрлiгiнде.Ал тар ұғымдағы М.ф.-музыка шығарманың құрылымы болып табылады.

Пассаж – орындауға қиын әрi виртуозды музыкаға тән шапшаң орындалатын дыбыс қатарларының рет белгiсi.

Такт – музыкада метр өлшемi.Т.өлшемi бөлшек түрiнде ерекше белгi ретiнде (С -4/4,2/2) нота жазуының басында немесе Т.өлшемi ауысқан сайын қойылып отырады.

Тембр – дыбыстың сапасы/оның бояуы/.Ол әр түрлi аспаптарда немесе түрлi дауыста орындалған белгiлi бiр биiктегi дыбыстарды ажыратуға мүмкiндiк туғызады.

Тербелiс – дыбыс қатарының тербелiсi негiзгi тоннан жеңiл ауып кетуi. Iшектi аспаптарда дыбыс тербелiсi тонының айқын, мәнерлi шығуы үшiн қажеттi элемент.

Флажолет – ысқырық тембрдегi дыбыс.Ф.көбiне ысқымен ойналатын муз.аспапта сирек қолданылады.

Штрих – iшектi ысқылы аспапта рда дыбыс шығару тәсiлi.Ол тәсiл ысқымен iшектi үйкеу түрiне (бiркелкi, үзiп-үзiп не секiрте жүргiзу арқылы) байланысты болады.Ш-тың қолдануы муз.шығарманың мазмұнымен айқындалады.

Ырғақ, ритм – музкалық дыбыстардың заңдылық өлшемде алмасуы .Ырғақ. – музыка, поэзия, бейнелеу өнерi мен архитектурада негiзгi мәнерлеу және түр тудыру құралдарының бiрi.

6. Практикалық сабақтың жоспары.




Тақырыптар

Практикалық сабақ мазмұны.

Апта.

Әдебиеттер.

1.

Домбыра аспабы туралы жалпы түсінік.


1. Домбыра және оның түрлері.

2 .Домбыраның құрылысы және бұрауы.

3. Домбырашының отырысы.

1 апта

1 ,2



2.

Қағыстарды меңгеру.

1.Төмен және жоғары қағыстар.1-4 жаттығулар.

2. Алма кезек қағыстар.5-жаттығу.



2 апта.


1,2.




3.

Аппликатура.




Пернеден пернеге көшуге арналған жаттығулар.


3апта



1,2



4.

Гамма. Арпеджио.Аккорд.





Жәй гаммалар.До мажор,

ля минор.




4 апта



1,2





5.

Этюдтар.


Этюдты өте жәй темпте орындап,әрбір сөйлемді талдау.

5 апта


1,2




6.

Күй тартып үйрену.

1.Күй туралы қысқаша түсінік.

2.Күйді буындарға бөлу. Жәй темпте талдау.




6 апта


1 ,2 ,13



7.

Күймен жұмыс.



1. Күйдің дыбыс сапасымен жұмыс.

2. Динамикалық белгілер.



7 апта


1 ,2 ,13



8.

Фортепиано сүйемелдеуімен домбырада шығармалар орындауға

үйрену.



1.Ладтар.Тоника.Пентатоника. Тональдықтар.

2.Позициялар.



8 апта


1,2,6,8.





9.


Жеңіл формадағы шығарма.



1.Берілген шығарманың авторы және мазмұны.

2.Шығарманы бөлімдерге бөлу.




9 апта


1,2, 6,8.





10.

Шығарманы тұтас меңгеру.


1.Тұтас игерумен қатар ондағы сан алуан динамикалық белгілерді игеру.Фортепианомен сүйемелдеп ойнау.

10 апта


1,2, 6,8.




11.

Халық композиторының күйі.


1.Композитордың өмірі және шығармашылығы туралы түсін ік.

2.Күйдің шығу тарихы,мазмұны.




11 апта


1, 2 , 4 , 7 , 8 .




12.

Күйді меңгеру.


Күйдің сағасын талдау.Сағамен жұмыстану.

12 апта


1, 2 , 4 , 7 , 8 .




13.

Күйдің характері мен тұтас болмысын түсіну.



1.Күйді тұтас игерумен қатар динамикалық белгілерімен ойнау.

2.Күйді үнтаспадан тыңдау.



13 апта


1, 2 , 4 , 7 , 8 .




14.

Халық күйі.



1. Күйдің шығу тарихы, мазмұны.

2. Күйді буындарға бөлу.Жәй теипте ойнап шығу.




14 апта

1, 2 , 4 , 7 , 8 .


15.

Күйді меңгеру.



1.Күйді үнтаспадан тыңдау.

2.Күйді характеріне жеткізіп ойнау.




15 апта

1, 2 , 4 , 7 , 8 .


16.

Гамма.Арпеджио.Аккорд.


  1. Бір белгімен гамма.( Соль мажор).

  2. Тремоло және пицикато штрихымен ойнау.




16 апта

1, 2, 3, 4, 8

17.

Этюд..


1.Этюдты өте жәй темпте талдау.

2.Әрбір сөйлемді тоқтап түсіндіру.




17 апта

1, 2, 4, 5

18.

Күй . Жәй темптегі күй.


1.Берілген күй туралы қысқаша түсінік.

2.Күйді буындарға бөлу. Жәй темпте талдау.




18 апта

1, 2, 4, 5, 6

19.

Күйдің дыбыс сапасымен жұмыс.


Күйдің динамикалық белгілерімен жұмыстану.


19 апта

4, 5, 6, 7, 12

20.

Күй .( Жылдам тамптегі күй)


1.Берілген күй туралы қысқаша түсінік.

2.Күйді буындарға бөлу. Жәй темпте талдау.




20 апта

4, 5, 6, 7, 12

21.

Күй.


1. Күйдің дыбыс сапасымен жұмыс.

2. Динамикалық белгілер.




21 апта

4, 5, 6, 7, 12

22.

Күйлерді характеріне жеткізіп ойнау.


Күйді тұтас меңгеру.


22 апта

4, 5, 6, 7, 12

23.

Жеңіл формадағы шығарма.


1.Берілген шығарманың авторы және мазмұны.

2.Шығарманы бөлімдерге бөлу.




23 апта

4, 5, 6, 7, 12

24.

Аппликатура.

.



Аппликатураны дұрыс қоюға үйрету, жаттығу

24 апта

1, 2, 3, 4.

25.

Шығарманы тұтас меңгеру.


1.Тұтас игерумен қатар ондағы сан алуан

динамикалық белгілермен ойнау.

2.Фортепианомен сүйемелдеп ойнау.


25 апта

4, 5, 6, 7, 12

26.

Халық композиторының күйі.


1. Композитордың өмірі және шығармашылығы туралы түсінік.

2.Күйдің шығу тарихы.

3.Күйді талдау.



26 апта

5, 6, 8, 9, 15,

27.

Күйді меңгеру.


Күйдің сағасын талдау.Сағамен жұмыстану.


27 апта

5, 6, 8, 9, 15,

28.

Күйдің характері мен тұтас болмысын түсіну.


1.Күйді тұтас игерумен қатар дыбыс сапасымен жұмыстану.

2.Күйді үнтаспадан тыңдау.




28 апта

5, 6, 8, 9, 15,

29.

Халық күйі.


1.Күйдің шығу тарихы, мазмұны.

2.Күйді буындарға бөлу.Жәй теипте ойнап шығу.


29 апта

5, 6, 8, 9, 15,

30.

Күйді меңгеру.


1.Күйді үнтаспадан тыңдау.

2.Күйді характеріне жеткізіп ойнау.




30 апта

5, 6, 8, 9, 15,




  1. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысын өткізуге әдістемелік нұсқаулар:

«Жас ұрпаққа адамгершілік – эстетикалық тәрбие беру концепция» жобасында ұлттық музыкамыздың танымдық-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлінген.

Халқымыздың ғасырлар бойы дамып ,қалыптасқан салт-дәстүр ,әідет-ғұрпын терең түсініп игеруде ,ән-күйлеріміздің мазмұн-мәнін толғана қабылдауда ұлттық музыка аспабын ,оның ішінде домбыраны үйренудің маңызы өте зор.Ата-бабамыз мұра қылып қалдырған әндер мен күйлер халық арасында кеңінен таралып,күні бүгінге дейін жетті.Бүгінгі домбыра аспабы республикамыздағы жоғары оқу орындарының музыка-педагогика факультеттерінде арнайы оқытылып ,тәрбиелік -методика жағынан қалыптаса түсуде.жалпы және арнаулы домбыра кластарында болашақ мекткептегі музыка пәнінің мұғалімдері бұл аспапты жете меңгеріп ,ұлттық музыкамыздан бастап дүниежүзі классиктерінің туындыларын шебер ойнау арқылы жоғары дәрежеге көтерілуде.

Әрбір студентпен жекелей жүргізілетін мамандық сабағында студент тарапынан белсенділік , қызығушылық және еңбекшіл болу шарттылық..

Бұған оқытушының педагогикалық іскерлігімен қатар , әр сабақтың алдын – ала мұқият жоспарланып , оқу материалының іріктелініп ( репертуар) дұрыс пайдалануының маңызы зор.Студенттің көркемдік талғамымен техникалық шеберлігін бір-бірінен бөлмей бірге дамытып отыру жалпы музыкалық тәрбиенің негізгі принципі болып табылады.

Оқытушы мен студент арасындағы оқыту барысындағы өзара педагогикалық тәсіл

–айла қарым – қатынасты мамандық сабағындағы тәрбиенің негізі деп қарауға

болады.Әрбір мамандық сабақтары бір-бірімен өзара жалғаса жүйелі жүргізіліп ,

олардың алдына қойған біртұтас айқын мақсаты болуға тиіс.

-Домбыра аспабын арнаулы оқу бағдарламасы бойынша ,белгілі талапқа сай меңгеру.

-Студентті көркем музыка шығармаларын талдап, орындау барысында өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырып ,үйрету.

-Әлемдік классикалық музыкамен ән-күй негізінде студенттің эстетикалық көзқарасы мен көркемдік музыкалық талғамын ұштап,әр шығарманың мән-мазмұнын шынайы ашып орындауға белсенді ықпал жасау.

Домбыра аспабын меңгеру мақсатында аспапты дұрыс ұстай білу,қолдардың қойылымы,қағыстар және музыкалық сауатын ашу жағдайлары қарастырылады.

Домбыра үйренудің алғашқы баспалдағы ашық ішекте орындалатын жаттығулар,гаммалар ,этюдтар. Саусақтар шеберлігін дамытуға да арнайы гаммалар мен этюдтар беріліп,олар түрлі қағыс,штрихтар, алуан түрлі әдіс-амалдар арқылы орындалады.

Домбыра аспабының негізгі репертуары – күй.Төкпе күйлер үйрену үшін домбыра мойнындағы буын-сағаларды біртіндеп меңгеруге жаттығулар беріледі.Бұл тұрғыда түрлі орындаушылық дәстүрлер мен мектептер ескеріледі.

Бүгінгі домбыра тарту өнерінің үлкен бір саласы фортепианоға қосылып пьеса орындау.Пьесаны дұрыс меңгеру үшін позицияларға,штрихтар мен аппликатураға жеке-жеке дайындалу маңызды.Болашақ домбырашының берілген шығарманы техникалық және көркемдік тығыз бірлікте меңгеру жайы және олардың қабілеті мен музыкалық сауаттылығы деңгейлері ескерілуі тиіс.



ОЖСӨЖ жоспарының құрылысы:
1 апта

ОЖСӨЖ – Тақырыбы:1.Музыкалық дыбыстардың домбыра пренелерінде

орналасуы және нота желісінде жазылуы.

2. Оң және сол қол қойылымы.

Сабақтың мақсаты :1. Музыкалық дыбыстардың домбыра пренелерінде орналасуын

үйрену және олардың нота желісінде жазылуын түсіну.

2. Домбыра аспабын меңгеру мақсатында орындаушының

қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасуын үйрету.

Сабақты өткізу түрі: Практикалық..

Тексеруге арналған сұрақтар:

1. Домбыра аспабының диапазоны қандай?

2. Пернелер атауы ?

3.Қойылым деген не?

Әдебиеттер:

1.А.Жайымов «Домбыра үйрену мектебі»А.,13-19 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет