Медиация туралы



жүктеу 143.93 Kb.
Дата04.04.2019
өлшемі143.93 Kb.

Медиация туралы


Бүгiнгi күнi Қазақстанда медиация белсендi дамып келедi.

Медиаторлар адамдарға бiр-бiрiн тыңдауға және даулы заң мәселелер бойынша белгiлi шешiм табуға көмектеседi.

Медиация — тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзуi мақсатында бейтарап тұлғаны — медиаторды қатыстырумен, олардың еркiн келiссөзге келу жолымен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсiмi.

2011 жылдың 28 қаңтарында Республика Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Медиация туралы» ҚР Заңына қол қойды. Атап айтқанда қазақ қоғамында медиация рәсiмi бұрын қалыптасқан. Ежелгi ғасырдан берi даулар құрметтi ақсақалдар мен билердiң көмегiмен шешiлген. Қазiргi медиаторлар осы iстi заң жүзiнде жаңартуды ұсынады.

Қазақстанда заң шығарушылар да, сот қоғамы да медиацияны дамытуды қолдайды. Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жаңа Жолдауында дауды соттан тыс шешу қажеттiгi туралы жазылған — бұл сотқа түскен өтiнiштер мен талаптар санын азайтуға, яғни судьялардың жұмысын азайтуға, оларға басқа қиын iстермен айналысуға мүмкiндiк бередi.

Егер басында медиация отбасылық қарым-қатынас мәселесiнде қолданылса, одан кейiн оны қолдану саласы бiршама кеңейдi және қазiр азаматтық және қылмыстық құқықтық әр түрлi салалардағы дауды реттеуге жағдай жасайды. Медиацияның негiзгi ерекшелiгi медиатор дау туған жағдайда бейтарап жақты ұсынады және шешiм қабылдамайды, ол дауға қатысушылардың бiр келiсiмге келуiне көмектеседi, бұл жерде дауласқан тараптардың ешқайсысы да жеңiлмейдi. Дауласатын тараптар өз мүддесiн ескере отырып, дауды шешуге мүмкiндiк алады, бұл медиацияның артықшылығы болып есептеледi. Бұл әдiс отбасылық-құқықтық, еңбек, тұтыну қатынастары саласында, ювеналдық әдiлетте өз тиiмдiлiгiн дәлелдедi.

Медиация тараптарға жеке құқықты және мүдденi қорғау және даудың коммерциялық және заңды аспектiлерiне назар аударуда, сонымен қатар әр тараптың жеке мүддесiн ескеруде тұрақты рәсiмдi қолдануға мүмкiндiк бередi.

Медиация рәсiмiнiң азаматтар арасындағы дауды реттеушi ретiнде шешу маңыздылығын ескере отырып, Мамлют ауданының аумағында азаматтарды медиаторлар қатарына тарту бойынша үлкен жұмыс атқарылады. Бүгiнгi күнi аудан аумағында азаматтар жиналысында таңдалған және өтiнiштi еркiн жазған 17 кәсiпқой емес медиаторлар жұмыс iстейдi (әр ауылдық округте және Мамлютка қаласында 2 адамнан). Белое ауылдық округiнде алимент төлеу жөнiндегi дауды кәсiпқой емес медиатордың қатысуымен шешу туралы медиаторлық келiсiм 2017 жылдың сәуiрiнде жасалды.

Мамлют ауданы әкiмiнiң ресми сайтында «Медиация туралы» тарауында Мамлют ауданының кәсiпқой емес медиаторлар тiзбесi байланыс мәлiметтерiмен орналастырылған.

2018 жылдың сәуiрiнде Солтүстiк Қазақстан облысының медиация кабинетiнiң меңгерушiсi, заң ғылымдарының кандидаты Гүлбахша Нұрмұқанқызы Мұсабаева Воскресенов ауылдық округiнiң белсендi кәсiпқой емес медиаторы Каип Сағитұлы Ибраевты естелiк сыйлықпен марапаттады.

Медиациияның сәттiлiгi медиатордың дауларды реттеу саласында жұмыс iстеуiне ғана емес, сонымен қатар оның коммуникативтiк қабiлетiне: тартымды әңгiме жүргiзуiне, сұрақты дұрыс қоюына, келiссөз процесiн басқаруға, тараптарды бiр-бiрiн тыңдата алуына, әңгемелесу барысында дау туғызбауға және т.б. байланысты.

Медиаторлар тек қана дауды шешiп қоймайды, сонымен бiрге тараптарға бейбiтшiлiк және өзара байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi. Алда жұмыс көп, себебi медиация елде жаңа ғана енгiзiле бастады. Бiрақ бiр нәрсенi нақты айтуға болады: медиацияның — болашақта пайдасы көп, өйткенi ол қоғамдағы тұрақтылыққа, бейбiтшiлiкке және келiсiмге тiкелей әсер етедi.


Медиацияға арналған күн


Қазақстан Республикасының барлық өңiрлерiнде 2018 жылдың 03 тамызында медиация күнi өттi.

Солтүстiк Қазақстан облысының Мамлют ауданы осы iс-шараны ұйымдастыруға тiкелей қатысты.

«Нұр Отан» партиясы ғимаратында ашық есiк күнi (қоғамдық қабылдау) ұйымдастырылды және өткiзiлдi, онда азаматтар қызықтырған сұрақтар бойынша өтiндi және жергiлiктi атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының өкiлдерiнен, судьялардан, адвокаттардан, нотариустан, кәсiпқой емес медиаторлардан жауап алды.

Осы күнi Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары Р.А. Ғаббасовтың төрағалық етуiмен медиация күнiне арналған дөңгелек үстел отырысы өттi.

Iс-шараға мәслихат хатшысы Нұрмұқанова Р.Р., Мамлют ауданының iшкi iстер бөлiмi бастығының мiндетiн атқарушы Темiрбеков Ж.Т., аудан прокурорының көмекшiсi Талапкеров А.С., Мамлют аудандық соттың судьясы Еганова Е.В., Қазақстан халқы Ассамблеясының өкiлi Шагвалеева Х.Х., ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Омаров Т.Қ., жергiлiктi билiк органдарының қызметшiлерi, кәсiпқой емес медиаторлар, БАҚ және басқалар белсендi қатысты.


Медиация кабинетi ашылды


2018 жылдың 12 шiлдесiнде «Соттағы бiтiстiру рәсiмi» пилот жобасы шеңберiнде Мамлют аудандық сотта медиация кабинетi ашылды.

Медиация кабинетiнiң ашылуына Мамлют аудандық соттың төрағасы Парманов А.С., кәсiпқой емес медиатор Ибраев К.С., «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк-құқықтық бөлiмнiң басшысы Джапабаев Ә.А., БАҚ өкiлдерi қатысты.



Медиация кабинеттерi ендi Солтүстiк Қазақстан облысының соттарында да пайда болды. Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының «Соттағы бiтiстiру рәсiмдерi» пилот жобасы шеңберiнде өткен жұма күнi Петропавл қаласының №2 сотында және Солтүстiк Қазақстан облысының арнайы ауданаралық экономикалық сотында медиацияның арнайы сот кабинеттерiнiң салтанатты ашылуы өттi.


Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмi




Аты жөні

Заңды мекенжайы

Медиатордың байланыс деректері (пошталық мекен-жайы немесе электрондық мекен-жайы және телефон немесе телефакс нөмірі

Медиатордыңмедиация саласы туралы мамандандырумәліметтері

Медиацияны қай тілде жүзеге асыра алатыны туралы мәліметтер

Медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

Андреев ауылдық округі

1

Бабич Владимир Фёдорович

СҚО, Мамлют ауданы, Андреевка а, Целинная к, 9

т. 8 (715-41) 2-32-49

Азаматтық істер бойынша

Орыс

 

2

Лузан Валерий Владимирович

СҚО, Мамлют ауданы, Андреевка а, Қазақстанның 50 жылдығы к., 67

т. 8 (715-41) 2-31-11

Азаматтық істер бойынша

Орыс

 

Белое ауылдық округі

3

Острецова Валентина Васильевна

СҚО, Мамлют ауданы, Белое а.

сот. 87771681333

Азаматтық істер бойынша

Орыс

 

Воскресенов ауылдық округі

4

Ибраев Қаип Сағитұлы

СҚО, Мамлютка қ, Гагарин к, 62

т. 8 (715-41) 2-22-21 ұялы. 87028328033

Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша

Қазақ, орыс

 

5

Шаяхметов Қазбек Өндірісұлы

СҚО, Мамлютка қ, Ленин к, 83

т. 8 (715-41) 2-22-21

Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша

Қазақ, орыс

 

Дубровное ауылдық округі

6

Виноградова Лариса Петровна

СҚО, Мамлют ауданы, Дубровное ауылдық округі, Дубровное а, Интернациональная к. 47, әкімдік ғимараты

Үйінің телефоны 8 (715-41) 25-4-92

Жұмыс телефоны 8 (715-41) 25-4-59

Ұялы 8-705-139-73-61


Азаматтық істер бойынша

Орыс

 

7

Петрусь Татьяна Ивановна

СҚО, Мамлют ауданы, Дубровное ауылдық округі, Дубровное а, Интернациональная к. 47, әкімдік ғимараты

т. 8-775-453-10-02

Азаматтық істер бойынша

Орыс

 

Краснознамен ауылдық округі

8

Саитов ТалғатКенжебайұлы

СҚО, Мамлют ауданы, Краснознаменное а, Тұрғынов к, 38

т. 8 (715-41) 29-1-20

Азаматтық істер бойынша

Қазақ, орыс

 

9

Эшанкулов СыпатайКамалұлы

СҚО, Мамлют ауданы, Краснознаменное а, Достық к,5

т. 8 (715-41) 29-1-49

Азаматтық істер бойынша

Қазақ, орыс

 

Қызыләскер ауылдық округі

10

Исабаев Азамат Зейноллаұлы

Мамлют ауданы, Қызыләскер а, Пушкин к, 20

т. 8 (715-41) 5-14-99

ұялы 87058319562



Азаматтық істер бойынша

Қазақ, орыс

 

Леденев ауылдық округі

11

СәрсенбаеваДина Әмірханқызы

Мамлют ауданы Леденево а, Батыр к, 31

Жұмыс телефоны 8 (715-41) 5-29-73

Үйінің телефоны 8 (715-41) 5-29-76



Азаматтық істер бойынша

Қазақ, орыс

 

12

Бузувбасова Құралай Әскерқызы

Мамлют ауданы Леденево а., Степная к, 47

т. 8 (715-41) 5-29-94

Азаматтық істер бойынша

Қазақ, орыс

 

Новомихайлов ауылдық округі

13

Внукова Елена Геннадьевна

СҚО, Мамлют ауданы, Катанай а, Новая к. 4

т. 87773365526

Азаматтық істер бойынша

Орыс

 

14

Балағанов Еркебұлан Баяхметұлы

СҚО, Мамлют ауданы, Бексеит а, Жеңіс к. 37

т. 877741561508

Азаматтық істер бойынша

Қазақ, орыс

 

Пригород ауылдық округі

15

Мұхамедқұлов Зокир

СҚО, Мамлют ауданы, Покровка а, Жеңіс к. 24

т. 87021947352

Азаматтық істер бойынша

Қазақ, орыс

 

Становое ауылдық округі

16

Яфарова Валентина Павловна

СҚО, Мамлют ауданы, Становое а.

т. 8 (715-41) 5-28-31

ұялы. 87773381771



Азаматтық істер бойынша

Орыс

 

Мамлютка қаласы

17

Ибраев Қаип Сағитұлы

СҚО, Мамлютка қ, Гагарин к, 62

т. 8 (715-41) 2-22-21

ұялы. 87028328033



Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша

Қазақ, орыс

 

Медиацияның мақсаттары:


  • дауды (дау-шарды) шешудiң медиацияның екi тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткiзу;

  • тараптардың дауласушылық деңгейiн төмендету.

Медиация мынадай қағидаттар негiзiнде жүргiзiледi:

  • ерiктiлiк;

  • медиация тараптарының тең құқылығы;

  • медиатордың тәуелсiздiгi мен бейтараптылығы;

  • медиация рәсiмiне араласуға жол бермеушiлiк;

  • құпиялық.

Медиация туралы


Медиация — тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзуi мақсатында медиатордың жәрдемдесуiмен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсiмi.

2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң қоғамдық қатынастарды реттеудi қамтамасыз етедi, медиацияны және медиацияны өткiзу тәртiбiн қамтамасыз ететiн медиаторлар мен ұйымдардың құқықтық ередесiн бекiтетiн жалпы ережелердi анықтайтын нормалардан тұрады.

Заңға медиация рәсiмiн сәйкес тәуелсiз, бейтарап, iстiң нәтижесiне мүдделi емес, медиация тараптарының өзара келiсiмi бойынша таңдалған, медиаторлар тiзiлiмiне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келiсiм берген жеке тұлға медиатор жүргiзуге құқықты.

Медиатордың қызметiн кәсiби негiзде жоғары бiлiмi бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бекiтiлетiн, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенiн растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсiпқой медиаторлар тiзiлiмiнде тұрған адамдар жүзеге асыра алады. Кәсiби емес негiзде қырық жасқа толған және кәсiпқой емес медиаторлар тiзiлiмiнде тұрған адамдар жүзеге асыра алады. Өз қызметiн кәсiби емес негiзде жүзеге асыратын медиаторлармен қатар медиацияны жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) осындай мақсатта сайлайтын жергiлiктi қоғамдастықтың өмiрлiк тәжiрибесi мол, абыройлы және мiнсiз беделi бар мүшелерi жүргiзе алады.



Мыналар медиатор бола алмайды:

  1. мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi және оған теңестiрiлген;

  2. заңда белгiленген тәртiппен сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған;

  3. оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын;

  4. заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды.

Заңға сәйкес адамдар өз қызметiн кәсiби негiзде немесе кәсiби емес негiзде iске асыруға құқықты, бiрiншiден жоғарыда нұсқалған талаптарға сай келу керек, екiншiден қажет мәлiметпен танысып, кез-келген адамға қол жетiмдi медиатор тiзiмiнен сәйкес тiзiлiмге енгiзiледi.

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабына сәйкес медиация жолымен некенi жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерiн белгiлеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлi-зайыптылар арасындағы келiспеушiлiктер, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келiспеушiлiктер медиация арқылы шешiлуi мүмкiн.Медиацияны жүргiзген кезде медиатор баланың заңды құқықтарын ескеруге тиiс. Егер медиация барысында баланың қалыпты өсуiне және дамуына қауiп төндiретiн немесе төндiруi мүмкiн немесе оның заңды мүдделерiне елеулi залал келтiретiн фактiлер белгiлi болса, медиатор баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыратын органға жүгiнуге мiндеттi.



Медиацияны тоқтату негiздерi:

  1. тараптар дауды (дау-шарды) реттеу туралы келiсiмге қол қойған жағдайда — мұндай келiсiмге қол қойылған күннен бастап;

  2. медиатор дауды (дау-шарды) медиация арқылы шешу мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайларды анықтаған жағдайда;

  3. тараптар дауды (дау-шарды) медиация арқылы шешудiң мүмкiн еместiгiне байланысты медиациядан жазбаша бас тартқан жағдайда — тараптар жазбаша бас тартуға қол қойған күннен бастап;

  4. тараптардың бiреуi медиацияны жалғастырудан жазбаша бас тартқан жағдайда — медиатор жазбаша бас тартуды жiберген күннен бастап;

  5. медиацияны жүргiзу мерзiмi аяқталған жағдайда осы Заңның 23 және 24-баптарының ережелерiн ескере отырып, ол аяқталған күннен бастап тоқтатылады.

Егер медиацияны жүзеге асыру барысында тараптар арасында дауды (дау-шарды) реттеуге қол жеткiзiлсе, бұл туралы тараптар арасында жазбаша келiсiм құрастырылады.

Медиацияны өткiзгенде қол жеткiзген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келiсiмде медиацияның тараптары, даудың (дау-шардың) заты, медиатор (медиаторлар) туралы мәлiметтер, сонымен қатар тараптармен келiсiлген келiсiм шарттары, тәсiлдерi және оны орындау мерзiмдерi және тиiстi орындамау себептерi көрсетiлу керек.


СҚО Мамлют ауданында «Медиация туралы» ҚР заңын жүзеге асыру туралы ақпарат


Бүгiнгi медиация Қазақстан Республикасында тараптар арасындағы дауды (шиеленiстi) реттеудiң маңызды процедураларының бiрi болып табылады, өзара ортақ шешiмге қол жеткiзу мақсатында медиатордың (медиаторлардың) ықпал етуiмен тараптардың келiсiмi бойынша мәселелер шешiмiн табады. Медиация туралы келiсiм жасау жолымен дауды (шиеленiстi) шешудiң екi жаққа қолайлы нұсқасына қол жеткiзiледi.

Медиацияны қолдану саласы болып жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен пайда болған азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге құқық қатынастар, сонымен қатар шағын және орташа қылмыс туралы, қылмыстық қылық туралы қылмыстық сот iсi барысында қарастырылатын даулар (шиеленiстер) табылады.

Азаматтар, заңды тұлғалар арасындағы дауларды реттеушi ретiнде медиация процедурасының маңыздылығын ескере отырып, Мамлют ауданының аумағында медиаторлар қатарында беделдi және құрметтi азаматтарды тарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бүгiнгi күнi аудан аумағында, әр округте және Мамлютка қаласында 2 адамнан, азаматтар жиналыстарында сайланған және кәсiптiк емес медиаторлар қатарына кiру туралы еркiн түрде өтiнiш берген 22 кәсiптiк емес медиатор бар.

Аудан әкiмдiгiнiң бастамасымен 2016 жылдың 20 маусымында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы ғимаратында «Солтүстiк Қазақстан медиация орталығы және құқық қауымдастығы» ҚБ төрағасымен Мамлют ауданының кәсiптiк емес медиаторларын медиация технологияларына «Медиация — дауларды реттеудiң баламалы әдiсi» тақырыбына оқыту өткiзiлдi, соның қорытындысы бойынша әрқайсысына сертификат табыс етiлдi.



Әр ауылдық округте және Мамлютка қаласында медиация кабинетi бар, кәсiптiк емес медиаторлар тiзбесi жүргiзiледi.

Жыл басынан кәсiптiк емес медиаторлармен 13 қылмыстық және 9 әкiмшiлiк iстер шешiлдi. Ауылдық округтердiң кәсiптiк емес медиаторларына негiзiнен отбасылық-тұрмыстық және азаматтық дауларды шешуге өтiнiш бiлдiредi.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет