Шымкент қалалық білім басқармасы 2 ақпан күні қала мектептеріндегі 0-8 сынып оқушылары қашықтан оқитынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Басқарманың мәліметінше, мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған.

"Шымкент қаласы бойынша ауа-райының нашарлауына байланысты 2024 жылы 2 ақпан күні 0-8 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз. 9-11 сынып оқушылары дәстүрлі түрде мектепке барып (оффлайн) оқитын болады", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 5 облысында жолдар жабылғаны туралы жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.