Медициналық көмектің нысандары бойынша



жүктеу 40.46 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі40.46 Kb.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген медициналық қызметтер көрсетуге үміткерлердің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтердің көлемін орналастыру рәсімін жүргізу туралы хабарландыру

Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 2 үй мекенжайында орналасқан КЕАҚ "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Қарағанды облысы бойынша филиалы, 2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген, медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері арасында 2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндеқызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізу туралы хабарлайды.



медициналық көмектің нысандары бойынша:

-стационарлық көмек, селолық субьектілер көрсететін көмектен басқа, және қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту қызметтері (соның ішінде туберкулезбен ауратын науқастарға), онкогемтологиялық науқастарға көрсетілетін көмек;

-стационарды алмастыратын медициналық көмек, селолық субьектілер көрсететін көмектен басқа, соның ішінде гемодиализ;

- консультативтік-диагностикалық көмек осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес қымбат тұратын, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған шұғыл стоматологиялық көмек кезіндегі қызметтер, маманның жолдамасы бойынша балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету (ортодонтиялық және ортопедиялық көмектен басқа) кезіндегі қызметтер, шұғыл травматологиялық көмек көрсету қызметі (травматологиялық пункттерде), тері және венерологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету, қан және оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметтер, төменде көрсетілген патоанатомиялық бюро (бөлімше) қызметтері (патологоанатомиялық ашып қарау, операциялық және биопсиялық материалдарды гистологиялық және цитологиялық зерттеулер), гепататологиялық кабинеттің қызметы.

- санитариялық (жер үсті) авиация;

медициналық көмектің түрлері бойынша:

білікті медициналық көмек;

мамандандырылған медициналық көмек;

2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген, медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері арасында өткізіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының Қарағанды облысы аумағында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасу орны бойынша көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне арналған өтінімдерді (бұдан әрі-өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері КЕАҚ "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры "Қарағанды облысы бойынша филиалына мына мекен-жай бойынша ұсынады: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 2 үй.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы
«4» желтоқсан 09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылдың «7» желтоқсаны 18 сағат 30 минут.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (7212) 60-44-84.
Ескерту:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтерді сатып алу қағидасы) сәйкес өндірістік базаның орналасқан жері бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы жанындағы медициналық қызметтер көлемін іріктеу және орналастыру бойынша өңірлік комиссияға жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемдерін қоспағанда, ЖТМҚ шеңберінде қызметтер көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді;

Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының (www.zdravkrg.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Қызметтерді сатып алу қағидасына сәйкес нысан бойынша береді.


Басшы Ф.К. Копобаев

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруға

1-қосымша

Қымбат тұратын

консультативтік-диагностикалық қызметтердің тізбесі

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы

2136 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес)



1. Полимеразды тізбекті реакция

2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерде жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг)

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет