Әкімдік алматылықтарға сатып алу ұсынылмайтын тағы бір тұрғын үй кешені жайлы ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: krisha.kz

Интернет ресурстар мониторингі сараптама жасап, қала құрылысын бақылау басқармасы Royal Time тұрғын үй кешенінің жарнамасын жарамсыз деп тапты.

"Тұрғын үй кешені сайты мен әлеуметтік желідегі парақшада көрсетілген мәліметке сүйенсек, премиум-класты жаңа баспана Наурызбай ауданындағы Кенесары хан көшесі 145 мекенжайында орналасады. Алайда бүгінде жер учаскесінде құрылыс жүргізіліп жатқан жоқ және құрылысқа рұқсат беретін құжаттары да жоқ", – делінген хабарламада.

  • Алматыда лай көшкіні болған аудан тұрғындары үйін сатып кетуге дайын
  • Ақтөбеде үлескерлер үш жылдан бері баспанасына қол жеткізе алмай жүр

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық желісі бойынша ТҮК құжаттарының бар-жоғына көз жеткізу ұсынылады.

Еске салайық, Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы құрылысқа рұқсат беру құжаты толық емес, жобадан ауытқыған және басқа да бұзушылықтармен салынып жатқан тұрғын үйлердің тізімін дайындадық. Олардың қатарында 45 тұрғын үй кешені бар.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.