Механика және технология процесстерін үлгілеу



жүктеу 90.55 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі90.55 Kb.

Механика жӘне технология процесстерін үлгілеу

МЕХАНИКА И МОДЕЛИРОВАНИЕ ПРОЦЕССОВ



ТЕХНОЛОГИИ, 2007, №1, с.76-84


ОӘК. 675.05.8.002.71


Байешов Б.Т., Қойайдаров Б.А., Жомартов А.Ч
БЕЙІМДІ БІЛІКТІ ТАСЫМАЛДАУШЫ МЕХАНИЗІМДЕГІ ТЕРІ

ҚАЛЫҢДЫҚТАРЫНЫҢ СЫҒЫЛЫП ДЕФОРМАЦИЯЛАНУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

.

Бейімді білікті механизм теріні тұрақты сызықтық қысыммен қысып жүргізуге арналған. Механизімдегі бейімді жүйелер терінің қалың жерлерін қатты тапталудан сақтайды. Сондықтан теріде пышақты білікпен өңдеуде бүлінуге (кесілу, шабылу, ойылу, жыртылу) ыңғайлы жерлер кемиді [1,2].



Бейімді білікті тасымалдаушы механизімнің әрекетті схемасы 1-суретте көрсетілген. Ол беті резиналанған төменгі жетекші біліктен (1) және бейімді жүйелерден құралған қысатын білік құрылымынан тұрады.

Қысатын білік қозғалмайтын өске (2) және бағыттаушыға (3) қатарластыра отырғызылған бейімді жүйелерден құралған.

Бейімді жүйе өске (2) еркін отырғызылған дискіден (4), бағыттаушыға (3) кигізілген сырғымадан (5) және сырғымаға бекітілген плиткадан (6) тұрады. Сырғыма (5) бағыттаушы (3) бойымен жоғары - төмен қозғала алады және доға бетімен дискіні (4) өске (2) басып тұрады. Сондықтан дискі (4) сырғыманың (5) бағыттауымен тік өсте жоғары - төмен және өз өсінде айнала қозғала алады.

Бейімді жүйелер өсте (2) және бағыттаушыда (3 )біріне бірі өте жақын аз саңылаумен орналасады. Сондықтан бейімді жүйелер бейімделу қозғалыстарын бір біріне тәуелсіз жасай алады.

Тері әрекетімен дискінің (4) тік өстегі ілгермелі және өз өсінде айналу қозғалыстары бейімді жүйенің бейімделу қозғалыстары болады.

Бейімді жүйені дұрыс жобалау үшін оның бейімделу қозғалыстарының заңдылықтарын білу керек болады. Ол үшін, алдымен, тері қалыңдықтарының білікті механизімдегі сығылып деформациялану заңдылықтарын анықтау керек.

Шелдеуден кейін тері қалыңдығы өзгермейді [2]. Сондықтан біліктер арасындағы тері қалыңдығының сығылу деформациясын серпімді деп есептеуге болады.

Шелдейтін машинадағы білікті механизімінің жұмысы кезінде тері (7) жетекші білікті (1) орай орналасады және қысатын білікпен сығылады (1-сурет).

Жетекші білік (1) үстіндегі теріні (7) бейімді жүйелер дискілеріне (4) қысқанда тері қалыңдығы АВС доғасы бойынша сығылады (1-сурет). Сондықтан біліктер арасындағы тері қалыңдығының сығылу деформациясы АС және АВС доғаларының ординаталарының айырмасына тең болады
.

АС доғасының УОХ координаталық өстеріндегі теңдеуі


Осы теңдеуден анықтаймыз



АС және АВС доғаларының абсциссасы



(1)

Соңғы теңдеуді ескерсек теңдеуі төменгі түрге келеді



;

. (2)

АВС доғасының УОХ координаталық өстеріндегі теңдеуі



.

Осыдан


.

Жетекші білік пен бейімді жүйе дискісінің центрлерінің арақашықтығы



. (3)

мұнда - терінің біліктер арасындағы ең кіші қалыңдығы



теңдеуіне (1) және (3) формулаларды қойып төменгі теңдеуді аламыз

. (4)

Табылған (2) және (4) теңдеулерді бастапқы формулаға қойып тері қалыңдығының біліктер арасындағы абсолютті сығылу деформациясының теңдеуін аламыз



, (5)

мұнда: Rв – жетекші біліктің радиусы;

R – бейімді жүйе дискісінің радиусы;

hтері қалыңдығы;

– терінің жетекші білікпен бірге бұрылу бұрышы.

Білікті механизмде тері қалыңдығы екі аймақта деформацияланады (1-сурет):

І – центрлер сызығына (001) дейінгі қармау аймағы (тері қалыңдығының сығылу деформациясы өседі);

ІІ – центрлер сызығынан (001) кейінгі босау аймағы (серпімді деформацияның қайтуынан тері қалыңдығының сығылу деформациясы кемиді).

Бейімді жүйе дискісімен тері қалыңдығы аймақтар бұрышында сығылады

- .

Тері қалыңдығының ең үлкен деформациясы сәйкес келеді

.

Терінің дискімен І аймақта түйісу бұрышын , үшбұрышынан косинус теоремасы бойынша анықтауға болады



,

мұнда: АО1=Rдискі радиусы;

AO=Rв+h – терінің дискімен түйісу радиусы;

001 – центрлер арақашықтығы.

Осыларды және (3) теңдеуді ескеріп түйісу бұрышын анықтаймыз


. (6)

Тері қалыңдығы біркелкі болғанда І және ІІ аймақтардың бұрыштары тең болады



.

Терінің біліктер арасындағы қалыңдығы



;

. (7)

Тері қалыңдығының біліктер арасындағы салыстырмалы сығылу деформациясы.



;

. (8)

Шелденетін тері қалыңдығы біркелкі болмайды [2]. Терінің жұқа, қалың және биік жерлері болады. Жергілікті биіктікті тері бетіндегі ет қалдықтарының түйірлері құрады. Теріде жұқа қалыңдық қалың қалыңдыққа және керісінше жалғасып жатады. Терідегі кіші қалыңдықтың үлкен қалыңдыққа ауысуын жуықтап сызықтық заңмен үлгілеуге (2-сурет) болады:



; (9)

немесе


; (10)

мұнда: h1 - терідегі кіші қалыңдық;

h2 - терідегі үлкен қалыңдық;



- бұрыштық коэффициент;

- қалыңдықтар ауысатын ұзындық.

2- суретте тері қалыңдығының өзгеруінің жорамалды үлгісі көрсетілген: 1 – жұқа h1 қалыңдықтағы беті; 2-h1 қалыңдықтың h2 қалыңдыққа ауысатын беті; 3- қалың h2 қалыңдықтағы беті; 4- h2 қалыңдықтың h3 қалыңдыққа ауысатын беті; 5 – жұқа h3 қалыңдықтағы беті.

Жетекші біліктің тері қалыңдықтары ауысатын () ұзындығына сәйкес келетін бұрыштық жолы

. (11)

Осы формуланы ескеріп тері қалыңдықтарының ауысу теңдеулерін төменгі түрде жазуға болады:



. (12)

немесе


. (13)

Қалыңдықтар ауысатын ұзындықтағы тері қалыңдығы айнымалы болады және оны (12), (13) формулалар негізінде жазылған төменгі теңдеулерден анықтауға болады:

1) І аймақта

; -; (14)

2) ІІ аймақта



; . (15)

Қалыңдықтар ауысатын ұзындықтары тері қалыңдығының І аймақта деформациялану заңдылығын (14) формуланы (5) теңдеуге қойып табамыз



(16)
І аймақтағы қалыңдықтар ауысатын ұзындықтағы тері қалыңдығының өзгеру заңдылығы

(17)

Қалыңдықтар ауысатын ұзындықтағы тері қалыңдығының І аймақтағы салыстырмалы деформациясы



(18)

Терінің біліктер арасындағы сығылған кіші қалыңдығы


, (19)

мұнда: - тері қалыңдығының біліктер арасындағы ең үлкен салыстырмалы деформациясы.

Тері қалыңдығы біркелкі болған жағдайда оның екі аймақтағы серпімді деформациялану заңдылығы бірдей болады.

Тері қалыңдығы өзгеріске түскен сәттен бейімді жүйенің бейімделу үрдісі басталады.

Бейімді жүйенің тері қалыңдығының қалыңдауынан болатын бейімделу үрдісі екі кезеңде жүреді:


  1. Терінің кіші қалыңдығы үлкен қалыңдыққа ауысатын ұзындығы І аймаққа өткенде.

  2. Терінің үлкен қалыңдығы І аймаққа енгенде.

Бейімделу үрдісі кезінде І аймақтағы тері қалыңдығы ІІ аймақтағы қалыңдықтан үлкен болады. Сондықтан ІІ аймақтағы тері қалыңдығының сығылу деформациясы І аймақтағы біліктер арасындағы тері қалыңдығына тәуелді болады

, (20)

мұнда: - ІІ аймақтағы тері қалыңдығының сығылу деформациясы;



- ІІ аймақтағы тері қалыңдығы;

- І аймақтағы біліктер арасындағы тері қалыңдығы.

Тері қалыңдықтары ауысатын ұзындық І аймаққа келген кездегі бейімделу үрдісіндегі тері қалыңдығының ІІ аймақтағы сығылу деформациясының теңдеуін (17) және (20) теңдеулерді пайдаланып табамыз



(21)

Терінің үлкен қалыңдығы І аймаққа келген кездегі бейімделу үрдісіндегі тері қалыңдығының ІІ аймақтағы сығылу деформациясының теңдеуін (7) және (15) теңдеулерді (20) формулаға қойып табамыз



. (22)

ІІ аймақтағы тері қалыңдығы біліктер бетінің арақашықтығына теңескен сәттен бастап деформациялану тоқтайды. Бұл сәт (20) теңдеуден төменгі шартқа сәйкес келеді



. (23)

Бейімделу үрдісінің кезеңдеріндегі ІІ аймақтың бұрышы (терінің дискімен түйісу бұрышы) (23) шарттан анықталады:



  1. Тері қалыңдықтары ауысатын ұзындықтағы қалыңдықты деформациялау кезеңі



(24)
;

у12 шартынан бұрышы анықталады.



  1. Терінің үлкен қалыңдығын деформациялау кезеңі

;

;

(25)

;

;

у1=у2 шартынан бұрышы анықталады. Шелдейтін машиналардың тасымалдаушы білікті механизімдерінің параметрлеріне (Rв=R=90мм;max= 0,350,40; q=50Н/cм;) тері қалыңдықтарының біліктер арасында сығылу деформацияларының табылған заңдылықтарының графиктері тұрғызылды:

1. Тері қалыңдықтарының І және ІІ аймақтардағы абсолютті сығылу деформацияларының графиктері 3- суретте көрсетілген: 1 – h1=5мм қалыңдықтың І аймақтағы деформациялану графигі; 2- h1=5мм қалыңдықтың h2=10мм қалыңдыққа ауысатын тұсының І аймақтағы деформациялану графигі; 3- кіші қалыңдық (h1) үлкен қалыңдыққа (h2) ауысатын тұсқа жалғасқан h1=5мм қалыңдықтың ІІ аймақтағы деформациялану графигі; 4- үлкен қалыңдықтың (h2=10мм) І аймақта деформациялану графигі; 5–үлкен қалыңдыққа (h2) жалғасқан қалыңдықтар ауысатын тұстың ІІ аймақта деформациялану графигі.

2. Тері қалыңдықтарының біліктер арасының І және ІІ аймақтарында сығылу графиктері hx = hx() 4-суретте көрсетілді: 1- h1=5мм қалыңдықтың І аймақта сығылу графигі; 2- қалыңдықтар (h1=5мм; h2=10мм) ауысатын тері тұсының І аймақта сығылу графигі; 3 – кіші қалыңдық (h1) үлкен қалыңдыққа (h2) ауысатын тұсқа жалғасқан жұқа h1=5мм қалыңдықтың ІІ аймақтағы сығылу графигі; 4-үлкен қалыңдықтың h2=10мм І аймақта сығылу графигі; 5-үлкен қалыңдыққа (h2) жалғасқан қалыңдықтар ауысатын тұстың ІІ аймақта деформациялану графигі.

Бейімді жүйенің бейімделу үрдісі аяқталатын сәттегі (І аймақта үлкен қалыңдық (h2), ІІ аймақта қалыңдықтар ауысатын тұс) ІІ аймақтың бұрышын анықтауға арналған графиктер 5- суретте көрсетілді.

Тері қалыңдықтарының бейімді білікті механизмде сығылып деформациялануының табылған заңдылықтарынан келесі қорытындыларды айтуға болады:



  1. Тері қалыңдығы біркелкі болғанда І және ІІ аймақтарда деформацияның өзгеру заңдылықтары бірдей болады.

  2. І және ІІ аймақтардағы тері қалыңдықтары бірдей болмаған жағдайда бейімді жүйенің бейімделу үрдісі жүреді.

  3. Бейімді жүйенің бейімделу үрдісі терінің жұқа қалыңдығы үлкен қалыңдыққа ауысатын тұсы І аймаққа жеткенде басталады, ал терінің үлкен қалыңдығы І аймаққа толық енгенде аяқталады.

  4. Бейімделу үрдісі І және ІІ аймақтардағы тері қалыңдықтарының деформациялану заңдылықтары бірдей болмайды.

  5. Бейімделу үрдісінде І аймақ ІІ аймақтан үлкен болады.

  6. Тері қалыңдықтары ауысатын тұсының үлкен деформациясы І аймақтың ішінде болады.

  7. Бейімделу үрдісі кезінде ІІ аймақтағы тері қалыңдығының сығылып деформациялануы І аймақтағы тері қалыңдығының өзгеруіне тәуелді болады.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Бурмистров А.Г. и др. Оборудование предприятий по производству кожи и меха. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981

  2. Фридлянд А.А. Основы механической технологий кожи – М.: Легкая индустрия, 1975



1 – сурет. Бейімді білікті тасымалдаушы механизмнің әрекетті схемасы.

2 – сурет. Тері қалыңдығының өзгеру үлгісі.


3 – сурет. Тері қалыңдықтарының білікті механизмде сығылу деформацияларының графиктері.

4- сурет. Тері қалыңдықтарының білікті механизмде сығылу графиктері.


5 – сурет. II аймақтың бұрышын анықтау.



Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати, г. Тараз


Поступило в редакцию

30.05.2007г.


_________________________







Каталог: rus -> all.doc -> Magazine -> 2007-1
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
Magazine -> Ќабатты денедегі екі ґлшемді толќынныѕ таралуыныѕ сандыќ зерттелуі
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу
Magazine -> Механика жјне технология процесстерін їлгілеу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет