Алматыда зілзала болған кезде тұрғындарды қабылдауға тиіс кей пунктер жабық болса, кейбірі адамдарды ішке кіргізбеген. Төтенше жағдайлар министрлігі кей қызметкерлерді тәртіптік жазаға тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Жер сілкінгеннен кейін тексеріс жүргізіп, зардап шеккен тұрғындар паналайтын пунктілер жұмысы қанағаттанарлық деңгейде емес екенін анықтадық, деді ТЖ министрінің орынбасары Талғат Нұрмағамбетов. 

"23 қаңтарда болған оқиға министрлік үшін де оңай болған жоқ. мемлекет басшысы Алматының азаматтарды қорғау бөлімшесі өздеріне жүктелген міндетті орындай алмағанын айтты. Өте қатаң әрі әділ сын айтылды. Министрдің тапсырмасымен орталық аппарат қызметкерлерінен құралған топ осы оқиғаға әкеп соққан себептерді анықтау үшін тексеріс жүргізді", – деді Талғат Нұрмағамбетов. 

Тергеу нәтижесі бойынша министрлікте тәртіптік жауапкершілікке тарту және бұдан былай мұндай жағдайға жол бермеу бойынша ұсыныстар жазылған акт жасалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі шын төтенше жағдай бола қалған кезде ұйымдастыру жұмыстарының әлсіздігі осындай жағдайға себеп болғанын атап өтті. 

Кеңесші Алматыны 100% қамтитын дыбыстық ескерту жүйесі жұмыс істейтінін айтты. Дегенмен сиренаны қоспау туралы шешім қабылданғаннан кейін дыбыстық ескертуді қосу керек еді дейді ол. Төтенше жағдайлар департаментінің басқарушы құрамы олай істеген жоқ. 

"Акт нәтижесі бойынша ең негізгі мәселе – қызметкерлерімізді дайындау. Тұрғындар зардап шеккен адамдарды қабылдау орындарын ұйымдастыруға қатысты көп сын айтты. Осы бағытта жұмыс атқарылады. Тексеріс көптеген әкімшілік пункт қиын жағдайға дайын емес екенін көрсетті. Кей пункттер жабық, ал кейбірі адамдарды мүлдем кіргізбеген", – деп атап өтті Талғат Нұрмағамбетов. 

Кей жетекшілерді тәртіптік жазаға тарту қарастырылады. Министрлік төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керегі туралы халыққа ақпарат беру тәсілдерін жетілдіреді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.