Мектебі: Соркµл негізгі



жүктеу 54.64 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі54.64 Kb.
түріСабақ

Мектебі: Соркөл негізгі

Сыныбы: 3

Пәні: әдебиеттік оқу

Мұғалімі: Қойшығарина Әлия Жайлыбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Сейдахмет Бердіқұлов «Желаяқ»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: С. Бердіқұловтың «Желаяқ» мәтінінің мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, «Желаяқ бала» атанған Ғұсман Қосановтың өмірінен қысқаша мағлұмат беру. Салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға үйрету.

Дамытушылық: сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, мәнерлеп, түсініп оқуға, мазмұнын айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелілік: сымбаттылыққа, ептілікке, ұлы спортшыларды дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың технологиясы: сын тұрғысынан жазу және ойлау

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой толғау, ой қорыту, мәтінмен, дәптер-

мен, шығармашылық жұмыстар.



Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып, сабаққа назар аударту.



ІІ. Психологиялық дайындық.

Спорт – біздің досымыз,

Күш, қайраты сыналған.

Спорт – біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Тақырыбы: Желаяқ


  1. «Ой тастау» стратегиясы

  • Балалар, адам өміріндегі ең бірінші байлық не?

  • Денсаулық.

  • Деніміз сау болуы үшін не істейміз?

  • Спортпен шұғылдану керек.

  • Спорт деген не?

  • Спорт бұл – денені шынықтыру, жүгіру, секіру, сырғанау, дұрыс тамақтану.

  1. «Топтастыру» стартегиясы

Спорт Тазалық


Денсаулық





Тамақтану Таза ауа



  1. «Ой қозғау» стартегиясы. Сөзжұмбақ шешу.



Ж

























Е











Л
























А














Я





















Қ










  1. «Менің өмірім» шығармасында кім туралы айтылған? (Жамбыл)

  2. «Батырдың ұрпағы» әңгімесіндегі басты кейіпкер? (Әлкей)

  3. Әлкейдің батыр атасы. (Олжабай)

  4. Мемлекеттік қоғам қайраткері. 1916 жылғы Әулиеата уезіндегі ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. (Тұрар)

  5. Бұқар жырау қай жерде өмір сүрген? (Баянауыл)

  6. Ұлы ойшыл, атақты жырау (Бұқар)




  • Балалар, сонымен «Желаяқ» деп кімді айтамыз?

  • Қатты жүгіретін, жүгіруден алға шығатын, спортшы адам.

  • Олай болса, бүгін біз Сейдахмет Бердіқұловтың «Желаяқ» әңгімесінен атақты спортшы, желаяқ баладан жан жетпес дараға айналған, перзент атанған Құсман Қосановпен танысамыз.

  1. Автор туралы қысқаша мәлімет.

Сейдахмет Бердіқұлов (1933-1994) - Алматы облысының Жамбыл ауданында ту-

ған. Қазақтың белгілі журналисі, жазушысы. Спорт тақырыбына жазған «Жұмыр

жерде теңбіл доп», «Нар тәуекел» т.б. шығармалары бар.


  1. Өнегелі өмір.

Ғұсман Қосанов Сыйттықұлы 1935 жылдың 25 мамырында сол кезде Семей облысы, Новопокровка (Бесқарағай) ауданының Изатолла ауылында туған. Сол ауылдағы Абай атындағы 7 жылдық мектепті тамамдаған. 1960 жылы Рим олимпиадасының күміс жүлдегері. (4 * 100 метрлік эстафета) 1964 жылы Токио олимпиадасына қатысушы. Еуропа чемпионы, КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы. Қазақ жастары арасындағы жеңіл атлетика бойынша тұңғыш спорт шебері. 1990 жылы өмірден өткен. Ол – олимпиадаға тұңғыш қатысқан және олимпиада жүлдесін тұңғыш жеңіп алған қазақ. 1968 жылы Қазақстанның «Еңбек сіңірген бапкері» атанды.

«Сен білесің бе?» еліміздің атақты спортшыларын айтқызу

6. слайд көрсету
2011 жылы Астанада Бақтияр Артаев



Ольга Бекзат

Шишигина Саттарханов




Қар барысы Алауды қарлы боранға Жақсылық Үшкемпіров

төзімді етіп жасады







  1. Артық білім – кітапта. Оқулықпен жұмыс.

  • мәтінді оқу, талдау




  1. Сөздікпен жұмыс.

КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

Рим – Италия мемлкетінің астанасы

Сидам – ұзын

Атышулы – атақты, белгілі.

Тоқайласқан – кездескен

Апайтөс – кең кеуделі, денелі адам

Сөре – жарыстан озып келген жерді белгілейтін көмбе.


  1. Ой толғаныс. «Бес жолды өлең» стратегиясы.

    1. Зат есім. Кім? Не?

    2. Етістік Не істеді? Қайтті?

    3. Сын есім Қандай? Қай?

    4. Сан есім Қанша? Неше?



  1. Ой қорыту.

  • Егер Ғұсман «... сен сияқты ауылдың қара домалақ баласы» болса, Ғұсмандай болу үшін не істер едің? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.


ІV. Сабақты бекіту.

  • Сонымен балалар, бүгін біз кімнің шығармасымен таныстық? Ол қалай аталады?

  • С. Бердіқұловтың «Желаяқ» әңгімесімен таныстық.

  • Онда кім туралы айтылған?

  • Атақты спортшы Ғұсман Қосанов жайында.

- Мәтіндегі қала аттарын атаңдар.

- Сен спорттың қандай түрімен айналысасың?

- Қандай спорт түрлерін білесіңдер?

- Америкалық желаяқтың портретін жазушы қалай суреттеген?



V. Оқушыларды бағалау. Өзін-өзі бағала

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

Қатысқан жоқпын















VІ. Үйге тапсырма: С. Бердіқұловтың «Желаяқ» әңгімесін оқу, мазмұндау.
Каталог: 2014
2014 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
2014 -> Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек
2014 -> Бағдарламасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> Ќазаќстан Республикасы Спорт жјне дене шыныќтыру
2014 -> Қазақстан республикасының


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет