Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып



жүктеу 33.14 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі33.14 Kb.
түріСабақ

Мектеп: №46 ЖОББ мектебі Мерзімі: 25.01.2018ж № 7

Мұғалім Митанова Г Сынып 1 «Г» Оқушылар саны 12

Тақырып Сүйіспеншілік сый талап етпейді.

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, татулық, кешірімшіл болу.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға риясыз қызмет етудің маңыздылығы түсіндіре отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

А) Білімділік: оқушыларға мейірімділік туралы түсінік беру.

Ә) Дамытушылық: оқушыларды өзге адамдармен қарым – қатынас жасау арқылы татулыққа баулу.

Б) Тәрбиелігі: оқушыларды кешірімшіл болуға тәрбиелеу.




Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, сабақтың «5 Т» ережесін қайталау.

Жағымды күйге келу. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»




Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)
Хрустальный грусть

2.Үй тапсырмасын тексеру.
№ 7 сабақ 35- беттегі Ертегі «Асқан асыл сыйлық»


  1. Сендерге қай қыздың жауабы ұнады? Неліктен?

  2. Неліктен адамдар сүйіспеншілікті жүрекпен байланыстырады?

  3. Өз сүйіспеншіліктеріңді кімге арнар едіңдер?

  4. Өздерің ата – аналарыңа қандай тілек тілер едіңдер ?






3.Дәйексөз.

«Сүйіспеншілік жүректе»

Халық даналығы.


  • Жүректегі сүйіспеншілікті қалай сезінесіңдер?







4.Оқиға айту. (Әңгімелесу)

Отбасы татулығы.

Аңыз әңгіме.

Баяғы өткен заманда бір үлкен отбасы болыпты. Отбасында көп адам тіпті бір қауым ел бірге тұрыпты. Ол отбасында адамның көптігіне қарамастан, олар тату - тәтті өмір сүрген екен. Бұл жағдай елді таңғалдырады. Оларда ұрыс - керіс , дау - жанжал деген болмайды екен. Бұл отбасы жайлы хабар патшаның құлағынада жетті. Патша естігенінің ақ қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап - таза, барлығы жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, шат - шадымын, балалары бақытты, мәз - мейрам екен. Бұған патша таң тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату - тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жететіндерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «Сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таңғалып:

- Осы - ақ па?

-Иә, - деді ақсақал. - Барлық жақсы отбасы тек осы қасиеттерден құрылады, - деді де , сәл ойланып «және шыдамдылық» деген сөзді қосады.


  • Неліктен отбасы бақытты өмір сүрді?

  • Татулықпен бірлікке қалай жетуге болады?

  • Отбасында татулық болудың сыры неде?

  • Тату отбасы қандай болу керек деп ойлайсыңдар?


Балдырған журналы.

2014 ж. № 3


5.Шығармашылық іс – әрекеті, топтық жұмыс.

Екі топқа біріктіру,

Екі топ бір-біріне риясыз қызмет көрсетуін сахналау.





6.Топпен ән айту.

Отан әнін айту.

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.
Отанды жас,кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып,өмір сүреміз.


Отанды әркім анасындай

Қастерлейді,қолдайды.

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап,қорғайды.




Отан әнін айту.

(Е.Өтетілеуов)

7.Үй тапсырмасы.

№ 8 сабақ 37 - беттегі ??«Мейірбан әйел» әңгімесін ата – анасының көмегімен оқу.







8.Тыныштық сәті.

- Балалар, денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бүгінгі сабақтан алған мейірімділік, татулық, кешірімшіл болу,қасиеттерінмен қоса, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет